Об утверждении Положения о коммунальном государственном учреждении «Аппарат акима Северо-Казахстанской области» Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 40-бабы 2-тармағына және «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
Тармақша 1
1) жоғарыда көрсетілген Ереженің заңнамада белгіленген тәртіппен әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесінің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау «Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Солтүстік Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 2022 жылғы «27» маусымдағы № 149 қаулысымен бекітілді «Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже Петропавл қаласы, 2024ж.
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі облыс әкімінің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
Тармақ 2
2. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ведомствоға бағынасты ұйымдары бар: «Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Шаруашылық басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 3
3. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Тармақ 5
5. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
Тармақ 6
6. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 7
7. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы және штат санының лимиті қолданыстағы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: 150011, Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы Қазақстан Конституциясы көшесі, 58.
Тармақ 10
10. Осы Ереже «Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілермен «Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады. Егер «Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілерде кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнде жұмыс режимi ішкі күн тәртібіне сәйкес айқындалады.
Тарау 2. 2-тарау. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мақсаттары мен өкілеттігі
2-тарау. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мақсаттары мен өкілеттігі
Тармақ 13
13. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мақсаттары:
Тармақша 1
1) облыс әкімдігі мен әкімінің қызметін ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) облыс әкімдігі мен әкімінің қызметін ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) облыс әкімдігі мен әкімінің қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету.
Тармақ 14
14. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өкілеттігі:
Тармақша 1
1) құқықтары: мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен және ұйымдармен «Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қарауына жатқызылған мәселелер бойынша қызметтік хат алмасу жүргізуге; облыс әкімінің және әкімдігінің мүдделерін білдіруге; өзінің құзыретіндегі мәселелер бойынша облыс аумағында орналасқан ұйымдар басшыларына қажетті тапсырмалар беруге (келісім бойынша); облыстың атқарушы органдарынан, аудандар (қала) әкімдерінен қажетті құжаттар, ақпараттар, олардың қызметі жөнінде түсіндірулер сұратуға және алуға, облыстың атқарушы органдарының, аудандар (қала) әкімі аппараттарының қызметкерлерін облыс әкімдігі және әкімі құзыретіне жатқызылған мәселелерді шешуге қатысуға тартуға.
Тармақша 2
2) міндеттер: Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау; Президенттің, Үкіметтің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ облыс әкімі мен әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау.
Тармақ 15
15. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары:
Тармақша 1
1) облыс әкіміне, оның орынбасарларына, аппарат басшысына облыс өңірлеріндегі қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық ахуалды жүйелі талдау негізінде ақпараттық-анықтамалық материалдар дайындау;
Тармақша 2
2) жергілікті атқарушы органдардың стратегиялық жоспарларды, іс-шараларды, нысаналы кешенді бағдарламларды әзірлеу, өңірлік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын айқындау, жергілікті мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі қызметіне жәрдем көрсету;
Тармақша 3
3) орталық мемлекеттік органдарға өңірдің әлеуметтік-экономикалық стратегиясы, атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясаты мәселелері жөнінде ұсыныс әзірлеу;
Тармақша 4
4) облыс әкімдігінің, консультативтік-кеңесші органдардың, штабтардың, комиссиялардың отырыстары, кеңестер, жиналыстар, кездесулер және әкімнің қатысуымен болатын өзге де іс-шаралар регламентіне сәйкес өтетін облыс әкімінің қызметін ұйымдастыру-құжаттамалық қамтамасыз ету;
Тармақша 5
5) әкімнің қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз ету;
Тармақша 6
6) облыстың атқарушы органдарының жұмысын үйлестіру, зерделеу және талдау, әкімге олардың қызметін жақсарту жөнінде ұсыныс енгізу;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен, Премьер-министрдің Кеңсесімен, Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты және Мәжілісінің депутаттарымен, орталық мемлекеттік органдар аппараттарымен өзара іс-қимылды, жергілікті атқарушы және өкілді органдармен байланысты жүзеге асыру;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары мен Үкіметі қаулыларының және әкімдік қаулыларының, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын бақылау жұмысын ұйымдастыру;
