О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы Министра иностранных дел Республики Казахстан Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) «Қосылған құн салығын қайтару бойынша шектеулер белгіленетін Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерінің, шет мемлекеттің консулдық мекемелерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 11-1-4/66-1 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16585 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 436-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген қосылған құн салығын қайтару бойынша шектеулер белгіленетін Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерінің, шет мемлекеттің консулдық мекемелерінің тізбесінде: 2-реттік нөмір мынадай редакцияда жазылсын: « 2. Аустрия Республикасының Елшілігі Әкімшілік-техникалық персоналға ҚҚС-ты қайтару жүргізілмейді. »; 4-реттік нөмір мынадай редакцияда жазылсын: « 4. Бель­гия Ко­роль­ді­гі­нің Ел­ші­лі­гі 1. Кү­ніне бір шот-фак­ту­ра бой­ын­ша са­тып алу со­ма­сы­на тө­мен­гі шек ҚҚС-сыз 125 еуро. ҚҚС-ты қай­та­ру ке­ле­сі жағ­дай­лар­да жүр­гі­зі­ле­ді: ре­сми пай­да­ла­ну­ға ар­нал­ған ғи­ма­рат­ты са­тып ал­ған­да (ҚР СІМ-мен ке­лі­сім бой­ын­ша); азық-тү­лік өнім­де­рі (ре­сми қа­был­да­у­лар ке­зін­де та­мақ­пен қам­та­ма­сыз еті­л­ген жағ­дай­да); Ди­пло­ма­ти­я­лық мис­сия пай­да­ла­на­тын ком­му­нал­дық қыз­мет­тер үшін; ше­тел тіл­де­рі кур­ста­ры­на ақы тө­ле­ге­ні үшін. 2. ҚҚС-ты қай­та­ру жүр­гі­зіл­мей­ді: та­мақ өнім­де­рі (ре­сми қа­был­да­у­лар ке­зін­де та­мақ­пен қам­та­ма­сыз ету жағ­дай­ла­рын қо­с­па­ған­да); жал­ға алын­ған пәтер­лер­де­гі жөн­деу-құ­ры­лыс жұ­мыста­ры (бас­қа шет мем­ле­кет­тер­дің ди­пло­ма­ти­я­лық және олар­ға те­ңе­сті­рі­л­ген өкіл­дік­те­рі­нің, шет мем­ле­кет­тер­дің кон­сул­дық ме­ке­ме­ле­рі­нің, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да ак­кре­дит­тел­ген (бұ­дан әрі – ти­ісін­ше Өкіл­дік­тің бас­шы­сы және Кон­сул­дық ме­ке­ме­нің бас­шы­сы); ту­ри­стік агент­тіктер­дің қыз­мет­те­рі; банк және қар­жы опе­ра­ци­я­ла­ры; фаб­ри­ка­лық те­ме­кі, аң­шы­лық және спорт­тық мы­л­тық, өзін-өзі қор­ғау мақ­са­тын­да­ғы қа­ру, ұшақ­тар, ях­та­лар, ке­ме­лер, қай­ық­тар, кем­пинг­тік ав­то­мо­биль­дер, са­я­хат­қа ар­нал­ған тір­ке­ме­лер. 1. Кү­ніне бір шот-фак­ту­ра бой­ын­ша са­тып алу со­ма­сы­на тө­мен­гі шек ҚҚС-сыз 125 еуро. ҚҚС-ты қай­та­ру 1 ди­пло­мат­қа неме­се әкім­ші­лік қыз­мет­кер­ге қа­ты­сты жүр­гі­зі­ле­ді: спирт­тік