Об утверждении Перечня международных олимпиад по общеобразовательным предметам, международных конкурсов научных проектов и международных конкурсов исполнителей, спортивных соревнований, по которым победители и призеры (награжденные дипломами первой, второй и третьей степени) последних трех лет зачисляются с присуждением образовательного гранта в организации образования, реализующие образовательные программы высшего образования, и критерии их отбора Қолданыста
Басқа 0
Соңғы үш жылдағы жеңімпаздары мен жүлдегерлері (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына білім беру гранты беріле отырып қабылданатын жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың, ғылыми жобалардың халықаралық конкурстарының және орындаушылардың халықаралық конкурстарының, спорттық жарыстардың тізбесі мен оларды іріктеу өлшемшарттарын бекіту туралы
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 32) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Соңғы үш жылдағы жеңімпаздары мен жүлдегерлері (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына білім беру гранты беріле отырып қабылданатын жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың, ғылыми жобалардың халықаралық конкурстарының және орындаушылардың халықаралық конкурстарының, спорттық жарыстардың тізбесі;
Тармақша 2
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Соңғы үш жылдағы жеңімпаздары мен жүлдегерлері (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына білім беру гранты беріле отырып қабылданатын жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың, ғылыми жобалардың халықаралық конкурстарының және орындаушылардың халықаралық конкурстарының, спорттық жарыстардың тізбесіне Іріктеу өлшемшарттары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт вице-министрі
_______________ С. Жарасбаев
2022 жылғы «____»_____________
Басқа 1. Соңғы үш жылдағы жеңімпаздары мен жүлдегерлері (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына білім беру гранты беріле отырып қабылданатын жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың, ғылыми жобалардың халықаралық конкурстарының және орындаушылардың халықаралық конкурстарының, спорттық жарыстардың тізбесі
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
2022 жылғы 15 шілдедегі
№ 326 бұйрығына
1-қосымша
Соңғы үш жылдағы жеңімпаздары мен жүлдегерлері (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына білім беру гранты беріле отырып қабылданатын жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың, ғылыми жобалардың халықаралық конкурстарының және орындаушылардың халықаралық конкурстарының, спорттық жарыстардың тізбесі
Тарау 1
1-тарау. Жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар
№
Олимпиадалар атауы
1.
Математикадан халықаралық олимпиада (International Mathematical Olympiad (Интернейшэнал Математикал Олимпиад)
2.
Физикадан халықаралық олимпиада (International Physic Olympiad (Интернейшэнал Физик Олимпиад)
3.
Химиядан халықаралық олимпиада (International Chemistry Olympiad (Интернейшэнал Кэмистри Олимпиад)
4.
Биологиядан халықаралық олимпиада (International Biology Olympiad (Интернейшэнал Байолоджи Олимпиад)
5.
Географиядан халықаралық олимпиада (International Geography Olympiad (Интернейшэнал Джиографи Олимпиад)
6.
Информатикадан халықаралық олимпиада (International Olympiad in Informatic (Интернейшэнал Олимпиад Ин Информатик)
7.
Лингвистикадан халықаралық олимпиада (International Linguistic Olympiad (Интернейшэнал Лингуистик Олимпиад)
Тарау 2
2-тарау. Халықаралық спорттық жарыстар
№
Спорттық жарыстардың атауы
1.
Олимпиада ойындары
2.
Паралимпиада ойындары
3.
Сурдлимпиада ойындары
4.
Жасөспірімдер Олимпиада ойындары
5.
Олимпиадалық спорт түрлері бойынша Әлем чемпионаттары
6.
Дүниежүзілік жазғы және қысқы гимназиада
Тарау 3
3-тарау. Халықаралық орындаушылардың конкурстары
№
Халықаралық конкурстардың атауы
1.
Петр Чайковский атындағы Халықаралық жасөспірімдер байқауы Мәскеу қаласы (Ресей Федерациясы)
2.
Халықаралық жасөспірімдер вокалдық конкурсы Мәскеу қаласы (Ресей Федерациясы)
3.
Екатерина Максимова атындағы «Арабеск» ашық ресейлік балет әртістерінің байқауы, Пермь қаласы (Ресей Федерациясы)
4.
World Dance Council, World DanceSport Federation (Уорлд Дэнс Каунсл, Уорлд Дэнс-Спорт Федирэйшн) Халықаралық жарыстар федерациясы және турнирлер, International Dance Sport Union (Интернейшэнал Дэнс Спорт Юнион) Әлем Кубогы және Әлем чемпионаты кезеңдері
5.
«Витебскідегі Славян базары» халықаралық өнер фестивалі (Беларусь Республикасы)
6.