Тармақша 9
9) облыс әкімдігінің қаулылары, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдері жобаларының заңнама талаптарына сәйкестігін тексеру, норма шығаруды жетілдіру, облыс әкімі, облыс әкімінің орынбасарлары мен аппарат басшысының басқарушылық қызметін заңдық қамтамасыз ету;
Тармақша 10
10) облыс әкімдігі мен әкімінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеу;
Тармақша 11
11) заңнамаға қайшы және ескірген құқық нормаларын анықтау, оларды іске асырудың тиімділігін бағалау, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу немесе олардың күші жойылды деп тану жөніндегі шараларды уақытында қабылдау үшін облыс әкімдігінің қабылданған қаулыларына, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдеріне тұрақты мониторингті жүзеге асыру;
Тармақша 12
12) облыс әкімінің облыстық мәслихатпен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
Тармақша 13
13) облыс әкімдігі мен әкімі актілерінің орындалуын бақылау;
Тармақша 14
14) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, оны іске асыру үшін қабылданған Президент жарлықтарының және Үкімет қаулыларының, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің талаптарына сәйкес кадрлық жұмысты жүргізу;
Тармақша 15
15) саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметшілерді бос қызмет орындарына тағайындауды және орналастыруды келісуге ұсыну мәселелері жөнінде ұсыныс дайындау;
Тармақша 16
16) Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары, облыс әкімінің құрмет грамоталары және алғысхаттарымен марапаттауға ұсыну үшін тиісті құжаттарды дайындау, марапаттау құжаттарын ресімдеу, марапатталғандар туралы дерек банкін қалыптастыру;
Тармақша 17
17) бірыңғай тәртіптік және конкурстық комиссиялардың қызметін қамтамасыз ету;
Тармақша 18
18) мемлекеттік, құқық қорғау органдарымен және қоғамдық ұйымдармен құқықтық тәртіпті қолдау, құқық бұзушылық пен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
Тармақша 19
19) облыс әкімдігі мен әкімінің қызметін қаржы-шаруашылық және көліктік қамтамасыз ету;
Тармақша 20
20) қызмет кабинеттерін, отырыс залдарын нормативтік талаптарға сәйкес техникалық жабдықтау;
Тармақша 21
21) мемлекеттік және қызметтік құпияларды, құпия іс жүргізуді сақтауға жағдай жасау;
Тармақша 22
22) ресми делегациялардың келу сапарлары мен оларды қабылдауларды, мерекелік іс-шаралар мен кездесулерді дайындау;
Тармақша 23
23) қызметтік құжаттарды және жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алуды және қарауды қамтамасыз ету, оларды жеке қабылдауды ұйымдастыру, олардың өтініштері бойынша талдау жүргізу;
Тармақша 24
24) облыс әкімдігі мен әкімі шығарған актілерді тіркеу және есепке алу;
Тармақша 25
25) облыс әкімінің облыс әкімдігі отырыстары барысында, облыс аудандары мен Петропавл қаласы халқымен есеп беру кездесулері, селекторлық және жұмыс отырыстары, жұмыс сапарлары барысында берген тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 26
26) құжатпен жұмыс істеу нысандары мен әдістерін жетілдіру;
Тармақша 27
27) іс жүргізудің бірыңғай тәртібін қамтамасыз ету, құжатпен жұмысты ұйымдастыру, оларды орындауды бақылау және ведомстволық архивке тапсыруға дайындау;
Тармақша 28
28) электронды құжат айналымы жүйесінің жұмыс істеуі және құжат айналымының көлемін қысқарту;
Тармақша 29
29) бюджет саясаты және бюджетаралық қатынас, экономикалық, қаржы және салық саясаты мәселелері жөнінде ұсыныс даярлау;
Тармақша 30
30) Мемлекеттік жоспарлау жүйесін және облыстың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайын бағалауды іске асыру;
Тармақша 31
31) комиссиялар мен жұмыс топтарының қызметін қамтамасыз ету;
Тармақша 32
32) облыс әкімдігі мен әкімінің, облыс әкімі орынбасарларының және аппараттың қызметінде заңдылықты сақтауды қамтамасыз ету;
Тармақша 33
33) облыс әкімдігі мен әкімінің, аппараттың мүліктік және өзге де заңды құқықтары мен мүдделерін құқықтық тәсілдермен қорғау;
Тармақша 34
34) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын насихаттау және түсіндіру;
Тармақша 35
35) норма шығаруды жетілдіру жұмысын ұйымдастыру;
Тармақша 36
36) бекітілген нормалар, нормативтер мен сметалар, міндеттемелер мен төлемдер жөніндегі бюджеттік бағдарламаларды қаржыландырудың жеке жоспарларына сәйкес мүліктер мен міндеттемелердің болуын және қозғалысын есептеуді, материалдық және қаржылық ресурстарды пайдалануды қамтамасыз ету, шаруашылық қызметтің теріс нәтижелерінің алдын алу;
Тармақша 37
37) мемлекеттік қызмет үшін кадрлық әлеуетті қалыптастыру;
Тармақша 38
38) алып тасталды – Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 22.12.2025 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен;
Тармақша 39
39) терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы іс-шараларды жүргізу;
Тармақша 40
40) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ішкі мемлекеттік аудитті жүзеге асыру;
Тармақша 41
41) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімін орындау;
Тармақша 42
42) азаматтық қорғау саласындағы іс-шараларды өткізу;
Тармақша 43
43) жергiлiктi ауқымдағы апаттар мен зiлзалалардың алдын алу және оны жою жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асырады.
