Об утверждении Методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" государственного учреждения "Аппарат Костанайского областного маслихата" Күшін жойған
Басқа 0
«Қостанай облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 5-тармағына, «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 13 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16299 болып тіркелген) сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Қостанай облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. «Қостанай облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі
Қостанай облыстық
мәслихатының
2022 жылғы 11 шілдедегі
№ 201 шешімімен
бекітілген
«Қостанай облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы «Қостанай облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 13 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың үлгілік әдістемесіне (бұдан әрі – Үлгілік әдістеме) сәйкес әзірленді (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16299 болып тіркелген) және мәслихат аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі – «Б» корпусының қызметшілері) қызметін бағалау тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Әдістемеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
Тармақша 1
1) тікелей басшы – дербес бағынысында болып табылатын бағаланушы қызметшіге қатысты тұлға;
Тармақша 2
2) жоғары тұрған басшы – дербес бағынысты болып табылатын, бағаланушы қызметшінің тікелей басшысына қатысты тұлға;
Тармақша 3
3) түйінді нысаналы индикаторлар (бұдан әрі – ТНИ) – мемлекеттік органның стратегиялық жоспарына сәйкес немесе «Б» корпусы қызметшісінің қызметінің ерекшелігін негізге ала отырып белгіленетін (процестік жұмысты қоспағанда) көрсеткіштер, оларға қол жеткізу олардың қызметінің тиімділігін куәландырады;
Тармақша 4
4) жеке жұмыс жоспары – «Б» корпусы қызметшісінің бағалау кезеңіне түйінді нысаналы индикаторлар қарастырылған және тікелей басшысымен бірлесіп құрылатын, жоғары тұрған басшымен бекітілген құжат;
Тармақша 5
5) құзыреттер – нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың жиынтығы;
Тармақша 6
6) мінез-құлық индикаторы – «Б» корпусы қызметшісінің мінез-құлық және құзыреттер деңгейі көрінісінің сипаттамасы.
Тармақ 3
3. «Б» корпусы қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмысының сапасы мен тиімділігін айқындау үшін өткізіледі.
Тармақ 4
4. «Б» корпусы қызметшісінің нақты лауазымға келу мерзімі үш айдан кем болған жағдайда соның ішінде әлеуметтік демалыстан шыққаннан немесе оқуды аяқтағаннан кейін, сондай-ақ сынақ мерзімінде бағалау өткізілмейді.
Бағалауды өткізу кезінде «Б» корпусы қызметшілері еңбек демалысында, жалақы сақталмайтын демалысында, уақытша еңбекке жарамсыздығы кезеңінде, іссапарда немесе тағылымдамада болғанда, сондай-ақ қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға жіберілгенде жұмысына қайта кіріскеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде бағалаудан өтеді.
Тармақ 5
5. Бағалауды өткізу үшін «Б» корпусы қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындауға және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды тұлғамен (бұдан әрі – уәкілетті тұлға) «Қостанай облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру-құқықтық, құжаттамалық қамтамасыз ету және кадр жұмысы бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) жұмыс органы болып табылатын Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылады.
Комиссияның құрамын уәкілетті тұлға айқындайды. Комиссия мүшелерінің саны кемінде 5 адамды құрайды.
Тармақ 6
6. Бағалау екі жеке бағыт бойынша жүргізіледі:
Тармақша 1
1) Түйінді нысаналы индикаторлар жетістіктерін бағалау;
Тармақша 2
2) «Б» корпусы қызметшілерінің құзыреттерін бағалау.
Тармақ 7
7. Түйінді нысаналы индикаторлар орындалуын бағалау нәтижелері бонустар төлеу, көтермелеу, ротациялау, мемлекеттік лауазымдардан төмендету немесе босату үшін шешім қабылдауға негіз болып табылады.
Құзыреттерді бағалау нәтижелері «Б» корпусы қызметшісінің қажетті құзыреттерін дамытуға негіз болып табылады. Бұл ретте, құзыреттерді бағалау нәтижелері бонустар төлеуге, көтермелеуге, ротациялауға, мемлекеттік лауазымдардан төмендетуге немесе босатуға әсер етпейді.
Тармақ 8
8. Бағалауға байланысты құжаттар бөлімде бағалау аяқталғаннан кейін үш жыл бойы сақталады.
Тарау 2. 2. ТНИ анықтау тәртібі
2. ТНИ анықтау тәртібі
Тармақ 9
9. Бағалау кезеңі басталғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде «Б» корпусы қызметшісінің түйінді нысаналы индикаторлары тікелей басшымен жеке жұмыс жоспарында осы Үлгілік әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес нысанда анықталады.
Тармақ 10
10. Тиісті ТНИ-мен жеке жұмыс жоспарын қалыптастырғаннан кейін ол бекіту үшін жоғары тұрған басшының қарауына енгізіледі.
Тармақ 11
11. «Б» корпусы қызметшісінің тікелей басшысы мемлекеттік органның бірінші басшысы болған жағдайда жеке жұмыс жоспары осы лауазымды тұлғамен бекітіледі.
