Об утверждении Правил прогнозирования поступлений в местный бюджет Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жергілікті бюджетке түсетін түсімдерді болжау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 65-бабының 1-1 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы «Бюджет түсімдерін болжау әдістемесін бекіту туралы» 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 34 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10322 болып тіркелген), Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Жергілікті бюджетке түсетін түсімдерді болжау қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Маңғыстау облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7. Жергілікті бюджетке түсетін түсімдерді болжау қағидалары
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2022 жылғы «29» маусым № 100 қаулысына қосымша Жергілікті бюджетке түсетін түсімдерді болжау қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы жергілікті бюджетке түсетін түсімдерді болжау қағидалары (бұдан әрі–Қағидалар) Бюджет кодексінің 65-бабының 1-1-тармағына сәйкес әзірленді.
Тармақ 2
2. Жоспарлы кезеңге жергілікті бюджетке түсетін түсімдерді болжауды Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (бұдан әрі – Бюджет кодексі), Қазақстан РеспубликасыныңСалық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексіне (Салық кодексі) және басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Кірістерді болжау кезінде Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық даму болжамының макроэкономикалық көрсеткіштері пайдаланылады. Кірістердің болжамды түсімдерінің есептерінде салық есептілігінің көрсеткіштері (салықтардың есептелуі, түсімі, салықтар мен алымдар бойынша берешек, салық базасы туралы), статистика деректері және басқалар пайдаланылады.
Тармақ 4
4. Жоспарлы кезеңге арналған бюджетке түсетін түсімдерді болжау кезінде қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге енгізілетін өзгерістер ескеріледі.
Тармақ 5
5. Түсімдерді жергілікті бюджетке болжау оңтайлы болжамды көрсеткіштерді айқындау мақсатында есептеудің бірнеше әдісімен жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Жоспарлы кезеңге арналған жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің болжамдарын айқындау кезінде қолданыстағы заңнама жағдайларында ағымдағы қаржылық жыл бойынша түсімдерді бағалау негізге алынады.
Тармақ 7
7. Жоспарлы кезеңге арналған жергілікті бюджеттің салықтық әлеуетін бағалауды айқындау кезінде қолданыстағы заңнама шарттарында ағымдағы қаржылық жыл бойынша салықтық әлеует негізге алынады.
Тармақ 8
8. Түсімдер бағалауын (салықтық әлеуетті) есептеу әдістері салықтық түсімдерді болжау кезінде есептеудің негізі болып алынатын базаға байланысты әртүрлі болады.
Тарау 2. 2-тарау. Жергілікті бюджетке түсетін түсімдерді болжау
2-тарау. Жергілікті бюджетке түсетін түсімдерді болжау
Тарау 2.1. 2.1. Салықтық түсімдер
2.1. Салықтық түсімдер
Тармақ 9
9. Салықтық түсімдерді болжау келесі әдістермен жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) тиісті салықтық базаға салық мөлшерлемелерін қолдану арқылы тікелей есеп келесі формула бойынша: P = NB * S, мұндағы: P – кірістер түсімдерін болжау немесе бағалау; NB – салық базасы; S – Салық кодексімен белгіленген мөлшерлеме;
Тармақша 2
2) макроэкономикалық көрсеткіштер мен тиімді мөлшерлемені негізге ала отырып, келесі формула бойынша: P = MP * Sесеп Sесеп = Pесеп/MPесеп * 100%, мұндағы: P – кірістер түсімдерін болжау немесе бағалау; MP – макроэкономикалық көрсеткіштер параметрлері; Sесеп – есепті қаржылық жылдағы тиімді мөлшерлеме, %; Pесеп – есепті қаржылық жылдағы салықтардың іс жүзіндегі түсімдері; MPесеп – есепті қаржылық жылдағы макроэкономикалық көрсеткіштердің параметрлері;
Тармақша 3
3) инфляция деңгейіне есепті қаржылық жылдағы іс жүзіндегі түсімдерді индекстеу жолымен, келесі формула бойынша: P = Pесеп * (100% + I), мұндағы: P – ағымдағы қаржылық жыл бойынша түсімдерді болжау немесе бағалау; Pесеп – есепті қаржылық жылдағы іс жүзіндегі түсімдер (бағалау үшін) немесе ағымдағы қаржылық жылдың бағалауы (болжау үшін); I – инфляция деңгейі,%.
