Об утверждении Правил предоставления промышленных грантов Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Өнеркәсіптік гранттар беру қағидаларын бекіту туралы «Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 25) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Өнеркәсіптік гранттар беру қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
Басқа 0. Өнеркәсіптік гранттар беру қағидалары
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 12 шілдедегі № 403 бұйрығымен бекітілген Өнеркәсіптік гранттар беру қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Өнеркәсіптік гранттар беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңының(бұдан әрі – Заң) 9-бабының 25) тармақшасына сәйкес әзірленген және өнеркәсіптік гранттар беру тәртібін анықтайды.
Тармақ 2
2. Өнеркәсіптік гранттар «Басым тауарлар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушысының 2022 жылғы 30 мамырдағы № 306 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28264 болып тіркелген) басым тауарлар тізбесіне енгізілген бәсекеге қабілетті өнімді құруға бағытталған өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыру үшін қарсы міндеттемелер шарттарымен қоса қаржыландыру жолымен өңдеуші өнеркәсіптің өнеркәсіптік-инновациялық қызметінің жұмыс істеп тұрған субъектілеріне беріледі.
Тармақ 3
3. Өнеркәсіптік гранттар беруді өнеркәсіпті дамыту саласындағы ұлттық даму институтын тарта отырып, өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны, сондай-ақ, мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде құрылған кәсіпкерлерді қоспағанда) тікелей немесе жанама түрде тиесілі өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне өнеркәсіптік гранттар беру көзделмеген.
Тармақ 5
5. Қарсы міндеттемелер «Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсету кезінде қарсы міндеттемелерді айқындау және қолдану жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушысының 2022 жылғы 27 мамырдағы № 298 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28281 болып тіркелген) қарсы міндеттемелерді айқындау және қолдану жөніндегі қағидаларға сәйкес айқындалады.
Тармақ 6
6. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) ақпараттық жүйе-ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдық-ретке келтірілген жиынтығы;
Тармақша 2
2) грант алушы – осы Қағидаларға сәйкес өнеркәсіптік грант алған өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісі;
Тармақша 3
3) инженерлік-техникалық персонал-кәсіпорындағы өндірістік процесті ұйымдастыруды және басқаруды жүзеге асыратын, орта кәсіптік немесе жоғары білімі бар жеке тұлғалар (инженерлер мен техниктер, оның ішінде IT-мамандар);
Тармақша 4
4) кәсіпорынды жаңғырту - өндірістік процесті жетілдіруге, автоматтандыруға, жаңа технологиялар мен қуаттарды енгізуге, персоналды оқытуға бағытталған іс-шаралар кешені;
Тармақша 5
5) Комиссия шешімі - Комиссия мүшелері қабылдаған және хаттамамен ресімделген және өнеркәсіптік грант беру мәселесі бойынша дауыс беру қорытындылары туралы мәліметтерді қамтитын шешім, дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі;
Тармақша 6
6) озық технология – нарықта тәжірибелік қолданысы аз және одан әрі тарату үшін жоғары әлеуетке ие технология;
Тармақша 7
7) офтейк келісімшарт – болашақта өндіру (өндіру) жоспарланып отырған тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді сату/сатып алу (шикізат өндіру) туралы келісімшарттың көлемі мен бағасын азайту құқығынсыз, құны, саны (көлемі) және жеткізу мерзімдері бойынша алдын ала келісілген шарттар туралы келісім;
Тармақша 8
8) өнеркәсіптік грант – өңдеу өнеркәсібінің өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне олардың өнеркәсіптік-инновациялық жобаларын іске асыру үшін өтеусіз негізде берілетін және қарсы міндеттемелерді орындаған жағдайда қайтарылмайтын бюджет қаражаты;
Тармақша 9
9) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – өнеркәсіп саласында, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыруды салааралық үйлестіру мен қатысуға басшылық жасайтын орталық атқарушы орган;
Тармақша 10
10) өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері – өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыратын не өңдеу өнеркәсібінің Қазақстанда шығарылатын тауарларын, орындалатын жұмыстары мен көрсетілетін қызметтерін ішкі және (немесе) сыртқы нарықтарға ілгерілету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар, жай серіктестіктер;
Тармақша 11
11) өтінім – осы Қағидалардың 27-тармағында көзделген бірінші басшының немесе оның міндетін атқарушының (бірінші басшының міндеттерін орындау туралы растау құжаты болған кезде) электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған және интернет-ресурс арқылы берілген (өтініш беруші электрондық өтінім мен электрондық құжаттар топтамасын береді) электрондық-цифрлық нысанда ұсынылғанға сәйкес қажетті құжаттар топтамасы;
Тармақша 12
12) өтініш беруші – осы Қағидаларға сәйкес өнеркәсіптік грант алуға өтінімді қарауға ұсынған Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісі;
Тармақша 13
13) өнеркәсіптік гранттар беру жөніндегі сараптамалық Комиссия (бұдан әрі – Комиссия) - құрамына уәкілетті органның, өнеркәсіпті дамыту саласындағы ұлттық даму институтының, қоғамдық ұйымдардың және тиісті салалардың өкілдерінен (келісім бойынша) тақ саны кіретін алқалы орган, осы Қағидаларда белгіленген өтінімдерге тексеру мен өнеркәсіптік гранттар беру шарттарын ескере отырып, өтінім берушілердің жобалары бойынша шешімдер қабылдау үшін өнеркәсіпті дамыту саласындағы ұлттық даму институты шеңберінде құрылған тәуелсіз сарапшылар;
Тармақша 14
14) өнеркәсіптік-инновациялық жоба – кәсіпорынды жаңғыртуға, жаңа өндірістерді құруға (жұмыс істеп тұрғандарын жетілдіруге) және (немесе) инновациялық қызметті жүзеге асыруға бағытталған іс-шаралар кешені;
Тармақша 15
15) технология – пайдалануы жаңа немесе жетілдірілген тауарлар, жұмыстар және қызметтер алуды қамтамасыз ететін, бірыңғай өндірістік циклде жұмыс істейтін процесс және (немесе) жабдықтар кешені;
Тармақша 16
16) технологиялық жабдық – технологиялық процестің белгілі бір бөлігін орындау үшін материалдар немесе дайындамалар, оларға әсер ету құралдары, сондай-ақ, технологиялық жарақтар орналастырылатын технологиялық жарақтандыру құралдары;
Тармақша 17
17) технологиялық желі – желіде келісілген түрде әрекет ететін дайын өнімді шығарғанға дейін салынған технологиялық процесті (дайындаманы бастапқы өңдеу, таза өңдеу) орындау үшін бір-бірін толықтыратын технологиялық жабдықтың (технологиялық) жиынтығы, олардың әрқайсысы белгілі бір ретпен шикізатты мынадай операцияға береді;
Тармақша 18
18) ұлттық институт –өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну бойынша қызметтер көрсететін өнеркәсіпті дамыту саласындағы ұлттық даму институты;
Тармақша 19
19) электрондық құжаттар топтамасы – түпнұсқа құжаттың түрі мен ақпаратын (деректерін) толығымен қайталайтын бірінші басшының немесе оның міндеттерін атқарушы тұлғаның (бірінші басшының міндеттерін орындау туралы растау құжаты болған жағдайда) электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық-цифрлық нысандағы құжаттар;
Тармақша 20
20) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдары арқылы құрылған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиістілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы.
Тармақ 7
7. Уәкілетті орган тиісті қаржы жылына арналған төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес бюджеттік бағдарламаның әкімшісі бекітетін төлемдер кестесіне сәйкес өнеркәсіптік грант беруге көзделген қаражатты ұлттық институттың ағымдағы шотына аударады.
Тармақ 8
8. Ұлттық институт уәкілетті орган мен өнеркәсіптік даму саласындағы ұлттық даму институты арасында жасалатын шарт негізінде өнеркәсіптік грант беруге бөлінген қаражатты басқаруды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының резиденті – екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шот ашады. Қаржы жылының соңына есептелетін ағымдағы шоттағы қаражат қалдықтары уәкілетті органға және тиісінше мемлекеттік бюджетке қайтарылуға жатпайды, ал келесі қаржы жылында өнеркәсіптік грант беруге жұмсалады.
