Об утверждении Положения о порядке аккредитации иностранных граждан и лиц без гражданства, занимающихся миссионерской деятельностью Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.04.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Миссионерлiк қызметпен айналысатын шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды тiркеу тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 27.04.2001 № 568 қаулысымен. Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған Миссионерлiк қызметпен айналысатын шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды тiркеу тәртiбi туралы ереже бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Облыстардың, Ақмола және Алматы қалаларының әкiмдерi бiр апта мерзiм iшiнде жауапты адамдарды белгiлесiн және миссионерлiк қызметпен айналысатын шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды тiркеудi жүзеге асыру жөнiнде шаралар қабылдасын.
Басқа 3. Миссионерлiк қызметпен айналысатын шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды тiркеу тәртiбi туралы ЕРЕЖЕ
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 21 қыркүйектегi N 1362 қаулысымен бекiтiлген Миссионерлiк қызметпен айналысатын шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды тiркеу тәртiбi туралы ЕРЕЖЕ
Тарау i. I. Жалпы ережелер
I. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы ереже Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (жалпы бөлiм) және "Дiни сенiм бостандығы және дiни бiрлестiктер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасына миссионерлiк қызметтi жүзеге асыру үшiн заңдарда белгiленген тәртiппен келген шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар тiркеуге жатады.
Тармақ 3
3. Миссионерлiк қызметпен айналысатын шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды тiркеудi жергiлiктi атқарушы органдар жүргiзедi.
Тармақ 4
4. Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың тiркелмеген миссионерлiк қызметiне тыйым салынады.
Тарау ii. II. Тiркеу тәртiбi
II. Тiркеу тәртiбi
Тармақ 5
5. Миссионерлiк қызметтi жүзеге асыру үшiн шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар жергiлiктi атқарушы органға мынадай құжаттарды ұсынады: дiни сенiмге тиiстiлiгi, миссионерлiк қызметтiң аумағы мен мерзiмi көрсетiлген өтiнiш; дiни ұйым берген сенiм хат; тiркеу туралы ресмилендiрiлген куәлiктiң немесе миссионер бiлдiрiп отырған дiни ұйымның, өз елiнiң заңдары бойынша ресми тiркелгенiн куәландыратын өзге құжаттың көшiрмесi. Аталған құжаттарды ұсынған кезде өтiнiш берушi паспортын немесе жеке басын куәландыратын басқа құжатты көрсетедi.
Тармақ 6
6. Миссионерлiк қызметпен айналысатын шетел азаматын немесе азаматтығы жоқ адамды тiркеу туралы шешiмдi жергiлiктi атқарушы орган осы Ереженiң 5-тармағында көрсетiлген құжаттар берiлген күннен бастап, бiр айдан аспайтын мерзiмде қабылдайды.
Тармақ 7
7. Ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасының заңдарына және осы Ережеге сай болған жағдайда жергiлiктi атқарушы орган тiркеу туралы тиiстi шешiм шығарады және миссионерлiк қызметпен айналысуға рұқсат қағаз бередi.
Тармақ 8
8. Рұқсат қағаз мыналарды қамтуға тиiс: тiркеу нөмiрi; рұқсат қағаз берiлген күн; миссионердiң тегi, аты; дiни бiрлестiкке тиесiлiгi; рұқсат қағаз қолданылатын аумақ; рұқсат қағаздың қолданылу мерзiмi.
Тармақ 9
9. Егер миссионерлiк қызметтiң нысанасы мен мақсаттары Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келетiн болса, тiркеуден бас тартылуы мүмкiн.
Тармақ 10
10. Рұқсат қағаз жоғалған жағдайда, миссионердiң өтiнiшi бойынша жергiлiктi атқарушы орган 10 күннiң iшiнде рұқсат қағаздың дубликатын бередi.
Тармақ 11
11. Егер жалған мәлiметтердi қамтитын құжаттар тапсырылғаны немесе миссионерлiк қызметтiң қолданылып жүрген заңдарға қайшы келетiнi анықталса, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар тiркеуден айырылуы мүмкiн.
Тармақ 12
12. Миссионерлiк қызметпен айналысатын шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының заңдарын бұзған жағдайда, олар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапқа тартылады.