Об установлении ограничительных мероприятии Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.11.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37-бабы 3-тармағына, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес, Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 24 маусымдағы №322 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Қаратал ауылдық округіне қарасты Қаратал ауылының Қ.Омаров, Б.Рапиев, К.Рамазанов көшелерінің мүйізді ұсақ малдарынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
Тармақ 2
2. Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы «Қаратал ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы шешім ресми жарияланғанынан кейін Зайсан ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етуге;
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.