Об установлении водоохранных зон и полос водных объектов Павлодарской области и режима их хозяйственного использования Күшін жойған
Басқа 0
Павлодар облысы су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Су кодексінің 39-бабының 2), 2-1) тармақшаларына және 116-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы № 19-1/446 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11838 болып тіркелген) бекітілген Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу қағидаларының 5-тармағына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Павлодар облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. Павлодар облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылықта пайдалану режимі осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес Павлодар облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. «Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи ресурстар
министрлігі Су ресурстары комитетінің
Су ресурстарын пайдалануды реттеу
және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік
инспекциясы» Республикалық
мемлекеттік мекемесі
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау комитетінің Павлодар
облысының санитариялық-
эпидемиологиялық бақылау
департаменті» республикалық
мемлекеттік мекемесі
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрлігі
Экологиялық реттеу және бақылау
комитетінің Павлодар облысы
бойынша департаменті»
республикалық мемлекеттік мекемесі
Басқа 9. Павлодар облысы су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері
Павлодар облысы
әкімдігінің 2022 жылғы
11 шілдедегі № 197/2
қаулысына 1-қосымша
Павлодар облысы су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері
Р/с №
Су объектісінің атауы
Орналасқан жері
Су қорғау аймағының ауданы (гектар)
Су қорғау белдеуінің ауданы (гектар)
Су қорғау аймағының ені (метр)
Су қорғау белдеуінің ені (метр)
Павлодар қаласы
1
Ертіс өзені
Павлодар қаласы-оң жағалау
554
5666
105-4270
35-3210
2
Ертіс өзені
Павлодар қаласы-сол жағалау
58
3032
4293-5785
4223-5715
3
Қара Бидайық көлі
Павлодар қаласы
396,0150
26,6590
500
35
Павлодар қаласының ауылдық аймағы
4
Мойылды көлі
Мойылды ауылы
163,4
16,6
300
35
Екібастұз қаласының ауылдық аймағы
5
Шідерті өзені
Шідерті ауылы
16,9634
1,1789
500
35
6
Темірастау өзені
Төрт-Құдық ауылдық аймағы
554,3658
44,8152
254-500
35
Ақсу қаласының ауылдық аймағы
7
Ертіс өзені
Ақсу қаласының ауылдық аймағы
1242
59517
105-14290
35-13240
Ақтоғай ауданы
8
Ертіс өзені
Ақтоғай ауданы
8400
43997
115-11335
35-8200
Железин ауданы
9
Ертіс өзені
Железин ауданы
5700
8253
216-8232
36-7081
Ертіс ауданы
10
Ертіс өзені
Ертіс ауданы
11100
41842
59-8960
35-6265
11
Бірсуат өзені
Аманкелді
ауылдық аймағы – оң жағалау
14,2542
1,0231
500
35
12
Бірсуат өзені
Аманкелді
ауылдық аймағы – сол жағалау
13,8733
0,9952
500
35
Май ауданы
13
Ертіс өзені
Май ауданы
13500
73848
950-11926
880-10676
14
Кемертұз көлі
Май ауданы
103
21,8
500
100
15
Ащысу өзені
Май ауданы
162,7
16,3
500
55
Аққулы ауданы
16
Ертіс өзені
Аққулы ауданы
1000
44498
67-12332
35-11326
17
Тұз көлі
Аққулы ауданы
1259
195
500-1300
100
18
Қалатұз көлі
Аққулы ауданы
2570
40
500-3130
35
19
Қожа көлі
Аққулы ауданы
188
54
300-500
100
Тереңкөл ауданы
20
Ертіс өзені
Тереңкөл ауданы
9600
29323
45-11595
38-9210
Павлодар ауданы
21
Ертіс өзені
Павлодар ауданы
9046
55549
51-14002
35-10699
22
Маралды көлі
Павлодар ауданы
852,1
71,1
500
35
Баянауыл ауданы
23
Біржанкөл көлі
Құндыкөл ауылдық округі
81,5
7,5
500
35
24
Сабындыкөл көлі
Баянауыл ауылдық округі
495,6
37,7
500
35
25
Ақсор көлі
Баянауыл ауданы
212,4
23,88
300
35
26
Тұз көлі
Баянауыл ауданы
1797
160
500-2400
100
Шарбақты ауданы
27
Маралды көлі
Шарбақты ауданы
1006,4
80,3
500
35
28
Бура көлі
Шарбақты ауданы
351
17
500-570
35
Басқа 10. Павлодар облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылықта пайдалану режимі
Павлодар облысы әкімдігінің
2022 жылғы 11 шілдедегі
№ 197/2 қаулысына
2 – қосымша
Павлодар облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылықта пайдалану режимі
Тармақ 1
1. Су қорғау белдеулерінің шегінде жол берілмейді:
Тармақша 1
1) су объектілерінің сапалық және гидрологиялық жай-күйін нашарлататын (ластану, қоқыстану, сарқылу) шаруашылық қызметіне немесе өзге де қызметке;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Су кодексінің 145-1-бабында көрсетілген ережелерді, су шаруашылығы және су жинайтын құрылысжайлар мен олардың коммуникацияларын, көпірлерді, көпір құрылысжайларын, айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі қызметіне байланысты өзге де көліктік инфрақұрылым, кәсіпшілік балық өсіру, балық шаруашылығы технологиялық су айдындары объектілерін, жаңартылатын энергия көздерін (гидродинамикалық су энергиясын) пайдалану объектілерін, сондай-ақ су объектісіндегі рекреациялық аймақтарды қоспағанда, демалыс және (немесе) сауықтыру мақсатындағы ғимараттар мен құрылысжайларды салмай, ғимараттар мен құрылысжайларды салуға және пайдалануға;
Тармақша 3
3) бау-бақша егуге және саяжай салуға жер учаскелерін беруге;
Тармақша 4
4) су объектілерінің және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген қазіргі бар объектілерді пайдалануға;
Тармақша 5
5) жекелеген учаскелерді шалғындандыруға, егін егуге және ағаш отырғызуға арналған жерлерді өңдеуді қоспағанда, топырақ және өсімдік қабатын бұзатын жұмыстарды жүргізуге (оның ішінде жер жыртуға, мал жаюға, пайдалы қазбаларды өндіруге);
Тармақша 6
6) шатыр қалашықтарын, көлік құралдары үшін тұрақты тұрақтарды, малдың жазғы жайылым қостарын орналастыруға;
Тармақша 7
7) пестицидтер мен тыңайтқыштардың барлық түрлерін қолдануға тыйым салынады.
