Некоторые вопросы Министерства индустрии и торговли Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгінің кейбiр мәселелерi
"Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңының 24-бабына сәйкес, сондай-ақ құрылысты, стандарттауды, метрологияны және сертификаттауды басқару саласындағы мемлекеттiк саясатты тиiмдi iске асыруды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң облыстар мен Астана және Алматы қалалары бойынша мемлекеттiк мекемелерi - аумақтық органдары 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетiнiң мемлекеттiк мекемелерi - аумақтық бөлiмшелерi болып қайта аталсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Құрылыс iстерi жөнiндегi комитетi (бұдан әрi - Комитет) 2-қосымшаға сәйкес аумақтық бөлiмшелердi құрсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетімен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен аумақтық бөлiмшелер құру үшiн Комитетке мүлкiнiң бiр бөлiгiн берудi қамтамасыз етсiн.
Тармақ 4
4. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзілетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
Тармақ 5
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Басқа 6. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетiнiң қайта аталатын мемлекеттiк мекемелерi - аумақтық бөлiмшелерiнiң тiзбесi
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 18 қыркүйектегі
N 951 қаулысына 1-қосымша
Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетiнiң қайта аталатын мемлекеттiк мекемелерi - аумақтық бөлiмшелерiнiң тiзбесi
Тармақ 1
1. "Ақмола облысы бойынша Индустрия, сауда және шағын бизнестi қолдау департаментi" мемлекеттiк мекемесiн "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетiнiң Ақмола облысы бойынша мемлекеттiк қадағалау басқармасы" мемлекеттiк мекемесiне
Көкшетау қ.
Тармақ 2
2. "Ақтөбе облысы бойынша Индустрия, сауда және шағын бизнестi қолдау департаментi" мемлекеттiк мекемесiн "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетiнiң Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттiк қадағалау басқармасы" мемлекеттiк мекемесiне
Ақтөбе қ.
Тармақ 3
3. "Алматы облысы бойынша Индустрия, сауда және шағын бизнестi қолдау департаментi" мемлекеттiк мекемесiн "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетiнiң Алматы облысы бойынша мемлекеттiк қадағалау басқармасы" мемлекеттiк мекемесiне
Талдықорған қ.
Тармақ 4
4. "Атырау облысы бойынша Индустрия, сауда және шағын бизнестi қолдау департаментi" мемлекеттiк мекемесiн "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетiнiң Атырау облысы бойынша мемлекеттiк қадағалау басқармасы" мемлекеттiк мекемесiне
Атырау қ.
Тармақ 5
5. "Шығыс Қазақстан облысы бойынша Индустрия, сауда және шағын бизнестi қолдау департаментi" мемлекеттiк мекемесiн - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетiнiң Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттiк қадағалау басқармасы" мемлекеттiк мекемесiне
Өскемен қ.
Тармақ 6
6. "Жамбыл облысы бойынша Индустрия, сауда және шағын бизнестi қолдау департаментi" мемлекеттiк мекемесiн "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетiнiң Жамбыл облысы бойынша мемлекеттiк қадағалау басқармасы" мемлекеттiк мекемесiне
Тараз қ.
Тармақ 7
7. "Батыс Қазақстан облысы бойынша Индустрия, сауда және шағын бизнестi қолдау департаментi" мемлекеттiк мекемесiн "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетiнің Батыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттiк қадағалау басқармасы" мемлекеттiк мекемесiне
Орал қ.
Тармақ 8
8. "Қарағанды облысы бойынша Индустрия, сауда және шағын бизнестi қолдау департаментi" мемлекеттiк мекемесiн "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетiнiң Қарағанды облысы бойынша мемлекеттiк қадағалау басқармасы" мемлекеттiк мекемесiне
Қарағанды қ.
Тармақ 9
9. "Қызылорда облысы бойынша Индустрия, сауда және шағын бизнестi қолдау департаментi" мемлекеттiк мекемесiн "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетiнiң Қызылорда облысы бойынша мемлекеттiк қадағалау басқармасы" мемлекеттiк мекемесiне
Қызылорда қ.
Тармақ 10
10. "Қостанай облысы бойынша Индустрия, сауда және шағын бизнестi қолдау департаментi" мемлекеттiк мекемесiн "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетiнiң Қостанай облысы бойынша мемлекеттiк қадағалау басқармасы" мемлекеттiк мекемесiне
Қостанай қ.
Тармақ 11
11. "Маңғыстау облысы бойынша Индустрия, сауда және шағын бизнестi қолдау департаментi" мемлекеттiк мекемесiн "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетiнiң Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттiк қадағалау басқармасы" мемлекеттiк мекемесiне
Ақтау қ.
Тармақ 12
12. "Павлодар облысы бойынша Индустрия, сауда және шағын бизнестi қолдау департаментi" мемлекеттiк мекемесiн "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетiнiң Павлодар облысы бойынша мемлекеттiк қадағалау басқармасы" мемлекеттiк мекемесiне
Павлодар қ.
