Об утверждении Правил определения стоимости исследований, консалтинговых услуг и государственного задания Министерства туризма и спорта Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің және мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 34-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің және мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Экономика және қаржы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы бұйрықта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Мәдениет
және спорт министрі
2022 жылғы 14 шілдедегі
№ 188 Бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің және мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің және мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 34-бабы 5-тармағына сәйкес әзірленді және бюджеттік өтінімді қалыптастыру кезінде бюджет қаражаты есебінен зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер мен мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) зерттеулер – ғылыми қызмет нәтижелеріне қол жеткізу мақсатында заңды және жеке тұлғалар жүзеге асыратын әлеуметтанушылық, талдамалық, қолданбалы, іргелі, стратегиялық ғылыми зерттеулер;
Тармақша 2
2) консалтингтік көрсетілетін қызметтер – мемлекеттік орган қызметінің процесінде туындайтын проблемаларды, мүмкіндіктерді айқындау және бағалау не ахуалды егжей-тегжейлі талдау, жұмыстың қаржылық және басқарушылық тиімділігін арттыру үшін кейінгі іс-қимылдарды түзету бойынша тиімді ұсынымдар әзірлеу жөніндегі көрсетілетін қызметтер;
Тармақша 3
3) мемлекеттік тапсырма – жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитетіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитетіне, «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркіне, дербес білім беру ұйымдарына және олардың ұйымдарына, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын «Елбасы Aкадемиясы» корпоративтік қорына, жекелеген мемлекеттік қызметтер көрсетуге, бюджеттік инвестициялық жобаларды iске асыруға және мемлекеттің әлеуметтiк-экономикалық тұрақтылығын және (немесе) әлеуметтік-мәдени дамуын қамтамасыз етуге бағытталған басқа да мiндеттердi орындауға арналған тапсырыс.
Тарау 2. 2-тарау. Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер мен мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау тәртібі
2-тарау. Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер мен мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау тәртібі
Тармақ 3
3. Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер мен мемлекеттік тапсырманың құны тікелей және жанама шығыстардың сомасы негізге ала отырып, мынадай формуламен айқындалады:
Қ = ТШ+ЖШ, мұндағы:
Қ – зерттеулер, консалтингтік қызметтер көрсету және мемлекеттік тапсырманың құны;
ТШ – тікелей шығыстар;
ЖШ – жанама шығыстар (әкімшілік шығындар).
Тармақ 4
4. Зерттеу, консалтингтік көрсетілетін қызметтер мен мемлекеттік тапсырманың құнына мынадай шығындар:
Тармақша 1
1) ықтимал шығындарға резервтер қалыптастыру;
Тармақша 2
2) өткен кезеңдердің өзге де борыштары мен залалдарын жабу;
Тармақша 3
3) демеушілік көмек;
Тармақша 4
4) өз кірісінен шығыстары;
Тармақша 5
5) жарғылық капиталды ұлғайту;
Тармақша 6
6) негізгі құралдарды сатып алу бойынша шығыстар және амортизация шығыстары.
