Об утверждении Положения о государственном учреждении «Отдел экономики и финансов акимата города Экибастуза» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.11.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 – баптарына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» № 590 қаулысына сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5. «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Екібастұз қаласы әкімдігінің 2022 жылғы «14» маусымдағы № 480/6 қаулысымен бекітілді «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Ек ібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) мемлекеттің макроэкономикалық саясатын жүргізу, Екібастұз қаласының және оның ауылдық аймағының әлеуметтік –экономикалық дамуы бойынша бағдарламалық құжаттарды әзірлеу саласында, қала бюджетін жоспарлау және орындау, аудандық коммуналдық мүлікті және мемлекеттік тұрғын үй қорын басқару саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік мекеменің ведомстволары жоқ.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
Тармақ 6
6. Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 7
7. Мемлекеттік мекеме өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 141208, Екібастұз қаласы, Энергетиктер көшесі, 62 ғимарат.
Тармақ 10
10. Мемлекеттік мекеменің жұмыс тәртібі: дүйсенбі-жұма күндері сағат 9.00-ден сағат 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі-жексенбі.
Тармақ 11
11. Мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы болып Екібастұз қаласының әкімдігі табылады.
Тармақ 12
12. Осы Ереже мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 13
13. Мемлекеттік мекеменің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.
Тармақ 14
14. Мемлекеттік мекемеге кәсіпкерлік субъектілерімен мемлекеттік мекеменің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады. Егер мемлекеттік мекемеге заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2 - тарау. «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мақсаттары мен өкілеттіктері
2 - тарау. «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мақсаттары мен өкілеттіктері
Тармақ 15
15. Мақсаттары:
Тармақша 1
1) Екібастұз қаласының және оның ауылдық аймағының әлеуметтік-экономикалық дамуының басым міндеттерін айқындау;
Тармақша 2
2) мемлекеттің макроэкономикалық саясатының стратегиясына сәйкес жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру;
Тармақша 3
3) мемлекеттік жоспарлаудың бағдарламалық құжаттарын қалыптастыру бойынша бірыңғай және тұтас тәсілін қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) әлеуметтік-экономикалық реформаны жүзеге асыру мақсатында қаржыны басқару;
Тармақша 5
5) қаланың салықтық-бюджеттік саясатын қалыптастыру;
Тармақша 6
6) нәтижеге бағытталған мемлекеттік жоспарлаудың, үшжылдық бюджеттік бағдарламалаудың жүйесін жетілдіру;
Тармақша 7
7) бюджеттің атқарылуын ұйымдастыру және бюджеттің атқарылуы бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін үйлестіру;
Тармақша 8
8) өз құзыреті шегінде аудандық коммуналдық меншікті басқару;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де мақсаттарды жүзеге асыру.
Тармақ 16
16. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) құқықтары: - мемлекеттік мекемеге жүктелген функцияларды орындауға қажетті мәліметтерді, анықтамаларды, құжаттар мен хабарландыруларды кәсіпорындардан, ұйымдардан және мекемелерден (келісім бойынша) сұратуға және алуға; - мемлекеттік мекеменің функциясымен байланысты істер бойынша талап ету арыздарын ұсыну және сотта дербес және өкіл арқылы талапкер, жауапкер немесе куәгер ретінде шығу; - мемлекеттік мекеменің құзыретіне жататын мәселелер бойынша азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру, азаматтардан келіп түсетін ұсыныстар мен өтініштерді қарау және оларға қатысты шешім қабылдау; - шешілуі облыстық деңгейде қамтамасыз етілетін міндеттерді іске асырумен байланысты ұсыныстарды Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына және қаржы басқармасына енгізу; - бюджеттің жобасын жасауға, оны әзірлеу мен қорытындылауға қажетті салық салу базасы туралы ақпаратты жинауда қаланың өкілетті органдарымен жұмысты ұйымдастыру; - жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын қаланың бюджеттік мекемелерімен қаржылық тәртіптің сақталуы бойынша өз құзыреті шегінде бақылауды жүзеге асыру; - белгіленген тәртіпте бюджеттік саясат, бухгалтерлік есеп, мемлекеттік сатып алулар, аудандық коммуналдық мүлікті басқару мәселелері жөнінде жиналыстар, семинарлар өткізу.