ішім­дік­тер (22%-дан астам ал­ко­голь) – жы­лы­на 90 литр; ша­рап (22% – дан аз ал­ко­голь) – жы­лы­на 450 литр; те­ме­кі өнім­де­рі –жы­лы­на 8000 да­на те­ме­кі. ҚҚС-ты қай­та­ру жа­нар­май үшін жүр­гі­зі­ле­ді: Өкіл­дік бас­шы­сы үшін бі­рін­ші ав­то­мо­биль – жы­лы­на 5000 литр, екін­ші­сі – жы­лы­на 5000 литр; ди­пло­мат­тар мен әкім­ші­лік қыз­мет­кер­лер үшін: бі­рін­ші ав­то­мо­биль – жы­лы­на 5000 литр, екін­ші­сі – жы­лы­на 5000 литр. 2. ҚҚС-ты қай­та­ру жүр­гі­зіл­мей­ді: ком­му­нал­дық қыз­мет­тер (су, газ, электр энер­ги­я­сы, те­ле­фон, жы­лы­ту), та­мақ өнім­де­рі; қо­нақ үй­лер­де, ка­фе­лер­де, мей­рам­ха­на­лар­да та­мақ­та­ну; қо­нақ үй­лер­де тұ­ру бой­ын­ша қыз­мет­тер; те­ле­фон­ды қо­су; ту­ри­стік агент­тіктер­дің қыз­мет­те­рі; банк және қар­жы опе­ра­ци­я­ла­ры; фаб­ри­ка­лық те­ме­кі, аң­шы­лық және спорт­тық мы­л­тық, өзін-өзі қор­ғау мақ­са­тын­да­ғы қа­ру, ұшақ­тар, ях­та­лар, ке­ме­лер, қай­ық­тар, кем­пинг­тік ав­то­мо­биль­дер, са­я­хат­қа ар­нал­ған тір­ке­ме­лер. »; 18 және 19-реттік нөмірлер мынадай редакцияда жазылсын: « 18. Ита­лия Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ел­ші­лі­гі 1. Са­тып алу­дың бір шот-фак­ту­ра бой­ын­ша тө­мен­гі ше­гі­нің жал­пы со­ма­сы - 310 еуро. 2. ҚҚС-ты қай­та­ру бас­қа ұй­ым­дар­ға неме­се же­ке тұ­лға­лар­ға пай­да­ла­ну­ға бе­рі­л­ген та­у­ар­лар, жұ­мыстар, қыз­мет­тер үшін жүр­гі­зіл­мей­ді. 1. Са­тып алу­дың бір шот-фак­ту­ра бой­ын­ша тө­мен­гі ше­гі­нің жал­пы со­ма­сы - 310 еуро. 2. ҚҚС-ты қай­та­ру бас­қа ұй­ым­дар­ға неме­се же­ке тұ­лға­лар­ға пай­да­ла­ну­ға бе­рі­л­ген та­у­ар­лар, жұ­мыстар, қыз­мет­тер үшін жүр­гі­зіл­мей­ді. 19. Ка­на­да Ел­ші­лі­гі 1. Өкіл­дік­ке ҚҚС-ты қай­та­ру, егер Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы ау­ма­ғын­да ре­сми түр­де са­тып алын­ған та­у­ар­лар­дың, орын­дал­ған жұ­мыстар­дың, көр­се­ті­л­ген қыз­мет­тер­дің, ҚҚС-ты қо­са ал­ған­да, әр­бір шот-фак­ту­ра­сы­ның со­ма­сы 120 АҚШ дол­лар­дан аса­тын бол­са, жүр­гі­зі­ле­ді. 1. Бір­ге тұ­ра­тын олар­дың жұ­бай­ла­рын қо­са ал­ған­да, ди­пло­ма­ти­я­лық пер­со­нал мү­ше­ле­ріне ҚҚС-ты қай­та­ру, егер Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы ау­ма­ғын­да же­ке және от­ба­сы­лық пай­да­ла­ну үшiн са­тып алын­ған та­у­ар­лар­дың, көр­се­ті­л­ген қыз­мет­тер­дің, орын­дал­ған жұ­мыстар дың со­ма­сы, әр же­ке шот-фак­ту­ра­да ҚҚС-ты қо­са ал­ған­да 80 АҚШ дол­ла­ры­нан асып кет­се, жүр­гі­зі­ле­ді. »; 22-реттік нөмір мынадай