Об утверждении Положения о государственном учреждении «Отдел занятости и социальных программ акимата города Экибастуза» Күшін жойған
Басқа 0
«Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37- баптарына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» № 590 қаулысына сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 15 желтоқсандағы ««Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» №1477/12 қаулысының күші жойылсын.
Тармақ 3
3. «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 6. «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
Екібастұз
қаласы әкімдігінің
2022 жылғы «14» маусымдағы
№ 478/6 қаулысымен
бекітілді
«Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесі Екібастұз қаласының халқын әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік мекеменің ведомстволары жоқ.
Тармақ 3
3. «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
Тармақ 6
6. Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 7
7. Мемлекеттік мекеме өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 141208, Екібастұз қаласы, Энергетиктер көшесі, 62 ғимарат.
Тармақ 10
10. Мемлекеттік мекеменің жұмыс тәртібі: дүйсенбі-жұма күндері сағат 9.00-ден сағат 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі-жексенбі.
Тармақ 11
11. Екібастұз қаласының әкімдігі мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы болып табылады.
Тармақ 12
12. Осы Ереже мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 13
13. Мемлекеттік мекеменің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.
Тармақ 14
14. Мемлекеттік мекемеге кәсіпкерлік субъектілерімен мемлекеттік мекеменің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер мемлекеттік мекемеге заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және
әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мақсаттары мен
өкілеттіктері
2-тарау. «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және
әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мақсаттары мен
өкілеттіктері
Тармақ 15
15. Мақсаттары:
Тармақша 1
1) заңнамаға сәйкес қызмет пен кәсiп түрлерiн еркiн таңдауға, еңбек еркіндігі, әлеуметтік қорғауға азаматтардың құқықтарын іске асыру үшін жағдай жасау;
Тармақша 2
2) жұмысқа орналасу және кәсіби оқу мәселелері бойынша қажетті ақпарат және кеңес беру негізінде, еңбекке жарамды халықтың жұмыс немесе қызмет түрін таңдау қажеттілігін қанағаттандыру;
Тармақша 3
3) жұмыссыздарға және жұмыс берушілерге қызмет көрсетуге арналған іс-шаралардың сапасын арттыруға, тізбесін кеңейтуге бағытталған жаңа прогрессивтік түрлерін және жұмыс әдістерін енгізу;
Тармақша 4
4) халықты әлеуметтік қорғау мәселесін шешу, халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына атаулы көмек көрсету, оларға қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіру;
Тармақша 5
5) әлеуметтік көмектердің және жәрдемақылардың (халыққа мемлекеттік атаулы әлеуметтік және тұрғын үй көмегі, жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарына әлеуметтік көмек) дер кезінде және дұрыс тағайындалуын қамтамасыз ету;
Тармақша 6
6) халықты әлеуметтік қорғау жүйесіне бірыңғай ақпараттық технологияны енгізу, ақпаратты өңдеудің автоматтандырылған жүйесін жасау;
Тармақша 7
7) халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы жұмыс жасайтын ведомстваға қарасты коммуналдық мемлекеттік мекемелердің жұмыстарын үйлестіру.
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінен босатылған, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік және өзге де көмек көрсету саласындағы өзге де өкілеттіктерді атқару
Тармақ 16
16. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) құқықтары:
Тармақша 1-1
1-1) мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттерді орындау үшін барлық меншік нысанындағы шаруашылық жүргізуші субъектілерден (келісім бойынша), жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан ақпарат сұрату және алу;
Тармақша 1-2
1-2) мемлекеттік мекемесінің функциясымен байланысты істер бойынша талап ету арыздарын ұсыну және сотта дербес және өкіл арқылы талапкер, жауапкер немесе куәгер ретінде шығу;
Тармақша 1-3
1-3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
Тармақша 2
2) міндеттері:
Тармақша 2-1
2-1) Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтау;
Тармақша 2-2
2-2) мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы іске асыруды қамтамасыз ету;
Тармақша 2-3
2-3) заңнамамен белгіленген тәртіпте бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді төлеу;
Тармақша 2-4
2-4) өз міндеттемелері бойынша жауап беру және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері негізінде жауапты болу;
Тармақша 2-5
2-5) мемлекеттік органның құзырына жататын мәселелер бойынша азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру, азаматтардан келіп түсетін ұсыныстар мен өтініштерді қарау және оларға қатысты шешім қабылдау;
Тармақша 2-6
2-6) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
Тармақ 17
17. Функциялары:
Тармақша 1
1) заңнамаға сәйкес халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық актілерінің жобасын әзірлеу;
Тармақша 3
3) халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы
бағдарламалық құжаттарды бағалау және мониторингтеу;
4) өңірлік жұмыспен қамту картасын және халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын жүзеге асыру, ұлттық жобалар, даму жоспарлары, өңірлік жұмыспен қамту картасы шеңберінде жұмыс орындарының құрылуын мониторингтеуді жүзеге асыру;
5) жұмыс орындарының босау және қысқару тәуекелдері бар ұйымдарды мониторингтеуді жүзеге асыру;
6) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ету мақсатында еңбек мобильділігі орталықтарымен өзара іс-қимыл жасау;
7) облыстың жергілікті атқарушы органдарына жұмыс күшінің мобильділігін арттыру мақсатында адамдардың ерікті түрде қоныс аударуы үшін елді мекендерді айқындау бойынша ұсыныстар енгізу;
Тармақша 8
8) ҰОС
мүгедектігі
бар адам, тыл еңбеккерлеріне, көп балалы отбасыларына,
мүгедектігі
бар адам,
мүгедектігі