Тармақша 4
4) кемінде үш жыл ішіндегі кірістердің жылдық көлемінің немесе үш жылдан аспайтын болса, кірістердің тиісті түрінің барлық түсу кезеңіндегі өсу қарқыны негізінде жүзеге асырылатын орташа есеп, келесі формула бойынша: P = Pесеп * Trорт., мұндағы: P – ағымдағы қаржылық жыл бойынша түсімдерді болжау немесе бағалау; Pесеп – есепті қаржылық жылдағы іс жүзіндегі түсімдер (бағалау үшін) немесе ағымдағы қаржылық жылдың бағалауы (болжау үшін); Trорт. – үш жылдағы орташа өсу қарқыны, %, бұл ретте: Trорт. = (Trесеп(1жыл) + Trесеп(2жыл) + Trесеп(3жыл))/3, мұндағы: Trесеп(1жыл) – бірінші жылғы түсімдердің өсу қарқыны,%; Trесеп(2жыл) – екінші жылғы түсімдердің өсу қарқыны,%; Trесеп(3жыл) – үшінші жылғы түсімдердің өсу қарқыны,%;
Тармақша 5
5) экстраполяция жолымен, келесі формула бойынша: P = Pесеп + Sорт., мұнда: P – ағымдағы қаржылық жыл бойынша түсімдерді болжау немесе бағалау; Pесеп – есепті қаржылық жылдағы іс жүзіндегі түсімдер (бағалау үшін) немесе ағымдағы қаржылық жылдың бағалауы (болжау үшін); Sорт. – үш жыл ішіндегі орташа өсім сомасы, бұл ретте: Sорт.=((Sесеп(1жыл) – Sесеп(өтк.жыл))+(Sесеп(2жыл) –Sесеп(1жыл))+(Sесеп(3жыл) – Sесеп(2 жыл)))/3, мұнда: Sесеп(өтк.жыл) – бірінші жылдың алдындағы жылдың түсімдер сомасы; Sесеп(1жыл) – екінші жылдың алдындағы бірінші жылдың түсімдер сомасы; Sесеп(2жыл) – үшінші жылдың алдыңдағы екінші жылдың түсімдер сомасы; Sесеп(3жыл) – ағымдағы қаржылық жылдың алдыңдағы үшінші жылдың түсімдер сомасы.
Тармақша 6
6) есептік қаржылық жылдағы белгілі бір кезеңдегі іс жүзіндегі түсімдердің үлес салмағына сүйене отырып, келесі формула бойынша: Pбағ. = Pф(ағым.)/Uесеп Uесеп = Pф(есеп) /Pесеп * 100, мұндағы: P – ағымдағы қаржылық жыл бойынша түсімдерді бағалау; Pіс.ж(ағым.) – ағымдағы қаржылық жыл бойынша белгілі бір кезеңдегі іс жүзіндегі түсімдер; Uесеп – есепті қаржылық жылдағы ұқсас кезеңнің үлес салмағы, %; Pіс.ж(есеп) – есепті қаржылық жылдың ұқсас кезеңіндегі іс жүзіндегі түсімдер; Pесеп – есепті қаржылық жыл бойынша іс жүзіндегі түсімдер;
Тармақша 7
7) ағымдағы қаржылық жыл бойынша белгілі бір кезеңдегі орташа айлық түсімдер бойынша, келесі формула бойынша: Pбағ. = Pіс.ж(ағым.) /Kіс.ж(ағым.) * 12, мұндағы: Pбағ. – ағымдағы қаржылық жыл бойынша түсімдерді бағалау; Pіс.ж(ағым.) – ағымдағы қаржылық жыл бойынша белгілі бір кезеңдегі іс жүзіндегі түсімдер; Kіс.ж(ағым.) – ағымдағы қаржылық жылдың белгілі бір кезеңіндегі айлар саны; 12 – жылдағы айлар саны.
Тармақ 10
10. Ағымдағы қаржылық жыл бойынша түсімдерді бағалауды және салықтың тиімді мөлшерлемесін айқындау кезінде іс жүзіндегі түсімдерден жүйелік емес сипаттағы және өндірістік қызметке байланысты емес біржолғы төлемдер, атап айтқанда, уақытша факторлар (бағалардың құбылмалылығы, құрылымдық өзгерістер) есебінен алынған жылдық қайта есептеулердің ірі мөлшерлері, салықтық тексеру актілері бойынша қосымша есептелген сомалар алып тасталады.
Тармақ 11
11. Есептеулерде уәкілетті органдардың деректері ескеріледі.