Тарау 3. 3-тарау. Зерттеулердің және консалтингтік көрсетілетін қызметтердің құнын айқындауға арналған шығындардың түрлері
3-тарау. Зерттеулердің және консалтингтік көрсетілетін қызметтердің құнын айқындауға арналған шығындардың түрлері
Тармақ 5
5. Тікелей шығыстар зерттеулер мен консалтингтік көрсетілетін қызметтер жүргізумен байланысты мынадай шығыстарды:
Тармақша 1
1) салықтарды және басқа да міндетті аударымдарды ескере отырып, өндірістік персоналдың еңбегіне ақы төлеу бойынша шығыстары;
Тармақша 2
2) тікелей шығыстар бойынша салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдері;
Тармақша 3
3) өндірістік персоналдың іссапар шығыстарын;
Тармақша 4
4) сыртқы сарапшыларды тартуды;
Тармақша 5
5) супервайзерлердің немесе жеке тұлғалардың қызметтері (жаппай сауалнамалар, терең сұхбат, кабинеттік зерттеулер жүргізу, фокус-топтар үшін);
Тармақша 6
6) өңдеу қызметтері (деректерді енгізу, сауалнамаларды кодтау, статистикалық өңдеудің арнайы бағдарламасында деректерді өңдеу);
Тармақша 7
7) тауарлық-материалдық қорларды сатып алуды;
Тармақша 8
8) байланыс және интернет қызметтерін;
Тармақша 9
9) көлік қызметтерін;
Тармақша 10
10) полиграфиялық шығыстарды;
Тармақша 11
11) курьерлік және пошталық қызметтері (материалдарды тарату);
Тармақша 12
12) жалға беру қызметтерін;
Тармақша 13
13) мемлекеттік органдардың ақпараттық дерекқорына қол жеткізуді;
Тармақша 14
14) аударма қызметтерін қамтиды.
Тармақ 6
6. Жанама шығыстар (әкімшілік шығыстар) көрсетілетін қызметтердің өзіндік құнына жатпайды және мынадай шығыстарды:
Тармақша 1
1) салықтарды және басқа да міндетті аударымдарды ескере отырып, әкімшілік-басқару персоналының еңбегіне ақы төлеу жөніндегі шығыстарды;
Тармақша 2
2) жанама шығыстар бойынша салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді;
Тармақша 3
3) әкімшілік-басқару персоналының іссапар шығыстары;
Тармақша 4
4) коммуналдық қызметтерді;
Тармақша 5
5) өкілдік шығыстарды;
Тармақша 6
6) банктік қызметтерді;
Тармақша 7
7) нотариалдық қызметтерді қамтиды.
Тарау 4. 4-тарау. Мемлекеттік тапсырманың құнын айқындауға
арналған шығыстардың түрлері
4-тарау. Мемлекеттік тапсырманың құнын айқындауға
арналған шығыстардың түрлері
Тармақ 7
7. Тікелей шығындар мемлекеттік тапсырманы жүргізуге байланысты мынадай шығыстарды:
Тармақша 1
1) салықтарды және басқа да міндетті аударымдарды ескере отырып, өндірістік персоналдың еңбегіне ақы төлеу жөніндегі шығыстарды;
Тармақша 2
2) тікелей шығыстар бойынша салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді;
Тармақша 3
3) өндірістік персоналдың, сондай-ақ шақырылған адамдардың іссапар шығыстарын;
Тармақша 4
4) техникалық қадағалау бойынша инженерлік қызметтер, авторлық және сабақтас құқықтар бойынша шығыстарын;
Тармақша 5
5) тауар-материалдық қорларды (жанар-жағармай материалдарын, шаруашылық материалдарын, кеңсе керек-жарақтарын, дәрі-дәрмектерді, оқу процесін жүзеге асыруға арналған материалдарды) сатып алуды;
Тармақша 6
6) байланыс, интернет қызметтеріне, пошта қызметтері, смс-тарату, хостинг алаңы;
Тармақша 7
7) жалға алу бойынша қызметтерді;
Тармақша 8
8) веб-сайтты, веб-платформаларды әзірлеуге, доменді және хостингті жалға алуға және оларды техникалық сүйемелдеуге және техникалық қолдауға арналған шығыстар;
Тармақша 9
9) мемлекеттік тапсырма шеңберінде іс-шараларды орындау үшін жеке және заңды тұлғалардың қызметтерін;
Тармақша 10
10) өндірістік үй-жайлардың коммуналдық қызметтерін;
Тармақша 11
11) шетелдік іссапарлар кезіндегі өмірді сақтандыру;
Тармақша 12
12) өкілдік шығыстар;
Тармақша 13
13) дизайнер және типография қызметтер;
Тармақша 14
14) көлік және логистикалық қызметтер;
Тармақша 15
15) зияткерлік меншікке авторлық және лицензиялық құқықтарды сатып алуды;
Тармақша 16
16) конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, форумдар және басқа да осыған ұқсас іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу;
Тармақша 17
17) білім беру курстарын, семинар-тренингтерді, білім беру іс-шараларын, тікелей эфирлерді ұйымдастыру және өткізу;
Тармақша 18
18) жобаларды ақпараттық жария ету жөніндегі қызметтерді;
Тармақша 19
19) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларына сәйкес әлеуметтік көмек көрсетілетін білім алушыларға әлеуметтік көмек беру;
Тармақша 20
20) мектеп-интернаттарда оқитын, дарынды балаларға арналған тамақтандыру қызметтерін;
Тармақша 21
21) іс-шаралардың бейне мазмұнын жасау бойынша қызметтерді;
Тармақша 22
22) визалық қолдау көрсету жөніндегі қызметтерді қамтиды.
