Об утверждении Правил равного доступа к ключевой мощности Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Негізгі қуатқа тең қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 176-1-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Негізгі қуатқа тең қол жеткізу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Бәсекелестікті құқықтық реттеу басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Агенттіктің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Агенттік төрағасының орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Негізгі қуатқа тең қол жеткізу қағидалары
Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Төрағасы 2022 жылғы 13 маусымдағы № 15 бұйрығымен бекітілген Негізгі қуатқа тең қол жеткізу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Негізгі қуатқа тең қол жеткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 176-1-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және нарық субъектілеріне негізгі қуатқа тең қол жеткізуді беру тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:
Тармақша 1
1) негізгі қуат – үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісінің (бұдан әрі – негізгі қуат иесі) оларға қол жеткізбей, нарықтың басқа субъектілері тиісті немесе сабақтас тауар нарығында тауар өндіруді және (немесе) өткізуді жүзеге асыра алмайтын тауары, инфрақұрылым объектісі;
Тармақша 2
2) тауар – азаматтық айналым объектісі болып табылатын тауар, жұмыс, көрсетілетін қызмет;
Тармақша 3
3) мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператор – мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын, қызметінің негізгі нысанасы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланын, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органды, мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органды мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету, сондай-ақ оларға мұнай өнімдерін сақтау және жеткізу жөніндегі қызметтер ұсыну болып табылатын заңды тұлға.
Тармақ 3
3. Негізгі қуатқа қол жеткізу нарықтық шарттарда беріледі.
Тармақ 4
4. Кодекстің 174-бабына сәйкес негізгі қуатқа тең қол жеткізуді бермеу Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 159-бабының 3-1-бөлігінде белгіленген жауаптылыққа әкеп соғатын үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану болып табылады
Тармақ 5
5. Тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне жүргізілген талдау шеңберінде негізгі қуат анықталған жағдайда, монополияға қарсы орган өзінің интернет-ресурсында тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне жүргізілген талдау нәтижелері бойынша қорытындыны (бұдан әрі - қорытынды) және негізгі қуат иелерінің тізбесін (бұдан әрі – тізбе) орналастырады. Тізбе тауар нарығының, нарық субъектісінің, негізгі қуат иеленушінің толық атауын қамтиды. Негізгі қуат иелері Кодекстің 165-бабының талаптары ескеріле отырып анықталады.
Тармақ 6
6. Қорытынды мен тізбе орналастырылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде монополияға қарсы орган нарық субъектісіне оны негізгі қуаттың иесі деп тану туралы жазбаша хабарлама жібереді.
Тармақ 7
7. Негізгі қуат иесі хабарламаны алған күннен бастап күнтізбелік алпыс күн өткен соң өзінің қызметін Қағидаларға сәйкес келтіреді.
Тармақ 8
8. Қосымша уақыт шығындары қажет болған жағдайда, негізгі қуат иесі монополияға қарсы органға Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген мерзімді ұзарту туралы дәлелді өтінішпен бір және (немесе) бірнеше шарттар сақталған кезде жүгінеді:
Тармақша 1
1) сатып алу-сату немесе қызметті (жұмысты) көрсету шартын ресімдеу және жасасу кезінде контрагенттерден өтінімдерді қабылдау үшін ақпараттық жүйені енгізу;
Тармақша 2
2) негізгі қуатқа қолжетімділікті алудың ішкі тәртібін бекіту;
Тармақша 3
3) негізгі қуатқа қолжетімділікті алушылармен сатып алу-сату немесе қызметті (жұмысты) көрсету шарттарын қайта жасасу;
Тармақша 4
4) негізгі қуатты пайдаланумен байланысты қызметтен алынған кіріс есебінен қаржыландырылатын және тиісті саланы реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органмен және монополияға қарсы органмен келісілген бес жылдан аспайтын мерзімге инвестициялық жобаларды іске асыруды біржолғы аяқтау, сондай-ақ негізгі қуат иесіне Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген талаптарды орындау қажеттілігі. Өзінің қызметін Қағидаларға сәйкес келтіру үшін мерзімді ұзарту, осы тармақтың 4) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, бір жылдан аспайтын мерзімге жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Мерзімді ұзарту туралы немесе ұзартудан бас тарту туралы шешімді монополияға қарсы органның басшысы немесе оны алмастыратын тұлға дәлелді өтінішті алған сәттен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қажетті уақыт шығындарының негіздемесін ескере отырып қабылдайды.
