Об утверждении Положения о государственном учреждении «Отдел архитектуры и градостроительства акимата города Экибастуза» Күшін жойған
Басқа 0
«Екібастұз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» № 590 қаулысына сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Екібастұз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 15 желтоқсандағы «Екібастұз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» № 1483/12 қаулысының күші жойылсын.
Тармақ 3
3. «Екібастұз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 6. «Екібастұз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі»
мемлекеттік мекемесі туралы
Ереже
Екібастұз қаласы әкімдігінің
2022 жылғы «14» маусымдағы
№ 483/6 қаулысымен
бекітілді
«Екібастұз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі»
мемлекеттік мекемесі туралы
Ереже
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Екібастұз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мемлекеттік мекеме) Екібастұз қаласында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік мекеменің ведомстволары жоқ.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік мекеме мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Тармақ 6
6. Мемлекеттік мекеме, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 7
7. Мемлекеттік мекеме өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. «Екібастұз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Мемлекеттік мекеменің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 141208, Екібастұз қаласы, Энергетиктер көшесі, 62-құрылыс.
Тармақ 10
10. Мемлекеттік мекеменің жұмыс тәртібі: дүйсенбі - жұма сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі - жексенбі.
Тармақ 11
11. Мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы Екібастұз қаласының әкімдігі болып табылады.
Тармақ 12
12. Осы Ереже мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаты болып табылады
Тармақ 13
13. Мемлекеттік мекеменің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.
Тармақ 14
14. Мемлекеттік мекемеге кәсіпкерлік субъектілерімен мемлекеттік мекеменің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер мемлекеттік мекемеге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. «Екібастұз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің міндеттері мен өкілеттіктері
2-тарау. «Екібастұз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің міндеттері мен өкілеттіктері
Тармақ 15
15. Мақсаттары:
Тармақша 1
1) сәулет және қала құрылысы қызметі субъектілерінің қолданыстағы заңнамада белгіленген талаптарды сақтауы;
Тармақша 2
2) Екібастұз қаласын тұрақты дамыту мақсатында сәулет және қала құрылысы қызметін жүзеге асыру кезінде мекендеу мен тыныс-тіршіліктің қолайлы ортасын қамтамасыз ету болып табылады.
Тармақ 16
16. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) құқықтары:
мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттерді орындау үшін барлық меншік нысанындағы шаруашылық жүргізуші субъектілерден (келісім бойынша), жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан ақпарат сұрату және алу;
мемлекеттік мекеменің құзыретіне қатысты мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
сәулет және қала құрылысы мәселелері бойынша нормативтік және құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, оларды қала әкімдігі мен әкімінің қарауына ұсыну;
мемлекеттік мекеменің мүдделерін қозғайтын мәселелермен мемлекеттік органдардағы және өзге де ұйымдардағы кеңестерге қатысу;
облыстық деңгейде шешілуі қамтамасыз етілетін міндеттерді іске асыруға байланысты ұсыныстарды облыстық мемлекеттік органдарға енгізу;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да құқықтарды жүзеге асыру.
Тармақша 2
2) міндеттері:
Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтау;
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау;
мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың іске асырылуын қамтамасыз етеді;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Тармақ 17
17. Функциялары:
Тармақша 1
1) Екібастұз қаласының аумағында орналасқан кенттер мен ауылдар құрылысының бас жоспарларын әзірлеу және оларды Екібастұз қалалық мәслихатына бекітуге ұсыну, кентішілік (қалаішілік) коммуналдық желілер мен құрылыстар салуға рұқсат беру;
Тармақша 2
2) заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген Бас жоспарды, заңнамада белгіленген тәртіппен қала ықпал ететін аймаққа жатқызылған іргелес жатқан аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасын іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіру;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңында көзделген өкілеттіктерді жүзеге асыру;
Тармақша 4
4) мемлекеттік мекеменің құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясының аумақтық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасау;
Тармақша 5
5) базалық деңгейдегі мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының Жер кодексінде көзделген өкілеттіктерді жүзеге асыру;
Тармақша 7
7) Екібастұз қаласының аумағында құрылыс салу қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 8
8) қала және елді мекендер құрылысы, қала құрылысы жобаларын, егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру және іске асыру;