Тарау 2.2. 2.2. Салықтық емес түсімдер
2.2. Салықтық емес түсімдер
Тармақ 12
12. Салықтық емес түсімдер салықтық емес түсімдердің әрбір түрі бойынша серпінін талдау, болжанатын жылдағы инфляция деңгейіне түзетілген ағымдағы қаржылық жылда күтілетін түсімін бағалауды негізге ала отырып болжанады және уәкілетті мемлекеттік органдар ұсынған болжамды деректер пайдаланылады.
Тармақ 13
13. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын әкімшілік айыппұлдарды, өсімпұлдарды, санкцияларды, өндіріп алуды және басқа да айыппұлдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салынатын бюджеттік кредиттер (қарыздар) бойынша өсімпұлдарды, санкцияларды, өндіріп алуды болжау жүзеге асырылмайды.
Тарау 2.3. 2.3. Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер
2.3. Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер
Тармақ 14
14. Азаматтарға пәтерлерді сатудан түсетін түсімдерді қоспағанда, жерді және материалдық емес активтерді, мемлекеттік мекемелерге бекітілген мүлікті сатудан түсетін түсімдерді болжау қала (аудан) әкімдіктері деректері бойынша немесе болжанатын жылы инфляция деңгейіне түзетілген ағымдағы қаржылық жылдың күтілетін түсімінің бағалауы негізге алына отырып жүзеге асырылады.
Тарау 2.4. 2.4. Трансферттердің түсімдері
2.4. Трансферттердің түсімдері
Тармақ 15
15. Республикалық бюджеттен облыстың бюджетіне трансферттер мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Бюджет кодексінің 45-бабына сәйкес айқындайтын жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу әдістемесі негізінде есептеледі. Облыстық бюджеттен аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттеріне берілетін трансферттерді Бюджет кодексінің 45-бабына сәйкес облыстың жергілікті атқарушы органы айқындайтын тәртіппен «Маңғыстау облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Маңғыстау облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы) есептейді. Аудандық бюджеттен аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттеріне берілетін трансферттерді Бюджет кодексінің 45-бабына сәйкес ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы айқындайтын тәртіппен ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы есептейді.
Тарау 3. 3-тарау. Жалпы сипаттағы трансферттерді айқындау үшін жергілікті бюджетке түсетін түсімдерді болжау
3-тарау. Жалпы сипаттағы трансферттерді айқындау үшін жергілікті бюджетке түсетін түсімдерді болжау
Тармақ 16
16. Жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу үшін кірістер тұтас алғанда үш санат бойынша айқындалады: салық түсімдері, салықтық емес түсімдер және соңғы үш жылдағы өсу үрдісін сақтай отырып, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер (азаматтарға пәтерлерді сатудан түсетін түсімдерді қоспағанда).
Тармақ 17
17. Есептеулерде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ұсынған жүйесіз сипаттағы (біржолғы) түсімдер ескеріледі.
Тармақ 18
18. Қалалар мен аудандардың жергілікті атқарушы органдары осы Қағидаларға сәйкес тиісті есептеулерді, негіздемелерді және түсіндірме жазбаны қоса бере отырып, алдағы үш жылдық кезеңге арналған трансферттерді қоспағанда, өздерінің кірістерінің болжамдарын ұсынады.
Тармақ 19
19. Маңғыстау облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы трансферттерді қоспағанда, жергілікті атқарушы органдардың кірістерін қарайды. Қажет болған жағдайда негіздемелер ескеріле отырып, кірістер бойынша есептеулерге түзетулер жүргізіледі және кірістердің түпкілікті болжамы айқындалады.