Бибігүл Төлегенова атыңдағы халықаралық вокалистер конкурсы (Алматы қаласы, Казақстан Республикасы)
Басқа 2. Соңғы үш жылдағы жеңімпаздары мен жүлдегерлері (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына білім беру гранты беріле отырып қабылданатын жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың, ғылыми жобалардың халықаралық конкурстарының және орындаушылардың халықаралық конкурстарының, спорттық жарыстардың тізбесіне Іріктеу өлшемшарттары
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
2022 жылғы 15 шілдедегі
№ 326 бұйрығына
2-қосымша
Соңғы үш жылдағы жеңімпаздары мен жүлдегерлері (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына білім беру гранты беріле отырып қабылданатын жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың, ғылыми жобалардың халықаралық конкурстарының және орындаушылардың халықаралық конкурстарының, спорттық жарыстардың тізбесіне Іріктеу өлшемшарттары
Тарау 1
1-тарау. Жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадаларды және орындаушылардың халықаралық конкурстарын, спорттық жарыстарды іріктеу мынадай өлшемшарттарға сәйкес жүзеге асырылады
Тармақ 1
1-параграф. Жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар:
№
Өлшемшарттардың атауы
1.
Қазақстан Республикасы құрама командасының халықаралық олимпиадаларының қағидаларына сәйкес ресми аккредиттеу рәсімі. Аккредиттеу-қатысушы елдің әлемдік деңгейдегі олимпиадаға қатысу алдындағы міндетті рәсімі.
Қазақстанның құрама командасы халықаралық олимпиаданы ұйымдастырушылар қойған квотаға сәйкес айқындалады. Әлемдік маңызы бар халықаралық олимпиаданың негізгі өлшемшарты - сандық құрамы ешқандай жағдайда өзгермейтін қатысушы елден бір құрама команданы ұсыну
2.
Құрама команданы республикалық бюджеттен қаржыландыру
3.
Барлық континенттер елдерінің қатысуы (35-тен астам қатысушы ел)
4.
Ұйымдастырушы елдің жыл сайын ауысуы
5.
Олимпиаданы 15 жыл бойы өткізуі (үзіліссіз)
6.
Қатысушы елдер санының ұлғаюы
7.
Бір елден бір құрама командадан артық болмауы
8.
Ұйымдастырушы елдің ресми сайтында жарияланған нәтижелердің орналастырылуы және оларды ұсынуы
Тармақ 1-1. 1-1-параграф. Ғылыми жобалардың халықаралық конкурстары
1-1-параграф. Ғылыми жобалардың халықаралық конкурстары
№
Өлшемшарттардың атауы
1.
Аккредиттеу – қатысушы елдер үшін әлемдік деңгейдегі ғылыми жобалардың халықаралық конкурстарына қатысу алдындағы міндетті рәсім.
Қазақстанның құрама командасы ғылыми жобалардың халықаралық конкурстарын ұйымдастырушылар қойған квотаға сәйкес қалыптастырылады. Әлемдік маңызы бар ғылыми жобалардың халықаралық конкурстарының негізгі өлшемшарты - сандық құрамы ешқандай жағдайда өзгермейтін қатысушы елден бір құрама команданы ұсыну
2.
Құрама команданы республикалық бюджеттен қаржыландыру
3.
Барлық континенттер елдерінің қатысуы (80-нен астам қатысушы ел)
4.
Ұйымдастырушы елдің жыл сайын ауысуы
5.
Олимпиаданы 15 жыл бойы өткізу (үзіліссіз)
6.
Қатысушы елдер санының ұлғаюы
7.
Бір елден бір құрама командадан артық болмау
8.
Ұйымдастырушы елдің ресми сайтында жарияланған нәтижелердің орналастырылуы және оларды ұсыну
Тармақ 2
2-параграф. Халықаралық спорттық жарыстар:
№
Өлшемшарттардың атауы
1.
Халықаралық спорт ұйымының (Халықаралық Олимпиада комитеті, Халықаралық Паралимпиада комитеті, Спорт түрлері бойынша халықаралық федерациялар және басқа халықаралық спорттық ұйымдар) өткізуі
2.
Барлық континенттер елдерінің қатысуы (200-ден астам қатысушы ел)
3.
Спортшылар (командалар) арасындағы спорт түрлері бойынша жарыстарға Шетелдік спортшылардың (командалар) қатысуы
4.
Бір елден бір құрама командадан артық болмауы
5.
Жарысты ұйымдастыру комитетінің ресми сайтында жарияланған нәтижелерді (хаттамаларды) орналастыру
Тармақ 3
3 -параграф. Орындаушылардың халықаралық конкурстары:
№
Өлшемшарттардың атауы
1.
Мемлекет атынан қатысушыларды республикалық бюджеттен қаржыландыру
2.
Конкурсқа кемінде 10 елдің қатысуы
3.
10 жыл бойы конкурс өткізу
4.
Қатысушы елдер санының ұлғаюы
5.
Ұйымдастырушы елдің ресми сайтында жарияланған нәтижелерді орналастыру және оларды ұсыну