Тарау 3. 3-тарау. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі
3-тарау. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі
Тармақ 16
16. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылық етуді «Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
Тармақ 17
17. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
Тармақ 18
18. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
Тармақ 19
19. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі мен міндеттері:
Тармақша 1
1) облыс әкімі аппаратының қызметін ұйымдастырады және басқарады, сондай-ақ аппаратқа жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуына дербес жауап береді;
Тармақша 2
2) аппаратта мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын бақылайды;
Тармақша 3
3) ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 4
4) аппарат қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауына дербес жауап береді;
Тармақша 5
5) аппараттың құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады және бағыт береді, олардың өзара іс-қимылын үйлестіреді;
Тармақша 6
6) аппараттың құрылымдық бөлімшелерінің басшыларын және аппарат қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, аппарат кадрларының резервін қалыптастырады және облыс әкімі аппаратының аттестациялық комиссиясын құрады және басқарады;
Тармақша 7
7) облыс әкімдігіне бекіту үшін Аппарат туралы ережені, құрылымды және штат санының лимитін ұсынады, еңбекке ақы төлеу қорын үнемдеу есебінен үстемеақылар, мемлекеттік қызметшілерді материалдық көтермелеуді (сыйлықақы) белгілейді;
Тармақша 8
8) аппараттың құзыреті шегінде қызметтік құжаттамаларға қол қояды;
Тармақша 9
9) облыс әкімінің аппаратындағы ішкі еңбек тәртібін белгілейді;
Тармақша 10
10) облыс әкіміне бекіту үшін штат кестесін ұсынады;
Тармақша 11
11) нормативтік құқықтық актілердің жобаларын және басқа да құжаттарды келіседі және облыс әкімдігі мен әкіміне қарауға ұсынады;
Тармақша 12
12) облыс әкімінің тиісті орынбасарларымен келісілгеннен кейін аппараттың құрылымдық бөлімшелерінің жұмыс жоспарларын бекітеді;
Тармақша 13
13) қолданыстағы заңнамаға сәйкес аппарат қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза қолданады;
Тармақша 14
14) аппараттың шығыстар сметасын бекітеді, бюджетте қарастырылған ақшалай қаражатқа билік етеді;
Тармақша 15
15) аппараттың құрылымдық бөлімшелері туралы ережені, Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарының жинағын бекітеді;
Тармақша 16
16) облыс әкіміне перспективалы жоспарлау және аппараттың ағымдағы жұмысын ұйымдастыру жөнінде ұсыныс енгізеді;
Тармақша 17
17) жеке құрам бойынша бұйрық шығарады, аппарат қызметкерлерін іссапарларға жібереді;
Тармақша 18
18) мемлекеттік қызметшілерді Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында оқытуды, даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді;
Тармақша 19
19) аппаратты мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда сенімхатсыз ұсынады. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезде оның өкілеттіктерін атқаруды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындайды.
Тарау 4. 4-тарау. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі
4-тарау. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі
Тармақ 21
21. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Тармақ 22
22. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік облыстық коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 23
23. Егер Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында өзгеше көзделмесе, «Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5-тарау. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 24
24. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру (қосу, біріктіру, бөлу, бөліп шығару, қайта құру) және тарату Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.