Тармақ 9
9. Өнеркәсіптік гранттар беру туралы шарттар шеңберінде арналған өнеркәсіптік грант сомасына ұлттық институт кепілдік береді және өнеркәсіптік гранттар беру туралы өзге шарттар шеңберінде жұмсауға жатпайды. Грант алушы ұлттық институттың ағымдағы шотына қайтарған өнеркәсіптік гранттар сомалары уәкілетті органға және тиісінше мемлекеттік бюджетке қайтарылуға жатпайды, ал келесі қаржы жылында өнеркәсіптік гранттар беруге жұмсалады.
Тармақ 10
10. Ұлттық институт:
Тармақша 1
1) жыл сайын немесе сұрау салу бойынша уәкілетті органға бөлінген қаражатты мақсатты пайдалану туралы есеп ұсынады;
Тармақша 2
2) іске асырылуы үшін ұсынылған өнеркәсіптік-инновациялық жобалардың жоспарланған мақсаттарына қол жеткізуді талдау мақсатында ұсынылған өнеркәсіптік гранттың мониторингін тұрақты негізде жүзеге асырады.
Тарау 2. 2-тарау. Өнеркәсіптік гранттар беру тәртібі
2-тарау. Өнеркәсіптік гранттар беру тәртібі
Тармақ 11
11. Өнеркәсіптік грант шеңберінде жобаны жалпы қаржыландыру сомасы 50 (елу) пайызды қоса алғанда соған дейін құрайды, бірақ 750 000 000 (жеті жүз елу миллион) теңгеден артық емес және мыналарға:
Тармақша 1
1) Технологиялық жабдықтар паркін жаңарту үшін жаңа жабдықтар сатып алуға;
Тармақша 2
2) озық технологиялар трансферті арқылы жаңа технологияларды жетілдіру және/немесе енгізуге;
Тармақша 3
3) жаңа өндіріс құру үшін технологиялық желі сатып алуға;
Тармақша 4
4) өндірістің технологиялық процестерін автоматтандыруға және/немесе диспетчерлендіруге ұсынылады. Өнеркәсіптік грантты игеру мерзімі 24 (жиырма төрт) айдан аспауы тиіс. Ұсынылатын өнеркәсіптік гранттар шеңберінде енгізілетін технологиялар мен сатып алынатын жабдықтар мынадай шарттарға сәйкес келеді:
Тармақша 1
1) өндірісті жаңғыртуға және/немесе жаңа өндірісті енгізуге бағытталған;
Тармақша 2
2) өнеркәсіптік қолдану фактісінің болуы не қолдануға әзірліктің жоғары дәрежесі болуы (жартылай өнеркәсіптік сынақтардан өткен);
Тармақша 3
3) қосылған құны мен сапасы жоғары және/немесе еңбек өнімділігін арттыратын жаңа экспортқа бағдарланған өнімді өндіруге бағытталған. Жобаны іске асыру нәтижесі технологиялық жабдықты және/немесе технологиялық желіні кәсіпорынның жұмыс циклына енгізу және өнім шығару болып табылады.
Тармақ 12
12. Ұлттық институт өнеркәсіптік гранттар алуға өтінімдер қабылдау туралы хабарландыруды ұлттық институттың ресми интернет-ресурсында орналастырады. Өтінімдерді қабылдау мерзімі хабарландыру орналастырылған сәттен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күнді құрайды.