Тарау 2. 2-тарау. Негізгі қуатқа тең қол жеткізуді ұсыну тәртібі
2-тарау. Негізгі қуатқа тең қол жеткізуді ұсыну тәртібі
Тармақ 10
10. Негізгі қуатқа тең қол жеткізуді қамтамасыз ету мынадай реттілікпен жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) нарық субъектісінің негізгі қуатқа қол жеткізуді ұсыну туралы өтінімді (бұдан әрі – өтінім) негізгі қуатқа иеленушіге ұсынуы;
Тармақша 2
2) негізгі қуат иесінің өтінімді қарауы;
Тармақша 3
3) негізгі қуат иесінің өтінімді қарау нәтижесін беруі;
Тармақша 4
4) шарт жасасу.
Тармақ 11
11. Негізгі қуат иелері жыл сайын өтінімдерді қабылдау басталғанға дейін 2 (екі) айдан кешіктірмей өзінің интернет-ресурсында пошталық мекенжайын, электрондық поштасының мекенжайын, сондай-ақ өтінімдерді қабылдауға жауапты құрылымдық бөлімшенің байланыс деректерін көрсете отырып, өтінімдерді қабылдау кестесін (бұдан әрі – кесте) орналастырады. Негiзгi қуат иелерi монополияға қарсы органға мемлекеттiк органның сұрау салуы бойынша өтінімдерді бөлу және қанағаттандыру бөлігінде негізгі қуат иелерінің ақпараттық жүйесіне қолжетімділікке ие болуды қамтамасыз етедi. Негізгі қуат иесінің ақпараттық жүйесінде негізгі қуатты өңдеу қызметін әрбір алушы үшін жеке кабинет болады. Өтінімдерді қабылдау мерзімі кемінде бір айды құрайды.
Тармақ 12
12. Негізгі қуатқа қол жеткізу үшін нарық субъектісі негізгі қуатты иеленушіге нарық субъектісі сұратқан қол жеткізуді ұсынудың елеулі шарттары көрсетілетін қағаз немесе электрондық нысандағы өтінімді жібереді.
Тармақ 13
13. Өтінімді негізгі қуатқа қол жеткізудің мәлімделген шарттарына қарамастан негізгі қуат иесі қабылдайды.
Тармақ 14
14. Өтінімдерді қабылдауды және оларды қарау нәтижелерін беруді негізгі қуат иесі тиісінше қағаз немесе электрондық нысанда жүзеге асырады..
Тармақ 15
15. Өтінімдерді негізгі қуат иесі басымдылықтың кему тәртібімен қарайды:
Тармақша 1
1) басқа тауарды өндіру және (немесе) өткізу үшін негізгі қуатты пайдаланатын нарық субъектілерінің өтінімдері;
Тармақша 2
2) тиісті негізгі қуат үшін сақтау инфрақұрылымы бар нарық субъектілерінің өтінімдері;
Тармақша 3
3) нарықтың өзге субъектілерінің өтінімдері. Кестеден тыс берілген өтінімдер кестеге сәйкес берілген өтінімдер қаралғаннан кейін қаралады.
Тармақ 16
16. Негізгі қуат иесі кестеге сәйкес берілген өтінімдерді, өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін күнтізбелік отыз күн ішінде қарайды. Кестеден тыс берілген өтінімдерді негізгі қуат иесі олар келіп түскен күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарайды.
Тармақ 17
17. Негізгі қуат иесі қарау нәтижелері бойынша мынадай:
Тармақша 1
1) нарық субъектісінің өтінімін ол сұратқан шарттарда қанағаттандыру туралы;
Тармақша 2
2) негізгі қуат иесі ұсынатын шарттарда негізгі қуатқа қол жеткізуді ұсыну туралы;
Тармақша 3
3) бас тарту себебін негіздей отырып, өтінімді қанағаттандырудан бас тарту туралы шешімдердің бірін қабылдайды.
Тармақ 18
18. Егер кестеге сәйкес берілген өтінімдерді қанағаттандыру үшін негізгі қуаттың бос көлемі жеткіліксіз болса, өтінімдер сұралып отырған көлемге барабар, бірақ нарықтың бір субъектісіне негізгі қуаттың жалпы көлемінің 50 (елу) пайызынан аспайтын қанағаттандырылады. Негізгі қуаттың бос көлемінің болуы, олардың құны, қол жеткізу шарттары туралы ақпарат негізгі қуат иесінің интернет-ресурсында орналастырылады.
