Об утверждении Положения о государственном учреждении «Отдел регистрации актов гражданского состояния акимата города Экибастуза» Күшін жойған
Басқа 0
«Екібастұз қаласы әкімдігінің азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» № 590 қаулысына сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Екібастұз қаласы әкімдігінің азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Екібастұз қаласы әкімдігінің азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің аппарат басшысына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5. «Екібастұз қаласы әкімдігінің
азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі»
мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
Екібастұз қаласы әкімдігінің
2022 жылғы «14» маусымдағы
№ 479/6 қаулысымен бекітілді
«Екібастұз қаласы әкімдігінің
азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі»
мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Екібастұз қаласы әкімдігінің азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік мекеменің ведомстволары жоқ.
3.Мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сонымен бірге осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылғанмөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
Тармақ 6
6. Мемлекеттік мекеме, егер Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес уәкілеттік берілгенжағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 7
7. Мемлекеттік мекеме өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8.«Екібастұз қаласы әкімдігінің азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі»мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 141200, Екібастұз қаласы, МұхтарӘуэзовкөшесі, 149.
Тармақ 10
10. Мемлекеттік мекеменің жұмыс тәртібі: дүйсенбі-жұма күндері сағат 9.00-ден сағат 18.30-ға дейін,түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін,демалыс күндері: сенбі-жексенбі.
Тармақ 11
11. Мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы болып Екібастұз қаласының әкімдігітабылады.
Тармақ 12
12. Осы Ереже мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 13
13. Мемлекеттік мекеменің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.
Тармақ 14
14. Мемлекеттік мекемеге кәсіпкерлік субъектілерімен өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер мемлекеттік мекемеге заңнамалық актілерменкірістерәкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. «Екібастұз қаласы әкімдігінің
азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
мақсаттарымен өкілеттіктері
2-тарау. «Екібастұз қаласы әкімдігінің
азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
мақсаттарымен өкілеттіктері
Тармақ 15
15. Мақсаттары:
Тармақша 1
1) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;
Тармақша 2
2) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету;
Тармақша 3
3) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша қызмет көрсету саласында әлеуметтік-экономикалық міндеттер мен қалалық бағдарламалардың кешенін әзірлеу және іске асыру;
Тармақша 4
4) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу мәселелері жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету жүйесінің дамуына жағдай жасау;
Тармақша 5
5) облыстық және жергілікті мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара әрекет жасау;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді іске асыру.
Тармақ 16
16. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) құқықтары:
мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттерді орындау үшін барлық меншік нысанындағы шаруашылық субъектілерінен (келісім бойынша), жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан ақпаратты сұрату және алу;
мемлекеттік мекеменің мүдделеріне қатысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың жиындарына қатысу;
облыстық деңгейде шешілетін міндеттерді іске асыруға байланысты облыстық мемлекеттік органдарға ұсыныстар енгізу;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
Тармақша 2
2) міндеттері:
Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасын сақтау;
мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де жауапкершіліктерді жүзеге асыру.
Тармақ 17
17. Функциялары:
Тармақша 1
1) азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді:
азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді іске асырады және тіркеу туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тəртіппен жеке тұлғалардың Мемлекеттік дерекқорына енгізеді;
азаматтық хал актілері жазбаларының мұрағаттық қорын жүргізеді және оны бақылап отырады;
азаматтық хал актілерінің барлық түрлері бойынша елтаңбалық бланкілердің сақталуы мен дұрыс толтырылуын қамтамасыз етеді;
«АХАЖ» тіркеу пунктіне мәліметтерді енгізуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте және мерзімде қарастырады;
Тармақша 3
3) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша конференциялар, жиындар, семинарлар, конкурстар өткізеді;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) мемлекеттік сатып алуды жүргізеді;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген өзге де функцияларды іске асырады.
Тарау 3. 3-тарау. «Екібастұз қаласы әкімдігінің азаматтық хал актілерін
тіркеу бөлімі» мемлекеттікмекемесінің
бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3-тарау. «Екібастұз қаласы әкімдігінің азаматтық хал актілерін
тіркеу бөлімі» мемлекеттікмекемесінің
бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 18
18. Мемлекеттік мекемені басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
Тармақ 19
19. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
Тармақ 20
20. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) қала әкімдігінің бекітуіне мемлекеттік мекеме туралы Ережені ұсынады, оның құрылымы мен штаты жөнінде ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 2
2) мемлекеттік мекеменің құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді, өзге де мемлекеттік органдармен өзара әрекет етуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 3
3) басшы лауазымдарына тағайындау үшін кандидатуралар бойынша қала әкіміне ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 4
4) бұйрықтар шығарады және барлық қызметкерлер үшін міндетті нұсқаулықтар береді;
Тармақша 5
5) мемлекеттік органдарда, соттарда және басқа да ұйымдарда мемлекеттік мекеме атынан өкілдік етеді;
Тармақша 6
6) мемлекеттік органда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында шаралар қабылдайды және жемқорлыққа карсы шара қолдануға дербес жауап береді;
Тармақша 7
7) мемлекеттік органның төлемдерді,соның ішінде ақша алушылардың тиісті шоттарына, жүзеге асыруы бойынша тоқсан сайын қазынашылық органдарымен салыстырып тексеруді қамтамасыз етеді;
Тармақша 8
8) мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 9
9) қала әкімі тағайындайтын лауазымды тұлғаларға тәртіптік жазалар қолдану немесе алып тастау туралы қала әкіміне ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 10
10) мемлекеттік мекеменің құрылымдық бөлімшелері туралы Ережені, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
Тармақша 11
11) қала әкімдігі және әкімінің актілерінің, оның тапсырмаларының орындалуынбақылау бойынша, мемлекеттік мекемеде құжаттарды өткізу жұмыстарын үйлестіреді;
Тармақша 12
12) қала әкімдігі мен әкімі актілерінің жобаларын, сондай-ақ қала әкімінің атына жіберілген басқа да құжаттар мен материалдарды қала әкімінің қол қоюына және қала әкімінің қарауына енгізеді;
Тармақша 13
13) мемлекеттік мекеменің шығындар сметасын бекітеді және соның шегінде қаржы ресурстарын басқарады;
Тармақша 14
14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғаларды жеке қабылдауды жүзеге асырады;
Тармақша 15
15) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік мекеменің қызметін шаруашылық жағынан қамтамасыз ету мәселелері бойынша ұйымдармен азаматтық-құқықтық мәмілелер жасайды;
Тармақша 16
16) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тармақ 21
21. Мемлекеттік мекеменің әкімшілігі мен еңбек ұжымының арасындағы өзара қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен және ұжымдық шартпен реттеледі.
Тармақ 22
22. Мемлекеттік мекеме мен Екібастұз қаласы әкімдігі арасындағы өзара қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
Тармақ 23
23. Мемлекеттік мекеме мен тиісті саладағы уәкілетті органның арасындағы өзара қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
Тарау 4. 4-тарау. «Екібастұз қаласы әкімдігінің азаматтық хал актілерін
тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі
4-тарау. «Екібастұз қаласы әкімдігінің азаматтық хал актілерін
тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі
Тармақ 24
24. Мемлекеттік мекеменің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланғанмүлкі болуы мүмкін.
Мемлекеттік мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік(ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 25
25. Мемлекеттік мекемеге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 26
26. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, Мемлекеттік мекеме өзіне бекітіліп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5-тарау. «Екібастұз қаласы әкімдігінің азаматтық хал актілерін
тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. «Екібастұз қаласы әкімдігінің азаматтық хал актілерін
тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 27
27. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.