Об установлении ограничительных мероприятий Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.02.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шектеу іс-шараларын белгілеу «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес және Денисов ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының міндетін аткарушысының 2022 жылғы 4 шілдедегі № 01-27/412 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Костанай облысы Денисов ауданы, Покров ауылдық округінің Покровка ауылының Виталий Викторович Светиннің жайылымдық табыны, сауын табындары Султан Танатқанұлы Мендыбаевтың, Зүлхиза Айдарханқызы Сулейменованың, Аскар Наурзбайұлы Жунусовтың және Арыстансор станциясында Сапаргали Тасымұлы Шушаковтың табыны аумағында орналаскан мүйізді ірі қара малдары арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен қолданысқа енгізіледі.