Тармақ 8
8. Жанама шығыстар (әкімшілік шығындар) мемлекеттік тапсырманы іске асыруға тікелей жатқызуға болмайтын, өндірістік процеске байланысты емес шығыстардан басқа шығыстардың барлық басқа түрлерінің сомасын қамтиды.
Тармақ 9
9. Мемлекеттік тапсырманы орындауға арналған жанама шығыстарға (әкімшілік шығыстарға) мыналар жатады:
Тармақша 1
1) салықтарды және басқа да міндетті аударымдарды ескере отырып, әкімшілік-басқару персоналының еңбегіне ақы төлеу жөніндегі шығыстар;
Тармақша 2
2) жанама шығыстар бойынша салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер;
Тармақша 3
3) коммуналдық қызметтер;
Тармақша 4
4) әкімшілік-басқару персоналына арналған іссапар шығыстары;
Тармақша 5
5) банктік қызметтер;
Тармақша 6
6) пошталық және курьерлік қызметтер;
Тармақша 7
7) өртке қарсы және күзет қызметтер;
Тармақша 8
8) негізгі құралдарды ағымдағы жөндеу және қызмет көрсету;
Тармақша 9
9) аудиторлық шығыстар;
Тармақша 10
10) сақтандыру;
Тармақша 11
11) консультациялық шығыстар;
Тармақша 12
12) мерзімді баспасөз басылымдарына және өзге де бұқаралық ақпарат құралдарына (интернет басылымдар) жазылу қызметтер;
Тармақша 13
13) құжаттар мен архивтерді тігу/ғылыми-техникалық өңдеу қызметтері;
Тармақша 14
14) біліктілікті арттыру бойынша қызметтерді;
Тармақша 15
15) мүлікті бағалауды қамтиды.
Тарау 5. 5-тарау. Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер
мен мемлекеттік тапсырманың сметалық есептері
5-тарау. Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер
мен мемлекеттік тапсырманың сметалық есептері
Тармақ 10
10. «Өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу» 159 экономикалық сыныптаманың ерекшелігі бойынша мемлекеттік тапсырманы орындау жөніндегі сметалық есептер Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10007 болып тіркелген) Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларының 49-қосымшасына сәйкес құрылады.
«Консалтингтік қызметтер мен зерттеулерге ақы төлеу» 156 және «Ғимараттардың, құрылыстардың, беру құрылғыларының үй-жайларын күрделі жөндеу» 421 экономикалық сыныптаманың ерекшеліктері бойынша консалтингтік қызметтер мен мемлекеттік тапсырма бойынша сметалық есептер еркін нысанда құрылады.
Тармақ 11
11. Сметалық есептерде көзделген жанама шығыстар (әкімшілік шығыстар) мемлекеттік тапсырмаларды орындайтын заңды тұлғалардың Даму жоспарларында көзделген жалпы шығыстар сомасының пайыздық арақатынасы арқылы есептеледі.
Тармақ 12