Тармақ 13
13. "Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша Индустрия, сауда және шағын бизнестi қолдау департаментi" мемлекеттiк мекемесiн "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi, Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша мемлекеттiк қадағалау басқармасы" мемлекеттiк мекемесiне
Петропавл қ.
Тармақ 14
14. "Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша Индустрия, сауда және шағын бизнестi қолдау департаментi" мемлекеттiк мекемесiн "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi Стандарттау метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетiнiң Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша мемлекеттiк қадағалау басқармасы" мемлекеттiк мекемесiне
Шымкент қ.
Тармақ 15
15. "Астана қаласы бойынша Индустрия, сауда және шағын бизнестi қолдау департаментi" мемлекеттiк мекемесiн "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiңдегi комитетiнiң Астана қаласы бойынша мемлекеттiк қадағалау басқармасы" мемлекеттiк мекемесiне
Астана қ.
Тармақ 16
16. "Алматы қаласы бойынша Индустрия, сауда және шағын бизнестi қолдау департаментi" мемлекеттiк мекемесiн "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетiнiң Алматы қаласы бойынша мемлекеттiк қадағалау басқармасы" мемлекеттiк мекемесiне
Алматы қ.
Басқа 23. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Құрылыс iстерi жөнiндегi комитетi аумақтық бөлімшелерiнiң тiзбесi
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 18 қыркүйектегі
N 951 қаулысына 2-қосымша
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Құрылыс iстерi жөнiндегi комитетi аумақтық бөлімшелерiнiң тiзбесi
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi Құрылыс iстерi жөнiндегi комитетiнiң Ақмола облысы бойынша Сәулет-құрылыс бақылау, инспекциялау және лицензиялау басқармасы
Көкшетау қ.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi Құрылыс iстерi жөнiндегi комитетiнiң Ақтөбе облысы бойынша Сәулет-құрылыс бақылау, инспекциялау және лицензиялау басқармасы
Ақтөбе қ.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi Құрылыс iстерi жөнiндегi комитетiнiң Алматы облысы бойынша Сәулет-құрылыс бақылау, инспекциялау және лицензиялау басқармасы
Талдықорған қ.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi Құрылыс iстерi жөнiндегi комитетiнiң Атырау облысы бойынша Сәулет-құрылыс бақылау, инспекциялау және лицензиялау басқармасы
Атырау қ.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi Құрылыс iстерi жөнiндегi комитетiнiң Шығыс Қазақстан облысы бойынша Сәулет-құрылыс, инспекциялау және лицензиялау басқармасы
Өскемен қ.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi Құрылыс iстерi жөнiндегi комитетiнiң Жамбыл облысы бойынша Сәулет-құрылыс бақылау, инспекциялау және лицензиялау басқармасы
Тараз қ.
Тармақ 7
7. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi Құрылыс iстерi жөнiндегi комитетiнiң Батыс Қазақстан облысы бойынша Сәулет-құрылыс бақылау, инспекциялау және лицензиялау басқармасы
Орал қ.
Тармақ 8
8. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi Құрылыс iстерi жөнiндегi комитетiнiң Қарағанды облысы бойынша Сәулет-құрылыс бақылау, инспекциялау және лицензиялау басқармасы
Қарағанды қ.
Тармақ 9
9. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi Құрылыс iстерi жөнiндегi комитетiнiң Қызылорда облысы бойынша Сәулет-құрылыс бақылау, инспекциялау және лицензиялау басқармасы
Қызылорда қ.
Тармақ 10
10. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi Құрылыс iстерi жөнiндегi комитетiнiң Қостанай облысы бойынша Сәулет-құрылыс бақылау Инспекциялау және лицензиялау басқармасы
Қостанай қ.
Тармақ 11
11. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi Құрылыс iстерi жөнiндегi комитетiнiң Маңғыстау облысы бойынша Сәулет-құрылыс бақылау, инспекциялау және лицензиялау басқармасы
Ақтау қ.
Тармақ 12
12. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi Құрылыс iстерi жөнiндегi комитетiнiң Павлодар облысы бойынша Сәулет-құрылыс бақылау, инспекциялау және лицензиялау басқармасы
Павлодар қ.
Тармақ 13
13. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi Құрылыс iстерi жөнiндегi комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы Сәулет-құрылыс бақылау, Инспекциялау және лицензиялау басқармасы
Петропавловск қ.
Тармақ 14
14. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi Құрылыс iстерi жөнiндегi комитетiнiң Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша Сәулет-құрылыс бақылау, инспекциялау және лицензиялау басқармасы
Шымкент қ.
