Об утверждении перечня государственных ценных бумаг и других финансовых инструментов, в которые могут быть размещены временно свободные деньги жилищных строительных сберегательных банков Күшін жойған
Басқа 0
Тұрғын үй құрылыс жинақ банктерінің уақытша жұмсалмаған ақшалары орналастырылуы мүмкін мемлекеттік бағалы қағаздардың және басқа қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы
"Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылыс жинақ ақшасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Тұрғын үй құрылыс жинақ банктерінің уақытша жұмсалмаған ақшалары:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі, жергілікті атқару органдары, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған мемлекеттік бағалы қағаздарға;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі салымдарға;
Тармақша 3
3) агенттік облигацияларға орналастырылуы мүмкін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.
Тармақ 3
3. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарына, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріне және "Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсін.
Ұлттық Банк
Төрағасы