Тарау 3.1. 3.1.Салықтық түсімдер
3.1.Салықтық түсімдер
Тармақ 20
20. Облыс бюджеті кірістерінің көлемін айқындау кезінде жалпы сипаттағы трансферттерді белгілеу үшін ағымдағы қаржылық жыл бойынша салықтық әлеуетін бағалауды есептеудің келесі әдістері пайдаланылады:
Тармақша 1
1) есепті қаржылық жылдағы белгілі бір кезеңдегі іс жүзіндегі түсімдердің үлес салмағы келесі формула бойынша: Pбағ. = Ріс.ж/Uесеп, мұндағы: Pбағ. – ағымдағы қаржылық жыл бойынша салықтық әлеуеті; Ріс.ж – ағымдағы қаржылық жыл бойынша белгілі бір кезеңдегі іс жүзіндегі түсімдер; Uесеп – есепті қаржылық жылдағы ұқсас кезеңнің үлес салмағы, %;
Тармақша 2
2) ағымдағы қаржылық жыл бойынша белгілі бір кезеңдегі орташа айлық түсім бойынша, келесі формула бойынша: Pбағ. = Ріс.ж/Kб(есеп) * 12, мұндағы: Pбағ. – ағымдағы қаржылық жыл бойынша салықтық әлеуеті; Ріс.ж – ағымдағы қаржылық жыл бойынша белгілі бір кезеңдегі іс жүзіндегі түсімдер; Kб(есеп) – ағымдағы қаржылық жылдың белгілі бір кезеніңдегі айлар саны; 12 – жылдағы айлар саны;
Тармақша 3
3) инфляция деңгейіне есепті қаржылық жылдағы іс жүзіндегі түсімдерді индекстеу жолымен, келесі формула бойынша: Pбағ. = Pесеп. * (100% + Iб), немесе Pбағ. = (Pесеп * (100% + Iб))/12 * Кб + Nб(есеп), мұндағы: Pбағ – ағымдағы қаржылық жыл бойынша салықтық әлеуеті; Pесеп – есепті қаржылық жыл бойынша іс жүзіндегі түсімдер; Іб – ағымдағы қаржылық жыл бойынша инфляция деңгейі,%. 12 – жылдағы айлар саны; Кб – ағымдағы қаржылық жыл бойынша болжанатын кезең (айлар саны) Nб(есеп) – ағымдағы қаржылық жылдың белгілі бір кезеңі үшін салықтың іс жүзіндегі түсімі;
Тармақша 4
4) кемінде үш жыл ішіндегі кірістердің жылдық көлемінің немесе егер үш жылдан аспайтын болса, кірістердің тиісті түрінің барлық түсу кезеңіндегі өсу қарқыны негізінде жүзеге асырылатын орташа есеп, келесі формула бойынша: Pбағ = Pесеп * Trорт, мұндағы: Pбағ – ағымдағы қаржылық жыл бойынша салықтық әлеуеті; Pесеп – есепті қаржылық жыл бойынша іс жүзіндегі түсімдер; Trорт – үш жылдағы орташа өсу қарқыны, %, бұл ретте: Trорт = (Trесеп(1жыл) + Trесеп(2жыл) + Trесеп(3жыл))/3, мұндағы: Trесеп(1жыл) – бірінші жылғы түсімдердің өсу қарқыны,%; Trесеп(2жыл) – екінші жылғы түсімдердің өсу қарқыны,%; Trесеп(3жыл) – үшінші жылғы түсімдердің өсу қарқыны,%;
Тармақша 5
5) экстраполяция арқылы келесі формула бойынша: Pбағ = Pесеп + Sорт, мұндағы: Pбағ – ағымдағы қаржылық жыл бойынша түсімдерді бағалау; Pесеп – есепті қаржылық жыл бойынша іс жүзіндегі түсімдер; Sорт – үш жыл ішіндегі орташа өсім сомасы, бұл ретте: Sорт =((Sесеп(1жыл) - Sесеп(өтк.жыл))+ (Sесеп(2жыл) - Sесеп(1жыл))+ (Sесеп(3жыл) - Sесеп(2жыл)))/3, мұндағы: Sесеп (өтк.жыл) – бірінші жылдың алдыңдағы жылғы түсімдер сомасы; Sесеп(1жыл) – екінші жылдың алдыңдағы бірінші жылғы түсімдер сомасы; Sесеп (2жыл) – үшінші жылдың алдыңдағы екінші жылғы түсімдер сомасы; Sесеп(3жыл) – ағымдағы қаржылық жылдың алдыңдағы үшінші жылғы түсімдер сомасы. Есептеулерде бірнеше әдістерді пайдаланған кезде, болжамдауда неғұрлым көп кірістердің түсуін қамтамасыз ететін әдіс ескеріледі.
Тарау 3.1.1. 3.1.1. Жеке табыс салығы
3.1.1. Жеке табыс салығы
Тармақ 21
21. Номиналды мәндегі жалақы төлем көзінен салық салынатын табыстардан түсетін жеке табыс салығын есептеуге арналған салық базасы болып табылады. Болжамды жалақы қоры әрбір өңір бойынша жалақы қорының есепті (статистикалық) деректеріне алдыңғы жылдардағы жалақы қорының кемінде үш жыл үшін орташа өсу қарқынын қолдану арқылы шаруашылық субъектілері мен бюджеттік мекемелер бойынша жеке айқындалады.