Тармақ 19
19. Қағидалардың 17-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жағдайда, сондай-ақ нарық субъектісі мен негізгі қуатты иеленуші арасында негізгі қуатқа қол жеткізу шарттары бойынша келісімге қол жеткізілген кезде олардың арасында тиісті шарт жасалады. Шарт Қағидаларда көзделген жағдайларды қоспағанда, қоса алғанда бір жылға дейінгі мерзімге жасалады.
Тармақ 20
20. Өтінімді қанағаттандырудан бас тарту үшін негіздер:
Тармақша 1
1) негізгі қуаттың бос көлемінің болмауы;
Тармақша 2
2) қол жеткізуді ұсыну үшін қажетті инфрақұрылымның немесе өзге де мүліктің болмауы.
Тармақ 21
21. Қағидалардың 20-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген жағдайда, бас тарту себебінің негіздемесінен басқа, өтінімді қанағаттандырудан бас тарту туралы хабарламаға техникалық шарттар да қоса беріледі. Техникалық шарттар орындалған кезде нарық субъектісі қайтадан өтінім береді.
Тармақ 22
22. Бас тартумен келіспеген жағдайда, нарық субъектісі өтінімді және бас тарту туралы хабарламаны қоса бере отырып, бас тартудың негізділігін анықтау үшін монополияға қарсы органға жүгінеді.
Тармақ 23
23. Монополияға қарсы орган нарық субъектісі өтінішінің нәтижелері бойынша негізгі қуат иесінің бас тартуы негізділігінің расталғаны туралы хабарлайды не Кодекске сәйкес шаралар қабылдайды, бұл туралы нарық субъектісін хабардар етеді. Егер нарық субъектісінің өтінішін қарау нәтижелері бойынша монополияға қарсы орган негізгі қуатқа тең қол жеткізуді ұсынбаудан көрінетін негізгі қуат иесінің өзінің үстем немесе монополиялық жағдайын теріс пайдалану белгілерін анықтаса, нарық субъектісі қайтадан өтінім береді.
Тарау 3. 3-тарау. Тікелей жеткізу шеңберінде, тауар биржаларынан тыс (бензин, авиациялық және дизель отыны) мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін бастапқы көтерме саудада өткізу тауар нарықтарында негізгі қуатқа тең қол жеткізуді ұсыну ерекшеліктері
3-тарау. Тікелей жеткізу шеңберінде, тауар биржаларынан тыс (бензин, авиациялық және дизель отыны) мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін бастапқы көтерме саудада өткізу тауар нарықтарында негізгі қуатқа тең қол жеткізуді ұсыну ерекшеліктері
Тармақ 24
24. Тікелей жеткізу шеңберінде мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін (бензин, авиациялық және дизель отыны) (бұдан әрі - мұнай өнімдері) (бұдан әрі – мұнай өнімдерінің тауар нарығы) бастапқы көтерме саудада өткізу тауар нарықтарында негізгі қуаттың иесі (бұдан әрі – мұнай өнімдерін беруші) болып үстем немесе монополиялық жағдайға ие мұнай өнімдерін өндіруші, мұнай жеткізуші және (немесе) одан әрі өткізу мақсаттары үшін импорттаушы, мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілер танылуы мүмкін.
Тармақ 25
25. Мұнай өнімдерін беруші өзінің интернет-ресурсында:
Тармақша 1
1) мұнай өнімдерін немесе мұнай өнімдерінің әрбір түрін жеке сатып алу-сатудың жария шартын (бұдан әрі – жария шарт);
Тармақша 2
2) қосылған құн салығынсыз жеткізудің алдағы айына мұнай өнімі бірлігінің бағасын, сондай-ақ мұнай өнімдерін жеткізу құнын;
Тармақша 3
3) шарт жасасуға өтінімдерді қабылдау үшін ақпараттық жүйенің және мұнай өнімдеріне қолжетімдік алу тәртібінің болуы туралы ақпаратты орналастырады. Өтінімдерді электрондық пошта арқылы қабылдаған жағдайда нарық субъектісінің нақты атауы мен мекенжайы көрсетіледі.
Тармақ 26
26. Қағидалардың 33-тармағы 3) тармақшасының шеңберінде инвестициялық бағдарламаларды іске асыратын нарық субъектілерімен мұнай өнімдерін сатып алу-сату шартын жасасу жағдайларын қоспағанда, мұнай өнімдерін жеткізуші нарық субъектісімен жария шартқа сәйкес шарт жасасады. Жария шарт, оның ішінде енгізілген өзгерістер мен толықтырулар мұнай өнімдерін берушінің интернет-ресурсында орналастырылады. Қажет болған жағдайда, мұнай өнімдерін беруші үлгілік шартқа, қателер мен жаңсақ жазуды түзетуді қоспағанда, алдағы өзгерістер мен толықтырулар туралы өзінің интернет-ресурсында хабарлама жариялаған сәттен бастап күнтізбелік отыз күн бұрын өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.