Тармақша 2
2) міндеттері: - Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау; - заңнамамен белгіленген тәртіпте бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді төлеу; - өз міндеттемелері бойынша жауап беру және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жауапты болу; - семинарларда, курстарда және өзге де оқыту түрлерінде үнемі мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің біліктілігін арттыру; - Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
Тармақ 17
17. Функциялары:
Тармақша 1
1) тиісті аумақтарда экономикалық және бюджеттік жоспарлау саласындағы функцияларды жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) әлеуметтік-экономикалық дамудың облыстық және қалалық стратегиясын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін экономиканы дамыту бойынша мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын әзірлеу;
Тармақша 3
3) мемлекеттік жоспарлаудың бағдарламалық құжаттарына мониторинг жүргізу;
Тармақша 4
4) орта мерзімді кезеңге әлеуметтік-экономикалық даму болжамын және бюджеттік параметрлерді әзірлеу;
Тармақша 5
5) Екібастұз қаласының және оның ауылдық аймағының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы мен мониторингісін жүргізу;
Тармақша 6
6) салықтық- бюджеттік саясатты белгілеу, қала бюджетінің түсімдерін болжау және шығындарын жоспарлау;
Тармақша 7
7) бюджеттік өтінімдерді қарастыру;
Тармақша 8
8) қаланың үшжылдық бюджетінің жобасын әзірлеу және бюджетті түзету, нақтылау ;
Тармақша 9
9) ауылдық округтер, поселкелер, ауылдардың дербес бюджетін үйлестіру;
Тармақша 10
10) макроэкономикалық көрсеткіштер негізінде қысқа және орта мерзімді келешекке кірістер және шығыстар бойынша ұсыныстарды шығару;
Тармақша 11
11) Іс-шаралар жоспары шеңберінде экономикалық, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына бағытталған шараларды жүзеге асыру және ауылдық аумақтардың дамуына мониторинг жүргізу;
Тармақша 12
12) мемлекеттік бюджет есебінен жүзеге асырылатын инвестициялық қызметті реттеу;
Тармақша 13
13) мемлекеттік–жекешелік серіктестік шеңберінде жобаларды іске асыруды талдау және мониторинг жүргізу;
Тармақша 14
14) қалалық бюджеттік комиссия қызметін қамтамасыз ету бойынша жұмысты жүзеге асыру;
Тармақша 15
15) Екібастұз қаласының ауылдық елдi мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешені мамандарына және ауылдық округтер, кенттер, ауылдарға жұмыс үшін келген мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтiк қолдауды ұсыну бойынша шараларды жүзеге асыру және әлеуметтік қолдау көрсету бойынша мемлекеттік қызмет көрсету және тиісті комиссияның жұмысын қамтамасыз ету;
Тармақша 16
16) қолданыстағы заңнамаларға сәйкес тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алуды өткізу;
Тармақша 17
17) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, Екібастұз қаласы бюджеті түсімдерінің және төлемдері бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасауды, бекітуді және жүргізуді жүзеге асырады;
Тармақша 18
18) әкімшілік жасайтын түсімдердің толықтығы мен уақтылылығын қамтамасыз етеді және олардың түсуіне, түсімдердің артық (қате) төленген сомасын қайтаруға немесе олардың бюджетке берешектерді өтеу шотына есепке жатқызылуына мониторингті жүзеге асырады;
Тармақша 19
19) бюджеттік қаражаттарды басқаруды жүзеге асырады, сонымен қатар бюджеттік мониторингті жүргізеді;
Тармақша 20
20) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуден түсетін өз билігінде қалатын ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын келіседі;
Тармақша 21
21) Екібастұз қаласының бюджетін атқару бойынша бухгалтерлік есепке алуды, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізуді іске асырады;
Тармақша 22
22) тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша уәкілетті органмен белгіленген есептілікті жасайды;
Тармақша 23
23) өз құзыреті шегінде аудандық коммуналдық меншікті басқару бойынша функцияларды орындайды, соның ішінде құқықтық актілерді әзірлейді;
Тармақша 24
24) аудандық коммуналдық мүлiк объектiлерiнiң тiзбесiне енгiзiлген, облыстың жергiлiктi атқарушы органының алдын ала келiсiмiмен жекешелендiру жүргiзiлуi мүмкiн аудандық коммуналдық мүлiктi жекешелендiру бойынша облыстың жергiлiктi атқарушы органының алдын ала келiсiмiн алады;
Тармақша 25
25) Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудандық коммуналдық мүлiктi жекешелендiру бойынша сауда-саттық өткiзу туралы хабарламаны жариялау үшiн мерзiмдi баспа басылымын айқындау жөнiнде конкурс өткiзедi;
Тармақша 26
26) аудандық коммуналдық мүлікті аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың атына бекіту бойынша іс-шаралар өткізеді;
Тармақша 27
27) коммуналдық меншiкке айналдырылған (түскен), Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен иесi жоқ деп танылған, мемлекетке мұрагерлiк құқығы бойынша өткен аудандық коммуналдық мүлiктiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен коммуналдық меншiкке өтеусiз өткiзiлген иесiз қалған мүлiктiң, олжаның, қараусыз қалған жануарлардың, құрамында мәдени құндылықтарға жататын зат жоқ көмбелердiң үлестерiн есепке алуды, сақтауды, бағалауды және одан әрi пайдалануды ұйымдастырады;
Тармақша 28
28) аудандық коммуналдық мүлiктi жекешелендiрудi жүзеге асырады, оның iшiнде жекешелендiру процесiн ұйымдастыру үшiн делдалды тартады, жекешелендiру объектiсiн бағалауды қамтамасыз етедi, жекешелендiру объектiсiнiң сатып алу-сату шарттарын әзiрлеу мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 29
