Об утверждении Положения о государственном учреждении «Отдел архитектуры и градостроительства города Павлодара» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Павлодар қаласы сәулет және қала құрылысы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 2-тармағына, 37-бабының 8-тармағына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 18-бабы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» № 590 қаулысына сәйкес, Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес «Павлодар қаласы сәулет және қала құрылысы» мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Павлодар қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 08 шілдедегі «Павлодар сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» № 722/12 қаулысының күші жойылсын.
Тармақ 3
3. «Павлодар қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте: бір ай ішінде Ережені әділет органдарында мемлекеттік тіркеу; осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберілсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Х А. Хабылбековке жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 6. «Павлодар қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
Павлодар қаласы әкімдігінің 2022 жылғы «02» маусым № 915/2 қаулысымен бекітілді «Павлодар қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Павлодар қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыреті шегінде Павлодар қаласы аумағында сәулет және қала құрылысы қызметін мемлекеттік реттеуді, сәулеттік және қала құрылысы саласында мемлекеттік саясатты жүргізуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. «Павлодар қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ведомоствалары жоқ.
Тармақ 3
3. «Павлодар қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік -құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. «Павлодар қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрi және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 5
5. «Павлодар қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық - құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Тармақ 6
6. «Павлодар қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Тармақ 7
7. «Павлодар қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен «Павлодар қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. «Павлодар қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. «Павлодар қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімі» заңды тұлғасының орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140000, Павлодар қаласы, Кривенко көшесі, 25.
Тармақ 10
10. «Павлодар қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі: дүйсенбі – жұма күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі – жексенбі.
Тармақ 11
11. Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік тілдегі толық атауы: «Павлодар сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі; орыс тілінде: Государственное учреждение «Отдел архитектуры и градостроительства города Павлодара».
Тармақ 12
12. Осы Ереже құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 13
13. «Павлодар қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 14
14. «Павлодар қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау «Павлодар қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мақсаттары мен өкілеттіктері
2-тарау «Павлодар қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мақсаттары мен өкілеттіктері
Тармақ 15
15. Міндеттері:
Тармақша 1
1) сәулет және қала құрылысы қызметін мемлекеттік реттеу;
Тармақша 2
2) Павлодар қаласы аумағында мемлекеттік сәулет және қала құрылысы саясатын жүргізу;
Тармақша 3
3) Павлодар қаласының заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген бас жоспарын, заңнамада белгіленген тәртіппен қалаға ықпал ететін аймаққа жатқызылған іргелес аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасын (аудандық жоспарлау жобасын) іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіру;
Тармақша 4
4) қала шетінің және қала маңындағы аймақтардың шекараларын анықтау және өзгерту, сондай-ақ, қаланың әкімшілік бағыныстылығына берілген аудандық және елді мекендер шекаралары жобаларын әзірлеуді және қалалық мәслихаттың мақұлдауына енгізуді ұйымдастыру;
Тармақша 5
5) қаланы әлеуметтік-экономикалық дамыту бағдарламасының құрамында қала құрылыстық құжаттаманы әзірлеу.
Тармақ 16
16. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) құқықтары:
Тармақ 1.1
1.1. тиісті мемлекеттік органдарға қала құрылысы тәртібін, қолданыстағы сәулет заңнамасын, құрылыс салу нормалары мен ережелерін бұзған тұлғаларды заңнамамен белгіленген тәртіпте жауапкершілікке тарту туралы мәселелерді енгізу;
Тармақ 1.2
1.2. сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу;
Тармақ 1.3
1.3. пайдалануға енгізілген объектілерді (кешендерді) объектілерді қабылдау актілерін тіркеу және есеп жүргізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
Тармақ 1.4
1.4. «Павлодар қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттерді орындауға байланысты мәселелер бойынша өтеусіз негізде, мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан қажетті ақпараттарды, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрауға және алуға;
Тармақ 1.5
1.5. шарттарды, келісімдерді және өзге де заңды келісімдерді бекітуге.