Тармақ 22
22. Төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша салықтық әлеуетін бағалауда жоспарлы кезеңге салық төлеушінің тіркеу орнының өзгеруіне (қайта орналастыруға) байланысты өңірдегі жеке табыс салығы бойынша салықтық әлеуетінің өзгеруі, жекелеген кәсіпорындардағы қызметкерлер санының өзгеруі (жобаның аяқталуы, қосымша жұмыс орындарының ашылуы) ескеріледі. Жеке табыс салығы бойынша салықтық әлеуеттің өзгеруінің есебі Мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтері бойынша нақты салық төлеушілер бойынша жеке жүргізіледі.
Тармақ 23
23. Төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша жоспарлы кезеңге арналған болжам келесі әдістермен айқындалады:
Тармақша 1
1) жалақы қорының болжамды көлеміне салықтың тиімді мөлшерлемесін қолдану арқылы келесі формула бойынша: IPN(салық.салын)б = (Dfzp * Sесеп) ± Iipn Sесеп = IPN(салық.салын)есеп /Dесеп * 100, мұндағы: IPN(салық.салын)б – жоспарлы жылға жеке табыс салығы бойынша болжам; Dfzp – жоспарлы жылға арналған жалақы қорының болжамды көлемі; Sесеп – есепті қаржылық жылдағы тиімді мөлшерлеме, %; Iipn – салық және алымдар туралы заңнама өзгерістерін ескеретін түсімдердің түзетуші сомасы; IPN(салық.салын)есеп – есепті қаржылық жылдағы салықтардың іс жүзіндегі түсімдері; Dесеп – есепті қаржылық жыл үшін жалақы қоры;
Тармақша 2
2) салық салынатын жалақы қорының болжамды көлеміне салық мөлшерлемесін қолдану жолымен (жаңадан құрылған кәсіпорындар үшін) келесі формула бойынша: IPN(салық.салын)б = (Ofzp * Fipn), мұндағы: IPN(салық.салын)б – жоспарлы жылға арналған жеке табыс салығы бойынша болжамы; Ofzp – болжамды салық салынатын жалақы қорының мөлшері; Fipn – Салық кодексіне сәйкес жеке табыс салығының мөлшерлемесі, %. Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша жоспарлы жылға арналған болжамы келесі формулабойынша айқындалады: IPN(салық.салынб)б= IPN(ноб)оц * (100% + Iп), мұндағы: IPN(салық.салынб)б– жоспарлы жылға төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша болжам; IPN(салық.салынб)оц – ағымдағы қаржылық жыл бойынша салықтық әлеуетті бағалау; Iп – инфляцияның болжамды деңгейі, %.
Тарау 3.1.2. 3.1.2. Ірі кәсіпкерлік субъектілерінен және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы
3.1.2. Ірі кәсіпкерлік субъектілерінен және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы
Тармақ 24
24. Бюджет кодексінің 50-бабына сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп бекітетін тізбе бойынша ірі кәсіпкерлік субъектілерінен түсетін түсімдерді және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, корпоративтік табыс салығы бойынша болжам ӘЭДБ-ның мұнай емес секторының ЖҚҚ көлемі негізінде келесі формулабойынша есептеледі: KPNп = KPNбағ. * T(жққ)/100, мұндағы: KPNп – корпоративтік табыс салығы бойынша болжам; KPNбағ. – ағымдағы қаржылық жыл бойынша корпоративтік табыс салығы бойынша салықтық әлеуетті бағалау; T(жққ) – мұнай емес сектордың ЖҚҚ өсу қарқынының болжамы,%.
Тарау 3.1.3. 3.1.3. Әлеуметтік салық
3.1.3. Әлеуметтік салық
Тармақ 25
25. Әлеуметтік салықты есептеу үшін салық базасы ретінде номиналды мәндегі жалақы болып табылады. Болжамды жалақы қоры, жалақы қорының есепті (статистикалық) деректеріне әрбір өңір бойынша алдыңғы жылдардағы жалақы қорының кемінде үш жыл үшін орташа өсу қарқынын қолдану жолымен, шаруашылық субъектілер және бюджеттік мекемелер бойынша жеке айқындалады.
Тармақ 26
26. Жоспарлы кезеңге арналған әлеуметтік салық бойынша салықтық әлеуетті бағалауда, салық төлеушіні тіркеу орнының өзгеруіне (көшіру) байланысты өңірдегі салық бойынша салықтық әлеуеттің өзгеруі, жекелеген кәсіпорындардағы қызметкерлер санының өзгеруі (жобаның аяқталуы, қосымша жұмыс орындарының ашылуы) ескеріледі. Әлеуметтік салық бойынша салықтық әлеуеттің өзгеруін есептеу бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның мәліметтері негізінде нақты салық төлеушілер бойынша жеке жүргізіледі.