Тармақ 2
2. Су қорғау аймақтарының шегінде жол берілмейді:
Тармақша 1
1) су объектілерін және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беруге;
Тармақша 2
2) ғимараттарға, құрылыстарға, коммуникацияларға және басқа да объектілерге реконструкция жүргізуге, сондай-ақ құрылыс, су түбін тереңдету және жарылыс жұмыстарын жүргізуге, пайдалы қазбалар өндіруге, кәбіл, құбыр және басқа да коммуникацияларды төсеуге, белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдармен, бассейндік инспекциялармен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен және басқа да мүдделі органдармен келісілген жобасы жоқ бұрғылау, жер қазу және өзге де жұмыстар жүргізуге;
Тармақша 3
3) тыңайтқыштар, пестицидтер, мұнай өнімдерін сақтайтын қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету, оларды жуу пункттерін, механикалық шеберханаларды, тұрмыстық және өнеркәсіп қалдықтарын төгетін құрылғыны, аппаратураларды пестицидтермен толтыратын алаңдарды, авиациялық-химиялық жұмыстар жүргізуге арналған ұшу-қону жолақтарын орналастыруға және салуға, сондай-ақ судың сапасына кері әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға;
Тармақша 4
4) мал шаруашылығы фермалары мен кешендерін, сарқынды су жинағыштарды, сарқынды сумен суарылатын егістіктерді, зираттарды, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының микробпен ластану қаупіне себепші болатын басқа да объектілерді орналастыруға;
Тармақша 5
5) жүктелім нормасынан асырып мал жаюға, су тоғандарының режимін нашарлататын мал тоғыту мен санитариялық өңдеуге және шаруашылық қызметінің басқа да түрлеріне;
Тармақша 6
6) су көздеріндегі су кемерінен екі мың метрге жетпейтін қашықтықта орналасқан ауыл шаруашылығы дақылдары мен орман екпелерін пестицидтермен авиациялық өңдеу және авиация арқылы минералдық тыңайтқыштармен қоректендіру тәсілін қолдануға;
Тармақша 7
7) концентрациясының жол берілетін шегі белгіленбеген пестицидтерді қолдануға, қардың үстіне тыңайтқыш себуге, сондай-ақ залалсыздандырылмаған көң қосылған сарқынды суды және тұрақты хлорорганикалық пестицидтерді тыңайтқыш ретінде пайдалануға тыйым салынады.
Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған жағдайда уыттылығы әлсіз және орташа тұрақсыз пестицидтерді қолдануға жол беріледі.
Басқа 27. Павлодар облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
Павлодар облысы әкімдігінің
2022 жылғы 11 шілдедегі
№ 197/2 қаулысына
3 – қосымша
Павлодар облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
Тармақ 1
1. Павлодар облысы әкімдігінің 2008 жылғы 20 тамыздағы «Павлодар облысы шекараларындағы Ертіс өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы» № 219/8 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3124 болып тіркелген).
Тармақ 2
2. Павлодар облысы әкімдігінің 2009 жылғы 6 сәуірдегі «Павлодар және Ақсу қалаларының аумағындағы Ертіс өзенінің, Біржанкөл, Жасыбай, Сабындыкөль, Торайғыр, Маралды, және Мойылды көлдерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы» № 92/6 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3134 болып тіркелген).
Тармақ 3
3. Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы «Павлодар облысы әкімдігінің 2008 жылғы 20 тамыздағы «Павлодар облысы шекараларындағы Ертіс өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы» № 219/8 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» № 25/1 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4321 болып тіркелген).
Тармақ 4
4. Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 10 қарашадағы «Павлодар облысы әкімдігінің 2008 жылғы 20 тамыздағы «Павлодар облысы шекараларындағы Ертіс өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы» № 219/8 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» № 313/11 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4837 болып тіркелген).
Тармақ 5
5. Павлодар облысы әкімдігінің 2017 жылғы 17 наурыздағы «Павлодар облысы әкімдігінің 2008 жылғы 20 тамыздағы «Павлодар облысы шекараларындағы Ертіс өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы» № 219/8 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» № 63-1/2 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5482 болып тіркелген).