Тармақ 27
27. Қағидалардың 33-тармағы 3) тармақшасының шеңберінде инвестициялық бағдарламаларды іске асыратын нарық субъектілерімен мұнай өнімдерін сатып алу-сату шартын жасасу жағдайларын қоспағанда, мұнай өнімдерін сатып алу-сату шарты бір айға дейінгі мерзімге қоса алғанда жасалады.
Тармақ 28
28. Сатып алушылардың өтінімін мұнай өнімдерін беруші жеткізу айының алдындағы айдың 1-ден 20-на дейінгі кезеңде қабылдайды. Өтінімдер мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган бекітетін Мұнай өнімдерін жеткізу жоспарын алғаннан кейін, бірақ жеткізу айының алдындағы айдың 25-күнінен кешіктірілмей қаралады. 20-шы күннен кейін келіп түскен өтінімдер бос көлем болған жағдайларды қоспағанда, келесі айда қаралады. Осы тармақ Қағидалардың 33-тармағы 3) тармақшасы шеңберінде инвестициялық бағдарламаларды іске асыратын нарық субъектілерімен мұнай өнімдерін сатып алу-сату шарттарына қолданылмайды.
Тармақ 29
29. Өтінімді алудың нақты уақыты мен күнін мұнай өнімдерін берушінің ақпараттық жүйесі тіркейді. Өтінімді электрондық пошта арқылы алу өтінім жіберушіге автоматты түрде хабарлау арқылы негізгі қуат иесінің ақпараттық жүйесімен расталады.
Тармақ 30
30. Шарт жасасу үшін өткізу көлемінің ең аз және еселенген нормасы вагондық норманы құрауға тиіс.
Тармақ 31
31. Мұнай өнімінің бір түрін сатып алуға өтінімді қанағаттандыру мұнай өнімінің басқа түрін сатып алумен негізделмеуі тиіс.
Тармақ 32
32. Мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган бекітетін Мұнай өнімдерін жеткізу жоспары өзгертілген жағдайда, мұнай өнімдерінің шарттық сомасы түзетіледі.
Тармақ 33
33. Мұнай өнімдерін сатып алушылар арасында мұнай өнімдерінің көлемін бөлу тәртібі мынадай реттілікпен жүзеге асырылады: бензин мен дизель отынын сату кезінде:
Тармақша 1
1) жолаушылар тасымалының көлемі бойынша отандық авиакомпаниялар, жүк тасымалының көлемі бойынша отандық авиакомпаниялар, мұнай өнімдерін жеткізу жөніндегі бірыңғай операторға, негізгі қызмет түріне байланысты өткізу көлемдеріне;
Тармақша 2
2) мұнай жеткізуші тұлғалар тобына кіретін бөлшек саудада стационарлық жанармай құю станциялары арқылы бөлшек саудада өткізу үшін нарық субъектілеріне, арнайы құқықтарды жүзеге асыру үшін қажетті көлемдері шегінде мұнай өнімдерін жеткізу жөніндегі бірыңғай операторға;
Тармақша 3
3) стационарлық жанар-жағармай құю станциялары арқылы бөлшек саудада өткізу үшін ең төменгі деңгейін монополияға қарсы органның келісімі бойынша мұнай берушілер белгілейтін көлемде мұнай өнімдерін сатып алатын нарық субъектілері; акциз төленген бензиннен компаундтеу жолымен өндірілген бензанолды және отандық биоэтанолды саудада өткізу үшін мұнай өнімдерін сатып алатын немесе жол бойындағы сервисті дамытуға инвестицияларды көздейтін бағдарламаларды дербес немесе еншілес ұйымдары арқылы стационарлық жанармай құю станциялары арқылы бөлшек саудада сату үшін мұнай өнімдерін сатып алатын нарық субъектілеріне мынадай шарттарда: бес жылдан аспайтын мерзімде жүзеге асырылатын инвестициялық бағдарламаны тиісті саланы реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органмен және монополияға қарсы органмен келісу; есепті кезеңнен кейінгі айдан кешіктірмей мемлекеттік органдарға инвестициялық бағдарламаның іске асырылуы туралы ақпаратты жыл сайын ұсыну; ақпаратты ұсынбаған немесе инвестициялық бағдарламаны орындамаған жағдайда мұнай өнімдерін сатып алу-сату шарттарын бұзу;
Тармақша 4
4) меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiзде мұнай өнiмдерiнiң базасын және/немесе мұнай өнiмдерiнiң базасында резервуары бар нарық субъектiлерi;
Тармақша 5
5) өзге де нарық субъектілері; Авиациялық отын:
Тармақша 1
1) республикаішілік тасымалдардағы жолаушылар тасымалының көлеміне, мұнай өнімдерін жеткізу жөніндегі бірыңғай операторға, негізгі қызмет түріне байланысты өткізу көлемдеріне отандық авиакомпаниялар;
Тармақша 2
2) өзге әуе компаниялары;
Тармақша 3
3) мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізуші;
Тармақша 4
4) мұнай өнімдерін көтерме жеткізуші;
Тармақша 5
Тармақ 34
34. Негізгі қуат шеңберінде сатып алынған мұнай өнімдерінің көлемі коммерциялық қатынастар үшін үшінші тұлғаларға беруге және/немесе сатуға жатпайды.