Тармақ 27
27. Жоспарлы кезеңге арналған әлеуметтік салық бойынша болжам келесі әдістермен есептеледі:
Тармақша 1
1) жалақы қорының болжамды көлеміне салықтың тиімді мөлшерлемесін қолдану арқылы келесі формулабойынша: SNп = (Dfzp * Sесеп) ± Isn Sесеп= SNесеп /Dесеп * 100, мұндағы: SNп – жоспарлы жылға арналған әлеуметтік салық бойынша болжам; Dfzp – жоспарлы жылға арналған жалақы қорының болжамды көлемі; Sесеп – есепті қаржылық жылдағы тиімді мөлшерлеме, %; Isn – салықтар мен алымдар туралы заңнама өзгерістерін ескеретін түсімдерді түзету сомасы; SNесеп – есепті қаржылық жылдағы салықтардың іс жүзіндегі түсімдері; Dесеп – есепті қаржылық жыл үшін жалақы қоры.
Тармақша 2
2) салық салынатын жалақы қорының болжамды көлеміне салық мөлшерлемесін қолдану жолымен (жаңадан құрылған кәсіпорындар үшін) келесі формулабойынша: SNп = (Ofzp * Fsn) ± Isn , мұндағы: SNп – жоспарлы жылға арналған әлеуметтік салық бойынша болжам; Ofzp – болжамды салық салынатын жалақы қорының мөлшері; Fsn – Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударымдарды алып тастағандағы Салық кодексіне сәйкес әлеуметтік салық мөлшерлемесі, %; Isn – салықтар мен алымдар туралы заңнама өзгерістерін ескеретін түсімдерді түзету сомасы.
Тарау 3.1.4. 3.1.4.Мүлік салығы
3.1.4.Мүлік салығы
Тармақ 28
28. Мүлік салығы түсімдерінің болжамды көлемін есептеу заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің мүлік салығы бойынша және жеке тұлғалардың мүлік салығы бойынша жеке жүргізіледі.
Тармақ 29
29. Мүлік салығы бойынша жоспарлы кезеңге арналған болжамы келесі әдістермен есептеледі:
Тармақша 1
1) инфляция деңгейіне есепті қаржылық жылдағы іс жүзіндегі түсімдерді индекстеу жолымен, келесі формула бойынша: NIп = NIбағ. * (100% + Iп), мұндағы: NIп – жоспарлы жылға мүлік салығы бойынша болжам; NIбағ. – ағымдағы қаржылық жыл бойынша мүлік салығының салықтық әлеуетін бағалау; Iп – инфляцияның болжамды деңгейі, %;
Тармақша 2
2) кемінде үш жыл ішіндегі кірістердің жылдық көлемінің орташа өсу қарқыны негізінде жүзеге асырылатын орташа есеп, келесі формулат арқылы: NIп = NIбағ. * Тp, мұндағы: NIп – жоспарлы жылға мүлік салығы бойынша болжам; NIбағ. – ағымдағы қаржылық жыл бойынша мүлік салығы бойынша салықтық әлеуетті бағалау; Тр – алдыңғы жылдары қалыптасқан орташа өсу қарқыны (кемінде үш жыл),%.
Тармақ 30
30. Ағымдағы қаржылық жыл бойынша жеке тұлғалардан мүлік салығы бойынша салықтық әлеуетті бағалауды айқындау кезінде есептеулерде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның мәліметтері бойынша ағымдағы қаржылық жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша берешегі мен артық төлемі ескеріледі.
Тарау 3.1.5. 3.1.5.Жер салығы
3.1.5.Жер салығы
Тармақ 31
31. Жоспарлы жылға жер салығы бойынша болжам кемінде үш жыл ішіндегі кірістердің жылдық көлемінің орташа өсу қарқыны негізінде жүзеге асырылатын орташа есеппен келесі формула бойынша жүзеге асырылады: NIп = NIбағ. * Тp, мұндағы: NIп – жоспарлы жылға жер салығы бойынша болжам; NIбағ. – ағымдағы қаржылық жыл бойынша жер салығы бойынша салықтық әлеуетті бағалау; Тp – алдыңғы жылдары қалыптасқан орташа өсу қарқыны (кемінде үш жыл), %.
Тарау 3.1.6. 3.1.6.Көлік құралдарына салынатын салық
3.1.6.Көлік құралдарына салынатын салық
Тармақ 32
32. Көлік құралдарына салық түсімдерінің болжамды көлемін есептеу заңды тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық бойынша және жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық бойынша жеке жүргізіледі.