29) аудандық коммуналдық мүлiктi жеке тұлғаларға және мемлекеттiк емес заңды тұлғаларға кейiннен сатып алу құқығынсыз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң меншiгiне кейiннен сатып алу құқығымен немесе кейiннен меншiгiне өтеусiз негiзде беру құқығымен мүлiктiк жалдауға (жалға алуға), сенiмгерлiкпен басқаруға бередi;
Тармақша 30
30) жарғылық капиталға қатысу үлесі мемлекетке тиесілі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің арасында таза табысты уақытылы бөлуді бақылуды жүзеге асырады;
Тармақша 31
31) заңды және жеке тұлғалардың иесіз қалған, тастап кеткен (қалдырып кеткен) жылжымалы және жылжымайтын мүліктерін анықтау, пәтерлерді иесіз жылжымайтын мүлік ретінде есепке қою бойынша жұмыстарды жүргізеді;
Тармақша 32
32) мемлекеттік органның міндеттерімен байланысты істер бойынша жеке және өкіл арқылы талап арыздарды (өзге де өтініштерді) ұсынады және соттарда шағымданады;
Тармақша 33
33) Екібастұз қаласының коммуналдық меншік құқығын тіркеу, тұрғын және тұрғын емес нысандарды коммуналдық меншікке қабылдау бойынша қажетті рәсімдерді жүргізеді;
Тармақша 34
34) Екібастұз қаласының мемлекеттік тұрғын үй қорын түгендеу жұмыстарын ұйымдастыру;
Тармақша 35
35) заңнамаға сәйкес азаматтардың жекеленген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз ету;
Тармақша 36
36) мемлекеттік тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша берешекті сот тәртібінде өндіріп алу шараларын қолдану;
Тармақша 37
37) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беруде мұқтаждар есебінің жеке тізімдерін жүргізу;
Тармақша 38
38) жергілікті атқарушы органның қарамағындағы тұрғын үйлерге өз еркімен қоныстанған тұлғаларды шығаруды ұйымдастыру;
Тармақша 39
39) қала әкімімен берілген сенімхат негізінде коммуналдық тұрғын үйді, оның ішінде қызметтік тұрғын үйді иеліктен шығару (жекешелендіру) жөнінде мәмілелер жасау;
Тармақша 40
40) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету;
Тармақша 41
41) құзыреті шегінде мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларын іске асыру;
Тармақша 42
42) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік мекемеге жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады.
Тарау 3. 3 - тарау. «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3 - тарау. «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 18
18. Мемлекеттік мекемені басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
Тармақ 19
19. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
Тармақ 20
20. Мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары, сектор меңгерушілері болады.
Тармақ 21
21. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) өз орынбасарларының, сектор меңгерушілерінің және басқа да қызметкерлердің міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;
Тармақша 2
2) заңнамаға сәйкес лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
Тармақша 3
3) мемлекеттік мекеменің жұмысын ұйымдастырады және басқарады, мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және өзінің функцияларын жүзеге асыру бойынша дербес жауапты болады;
Тармақша 4
4) белгіленген заңнама тәртібінде қызметкерлерді мадақтайды, оларға материалдық көмек көрсетеді, тәртіптік жаза қолданады;;
Тармақша 5
5) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
Тармақша 6
6) мемлекеттік мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы жұмыстарды ұйымдастырады, шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдауға дербес жауапты болады;
Тармақша 7
7) мемлекеттік мекеменің секторлары - құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
Тармақша 8
8) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда, сондай-ақ сотта сенімхатсыз мемлекеттік мекемесін ұсынады;
Тармақша 9
9) мемлекеттік мекеменің құзыретіне жататын мәселелер бойынша азаматтарды қабылдайды, азаматтардан келіп түскен өтініштерді қарастырады;
Тармақша 10
10) мемлекеттік мекеменің төлемін өткізу, соның ішінде ақша алушылардың тиісті шоттарына төлемдер өткізу бойынша қазынашылық органдарымен бірлесіп тоқсан сайын салыстырып тексеруді қамтамасыз етеді;
Тармақша 11
11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тармақ 22
22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
Тармақ 23
23. Мемлекеттік мекеменің әкімшілігі мен еңбек ұжымының арасындағы өзара қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен және ұжымдық шартпен реттеледі.
Тармақ 24
24. Мемлекеттік мекемесі мен Екібастұз қаласы әкімдігі арасындағы өзара қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
Тармақ 25
25. Мемлекеттік мекемесі мен тиісті саласындағы уәкілетті органының арасындағы өзара қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
Тарау 4. 4 - тарау. «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі
4 - тарау. «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі
Тармақ 26
26. Мемлекеттік мекеменің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. Мемлекеттік мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 27
27. Мемлекеттік мекемеге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 28
28. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, мемлекеттік мекеме өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5 - тарау. «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату
5 - тарау. «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 29
29. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.