Тармақ 35
35. Мұнай өнімдерін беруші ағымдағы айдың 15-күніне дейінгі мерзімде өзінің интернет-ресурсында өткен кезеңдегі жеткізудің нақты көлемі туралы ақпаратты орналастырады.
Тарау 4. 4-тарау. Әуежайлар аумағында мұнай өнімдерін (авиациялық отынды) сақтау нарығында негізгі қуатқа тең қол жеткізуді ұсынудың ерекшеліктері
4-тарау. Әуежайлар аумағында мұнай өнімдерін (авиациялық отынды) сақтау нарығында негізгі қуатқа тең қол жеткізуді ұсынудың ерекшеліктері
Тармақ 36
36. Әуежай аумағында авиациялық отынды сақтау нарығында негізгі қуат иелері авиотынды сақтау тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие әуежай (бұдан әрі - әуежай) болып табылады.
Тармақ 37
37. Әуежай авиаотынды сақтау қызметтерін Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасы шеңберінде бөлшек саудада өткізушімен, мұнай жеткізушімен, мұнай өнімдерін өндірушімен, импорттаушымен, мұнай өнімдерін көтерме жеткізушімен (бұдан әрі – авиациялық отын жеткізуші) жасалған жария шартқа сәйкес көрсетеді. Әуежай мен авиациялық отынды жеткізуші арасындағы шарт әуежайда авиациялық қауіпсіздікті сақтау және қамтамасыз ету жағдайында жасалады.
Тармақ 38
38. Әуежаймен жария шартты жасау үшін авиаотынды жеткізуші мыналарды қоса бере отырып өтінім береді:
Тармақша 1
1) авиаотын жеткізуші мен авиакомпания арасындағы авиаотынды жеткізу туралы шарт;
Тармақша 2
2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәліктің немесе анықтаманың көшірмелері;
Тармақша 3
3) сұратылып отырған сақтау көлемдері туралы мәліметтер, оның ішінде сақтау мерзімдері мен көлемдері;
Тармақша 4
4) авиаотын сапасының паспорты;
Тармақша 5
5) авиаотының шығу тегін растайтын құжат;
Тармақша 6
6) меншігінде сақтауға жоспарланып отырған авиаотын көлемінің бар екенін растайтын құжат.
Тармақ 39
39. Әуежай авиаотын жеткізушіге ұсынатын сақтау қызметтерінің көлемі авиакомпанияның әуежай инфрақұрылымын пайдалана отырып, авиаұшуды қамтамасыз ету үшін жеткілікті авиаотын көлеміне сәйкес келеді. Бұл ретте, сақтаудың төмендетілмейтін көлемі авиакомпания мен авиаотын жеткізуші арасында бір жыл мерзімге жасалған шартпен расталады.
Тармақ 40
40. Авиаотынды сақтау шарттарын, оның ішінде қызметтерінің құнын, Кодекстің 174-бабында көрсетілген нормаларды ескере отырып, әуежай дербес айқындайды.
Тармақ 41
41. Әуежай өз сайтында:
Тармақша 1
1) жария шарт;
Тармақша 2
2) авиациялық отынды сақтау жөніндегі қызметтердің құны (бағасы);
Тармақша 3
3) құнын көрсете отырып, авиациялық отынды сақтау қызметіне байланысты ілеспе шығыстар;
Тармақша 4
4) шарт жасасуға өтінімдерді қабылдаудың ақпараттық жүйесінің болуы және авиациялық жанармай сақтау қызметтеріне қолжетімділік алу тәртібі туралы мәліметтер;
Тармақша 5
5) ағымдағы жылдық кезеңдегі авиациялық отын қоймасының қолда бар сыйымдылығы туралы ақпарат.