Тармақ 12
12. Түйінді нысаналы индикаторлар осы Үлгілік әдістеменің 13-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмесе жоғары тұрған басшы жеке жұмыс жоспарын түзетуге қайтарады.
Жеке жұмыс жоспарын жоғары тұрған басшының қарауына қайта енгізу, түзетуге жолданған күннен бастап 2 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.
Тармақ 13
13. Түйінді нысаналы индикаторлар:
Тармақша 1
1) нақты (күтілетін оң өзгерістер көрсетіле отырып қол жеткізуге тиісті нәтиже анық белгіленеді);
Тармақша 2
2) өлшемді (түйінді нысаналы индикаторларды өлшеу үшін нақты критерийлер белгіленеді);
Тармақша 3
3) қолжетімді (түйінді нысаналы индикаторлар қолда бар ресурстарды, құзыреттер мен шектеулерді ескере отырып белгіленеді);
Тармақша 4
4) уақытпен шектеулі (түйінді нысаналы индикаторларға қол жеткізу мерзімі белгіленеді);
Тармақша 5
5) мемлекеттік органның стратегиялық мақсаттарын іске асыруға бағдарланған.
Тармақ 14
14. ТНИ саны 5 құрайды.
Тармақ 15
15. Жеке жоспар бөлімде сақталады.
Тарау 3. 3. ТНИ жетістігін бағалау тәртібі
3. ТНИ жетістігін бағалау тәртібі
Тармақ 16
16. Жеке жұмыс жоспарында көрсетілген түйінді нысаналы индикаторлар жетістігіне бақылау жүргізу мақсатында тікелей басшы түйінді нысаналы индикаторларда белгіленген жетістіктерге тоқсан сайын мониторинг жүргізеді.
Тоқсан сайынғы мониторинг қорытындысы бойынша тікелей басшы бағалауға жататын «Б» корпусы қызметшісіне түйінді нысаналы индикаторларға жету және сол үшін қажетті шаралар бойынша жазбаша ұсыныстар береді.
Тармақ 17
17. Бағалауды өткізу үшін «Б» корпусы қызметшісінің тікелей басшысы осы Үлгілік әдістеменің 2-қосымшасына сәйкес нысанда түйінді нысаналы индикаторлар бойынша бағалау парағын толтырады және оған қол қояды.
Тармақ 18
18. Жеке жұмыс жоспарының жүзеге асырылуын бағалау жеке жұмыс жоспары құрылған жыл қорытындысы бойынша түйінді нысаналы индикаторларды бағалау негізінде келесі тәртіпте жүзеге асырылады:
түйінді нысаналы индикаторлардың барлығы орындалған жағдайда «өте жақсы» баға қойылады;
түйінді нысаналы индикаторлардың санының 5-нен 4-і орындалған жағдайда «тиімді» баға қойылады;
түйінді нысаналы индикаторлардың санының 5-нен 3-і орындалған жағдайда «қанағаттанарлық» баға қойылады;
түйінді нысаналы индикаторлардың санының 5-нен 3-тен азы орындалған жағдайда «қанағаттанарлықсыз» баға қойылады.
Түйінді нысаналы индикаторлардың орындалуы жеке жоспарда қарастырылған барлық көрсеткіштердің толық орындалуын көздейді.
Тармақ 19
19. Бағалау парағы тікелей басшымен толтырылғаннан кейін, ол жоғары тұрған басшының қарауына енгізіледі.
Тармақ 20
20. «Б» корпусы қызметшісінің тікелей басшысы мемлекеттік органның бірінші басшысы болған жағдайда бағалау парағы оның қарауына енгізіледі.
Тармақ 21
21. «Б» корпусы қызметшісінің бағалау парағын қарау қорытындысы бойынша жоғары тұрған басшымен келесі шешімдердің бірі қабылданады:
Тармақша 1
1) бағалаумен келісу;
Тармақша 2
2) түзетуге жіберу.
Тармақ 22
22. Бағалау парағы түйінді нысаналы индикаторларға қол жеткізуін дәлелдейтін фактілердің жеткіліксіздігі немесе дәйексіздігі болған жағдайда түзетуге жолданады.
Тармақ 23
23. Бағалау парағын жоғары тұрған басшының қарауына қайта енгізу, оны түзетуге жолдағаннан кейін 2 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.
Тармақ 24
24. Жоғары тұрған басшымен бағалау парағына қол қойылғаннан кейін бөлім 2 жұмыс күнінен кешіктірмей оны Комиссияның қарауына ұсынады.
Тарау 4. 4. Құзыреттерді бағалау тәртібі
4. Құзыреттерді бағалау тәртібі
Тармақ 25
25. Құзыреттерді бағалау тікелей басшымен жүргізіледі және оның нәтижесі бойынша осы Үлгілік әдістеменің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бағалау парағы толтырылады.