бар балалар, аз қамтамасыз етілген азаматтарға қайырымдылық акциясын өткізу жолымен әлеуметтік көмек көрсету бойынша жұмысты ұйымдастыру, барлық меншік нысанындағы мекемелер мен кәсіпорындардың қайырымдылық және демеушілік көмектерін үйлестіру;
Тармақша 9
9) халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына, аз қамтамасыз етілген азаматтарға, көп балалы аналарға және халықтың басқа әлеуметтік-қорғалған топтарына мемлекеттік және мемлекеттік емес қаржыдан әлеуметтік көмекті есепке алу;
Тармақша 10
10) аз қамтамасыз етілген азаматтарға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй көмегін ұсыну;
Тармақша 11
11) жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекеленген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету;
Тармақша 12
12)
мүгедектігі
бар адам
оңалту бойынша іс-шараларды іске асыру;
Тармақша 13
13) уәкілетті орган ретінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес іс-әрекетке қабілетсіз азаматтарға қатысты қорғаншылық және қамқоршылық органдарының функцияларын іске асыру;
Тармақша 14
14) әлеуметтік әріптестік жүйесін реттеу бойынша ұсыныстар дайындау;
Тармақша 15
15) әлеуметтік және еңбек қатынастары аясындағы әлеуметтік әріптестік жүйесін реттеу бойынша ұсыныстарды іске асыру, сонымен қатар өз құзіреті шегінде әлеуметтік әріптестік бойынша қалалық үшжақты комиссияның жұмысын қамтамасыз ету;
Тармақша 16
16) халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселесін қарастыратын бірлескен жұмыс беруші мен кәсіподақ ұйымдарының, атқарушы билік органдары өкілдерінен құрылған кеңес беру комиссиясының және жұмыс тобының жұмысына қатысу;
Тармақша 17
17) мемлекеттік және ведомствалық есеп дайындау, бағыныштылық бойынша оларды тапсыру, белгіленген тәртіпте бухгалтерлік есеп пен есептілік жүргізу;
Тармақша 18
18) қолданыстағы заңнамаға сәйкес тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алуларды жүргізу;
Тармақша 19
19) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету;
Тармақша 20
20) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін үлгілік ережелер негізінде әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын әзірлеу.
Тармақша 21
21) Бюджеттік қаражаттар есебінен тұрғын үй сертификаттарын ұсыну;
Тармақша 22
22) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Тарау 3. 3-тарау. «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және
әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының
мәртебесі және өкілеттіктері
3-тарау. «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және
әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының
мәртебесі және өкілеттіктері
Тармақ 18
18. Мемлекеттік мекемені басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
Тармақ 19
19. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
Тармақ 20
20. Мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасары болады.
Тармақ 21
21. Мемлекеттік мекеме бірінші басшысының өкілеттігі:
Тармақша 1
1) өз орынбасарының, сектор меңгерушілерінің және басқа да қызметкерлердің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;
Тармақша 2
2) заңнамаға сәйкес қызметкерлерді тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 3
3) мемлекеттік мекеменің жұмысын ұйымдастырады және басқарады, мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және өзінің функцияларын жүзеге асыру бойынша дербес жауап береді;
Тармақша 4
4) белгіленген заңнама тәртібінде қызметкерлерге тәртіптік жаза қолданады;
Тармақша 5
5) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
Тармақша 6
6) мемлекеттік мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы жұмыстарды ұйымдастырады, шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдауға дербес жауап береді;
Тармақша 7
7) мемлекеттік мекеменің секторлары, құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
Тармақша 8
8) сенімхатсыз мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда, сонымен қатар сотта мемлекеттік мекеменің атынан шығады.
Тармақша 9
9) мемлекеттік мекеменің құзырына жататын мәселелер бойынша азаматтарды қабылдайды, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласында азаматтардан келіп түскен өтініштерді қарастырады және оларға қатысты шешімдер қабылдайды;
Тармақша 10
10) мемлекеттік мекемемен төлем өткізу, соның ішінде ақша алушылардың тиісті шоттарына төлемдер өткізу бойынша қазынашылық органдармен бірлесіп тоқсан сайын салыстырып тексеруді қамтамасыз етеді;
Тармақша 11
11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
Тармақ 22
22. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
Тарау 4. 4-тарау. «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту
және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі
4-тарау. «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту
және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі
Тармақ 23
23. Мемлекеттік мекемеде заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Мемлекеттік мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 24
24. Мемлекеттік мекемеге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 25
25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, мемлекеттік мекеме өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5-тарау. «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және
әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесін
қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және
әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесін
қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 26. «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және
әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы
мемлекеттік ұйымдардың тізбесі
26. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
«Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және
әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы
мемлекеттік ұйымдардың тізбесі
Тармақша 1
1) Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімінің «Өмірлік қиын жағдайға тап болған тұлғаларды қайта әлеуметтендіру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 3
3) «Екібастұз қаласының халыққа әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.