Тармақ 33
33. Көлік құралдарына салынатын салық бойынша жоспарлы кезеңге арналған болжамы келесі әдістермен есептеледі:
Тармақша 1
1) инфляция деңгейіне есепті қаржылық жылдағы іс жүзіндегі түсімдерді индекстеу жолымен, келесі формула бойынша: NTп = NTбағ. * (100% + Iп), мұндағы: NTп – жоспарлы жылға арналған көлік құралдары салығы бойынша болжам; NTбағ. – ағымдағы қаржылық жыл бойынша көлік құралдары салығы бойынша салықтық әлеуетті бағалау; Iп – инфляцияның болжамды деңгейі, %;
Тармақша 2
2) кемінде үш жыл ішіндегі кірістердің жылдық көлемінің орташа өсу қарқыны негізінде жүзеге асырылатын орташа есеп, келесі формула арқылы есептеледі: NTп = NТбағ. * Тp, мұндағы: NTп – жоспарлы жылға көлік құралдары салығы бойынша болжам; NТбағ. – ағымдағы қаржылық жыл бойынша көлік құралдары салығы бойынша салықтық әлеуетті бағалау; Тp – алдыңғы жылдары қалыптасқан орташа өсу қарқыны (кемінде үш жыл), %.
Тармақ 34
34. Ағымдағы жыл бойынша жеке тұлғалардан көлік құралдарына салынатын салық бойынша салықтық әлеуетті бағалауды айқындау кезінде есептеулерде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның мәліметтері бойынша ағымдағы қаржылық жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша берешегі мен артық төлемі ескеріледі.
Тарау 3.1.7. 3.1.7.Бірыңғай жер салығы
3.1.7.Бірыңғай жер салығы
Тармақ 35
35. Бірыңғай жер салығы бойынша болжам келесі формула бойынша есептеледі: EZп = EZбағ. * (100% + Iп), мұндағы: EZп – жоспарлы жылға арналған бірыңғай жер салығы бойынша болжам; EZбағ. – ағымдағы қаржылық жыл бойынша бірыңғай жер салығы бойынша салықтық әлеуетті бағалау; Iп – инфляцияның болжамды деңгейі,%.
Тарау 3.1.7-1. 3.1.7-1) Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем
3.1.7-1) Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем
Тармақ 35
35.1 Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем түсімдерінің болжамы орташа есептеу әдісімен мынадай формула бойынша айқындалады: Piб = Piбағ. * Trорт., мұндағы: Piб – тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемнің болжамды сомасы; Piбағ. – ағымдағы қаржы жылы бойынша тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемді бағалау; Trорт. – үш жылдағы орташа өсу қарқыны, %, бұл ретте: Trорт. = (Trесеп(1жыл) + Trесеп(2жыл) + Trесеп(3жыл))/3, мұндағы: Trесеп(1жыл) – бірінші жылғы тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем түсімдерінің өсу қарқыны, %; Trесеп(2жыл) – екінші жылғы тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем түсімдерінің өсу қарқыны, %; Trесеп(3жыл) – үшінші жылғы тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем түсімдерінің өсу қарқыны, %.
Тарау 3.1.8. 3.1.8.Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін тауарларға акциздер
3.1.8.Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін тауарларға акциздер
Тармақ 36
36. Жоспарлы жылға Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін тауарлардың акциздері бойынша болжамды есептеу акцизделетін өнім түрлері бойынша жеке түрде, келесі әдістермен жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) акцизделетін өнім өндірісінің болжамды көлемінің және акциз мөлшерлемесінің негізінде келесі формула бойынша: Aп = Vп * S, мұндағы: Aп – жоспарлы жылға арналған акциздер бойынша болжам; Vп – акцизделетін өнім өндірудің болжамды көлемі; S – Салық кодексіне сәйкес акциз мөлшерлемесі, мұндағы: Vп = Vбағ. * Тр, Vп – акцизделетін өнім өндірісінің болжамды көлемі; Vбағ. – ағымдағы қаржылық жыл бойынша акцизделетін өнім өндірісінің көлемі; Тр – акцизделетін өнім өндірісі көлемінің алдыңғы жылдары қалыптасқан орташа өсу қарқыны (кемінде үш жыл), %;
Тармақша 2
2) инфляция деңгейіне түзетілген ағымдағы қаржылық жылғы бағалау негізінде келесі формула бойынша: Ап =Абағ. * (100% + Iп) + Iаk, мұндағы: Ап – жоспарлы жылға арналған акциздер бойынша болжам; Абағ. – ағымдағы қаржылық жыл бойынша акциздердің салықтық әлеуеті; Iп – инфляцияның болжамды деңгейі, %. Iаk – салықтар мен алымдар туралы заңнама өзгерістерін ескерілетін түсімдерді түзету сомасы.
