О внесении изменений и дополнений в некоторые пункты инструкций Главной налоговой инспекции Министерства финансов Республики Казахстан Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.04.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Жер салығын есептеу мен төлеу тәртiбi туралы" 1995 жылғы 27 маусымдағы N 34 және " Көлiк құралдарына салынатын салықты есептеу мен төлеу тәртiбi туралы" 1995 жылғы 21 маусымдағы N 39 Нұсқаулықтарға енгiзiлген толықтырулар мен өзгертулер Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрінің 2002 жылғы 9 сәуірдегі № 416 бұйрығымен. "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексiн (Салық Кодексiн) қолданысқа енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 шiлдедегi Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: Күшiн жоғалтқан жекелеген бұйрықтарының тiзбесi:
Тармақ 12
12. "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Бас салық инспекциясының Нұсқаулықтарының кейбiр тармақтарына өзгерiстер және толықтыруларды енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 367 бұйрығы. -----------------------------------------------------
Тармақ 1
1. "Жер салығын есептеу мен төлеу тәртiбi туралы" 1995 жылғы 27 маусымдағы N 34 Нұсқаулық:
Тармақша 1
1) 18-тармақ "Салықты төлеу жер учаскелерi орналасқан орын бойынша жүргiзiледi" деген сөйлеммен толықтырылсын.
Тармақша 2
2) 19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "Ауыл шаруашылығынан тыс жердi пайдаланушылар - заңды тұлғалар жер салығын ағымдағы жылдың 20 ақпанында, 20 мамырында, 20 тамызында және 20 қарашасында тең үлестермен төлеп отырады. 1995 жылы ауыл шаруашылығынан тыс жердi пайдаланушылар жер салығының жылдық сомасының үштен екi бөлiгi мөлшерiндегi алғашқы жарнаны бұның алдындағы төлемдердi төлемегенi үшiн өсiм есептемей 20 тамызда, жер салығының барлық қалған бөлiгiн 20 қарашада төлейдi. Салықты төлеу жер учаскелерi орналасқан орын бойынша жүргiзiледi".
Тармақша 3
3) 33-тармақтың екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "Сәулет және қала құрылысы туралы" 1993 жылғы 22 қазандағы N 2473 Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 2-тармағына сәйкес тұрғын үй қорын, қоғамдық үй-жайлар мен ғимараттар, сондай-ақ санитарлық-қорғау аймақтарын орнатуды қажет етпейтiн жекелеген коммуналдық және өндірiстiк объектiлер орналастыруға арналған елдi мекен аумағының бiр бөлiгi қоныс аумағы деп ұғынылады;
Тармақша 4
4) 61-тармақтың бiрiншi абзацы "сондай-ақ жалпы пайдаланудағы мемлекеттiк автомобиль жолдарының желiсi орналасқан" деген сөздермен толықтырылсын;
Тармақша 5
5) 62-тармақта: - 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "мемлекеттiк бюджет есебiнен қаржыландырылатын ұйымдар, кәсiпкерлiк қызмет үшiн пайдаланылатын және жалға берiлген жер учаскелерiнен басқа"; - 3) тармақша "(кәсiпорындарынсыз)" деген сөздерден кейiн "Қазақстан Республикасының Қызыл Жарты Ай және Қызыл Крест Ұлттық қоғамы (кәсiпорындарынсыз), балалардың қайырымдылық қорлары (кәсiпорындарынсыз), кәсiпкерлiк қызмет үшiн пайдаланылатын және жалға берiлген жер учаскелерiнен басқа" деген сөздермен толықтырылсын, "ӘАФКЕҚ Орталық Комитетi" деген сөздер алынып тасталсын;
Тармақша 6
6) N 3 қосымшада ставкалар кестесiндегi төртiншi және бесiншi бағаналардағы мына сандар: 1-ге дейiн         5 - 125,0 1 - 25,0           6 - 150,0 2 - 50,0           7 - 175,0 3 - 75,0           8 - 200,0 4 - 100,0          9 - 225,0 тиiсiнше мына сандармен ауыстырылсын: 0 - 25,0           5 - 137,5 1 - 47,5           6 - 160,0 2 - 70,0           7 - 182,5 3 - 92,5           8 - 205,5 4 - 115,0          9 - 227,5 бұдан әрi мәтiн бойынша.
Тармақ 2
2. "Көлiк құралдарына салынатын салықты есептеу және төлеу тәртiбi туралы" 1995 жылғы 21 маусымдағы N 39 Нұсқаулықта:
Тармақша 1
1) 3-тармақтағы "ең төменгi айлық жалақының" деген сөздер "айлық есептеу көрсеткiшiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
Тармақша 2
2) 5-тармақ " жүргiзiледi" деген сөзден кейiн "көлiк құралдарының тiркелген орыны бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;
Тармақша 3
3) III тарау мынадай мазмұндағы жаңа 27) тармақпен толықтырылсын:
Тармақша 27
"27) мемлекеттiк бюджет есебiнен қаржыландырылатын ұйымдар, сондай-ақ коммерциялық емес ұйымдар кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылмайтын көлiк құралдары бойынша";
Тармақша 27
27) тармақ 28-тармақ болып есептелсiн. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Бас салық инспекциясының бастығы