Тармақ 42
42. Авиаотын жеткізушілердің өтінімдерін әуежай ай сайын, бірақ жеткізу айының алдындағы ағымдағы айдың 25-күнінен кешіктірмей қарайды. Авиаотын жеткізушілердің өтініштерін әуежай жеткізу айының алдындағы айдың 1 - 15-күндері кезеңінде қабылдайды. Ағымдағы айдың 15-күнінен кейін түскен өтініштер, бос көлемнің болуы жағдайларын қоспағанда, келесі айда қаралады. Өтініштерді беру әуежайдың ақпараттық жүйесінде жүзеге асырылады. Өтінімді алудың нақты уақыты мен күні әуежайдың ақпараттық жүйесінде тіркеледі.
Тармақ 43
43. Әуежай авиаотын жеткізушілермен жария шартқа сәйкес шарт жасасады.
Тармақ 44
44. Әуежай авиакомпаниялардың рейстерін расталған слоттар бойынша авиаотынмен қамтамасыз ету үшін авиаотын көлемдерін сақтау инфрақұрылымына қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
Тармақ 45
45. Әуежай өтінім алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ақпараттық жүйе арқылы ұсынылған материалдарды Қағидалардың 38-тармағына сәйкестігін тексереді және авиаотын жеткізушіге қол қойылған шарт жобасын жібере және/немесе ұсынылмаған құжаттарды ұсыну қажеттілігін көрсете отырып шешім туралы хабардар етеді.
Тармақ 46
46. Шарт жасасу үшін өткізу көлемінің ең аз және еселенген нормасы вагондық норманы құрауға тиіс.
Тармақ 47
47. Мұнай өнімдерін (авиациялық отынды) сақтау көлемін бөлу тәртібі мынадай ретпен жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) отандық авиакомпаниялар республикаішілік қатынас ішінде жолаушылар тасымалы көлемдеріне, мұнай өнімдерін жеткізу жөніндегі бірыңғай оператор, негізгі қызметпен байланысты өткізу көлемдеріне;
Тармақша 2
2) отандық авиакомпаниялар республикаішілік қатынаста жүк тасымалдары көлемдеріне;
Тармақша 3
3) авиотынды жеткізушілер.
Тармақ 48
48. Негізгі қуат иесі ағымдағы айдың 15-күніне дейінгі мерзімде өзінің интернет-ресурсында өткен кезеңдегі нақты сақтау көлемдері туралы ақпаратты, сондай-ақ негізгі қуаттың бос көлемінің болуы, оның құны, қол жеткізу шарттары туралы ақпаратты орналастырады.
Тарау 5. 5-тарау. Мұнайды экспорттау мақсатында магистральдық құбырлар арқылы тасымалдау нарығында негізгі қуатқа тең қол жеткізуді ұсынудың ерекшеліктері
5-тарау. Мұнайды экспорттау мақсатында магистральдық құбырлар арқылы тасымалдау нарығында негізгі қуатқа тең қол жеткізуді ұсынудың ерекшеліктері
Тармақ 49
49. Тауар нарығында монополиялық жағдайға ие магистральдық мұнай құбырының операторы (бұдан әрі – оператор) мұнайды экспорттау мақсатында магистральдық құбырлар арқылы тасымалдау нарығындағы негізгі қуат иесі болып табылады.
Тармақ 50
50. Оператор мұнай жіберушілерге мұнайды экспорттау мақсатында магистральдық құбырлар арқылы тасымалдау бойынша қызметтерін бекітілген шикі мұнай және (немесе) газ конденсатын беру кестесіне сәйкес ұсынады.
Тармақ 51
51. Оператордың интернет-ресурсында:
Тармақша 1
1) Мұнайды экспорттау мақсатында магистральдық құбырлар арқылы тасымалдаудың жария шартын (бұдан әрі – жария шарт);
Тармақша 2
2) мұнайды экспорттау мақсатында магистральдық құбырлар арқылы тасымалдау бағасын;
Тармақша 3
3) шарт жасасуға өтінімдерді (бұдан әрі – өтінім) қабылдау үшін ақпараттық жүйенің және экспорттау мақсатында магистральдық құбырлар арқылы тасымалдау қызметтеріне қолжетімділік алу тәртібінің болуы туралы ақпаратты.
Тармақша 4
4) экспорттау үшін магистральдық құбырлардың бос көлемдерінің болуы туралы ақпаратты орналастырады.