Тарау 3.1.9. 3.1.9 Жергілікті бюджетке есептелетін төлемақылар мен алымдар
3.1.9 Жергілікті бюджетке есептелетін төлемақылар мен алымдар
Тармақ 37
37. Облыстың бюджетіне есептелетін төлемдер мен алымдарға мыналар жатады: жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы; орманды пайдаланғаны үшiн төлемақы; жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы; жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы; жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы; қоршаған ортаға жағымсыз әсер еткені үшін төлемақы; өсімдіктер дүниесін арнайы пайдалану тәртібімен өсімдік ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы; жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін алым (жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға арналған лицензияларды бергені үшін алым); сыртқы (көрнекі) жарнаманы республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумақтары арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде орналастырғаны үшін төлемақы; сыртқы (көрнекі) жарнаманы облыстық маңызы бар қаладағы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, облыстық маңызы бар қаланың аумағы арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастырғаны үшін төлемақы; Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені немесе ұзартқаны үшін алым; қызметтің жекелеген түрлерiмен айналысуға лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақы; коммерциялық ұйымдарды қоспағанда, заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін мемлекеттік (есептік) тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін алым; жылжымалы мүлік кепілін және кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркегені, сондай-ақ әуе кемесін тіркеуден алып тастауға және әкетуге кері қайтарып алынбайтын өкілеттікті мемлекеттік тіркегені үшін алым;
Тарау 3.1.9. 3.1.9.Жергілікті бюджетке төленетін мемлекеттік баж
3.1.9.Жергілікті бюджетке төленетін мемлекеттік баж
Тармақ 39
39. Жоспарлы жылға жергілікті бюджетке есептелетін мемлекеттік баж бойынша болжамды есептеу келесі әдістермен жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) үш жыл ішіндегі кірістердің жылдық көлемінің орташа өсу қарқынын мына формула бойынша қолдану: GPп = GPбағ. * Trорт, мұндағы: GPп – жергілікті бюджетке есептелетін мемлекеттік баж бойынша болжам; GPбағ. – ағымдағы қаржылық жыл бойынша жергілікті бюджетке есептелетін мемлекеттік баж бойынша салықтық әлеуетті бағалау; Trорт – үш жылдағы орташа өсу қарқыны, %;
Тармақша 2
2) ағымдағы қаржылық жыл бойынша салықтық әлеуетін инфляция деңгейіне индекстеу арқылы мына формула бойынша: GPп = GPбағ. * (100% + Iп), мұндағы: GPп – жергілікті бюджетке есептелетін мемлекеттік баж бойынша болжам; GPбағ. – ағымдағы қаржылық жыл бойынша жергілікті бюджетке есептелетін мемлекеттік баж бойынша салықтық әлеуетті бағалау; Iп – инфляцияның болжамды деңгейі, %.
Тарау 3.1.10. 3.1.10.Басқа да салықтар
3.1.10.Басқа да салықтар
Тармақ 40
40. Жоспарлы жылға арналған басқа да салықтар бойынша болжамын есептеу түсімдердің серпіні бойынша жүзеге асырылады.
Тарау 3.2. 3.2.Салықтық емес түсімдер
3.2.Салықтық емес түсімдер
Тармақ 41
41. Салықтық емес түсімдер бірқатар жылдардағы салықтық емес түсімдердің әрбір түрі бойынша серпінін талдау, болжанатын жылдағы инфляция деңгейіне түзетілген ағымдағы қаржылық жылдың күтілетін түсімін бағалау негізінде болжанады.
Тармақ 42
42. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын әкімшілік айыппұлдарды, өсімпұлдарды, санкцияларды, өндіріп алуды және басқа да айыппұлдарды, сондай-ақ бюджеттік кредиттер (қарыздар) бойынша өсімпұл, санкциялар, өндіріп алулар айыппұлдарын болжау жүзеге асырылмайды.
Тарау 3.3. 3.3.Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер
3.3.Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер
Тармақ 43
43. Азаматтарға пәтерлерді сатудан түсетін түсімдерді қоспағанда, жерді және материалдық емес активтерді, мемлекеттік мекемелерге бекітілген мүлікті сатудан түсетін түсімдерді болжау болжанатын жылдағы инфляция деңгейіне түзетілген ағымдағы жылдың күтілетін түсімінің бағасы негізге алына отырып жүзеге асырылады.