редакцияда жазылсын: « 22. Қы­тай  Ха­лық Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ел­ші­лі­гі Қы­тай  Ха­лық Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Бас кон­сул­ды­ғы (Ал­ма­ты қ.) 1. Са­тып алын­ған та­у­ар­лар мен ком­му­нал­дық қыз­мет­тер үшін бір шот-фак­ту­ра бой­ын­ша тө­мен­гі ше­гі­нің жал­пы со­ма­сы – 17 АЕК. 2. Көр­се­ті­л­ген қыз­мет­тер үшін бір шот-фак­ту­ра бой­ын­ша тө­мен­гі ше­гі­нің жал­пы со­ма­сы – 8 АЕК. 3. ҚҚС-ты қай­та­ру ком­му­нал­дық қыз­мет­тер (су; электр энер­ги­я­сы; тұр­мыстық газ; жы­лы­ту; те­ле­фон бай­ла­ны­сы; жөн­деу жұ­мыста­ры және бас­қа­ла­ры) үшін шек­те­у­сіз жүр­гі­зі­ле­ді. 1. Са­тып алын­ған та­у­ар­лар мен ком­му­нал­дық қыз­мет­тер үшін бір шот-фак­ту­ра бой­ын­ша тө­мен­гі ше­гі­нің жал­пы со­ма­сы – 17 АЕК. 2. Көр­се­ті­л­ген қыз­мет­тер үшін бір шот-фак­ту­ра бой­ын­ша тө­мен­гі ше­гі­нің жал­пы со­ма­сы – 8 АЕК. 3. ҚҚС-ты қай­та­ру ком­му­нал­дық қыз­мет­тер (су; электр энер­ги­я­сы; тұр­мыстық газ; жы­лы­ту; те­ле­фон бай­ла­ны­сы; жөн­деу жұ­мыста­ры және бас­қа­ла­ры) үшін шек­те­у­сіз жүр­гі­зі­ле­ді. »; мынадай мазмұндағы 43, 44, 45, 46, 47 және 48-реттік нөмірлермен толықтырылсын: « 43. Пәкі­стан  Ис­лам Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ел­ші­лі­гі 1. Бір шот-фак­ту­ра бой­ын­ша тө­мен­гі ше­гі - 8 АЕК. 2. ҚҚС-ты қай­та­ру тек ре­сми мақ­сат­та пай­да­ла­ну үшін са­тып ал­ған та­у­ар­лар, орын­дал­ған жұ­мыстар, көр­се­ті­л­ген қыз­мет­тер үшін жүр­гі­зі­ле­ді. Бір шот-фак­ту­ра бой­ын­ша тө­мен­гі шек - 8 АЕК. 44. Дү­ни­е­жү­зі­лік ден­са­улық сақ­тау ұй­ы­мы­ның ме­ди­ци­на­лық-са­ни­та­ри­я­лық ал­ғаш­қы кө­мек жө­нін­де­гі Ал­ма­ты қа­ла­сын­да­ғы гео­гра­фи­я­лық жа­ғы­нан қа­шық ор­на­лас­қан офи­сі 1. Бір шот-фак­ту­ра бой­ын­ша тө­мен­гі шек - 8 АЕК. 2. ҚҚС-ты қай­та­ру жы­л­жы­ма­лы және жы­л­жы­май­тын мү­лік­ті қыз­мет­тік мақ­сат­та са­тып алу ке­зін­де ға­на, ҚР Сырт­қы іс­тер ми­ни­стр­лі­гі­нің ше­ші­мі бой­ын­ша жүр­гі­зі­ле­ді. ҚҚС-ты қай­та­ру тек офис бас­шы­сы мен оның от­ба­сы мү­ше­ле­рі үшін жүр­гі­зі­ле­ді. 45. Ха­лы­қа­ра­лық Қы­зыл Крест ко­ми­те­ті өкіл­ді­гі (ХҚКК) 1. Бір шот-фак­ту­ра бой­ын­ша тө­мен­гі шек – 8 АЕК. 2. ХҚКК мен оның Өкіл­ді­гі­нің қыз­мет­тік пай­да­ла­нуы­на және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да гу­ма­ни­тар­лық кө­мек көр­се­ту жө­нін­де­гі ХҚКК бағ­дар­ла­ма­ла­рын жү­зе­ге асы­ру­ға ар­нал­ған қыз­мет көр­се­ту­лер­ді және заттар­ды са­тып ал­ға­ны үшін