Тармақ 13
13. Өнеркәсіптік гранттар беру рәсімі мынадай дәйекті кезеңдерді қамтиды:
Тармақша 1
1) ұлттық институттың осы Қағидалардың 26 – тармағында көрсетілген қоса берілген құжаттармен бірге осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша өнеркәсіптік гранттар алуға өтінімдерді (бұдан әрі-өтінім) қабылдауы және тіркеуі өтінімді алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады;
Тармақша 2
2) ұсынылған құжаттардың толықтығы мен сәйкестігін, осы Қағидалардың 11-тармағының талаптарына сәйкестігін, жобаны іске асыруға дайындық тұрғысынан тексеру өтінім қабылданған сәттен бастап 38 (отыз сегіз) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Жүргізілген тексерулердің қорытындылары бойынша ұлттық институт 1 (бір) жұмыс күні ішінде кешенді сараптама қорытындысын қалыптастырады және Комиссияның қарауына шығарады;
Тармақша 3
3) кешенді сараптамалық қорытындыны алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Комиссия отырысы өткізіледі. Сараптамалық Комиссия отырыстары, егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысатын болса, заңды болып табылады. Комиссия отырысына өтінім беруші өз жобасын көзбе-көз немесе аудио және бейнетіркеуі бар телекоммуникация құралдары арқылы таныстыру үшін шақырылады. Қарау нәтижелері бойынша Комиссия өнеркәсіптік грант беру туралы немесе оны өтініш берушіге беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды. Ұлттық институт комиссияның шешімін уәкілетті органға келісуге жібереді, ол 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүргізіледі;
Тармақша 4
4) ұлттық институт уәкілетті орган Комиссия шешімін келіскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтініш берушіні шартқа қол қою қажеттігі туралы хабардар етеді немесе өтініш берушіге бас тарту негізін сипаттай отырып, өнеркәсіптік грант беруден бас тарту туралы хабарлама жібереді. Шартқа грант алушы не шарт жасасуға оның уәкілетті өкілі және ұлттық институт орналасқан жердегі ұлттық институт қол қояды. Шарт тараптардың әрқайсысы үшін бір-бірден екі данада жасалады.
Тармақ 14
14. Осы Қағидалардың тармақтарында көрсетілген рәсімдердің жалпы мерзімі 44 (қырық төрт) жұмыс күнінен аспайды.
Тармақ 15
15. Комиссияның оң шешімін алған грант алушылар жобаны іске асыруға қаражат аудару үшін жобаны іске асыруға арналған қаражатты нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мақсатында грант алушының жобаны іске асырумен байланысты емес шығыс операцияларын жасау құқығынсыз депозитке салу шартымен Қазақстан Республикасының резиденті - екінші деңгейдегі банкте жеке ағымдағы шот ашады. Банк шотын ашу туралы шартқа грант алушы, ұлттық институт және Қазақстан Республикасының резиденті – екінші деңгейдегі банк арасында қол қойылады. Шартқа қол қойылғаннан кейін грант алушы күнтізбелік жоспарға сәйкес мөлшерлерде жобаны қоса қаржыландыру үшін 10 (он) жұмыс күні ішінде қаражатты жеке ағымдағы шотқа аударады. Ұлттық институт грант алушыдан қаражат түскен сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде шығыстар сметасының күнтізбелік жоспарына сәйкес мөлшерлерде қаражатты жеке ағымдағы шотқа аударуды қамтамасыз етеді.
Тармақ 16
16. Қаржыландыру үшін мақұлданған жобаларды іске асыру Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылады. Өнеркәсіптік гранттар шеңберінде бөлінген қаражат өтінімдерде көрсетілген мақсаттарға пайдаланылады.
Тармақ 17
17. Өнеркәсіптік грант беру туралы жасалған шартқа сәйкес жобаның іске асырылу процесін бақылау мақсатында ұлттық институт күнтізбелік жоспарға және жобаны іске асыру шығыстарының сметасына сәйкес жобаның іске асырылу барысына тұрақты мониторинг жүргізеді.
Тармақ 18
18. Грант алушыға грант қаражатын аудару ұлттық институт жүргізген іс-шараларды іске асыру мониторингінің және грант алушының есепті кезеңде жүргізген шығындарын талдаудың нәтижелері бойынша кезең-кезеңімен (транштармен) өнеркәсіптік грант беру туралы жасалған шарттың талаптарына сәйкес жүргізіледі, бірінші траншты қоспағанда, ол грант алушы өз қаражатын ашық жеке меншік қорға аударған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде аударылады күнтізбелік жоспарға және шығыстар сметасына сәйкес екінші деңгейдегі банктегі ағымдағы шот.
Тармақ 19
19. Өнеркәсіптік грантты ұлттық институт кемінде екі траншпен аударады. Жоба бойынша гранттың барлық сомасын бір траншпен аударуға жол берілмейді.