Тармақ 26
26. Бағалау парағын толтыру барысында әр құзырет бойынша «Б» корпусы мемлекеттік лауазымдар санаттары үшін осы Үлгілік әдістеменің 4-қосымшасымен көзделген мінез-құлық индикаторларының жиынтығын басшылыққа алу қажет. Бір құзырет бойынша мінез-құлық индикаторларының саны оннан аспайды.
Тармақ 27
27. Қызметші құзыретінің даму деңгейі бағалау кезеңінде оның қызметінде көрінген мінез-құлық индикаторларының санымен келесі тәртіпте анықталады:
Тармақша 1
1) қызметшінің қызметінде белгілі бір құзыретпен көзделген мінез-құлық индикаторларының 3/4 немесе одан көбі байқалған жағдайда «күтілген нәтижеге сәйкес» бағасы қойылады;
Тармақша 2
2) қызметшінің қызметі нақты құзыретпен көзделген мінез-құлық индикаторларының 3/4-нен кеміне сәйкес келмесе, бағаланатын құзырет бойынша «күтілген нәтижеге сәйкес емес» бағасы қойылады.
Тармақ 28
28. Тікелей басшымен бағалау парағына қол қойылғаннан кейін бөлім 2 жұмыс күнінен кешіктірмей оны Комиссияның қарауына ұсынады.
Тарау 5. 5. Бағалау нәтижелерін Комиссиямен қарау және бағалау нәтижесіне шағымдану
5. Бағалау нәтижелерін Комиссиямен қарау және бағалау нәтижесіне шағымдану
Тармақ 29
29. Бөлім Комиссия төрағасының келісімімен бағалауды өткізу кестесін қалыптастырады және бағалауды өткізуге дейін жеті жұмыс күні аралығында бағалауды жүргізетін тұлғаларды бағалау жүргізу туралы хабарлайды.
Тармақ 30
30. Комиссияның отырысы оның құрамының кем дегенде үштен екісі қатысқан жағдайда өкілетті болып есептеледі.
Тармақ 31
31. Комиссияның төрағасын не мүшесін алмастыру комиссияны құру туралы өкімге өзгертулер енгізу арқылы уәкілетті тұлғаның шешімі бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 32
32. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады.
Тармақ 33
33. Дауыс беру қорытындысы Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, бағалау жөніндегі комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Тармақ 34
34. Комиссияның хатшысы кадрлық іс жүргізуді жүргізуге жауапты бөлімнің қызметкері (бұдан әрі – Комиссия хатшысы) болып табылады. Комиссия хатшысы дауыс беруге қатыспайды.
Тармақ 35
35. Бөлім Комиссия төрағасымен келісілген мерзімдерге Комиссия отырысының өткізілуін қамтамасыз етеді.
Тармақ 36
36. Бөлім Комиссияның отырысына келесі құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) толтырылған бағалау парақтарын;
Тармақша 2
2) осы Үлгілік әдістеменің 5-қосымшасына сәйкес Комиссия отырысының хаттамасының жобасын.
Тармақ 37
37. Комиссия бағалау нәтижелерін қарайды да келесі шешімдердің біреуін қабылдайды:
Тармақша 1
1) бағалау нәтижелерін бекіту;
Тармақша 2
2) бағалау нәтижелерін қайта қарау.
Тармақ 38
38. Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылданған жағдайда Комиссия бағалау нәтижесін түзетіп, оны хаттаманың «Бағалау нәтижелері комиссиямен түзетілуі (бар болған жағдайда)» графасында көрсетіледі.
Тармақ 39
39. Бағалаудың нәтижелері уәкілетті тұлғамен бекітіледі және осы Үлгілік әдістеменің 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тиісті хаттамасында тіркеледі.
Тармақ 40
40. Бөлім «Б» корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң екі жұмыс күні ішінде таныстырады.
Тармақ 41
41. «Б» корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша түрде жүргізіледі. Қызметші танысудан бас тартқан жағдайда, еркін түрде акт құрылып, бөлім басшысымен және мемлекеттік органның басқа екі қызметшісімен қол қойылған акт толтырылады.
Бұл ретте танысудан бас тартқан қызметшіге бағалау нәтижелері осы әдістеменің 40-тармағында көрсетілген мерзімдерде мемлекеттік органдардың интранет-порталы және/немесе мемлекеттік қызмет персоналы бойынша бірыңғай автоматтандырылған деректер базасы (ақпараттық жүйе) не электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы жіберіледі.
Тармақ 42
42. «Б» корпусы қызметшісінің Комиссия шешіміне шағымдануы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда немесе оның аумақтық департаментінде шешім шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Шағымдарды қарау қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган келесі шешімдердің біреуін қабылдайды:
Тармақша 1
1) мемлекеттік органға Комиссия шешімін жойып, «Б» корпусы қызметшісінің бағалау нәтижесін қайта қарау бойынша ұсыныс беру;
Тармақша 2
2) «Б» корпусы қызметшісінің бағалау нәтижесін қайта қараусыз қалдыру.
Тармақ 44
43. «Б» корпусы қызметшісі бағалау нәтижелеріне сот тәртібінде шағымдануға құқылы.