Тармақша 2
2) міндеттері:
Тармақ 2.1
2.1. қала әкіміне объектілер мен кешендерді орналастыру, қала құрылысы мақсаттары үшін жер учаскелерін беру және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда оларды мемлекет мұқтажы үшін алып қою жөнінде ұсыныстар дайындау;
Тармақ 2.2
2.2. жобаларды мемлекеттік сараптаудың, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауының республикалық және аумақтық бөлімшелерімен, лицензиялау органдарымен сәулет және қала құрылысы қызметі саласындағы мемлекеттік, қоғамдық және жеке мүдделерді қорғау мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;
Тармақ 2.3
2.3. жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру;
Тармақ 2.4
2.4. мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгізу үшін белгіленген тәртіппен ақпарат және (немесе) мәліметтер беру;
Тармақ 2.5
2.5. қала әкіміне ведомстволық бағынысты аумақта құрылыс салу немесе өзге де қала құрылысын игеру үшін жер учаскелерін таңдау, беру, ал заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда мемлекет мұқтажы үшін алып қою жөнінде шешімдер қабылдау туралы ұсыныстар енгізу;
Тармақ 2.6
2.6. қала әкіміне құрылыстарды, үйлерді, ғимараттарды, инженерлік және көлік коммуникацияларын салу (кеңейту, техникамен қайта жарақтандыру, жаңғырту, қайта жаңарту, қалпына келтіру және күрделі жөндеу) туралы, сондай-ақ аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру мен көгалдандыру, құрылыстарды (объектілерді) консервациялау, жергілікті маңызы бар объектілерді постулизациялау жөнінде жұмыстар кешенін жүргізу туралы шешімдер қабылдау туралы ұсыныстар енгізу;
Тармақ 2.7
2.7. қаланың бас жоспарын, қала шегі мен қала маңы аймағының шекараларын белгілеу және өзгерту жобаларын әзірлеуге қатысу;
Тармақ 2.8
2.8. қала тұрғындарын жоспарланған құрылыс немесе өзге де қала құрылысындағы өзгерістер туралы хабардар ету;
Тармақ 2.9
2.9. қаланың заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген бас жоспарын, заңнамада белгіленген тәртіппен қалаға ықпал ететін аймаққа жатқызылған іргелес жатқан аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасын (аудандық жоспарлау жобасын) іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіруді ұйымдастыру;
Тармақ 2.10
2.10. қала және қала маңы аймағының қала құрылысы жобаларын, егжей-тегжейлі жоспарлау және құрылыс салу жобаларын бекіту және іске асыру;
Тармақ 2.11
2.11. сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы негізгі мәселелерді сәулет-қала құрылысы кеңесінде қарау және талқылау.
Тармақ 17
17. Функциялары:
Тармақша 1
1) Мемлекеттік қызмет көрсету: - сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру; - Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау жөнінде анықтама беру; - құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну; - елді мекен шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру; - эскиздік жобаларды келісу; - үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру; - тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың есептік жазбасы туралы үзінді беру; - объектілерді постулизациялау (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге шешім беру;
Тармақша 2
2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы мәселелерді қарау;
Тармақша 3
3) елді мекен шегінде объектінің құрылысын салу үшін жер учаскесін таңдау актісін дайындау және келісу;
Тармақша 4
4) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде жарнама саласындағы бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 5
5)  қаланың әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларының құрамында қала құрылысы құжаттамасын әзірлеу.
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Кодексінің 320-бабы (бірінші, екінші, үшінші бөліктері) бойынша хаттамалар жасау.
Тарау 3. 3-тарау. «Павлодар қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3-тарау. «Павлодар қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 18
18. «Павлодар қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Павлодар қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
Тармақ 19
19. «Павлодар қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Павлодар қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Тармақ 20
20. «Павлодар қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
Тармақ 21
21. «Павлодар қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі;
Тармақша 1
1) Павлодар қаласы әкімдігіне мемлекеттік мекеме туралы ережені бекіту үшін ұсынуға;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Заңдарын, актілерін, облыс және қала әукімдіктерінің қаулыларын орындау бойынша жұмыстарды ұымдастырады, олардың орындалу барысы туралы жоғары тұрған органдарға жүйелі түрде ақпарат береді;
Тармақша 3
3) басшы бұйрығын шығарады;
Тармақша 4
4) мемлекеттік мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қолданады;
Тармақша 5
5) мемлекеттік мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы міндеттерді орындау үшін персоналды жауап береді;
Тармақша 6
6) «Павлодар қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің атынан сенімхатсыз іс-әрекет етеді;
Тармақша 7
7) «Павлодар қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесін мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда ұсынады;
Тармақша 8
8) мүлікке иелік етеді;
Тармақша 9
9) заңнамамен белгіленген тәртіпте келісім шарттарды бекітеді;
Тармақша 10
10) сенімхаттар береді;
Тармақша 11
11) «Павлодар қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің актілеріне қол қояды;
Тармақша 12
12) «Павлодар қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
Тармақша 13
13) «Павлодар қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің міндеттерін және құрылымдық бөлімшелерінің функцияларын анықтайды;
Тармақша 14
14) «Павлодар қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне көтермелеу шараларын және тәртіптік жаза қолданады;
Тармақша 15
15) «Павлодар қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелерінің ережесін бекітеді; «Павлодар қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде, оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады. Бірінші басшы өз орынбасарының уәкілеттігін қолданыстағы заңнамаға сәйкес анықтайды. 16) «Павлодар қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі қарайтын құжаттарды құқықтық талдауға қатысады; 17) қала құрылысы, жер және өзге де заңнамалық және құқықтық актілерге сәйкес Павлодар қаласының урбанистика жөніндегі кеңесіне енгізу үшін қажетті материалдарға заңдық талдау жүргізеді; 18) жер және қала құрылысы мәселелері бойынша барлық сатыдағы сот органдарында «Павлодар қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүдделерін білдіреді; 19) «Павлодар қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелері үшін «Павлодар қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша құқықтық жаппай оқыту жүргізеді.
Тарау 4. 4-тарау. «Павлодар қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі
4-тарау. «Павлодар қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі
Тармақ 22
22. «Павлодар қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. «Павлодар қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 23
23. «Павлодар қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 24
24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Павлодар қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5-тарау. «Павлодар қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. «Павлодар қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 25
25. «Павлодар қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. «Павлодар қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бағынысында ұйымдар жоқ.