Тармақ 15
15. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi Құрылыс iстерi жөнiндегi комитетiнiң Астана қаласы бойынша Сәулет-құрылыс бақылау, инспекциялау және лицензиялау басқармасы
Астана қ.
Тармақ 16
16. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi Құрылыс iстерi жөнiндегi комитетiнiң Алматы қаласы бойынша Сәулет-құрылыс бақылау, инспекциялау және лицензиялау басқармасы
Алматы қ.
Басқа 40. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 18 қыркүйектегі
N 951 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар
Тармақ 1
1. "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысына :
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге, өзге де мемлекеттiк органдарға берiлетiн республикалық меншікті ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттiк пакеттерiнің және қатысудың мемлекеттiк үлестерiнің тiзбесiнде:
"Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгiне" деген бөлімдегi реттiк нөмiрлерi 233, 234-жолдар алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы бөлiммен және реттiк нөмiрлерi 276, 277-жолдармен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнің Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетiне
276 "Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы" ААҚ
277 "Ұлттық тiркеу орталығы" ААҚ".
Тармақ 2
2. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгінің мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 12 қыркүйектегi N 996 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 30, 330-құжат) 4-тармақ алынып тасталсын.
Тармақ 3
3. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнің кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 18 қарашадағы N 1220 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 41, 414-құжат):
Тармақша 1
1) 1-тармақтың 8) тармақшасы алынып тасталсын;
Тармақша 2
2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Құрылыс iстерi жөнiндегi комитетi туралы ережеде:
Тармақ 1
1-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
"Комитеттің облыстар мен Астана және Алматы қалаларында құрылымдық аумақтық бөлiмшелерi (бұдан әрi - аумақтық бөлiмшелер) болады.";
мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын:
Тармақ 16-1
"16-1. Төраға лауазымы бойынша Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк құрылыс инспекторы болып табылады.
Төрағаның орынбасарлары лауазымы бойынша Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттiк құрылыс инспекторының орынбасарлары болып табылады.
Аумақтық бөлiмшелердің басшылары тиiстi облыстың (Астана, Алматы қалаларының) Бас мемлекеттiк құрылыс инспекторлары болып табылады.";
18-тармақта:
Тармақша 3
3) және 4) тармақшалар "қызметкерлерiн", "қызметшiлерiне" деген сөздерден кейiн тиiсiнше ", аумақтық бөлiмшелердің қызметкерлерi мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын", ", аумақтық бөлiмшелердің қызметкерлерi мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларына" деген сөздермен толықтырылсын;
Тармақша 6
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
Тармақша 6
"6) Комитеттің құрылымдық және аумақтық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi";
мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
Тармақша 7-1
"7-1) құрылымдық және аумақтық бөлiмшелер мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметiн үйлестiредi және бақылайды;";
Тармақша 3
3) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгінің Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетi туралы ережеде:
Тармақ 1
1-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
"Комитеттің облыстар мен Астана және Алматы қалаларында мемлекеттiк мекемелерi - аумақтық бөлiмшелерi (бұдан әрi - аумақтық бөлiмшелер) болады.";
Тармақ 17
17-тармақ мынадай мазмұндағы үшiншi абзацпен толықтырылсын:
"Комитеттің аумақтық бөлімшелерiнің басшылары тиiстi облыстардың, Астана және Алматы қалаларының стандарттау және өлшем құралдары бойынша нормативтiк құжаттардың мiндеттi талаптарын сақталуын қадағалау жөнiндегi Бас мемлекеттiк инспекторлары болып табылады.";
19-тармақта:
Тармақша 2
2) және 3) тармақтар "қызметкерлерiн" деген сөзден кейiн ", аумақтық бөлiмшелердің және ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын" деген сөздермен толықтырылсын;
Тармақша 5
5) және 7) тармақшадағы "құрылымдық" деген сөзден кейiн "және аумақтық" деген сөздермен толықтырылсын;
Тармақша 4
4) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi Құрылыс iстерi жөнiндегi комитетiнің құрылымы мынадай редакцияда жазылсын:
"Басшылық
Сәулет, жобаларды техникалық сараптау және тұрғын үй саясаты басқармасы
Сәулет-құрылыс бақылау, инспекциялау және лицензиялау басқармасы
Құрылыстағы техникалық нормалау және жаңа технологиялар басқармасы
Құрылыстағы экономикалық талдау және баға құрау басқармасы
Жұмыстарды қаржыландыру және бухгалтерлiк есеп бөлiмi
Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi Құрылыс iстерi жөнiндегi комитетiнiң облыстық, Астана және Алматы қалаларының аумақтық бөлiмшелерi";
Тармақша 5
5) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетiнiң құрылымы мынадай редакцияда жазылсын:
"Басшылық
Ұйымдастыру-құқықтық жұмыстар және мемлекеттiк қадағалау басқармасы
Стандарттау, метрология, сертификаттау және техникалық саясат басқармасы".