Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества села Глебовка Денисовского района Костанайской области Күшін жойған
Басқа 0
Қостанай облысы Денисов ауданының Глебовка ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылы тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Денисов аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысы Денисов ауданының Глебовка ауылының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қостанай облысы Денисов ауданының Глебовка ауылының жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Қостанай облысы Денисов ауданының Глебовка ауылының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу қағидалары
Мәслихатының
2022 жылғы 23 маусымдағы
№ 59 шешімімен
бекітілген
Қостанай облысы Денисов ауданының Глебовка ауылының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қостанай облысы Денисов ауданының Глебовка ауылының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу қағидалары (бұдан әрі- Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Денисов ауданының Глебовка ауылының тұрғындарының жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізу тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін – Денисов ауданының Глебовка ауылының аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;
Тармақша 2
2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны –ауылы тұрғындары (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.
Тарау 2. 2. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі
2. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі
Тармақ 3
3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін Денисов ауданының Глебовка ауылының аумағы учаскелерге (көшелер) бөлінеді.
Тармақ 4
4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.
Тармақ 5
5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Денисов ауданының Глебовка ауылының әкімі шақырады және ұйымдастырады.
Тармақ 6
6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы Денисов ауданының Глебовка ауылының әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.
Тармақ 7
7. Ауылы шегінде бөлек жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізуді Денисов ауданының Глебовка ауылының әкімі ұйымдастырады.
Шағын аудан немесе көше шегінде көппәтерлі үйлер болған жағдайда, көппәтерлі үйдің бөлек жиындары өткізілмейді.
Тармақ 8
8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы Денисов ауданының Глебовка ауылының алдында тиісті ауылда қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда, көшеде тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
Тармақ 9
9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Денисов ауданының Глебовка ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Денисов ауданының Глебовка ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.
Тармақ 10
10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Денисов ауданының Глебовка ауылының, тұрғындары үшін өкілдерінің кандидатураларын ауданның аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылар ұсынады.
Тармақ 11
11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
Тармақ 12
12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ол Денисов ауданының Глебовка ауылы әкімінің аппаратына беріледі.
Басқа 21. Қостанай облысы Денисов ауданының Глебовка ауылының
бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылы тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Мәслихатының
2022 жылғы 23 маусымдағы
№ 59 шешіміне
қосымша
Қостанай облысы Денисов ауданының Глебовка ауылының
бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылы тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Елді мекеннің атауы
Қостанай облысы Денисов ауданының Глебовка аулының тұрғындары өкілдерінің саны (адам)
Глебовка ауылы Центральная көшелерінің тұрғындары үшін
2
Глебовка ауылы Школьная көшелерінің тұрғындары үшін
1
Глебовка ауылы Новостройка көшелерінің тұрғындары үшін
1
Глебовка ауылы Молодежная көшелерінің тұрғындары үшін
1
Глебовка ауылы Гагарина көшелерінің тұрғындары үшін
1
Глебовка ауылы Набережная көшелерінің тұрғындары үшін
1