бо­лу мем­ле­ке­т­ін­де алы­на­тын са­лық­тар­дың бар­лық түр­ле­рі­нен боса­ты­ла­ды. ҚҚС-ты қай­та­ру Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы аза­мат­та­ры бо­лып та­бы­ла­тын неме­се Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да тұ­рақ­ты тұ­ра­тын ХҚКК Өкіл­ді­гі­нің мү­ше­ле­рін қо­с­па­ған­да, ХҚКК Өкіл­ді­гі­нің мү­ше­ле­ріне, олар­дың жұ­бай­ла­ры­на/зай­ып­та­ры­на, олар­дың асы­ра­уын­да­ғы от­ба­сы мү­ше­ле­рі үшін жүр­гі­зі­ле­ді. 46. Өзбек­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ал­ма­ты қа­ла­сын­да­ғы Бас кон­сул­ды­ғы. 1. Бір шот-фак­ту­ра бой­ын­ша тө­мен­гі шек – 55 АҚШ дол­ла­ры. 2. ҚҚС-ты қай­та­ру су; электр энер­ги­я­сы; тұр­мыстық газ; жы­лы­ту; жөн­деу жұ­мыста­ры үшін шек­те­у­сіз жүр­гі­зі­ле­ді. 47. Өзбек­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ақ­тау қа­ла­сын­да­ғы Бас кон­сул­ды­ғы. 1. Бір шот-фак­ту­ра бой­ын­ша тө­мен­гі шек – 55 АҚШ дол­ла­ры. 2. ҚҚС-ты қай­та­ру су; электр энер­ги­я­сы; тұр­мыстық газ; жы­лы­ту; жөн­деу жұ­мыста­ры үшін шек­те­у­сіз жүр­гі­зі­ле­ді. ».
Тармақша 2
2) «Қосылған құн салығын қайтару жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерінің, шет мемлекеттің консулдық мекемелерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 11-1-4/66-2 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16586 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген қосылған құн салығын қайтару жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерінің, шет мемлекеттің консулдық мекемелерінің тізбесі: мынадай мазмұндағы 45-1 тармақпен толықтырылсын: «45-1. Пәкістан Ислам Республикасының Елшілігі.»; мынадай мазмұндағы 73-1, 73-2 және 73-3 тармақтармен толықтырылсын: «73-1. Өзбекстан Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығы.»; «73-2. Өзбекстан Республикасының Ақтау қаласындағы Бас консулдығы.»; «73-3. Тәжікстан Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығы.»; мынадай мазмұндағы 80-1 тармақпен толықтырылсын: «80-1. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының медициналық-санитариялық алғашқы көмек жөніндегі Алматы қаласындағы географиялық жағынан қашық орналасқан офисі.»; 84-тармақ алынып тасталсын; 89-тармақ алынып тасталсын; 96, 97 және 98-тармақтар алынып тасталсын; 100-тармақ алынып тасталсын; 103-тармақ алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы 104 тармақпен толықтырылсын: «104. Халықаралық Қызыл Крест комитеті өкілдігі.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі