Об утверждении тарифов для населения на сбор, транспортировку, сортировку и захоронение твердых бытовых отходов по Абайскому району Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Абай ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексінің 365-бабына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 31-бабына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Абай ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Абай аудандық мәслихатының келесі шешімдердің күші жойылды деп танылсын:
Тармақша 1
1) 2017 жылғы 16 наурыздағы № 14/148 «Абай қаласы, Абай ауданының Қарабас және Топар кенттері бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4214 болып тіркелген);
Тармақша 2
2) 2021 жылғы 18 наурыздағы № 4/49 «Абай аудандық мәслихатының 2017 жылғы 16 наурыздағы 14 сессиясының № 14/148 «Абай қаласы, Абай ауданының Қарабас және Топар кенттері бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6264 болып тіркелген).
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Абай ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жанауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер
Абай аудандық мәслихатының 2022 жылғы 30 маусымдағы № 25/249 шешіміне қосымша Абай ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жанауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер Ата­уы Жы­лы­на 1 тұр­ғын­ға жи­нақ­тау нор­ма­сы,м3 Есеп­тік бір­лік Қыз­мет құ­ны (қо­сы­л­ған құн са­лы­ғын­сыз), тең­ге Все­го, тен­ге Жинау, тасымал дау Жерлеу Сұрыптау Қосылған құн салығы жоқ Қосылған құн салығымен Абаттандырылған иеліктегі үй 1,96 1 тұрғыннан айына 291,05 269,38 54,57 615,00 713,40 Абаттандырылмаған иеліктегі үй 2,53 375,70 347,72 70,44 793,86 920,88 Заңды тұлғалар мен жеке тұлғалар үшін бірлікке (көлемге) жылдық тариф - 1 м3 1781,96 1649,25 334,11 3765,32 4367,77