Тарау 3. 3-тарау. Өнеркәсіптік гранттар беру өлшемшарттары
3-тарау. Өнеркәсіптік гранттар беру өлшемшарттары
Тармақ 20
20. Өнеркәсіптік грант мынадай өлшемшарттарға сәйкес келетін өтініш берушілерге беріледі:
Тармақша 1
1) қазақстандық тауар өндірушілер болып табылатын;
Тармақша 2
2) шағын және орта кәсіпкерліксубъектілер болып табылатын;
Тармақша 3
3) қызметін ұлттық институтқа өтінім беру күніне дейін кемінде 3 (үш) жыл жүзеге асыратын ұйымдар;
Тармақша 4
4) Заңның 9-бабының 28) тармақшасына сәйкес бекітілетін басым тауарлар тізбесіне енгізілген өнімді өндіруге ғана бағдарланған өнім;
Тармақша 5
5) осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне жатпайтын;
Тармақша 6
6) жабдықтың меншік иесімен немесе өтінім берушімен жабдықтау жөніндегі құқықтарды басқаға беруді жүзеге асыратын тұлғамен үлестес болмауы тиіс;
Тармақша 7
7) қажетті біліктілік деңгейі бар инженерлік-техникалық персоналдың болуы;
Тармақша 8
8) бір теңге мөлшерінде және одан астам салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешегінің (төлеу мерзімі "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 1-бабының 3) тармақшасына сәйкес кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда) болмауы;
Тармақша 9
9) тарату процесінде болудың болмауы;
Тармақша 10
10) жоба құнының кәсіпорынның соңғы 3 (үш) жылдағы жиынтық жылдық табысынан аспайтын сомаға сәйкестігі;
Тармақша 11
11) өтінім берілген күні соңғы 3 (үш) жыл ішінде салық аударымдары бойынша оң серпінінің болуы (корпоративтік табыс салығы/жеке табыс салығы). Осы тармақшаның талабы қолданыстағы заңнамаға сәйкес салық төлеуден босатылған және/немесе тіркелген күнінен бастап ұлттық институтқа өтінім түскен күнге дейін күнтізбелік үш жылдан аз уақыт өткен өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне қолданылмайды.
Тарау 4. 4-тарау. Өтінім беру шарттары және қажетті құжаттар тізбесі
4-тарау. Өтінім беру шарттары және қажетті құжаттар тізбесі
Тармақ 21
21. Өтінім және оған қоса берілетін құжаттар интернет-ресурс арқылы беріледі (өтініш беруші осы Қағидалардың 27-тармағында көзделген электрондық өтінім мен электрондық құжаттар топтамасын береді).
Тармақ 22
22. Өтінімдерді қабылдау және қарау бойынша ақпараттық жүйе/интернет-ресурс болмаған/іркілістер болған кезде, өтінім ұлттық институтқа мемлекеттік тілде және (немесе) орыс тілінде, бірінші басшы немесе оның міндетін атқарушы (бірінші басшының міндеттерін орындау туралы растайтын құжаттың болуы) және (немесе) оның міндетін атқарушы адам қол қойған PDF форматындағы электрондық құжаттар қоса беріле отырып, қағаз жеткізгіште ұсынылады. нөмірленген түрде.
Тармақ 23
23. Өтініш беруші ұсынылған құжаттардың, бастапқы деректердің, есептердің, негіздемелердің толықтығын, дұрыстығын қамтамасыз етеді. Өтініш беруші ұсынған ақпаратта есептерде пайдаланылған деректер көздері және есептеу жүргізілген күн көрсетіледі. Өтінім беруші өтінімді дайындау және ұсыну бойынша барлық шығыстарды дербес көтереді.
Тармақ 24
24. Өтінім беруші тек бір жобаға қатысуға өтінім береді және өтінімді қарау және мәлімделген жобаны іске асыру сатысында басқа жобалар бойынша өнеркәсіптік грант алуға үміткер бола алмайды.
Тармақ 25
25. Өнеркәсіптік гранттар беруді ақпараттық қамтамасыз етуді уәкілетті орган және ұлттық институт жүзеге асырады.
Тармақ 26
26. Өтініш беруші ұлттық институтқа мынадай құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) өтініш;
Тармақша 2
2) сатып алу шарттары көрсетілген жабдықты сатып алу туралы тараптардың ниетін растайтын алдын ала келісімнің көшірмесі;
Тармақша 3
3) бизнес-жоспар жобасы (Microsoft Word және PDF форматында ұсынылады);
Тармақша 4
4) үлестес тұлғалардың тізімі;
Тармақша 5
5) 1 (бір) жобаның компоненттері (іс-шаралары) және коммерциялық ұсыныстар алынған техникалық ерекшеліктер бойынша баламалы коммерциялық ұсыныс;
Тармақша 6
6) соңғы 3 (үш) жылдағы қаржылық есептіліктің көшірмесі (қаржылық есептіліктің жыл сайынғы аудитін жүргізу міндетті тұлғалар сондай-ақ көрсетілген уақыт кезеңі үшін аудиторлық есептерді ұсынады) басқа ұйымдардағы қаржылық қатысу туралы ақпаратты, баланс баптарының егжей-тегжейлі түсіндірмесін (қаржылық есептіліктің барлық баптарының сомасынан 10% және одан көп)қоса бере отырып;
Тармақша 7
7) корпоративтік кредиттік есеп;
Тармақша 8
8) өндірістік инфрақұрылымды растайтын құжаттар (ғимараттар мен құрылыстар);
Тармақша 9
9) еңбек шарты/қызмет көрсету шарты және инженерлік-техникалық персоналдың жоғары білімі және / немесе орта-техникалық білім туралы диплом;
Тармақша 10
10) өнеркәсіпті цифрлық трансформациялау стратегиясы (болған жағдайда);
Тармақша 11
11) офтейк - келісімшарт (болған жағдайда).
Тармақ 27
27. Өтінім және оған қоса берілетін құжаттар:
Тармақша 1
1) бірыңғай папкаға қалыптастырылады;
Тармақша 2
2) бірінші басшы немесе оның міндетін атқарушы тұлға (бірінші басшының міндеттерін орындау туралы растайтын құжаттың болуы) әрбір парағын куәландырады. Өтінімді және оған қоса берілетін құжаттарды қолды факсимильді көшіру құралдарын пайдалана отырып куәландыруға жол берілмейді;
Тармақша 3
3) араб цифрларымен толассыз нөмірлеу;
Тармақша 4
4) өтініш беруші мөрінің (бар болса) бедерімен әр парақтап куәландырылады. Ұлттық институт ресми ашық көздерден алған құжаттар қарауға жатады: Ұлттық институт ресми ашық көздерден алған құжаттар қарауға жатады:
Тармақша 1
1) тіркелген өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісі, филиалы немесе өкілдігі туралы анықтама;
Тармақша 2
2) есебі мемлекеттік кірістер органдарында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер;
Тармақша 3
3) қазақстандық тауар өндіруші мәртебесін растайтын құжаттар/ақпарат («СТ-KZ» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы Сертификат, Еуразиялық экономикалық одақтың сәйкестігі туралы Сертификат/Декларация, Индустриялық сертификат, қазақстандық тауар өндірушілер тізілімінің үзінді-көшірмесі);
Тармақша 4
4) тарату процесінде болудың болмауы;
Тармақша 5
5) кәсіпкерлік субъектісінің санаты туралы анықтама. «СТ-KZ» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы Сертификат және Индустриялық сертификат өз күшін 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін сақтайды.
Тармақ 28
28. Өтінім материалдарына лицензиялардың, патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың (бар болса), дипломдардың және жобаға қатысушылардың біліктілігін растайтын басқа да құжаттардың көшірмелері қоса беріледі. Өнеркәсіптік грант беру туралы шарт жасалған өтінім материалдары жобаны іске асырудың бүкіл кезеңі ішінде жарамды және өтініш берушіге қайтарылмайды.
Тармақ 29
29. Қабылдау мерзімі өткеннен кейін ұсынылған өтінім тіркеуге және қарауға жатпайды.
Басқа 1. Өнеркәсіптік грант алуға өтінім
Өнеркәсіптік гранттар беру қағидаларына қосымша Өнеркәсіптік грант алуға өтінім Өті­ніш бе­ру­ші­нің ата­уы Өнер­к­ә­сіп­тік грант алу үшін қа­жет­ті ма­те­ри­ал­дар топ­та­ма­сы­мен осы өті­ніш­ті жол­дай­ды. Жо­ба ата­уы: Ба­сым та­у­ар­лар тіз­бе­сіне сәй­кес өнім ата­уы (Сырт­қы эко­но­ми­ка­лық қыз­мет­тің та­у­ар но­мен­кла­ту­ра­сы­ның ко­ды) Өнер­к­ә­сіп­тік грант­тың сұ­ра­ты­л­ған со­ма­сы,тең­ге(сан­мен және жа­зу­мен) То­лы­қжо­ба­құ­ны, тең­ге(сан­мен­ж­әне­жа­зу­мен) Өтініш беруші туралы ақпарат Өті­ніш бе­ру­ші­нің ата­уы: Құ­ры­л­ған кү­ні: Тір­кеу де­ректе­рі: Өті­ніш бе­ру­ші­нің ме­кен­жайы (ин­декс, об­лыс, аудан, ел­ді ме­кен, кө­ше, үй, пәтер) Банк­тік де­ректе­ме­лер, есеп шо­ты, ва­лю­та­лық шо­ты, банк­тік же­ке код Алын­ған және өтел­ме­ген тең­ге және ва­лю­та­лық неси­е­лер Те­ле­фон (мо­биль­ді, жұ­мыс) Элек­трон­дық по­шта ме­кен­жайы Ре­сми сайт Өті­ніш бе­ру­ші кә­сі­пор­ны­ның кө­ле­мі: Ша­ғын (100 жұ­мыс­кер­ге дей­ін және ор­та­ша жыл­дық та­быс 300 мың ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­тен ар­тық емес) Ор­та (100 ба­стап 250 жұ­мыс­кер­ге дей­ін және ор­та­ша жыл­дық та­быс 300 мың­нан 3 млн. ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­ке дей­ін) Эко­но­ми­ка­лық қыз­мет­тің жал­пы жік­те­уі­шіне сәй­кес қыз­мет тү­рі (төрт­таң­ба­лы) Жұ­мыс­кер­лер­дің нақ­ты са­ны, со­ның ішін­де: ин­же­нер­лік-тех­ни­ка­лық­қыз­мет­кер­лер әкім­ші­лік-бас­қа­ру­шы қыз­мет­кер­лер Бас­қа Құ­ры­л­тай­шы­лар (қа­ты­су үле­сін көр­се­ту­мен (болған жағ­дай­да): Бі­рін­ші бас­шы ту­ра­лы ақ­па­рат: Те­гі, аты, әке­сі­нің аты (болған жағ­дай­да) ____________________________ Бі­лі­мі/Ғы­лы­ми дә­ре­же­сі/бе­рі­л­ген жы­лы Те­ле­фон (мо­биль­ді, жұ­мыс) Элек­трон­дық по­шта ме­кен­жайы Ла­у­а­зы­мы Бай­ла­ныс ме­кен­жайы Жа­у­ап­ты адам: Те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар болған кез­де) ____________________________ Те­ле­фон (мо­биль­ді, жұ­мыс) Элек­трон­дық по­шта ме­кен­жайы Ла­у­а­зы­мы Бай­ла­ныс ме­кен­жайы Жоба туралы қысқаша ақпарат Жо­ба мақ­са­ты: Жо­ба мін­дет­те­рі: Жо­ба­ны іс­ке асы­ру ор­ны Жо­ба­ны іс­ке асы­ру мер­зі­мі Өт­кі­зу на­ры­ғы (ел, өңір) Осы жо­ба бас­қа көз­дер­ден қар­жы­лан­ды­рыл­ды ма: Иә Жоқ «Иә» бол­са, қан­дай кө­лем­де, бағ­дар­ла­ма ата­уын, жо­ба­ны және алын­ған қар­жы­лан­ды­ру со­ма­сын көр­се­ту қа­жет Жо­ба ко­ман­да­сы­ның құ­ра­мы: № Те­гі, аты, әке­сі­ні­ңа­ты (болған жағ­дай­да) Жо­ба­да­ғы ла­у­а­зы­мы/ Негіз­гі жұ­мысын­да­ғы ла­у­а­зы­мы Жұ­мыс тә­жі­ри­бе­сі (жо­ба­ны іс­ке асы­ру үшін қа­жет­ті) Жо­ба­ға қа­ты­суы (%) Өнер­к­ә­сіп­тік грант ту­ра­лы қан­дай көз­дер­ден біл­ді­ңіз? өнер­к­ә­сіп­ті мем­ле­кет­тік ын­та­лан­ды­ру са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ор­ган­ның сай­ты өнер­к­ә­сіп­ті да­мы­ту са­ла­сын­да­ғы ұлт­тық да­му ин­сти­ту­ты­ның сай­ты өнер­к­ә­сіп­ті да­мы­ту са­ла­сын­да­ғы ұлт­тық