Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Архангельского сельского округа Денисовского района Костанайской области Күшін жойған
Басқа 0
Қостанай облысы Денисов ауданы Архангельск ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Денисов аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысы Денисов ауданы Аршалы ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қостанай облысы Денисов ауданы Архангельск ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Қостанай облысы Денисов ауданы Архангельск ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу қағидалары
Мәслихаттың
2022 жылғы 23 маусымдағы
№ 56 шешімімен
бекітілген
Қостанай облысы Денисов ауданы Архангельск ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қостанай облысы Денисов ауданы Архангельск ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу қағидалары (бұдан әрі- Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Архангельск ауылдық округінің ауылдары тұрғындарының жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізу тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін – Архангельск ауылдық округі аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;
Тармақша 2
2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны –ауылдық округінің тұрғындары (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.
Тарау 2. 2. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі
2. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі
Тармақ 3
3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін Архангельск ауылдық округтің аумағы учаскелерге (ауылдар) бөлінеді.
Тармақ 4
4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.
Тармақ 5
5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Архангельск ауылдық округінің әкімі шақырады және ұйымдастырады.
Тармақ 6
6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы Архангельск ауылдық округінің әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.
Тармақ 7
7. Ауылдар шегінде бөлек жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізуді Архангельск ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.
Шағын аудан немесе көше шегінде көппәтерлі үйлер болған жағдайда, көппәтерлі үйдің бөлек жиындары өткізілмейді.
Тармақ 8
8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы Архангельск ауылдық округінің алдында тиісті ауылда қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда, көшеде тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
Тармақ 9
9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Архангельск ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Архангельск ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.
Тармақ 10
10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Архангельск ауылдық округінің ауыл, тұрғындары үшін өкілдерінің кандидатураларын ауданның аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылар ұсынады.
Тармақ 11
11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
Тармақ 12
12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ол Архангельск ауылдық округі әкімінің аппаратына беріледі.
Басқа 21. Қостанай облысы Денисов ауданы Архангельск ауылдық округінің
бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Мәслихатының
2022 жылғы 23 маусымдағы
№ 56 шешіміне
қосымша
Қостанай облысы Денисов ауданы Архангельск ауылдық округінің
бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Елді мекеннің атауы
Қостанай облысы Денисов ауданы Архангельск ауылдық округінің ауылдар тұрғындары өкілдерінің саны (адам)
Қостанай облысы Денисов ауданы Архангельск ауылдық округінің Жалтыркөл ауылының тұрғындары үшін
3
Қостанай облысы Денисов ауданы Архангельск ауылдық округінің Архангельское ауылының тұрғындары үшін
3