Тармақ 52
52. Оператор мұнай жіберушілермен жария шартқа сәйкес шарт жасасады. Жария шарт, оның ішінде енгізілген өзгерістер мен толықтырулар оператордың интернет-ресурсында орналастырылады. Қажет болған жағдайда, оператор жария шартқа, қателер мен жаңсақ жазуды түзетуді қоспағанда, алдағы өзгерістер мен толықтырулар туралы өзінің интернет-ресурсында хабарлама жариялаған сәттен бастап күнтізбелік отыз күн бұрын өзгерістер мен толықтырулар енгізеді. Мұнайды экспорттау мақсатында магистральдық құбырлар арқылы тасымалдау шарты бір жылға жасалады. Мұнайды экспорттау мақсатында магистральдық құбырлар арқылы тасымалдау шарты 3 (үш) жылдан аспайтын мерзімге жасалады.
Тармақ 53
53. Мұнай жөнелтушінің шарт жасасуға өтінімдері олардың келіп түсуіне қарай қабылданады. Мұнай жіберуші мұнайды тасымалдауға өтінімдерді «Магистральдық мұнай құбырлары арқылы мұнайды тасымалдау кестесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11283 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 276 бұйрығына сәйкес магистральдық құбыр саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын уәкілетті органға және ақпарат үшін операторға мынадай тәртіппен жібереді: - мұнайды тасымалдауға арналған жылдық өтінім тасымалдаудың жылдық кезеңінің алдындағы жылдың 1 тамызына дейін; - мұнайды тасымалдауға арналған айлық өтінім есепті айдың алдындағы айдың оныншы күніне дейін жіберіледі.
Тармақ 54
54. Өтінімді алудың уақыты мен күнін оператордың ақпараттық жүйесі тіркейді.
Тармақ 55
55. Мұнай жіберушінің өтінімінде мынадай құжаттар болуы тиіс:
Тармақша 1
1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәліктің немесе анықтаманың көшірмелері;
Тармақша 2
2) басшының лауазымы туралы мәліметтер, байланыс жасайтын адамның телефон нөмірі және электрондық почта мекенжайы;
Тармақша 3
3) тасымалданатын мұнай көлемі;
Тармақша 4
4) сапа паспорты;
Тармақша 5
5) тасымалданатын мұнайды алушымен шарт.
Тармақ 56
56. Оператор өтінімді алған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде ақпараттық жүйе арқылы ұсынылған материалдарды Қағидалардың 55-тармағына сәйкестігін тексереді және өтінім берушіні қол қойылған шарт жобасын жібере және (немесе) ұсынылмаған құжаттарды беру қажеттілігін көрсете отырып шешім туралы хабардар етеді.
Тармақ 57
57. «Магистральдық құбыр туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 4-тармағына сәйкес оператор мұнай жіберушіге қызмет көрсету кезінде мұнайды тасымалдау қызметін көрсету туралы келісімшартта көрсетілген талаптарға сәйкес мұнай сапасының және санының сақталуын қамтамасыз етеді және өнімді тасымалдау кезінде техникалық ысыраптарды шегергенде, маршруттың соңында мұнайды тапсырады.
Тармақ 58
58. Оператор есепті жылдан кейінгі жылдың 25 қаңтарына дейінгі мерзімде өзінің интернет-ресурсында магистральдық құбыржол бойынша есепті жыл үшін экспортқа тасымалданған мұнайдың нақты көлемдері туралы ақпаратты орналастырады.
Тарау 6. 6-тарау. Мұнайды және (немесе) газ конденсатын, және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін өңдеу қызметтеріне негізгі қуатқа тең қол жеткізуді ұсынудың ерекшеліктері
6-тарау. Мұнайды және (немесе) газ конденсатын, және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін өңдеу қызметтеріне негізгі қуатқа тең қол жеткізуді ұсынудың ерекшеліктері
Тармақ 59
59. Мұнай өңдеу нарығындағы негізгі қуат иесі үстем немесе монополиялық жағдайға ие мұнай өнімдерін өндірушілер (бұдан әрі – мұнай өнімдерін өндіруші) болып табылады.
Тармақ 60
60. Мұнай өнімдерін өндіруші мұнай өңдеу қызметтеріне мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган бекітетін Қазақстан Республикасының ішкі нарығының қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін шикі мұнай және (немесе) газ конденсатын беру кестесін ескере отырып қолжетімділік береді.
Тармақ 61
61. Мұнай өнімдерін өндіруші өзінің интернет-ресурсында:
Тармақша 1
1) мұнайды және (немесе) газ конденсатын, және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін өңдеу қызметтерін көрсетуге арналған жария шартты (бұдан әрі – жария шарт);
Тармақша 2
2) мұнай тоннасын және (немесе) газ конденсатын, және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін өңдеуге тарифті;
Тармақша 3
3) құнын көрсете отырып, шикізатты қайта өңдеумен байланысты ілеспе шығыстарды;
Тармақша 4
4) жоспарлы жөндеу жұмыстары туралы ақпаратты;
Тармақша 5
5) өндірілетін мұнай өнімдерінің номенклатурасын;
Тармақша 6
6) шарт жасасуға өтінімдерді қабылдау үшін ақпараттық жүйенің болуы туралы ақпаратты және мұнайды және (немесе) газ конденсатын, және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін өңдеу қызметтеріне қолжетімділік алу тәртібін;
Тармақша 7
7) қайта өңдеудің ағымдағы жылдық кезеңге бос қуаттарының болуы туралы ақпаратты орналастырады. Мұнай өнімдерін өндіруші шарт жасасуға өтінімдерді қабылдауды ақпараттық жүйе арқылы жүзеге асырады.
Тармақ 62
62. Мұнай өнімдерін өндіруші жария шартқа сәйкес мұнайды және (немесе) газ конденсатын, және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін өңдеу қызметтерін көрсетуге шарт жасасады. Жария шарт, оның ішінде енгізілген өзгерістер мен толықтырулар мұнай өнімдерін өндірушінің интернет-ресурсында орналастырылады. Қажет болған жағдайда, мұнай өнімдерін өндіруші жария шартқа, қателер мен жаңсақ жазуды түзетуді қоспағанда, алдағы өзгерістер мен толықтырулар туралы өзінің интернет-ресурсында хабарлама жариялаған сәттен бастап күнтізбелік отыз күн бұрын өзгерістер мен толықтырулар енгізеді. Жария шартты мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган монополияға қарсы органмен келісу бойынша бекітеді. Мұнайды және (немесе) газ конденсатын, және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін өңдеу шарты бір жылға жасалады.
Тармақ 63
63. Мұнай және (немесе) газ конденсатын және (немесе) өңделген өнімді және (немесе) өңделген өнім иелерінен, мұнай берушілерден және жер қойнауын пайдаланушылардан мұнайды және (немесе) газ конденсатын және (немесе) өңделген өнімді өңдеу бойынша көрсетілетін қызметке (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет алушылар) өтінімін мұнай өнімдерін өндіруші жеткізу айының алдындағы айдың 30-күніне дейін қабылдайды.
Тармақ 64
64. Өтінімді алудың нақты уақыты мен күні негізгі қуат иесінің ақпараттық жүйесінде тіркеледі.
Тармақ 65
65. Мұнай жеткізушінің өтінімінде мынадай құжаттар болуы тиіс:
Тармақша 1
1) шикі мұнайдың және (немесе) газ конденсатының, және (немесе) қайта өңдеу өнімдерінің сапасын растайтын құжат (сапа паспорты);
Тармақша 2
2) мұнайдың және (немесе) газ конденсатының және (немесе) тазартылған өнімнің шығу тегін растайтын құжат;
Тармақша 3
3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәліктің немесе куәліктің көшірмелері;
Тармақша 4
4) мұнайды және (немесе) газ конденсатын және (немесе) қайта өңдеуге арналған тазартылған өнімді жіберу көлемі;
Тармақша 5
5) өңдеудің сұратылған көлемдері, оның ішінде өңдеу мерзімдері мен көлемдері туралы мәліметтер.
Тармақ 66
66. Мұнайды және (немесе) газ конденсатын, және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін өңдеудің негізгі қуат иесі өтінімді алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ақпараттық жүйе арқылы ұсынылған материалдарды Қағидалардың 65-тармағына сәйкестігін тексереді және өтінім берушіні қол қойылған шарт жобасын жібере отырып және/немесе ұсынылмаған құжаттарды беру қажеттілігін көрсетіп шешім туралы хабардар етеді.
Тармақ 67
67. Негізгі қуат иесі ағымдағы айдың 25-күніне дейінгі мерзімде өзінің интернет-ресурсында алдыңғы айда мұнайды және (немесе) газ конденсатын, және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін өңдеудің нақты көлемдері туралы ақпаратты орналастырады.
Тармақ 68
68. Мұнай өнімдерін өндіруші мұнай өнімдерін өндіру және жөнелту көлемдері туралы деректердің ақпараттық жүйеге енгізілуін қамтамасыз етеді.