Тармақша 9
9) аумақта жоспарланып отырған құрылыс салу не басқа да қала құрылысының өзгерістері туралы халықты хабардар ету;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу;
Тармақша 11
11) құрылыстарды, үйлер мен ғимараттарды, инженерлік және көлік коммуникацияларын салу (кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау, қалпына келтіру және күрделі жөндеу) туралы, сондай-ақ аумақтарды инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру мен көгалдандыру, құрылыстарды (объектілерді) консервациялау туралы шешімдер қабылдау, жергілікті маңызы бар объектілерді кейіннен кәдеге жарату жөнінде жұмыстар кешенін жүргізу;
Тармақша 12
12) объектілерді пайдалануға қабылдау актілерін, сондай-ақ пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) есепке алуды жүргізу;
Тармақша 13
13) мемлекеттік мекеменің функцияларына байланысты істер бойынша дербес немесе өкіл арқылы талап қою және соттарда сөз сөйлеу;
Тармақша 14
14) қала азаматтарының, ұйымдарының, кәсіпорындары мен мекемелерінің бұрыннан бар объектілерді салу және реконструкциялау мәселесі бойынша өтініштері мен арыздарын қабылдауды жүзеге асыру және олардың қаралуын бақылауды қамтамасыз ету;
Тармақша 15
15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету;
Тармақша 16
16) мүгедектер үшін қолжетімді ортаны сақтау тұрғысынан әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне түгендеу (паспорттау) ұйымдастыру және жүргізу;
Тармақша 17
17) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) мемлекеттік сатып алуды жүргізеді;
Тармақша 18
18) заңнамада көзделген өкілеттіктер шегінде өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Тарау 3. 3-тарау. «Екібастұз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы
бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі
3-тарау. «Екібастұз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы
бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі
Тармақ 18
18. Мемлекеттік мекемеге басшылықты мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
Тармақ 19
19. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
Тармақ 20
20. Мемлекеттік мекеме бірінші басшысының өкілеттігі:
Тармақша 1
1) мемлекеттік мекеме туралы Ережені қала әкімдігінің бекітуіне ұсынады, оның құрылымы мен штаты бойынша ұсыныстар енгізеді; ;
Тармақша 2
2) мемлекеттік мекеменің жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді, өзге де мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді;
Тармақша 3
3) заңнамаға сәйкес мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 4
4) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
Тармақша 5
5) мемлекеттік органдарда, соттарда және өзге де ұйымдарда мемлекеттік мекеменің атынан өкілдік етеді;
Тармақша 6
6) мемлекеттік органда сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдау үшін дербес жауапты болады;
Тармақша 7
7) мемлекеттік мекеменің төлемдерін жүргізу бойынша қазынашылық органдармен, оның ішінде ақша алушылардың тиісті шоттарына тоқсан сайын салыстырып тексеруді қамтамасыз етеді;
Тармақша 8
8) мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 9
9) қала әкімдігі мен әкімі актілерінің, оның тапсырмаларының, мемлекеттік мекемеде құжаттардың өтуінің орындалуын бақылау бойынша жұмысты үйлестіреді;
Тармақша 10
10) қала әкімі мен әкімдігі актілерінің жобаларын, сондай-ақ қала әкіміне жолданатын өзге де құжаттар мен материалдарды қала әкіміне қол қоюға және қарауға ұсынады;
Тармақша 11
11) мемлекеттік мекеменің шығыстар сметасын бекітеді және оның шегінде қаржы қаражаттарын басқарады;
Тармақша 12
12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғаларды жеке қабылдауды жүзеге асырады;
Тармақша 13
13) мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
Тармақша 14
14) мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін заңнамада белгіленген тәртіппен көтермелейді және тәртіптік жаза қолданады;
Тармақша 15
15) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
Тармақ 21
21. Мемлекеттік мекеменің әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен және ұжымдық шартпен реттеледі.
Тармақ 22
22. Мемлекеттік мекеме мен Екібастұз қаласының әкімдігі арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
Тармақ 23
23. Мемлекеттік мекеме мен тиісті саланың уәкілетті органы арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
Тарау 4. 4-тарау. «Екібастұз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі
4-тарау. «Екібастұз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі
Тармақ 24
24. Мемлекеттік мекеменің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Мемлекеттік мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 25
25. Мемлекеттік мекемеге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 26
26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, мемлекеттік мекеме өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5-тарау. «Екібастұз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы
бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. «Екібастұз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы
бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 27
27. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.