да­му ин­сти­ту­ты­ның та­ра­туы өнер­к­ә­сіп­ті да­мы­ту са­ла­сын­да­ғы ұлт­тық да­му ин­сти­ту­ты­ның се­ми­нар­ла­ры,кон­фе­рен­ци­я­ла­ры те­ле­ди­дар әле­умет­тік же­лі­лер Осымен осы өтінім бойынша құжаттарды, материалдарды және ақпаратты, оның ішінде құпия мәліметтерді қамтитын ақпаратты ұлттық институт, оның ішінде бөгде тұлғаларды тарта отырып сараптамалық бағалау жүргізген кезде пайдалануға, сондай-ақ, өтініш беруші туралы, барлық көздерде кредиторлық берешектің болуы (болмауы) туралы деректер жинауға өз келісімімді беремін, оның ішінде корпоративтік кредиттік есеп. Осымен ұсынылған материалдар мен ақпараттың, оның ішінде бастапқы деректердің, есептеулердің, негіздемелердің дұрыстығын растаймын және дәйексіз деректерді ұсыну фактілері анықталған кезде өтінім қараудан бас тартылатыны ескертілді. Дәйексіз ақпарат ұсынған кезде өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады. Осымен осы өтінімге қоса берілетін материалдардың, ақпараттың, техникалық-технологиялық шешімдердің және ілеспе құжаттаманың қолдануға және таратуға қандай да бір шектеулері жоқ екенін, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиясын құрайтын мәліметтерді қамтымайтынын растаймын. Сондай-ақ, ұлттық институтқа өтінім берген сәтте банкроттық сатысындағы не дәрменсіздік нәтижесінде таратылған, мүлкіне тыйым салынған өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің меншік иелері және (немесе) басшылары болып табылатын немесе болған өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісі, меншік иесі және бірінші басшысы болып табылмайтынымды растаймын. Осы арқылы сұратылып отырған мемлекеттік ынталандыру шаралары шеңберінде келтірілген іс-шаралар бойынша шығындар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мемлекеттік ынталандыру шаралары шеңберінде республикалық және /немесе жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен қаржыландырылмағанын растаймын. Осымен өнеркәсіптік гранттар беру шарттарымен келісетінімді растаймын. Талап етілетін материалдар және (немесе) құжаттар ______парақта қоса беріледі. Осы өтінім мәселелері бойынша хат-хабар жүргізуге арналған электрондық пошта мекенжайы: _________________________________________________ Ескертпе: өтініш ұйымның бланкісінде жасалады. Өтінішке бірінші басшы немесе уәкілетті адам қол қояды. Басшы ауысқан және байланыс деректері (пошталық мекенжайы, электрондық мекенжайы және телефоны) өзгерген кезде Ұлттық институтты хабардар ету қажет. Өті­ніш бе­ру­ші аты­нан қол қою өкі­лет­ті­гі бар тұл­ға­ның ла­у­а­зы­мы __________________________________ те­гі, аты, әке­сі­нің аты (болған жағ­дай­да) _____________________ (қо­лы) Материалдарды және (немесе) құжаттарды алу туралы белгі (Ұлттық институтпен толтырылады) Ал­ған кү­ні: 20 __ жы­л­ғы «_____» ________________ Өті­нім­нің тір­кеу нө­мі­рі №_____ Тір­ке­у­ші __________________________________ те­гі, аты, әке­сі­нің аты (болған жағ­дай­да) _____________________ (қо­лы)