«О создании городской комиссии по социальным выплатам отдельным категориям граждан» Күшін жойған
Басқа 0
Азаматтардың кейбір санаттарына әлеуметтік төлем төлеу жөніндегі қалалық комиссия құру туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабын басшылыққа алып, аса мұқтаж отбастарына қаражат жiберу мақсатында, Орал қаласының әкiмдiгi қаулы еттi:
Тармақ 1
1. Азаматтардың кейбiр санаттарына әлеуметтiк төлем төлеу жөнiндегi қалалық комиссия құрылсын (N 1 қосымша).
Тармақ 2
2. "Азаматтарды» кейбiр санаттарына әлеуметтiк төлем төлеу жөнiндегi комиссияның қызметi туралы" Ереже бекiтiлсiн.
Тармақ 3
3. Комиссияның персоналдық құрамы қалалық мәслихаттың кезектi сессиясына бекiтуге ұсынылсын (№2 қосымша).
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкiмiнiң орынбасары С. Н. Церковниковке жүктелсiн.
Басқа 5. Азаматтардың кейбiр санаттарына әлеуметтiк төлем
төлеу жөнiндегi қалалық комиссияның құрамы
Орал қалалық әкiмдiгiнiң
2003 жылғы 7 тамыздағы N 732 қаулысына
N 1 қосымша
Азаматтардың кейбiр санаттарына әлеуметтiк төлем
төлеу жөнiндегi қалалық комиссияның құрамы
1. Сергей Николаевич Церковников - қала әкiмiнiң орынбасары, комиссия төрағасы
2. Павел Михайлович Кочетков - қалалық мәслихаттың хатшысы, төрағаның орынбасары (келiсiм бойынша)
3. Эльмира Иманғазықызы Ғабдуллина - қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасының бас маманы, комиссия хатшысы
4. Жаңғара Мұхамбетұлы Алдабергенов - қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы бастығының орынбасары
5. Хамит Мұхамедрақымұлы Ғайсин - қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы бастығының орынбасары
6. Қаныбек Сәрсенғалиұлы Жақсығалиев - ҚIIБ бастығының орынбасары
7. Николай Сергеевич Злобин - қалалық мүгедектер қоғамының төрағасы
8. Бибiгүл Әбдіғалиқызы Ниетқалиева - қалалық қаржы бөлiмi меңгерушiсiнiң орынбасары
9. Дайыр Қадырұлы Сапаров - қалалық бiлiм басқармасының бастығы
Басқа 6. Азаматтардың кейбiр санаттарына әлеуметтiк төлем
төлеу жөнiндегi комиссияның қызметi туралы
ЕРЕЖЕ
Орал қалалық әкiмдiгiнiң
2003 жылғы 7 тамыздағы N 732 қаулысына
№2 қосымша
Азаматтардың кейбiр санаттарына әлеуметтiк төлем
төлеу жөнiндегi комиссияның қызметi туралы
ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Комиссия қала әкiмдiгi жанындағы кеңестiк - мәжiлiс органы болып табылады және уәкiлеттi органға - қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасына халыққа атаулы әлеуметтiк көмек көрсету қызметiне жәрдемдесу мақсатында құрылады.
Тармақ 2
2. Комиссия құрамын қала әкiмдiгi жергiлiктi өкiлеттi органдардың, бiлiм, денсаулық сақтау, әлеуметтiк қорғау және құқық қорғау салаларының уәкiлеттi органдарының өкiлдерiнен құрады. Комиссия құрамында кемiнде жетi адам болуға тиiс.
Тармақ 3
3. Комиссия мүшелерiнiң қатарынан төраға, төраға орынбасары мен хатшы сайланады.
Тармақ 4
4. Комиссия жұмысын төраға басқарады. Ол комиссия атқаратын қызметке жауапты. Төраға болмаған жағдайда оның функцияларын орынбасары орындайды.
Тармақ 5
5. Комиссия хатшысы комиссия отырысының күн тәртiбiн реттейдi, отырыс хаттамаларын ресiмдейдi, арыз иелерiне қаралған арыздардың қорытындысы жөнiнде хабардар етедi.
Тармақ 6
6. Комиссия отырысына мүшелердiң кемiнде 3-тен 2-сi қатысса комиссия шешiм қабылдауға құқылы болып есептеледi. Комиссия шешiмi хаттамамен ресiмделедi.
Тармақ 7
7. Комиссия отырысы аптасына бiр рет өткiзiледi.
Тармақ 8
8. Комиссия өз қызметiнде осы Ереженi, қолданыстағы заңдарды, қала әкiмiнiң және қалалық мәслихаттың шешiмдерiн, әкiмдiк қаулыларын басшылыққа алады.
Тарау 2. 2. Негiзгi мiндеттерi
2. Негiзгi мiндеттерi
Тармақ 1
1. Комиссия аса мұқтаж отбастарына қаржы жiберу мақсатында уәкiлеттi орган мен қала әкiмiне, халыққа әлеуметтiк көмек көрсету қызметiне жәрдемдеседi
Тармақ 2
2. Комиссия азаматтардың арыздарын қарап, жергiлiктi бюджеттен әлеуметтiк көмек көрсету немесе көрсетпеу жөнiнде, қолданыстағы нормативтiк-құқықтық актiлерге сәйкес шешiм қабылдайды.
Тармақ 3
3. Қажет болған жағдайда әлеуметтiк көмек алуға үмiткер және арызданушының материалдық жағдайын, келiсiм бергендердiң тұрғылықты жерiн барып тексередi.
Тармақ 4
4. Арыз берушi тексеру жүргiзуге келiсiм бермеген жағдайда немесе табысы мен тұрғылықты жерi туралы бiле тұра жалған мәлiмет айтса, комиссия әлеуметтiк көмектi бермеу жөнiнде шешiм қабылдауға, бұл туралы арыз берушiге шешiм қабылданған күннен бастап, 10 күн iшiнде хабар беруге құқылы.
Тармақ 5
5. Комиссия құжаттар қабылданғаннан кейiн 10 күн мерзiм iшiнде арыз берушiнiң құжаттарына сәйкес, әлеуметтiк көмек тағайындау жөнiнде шешiм қабылдайды.
Тармақ 6
6. Арыз берушi комиссияның шешiмiне заңда көзделген тәртiп бойынша шағымдана алады.
Тарау 3. 3. Комиссияның құқығы мен мiндеттерi
3. Комиссияның құқығы мен мiндеттерi
Тармақ 1
1. Комиссия арыз берушi немесе оның кәмелетке толған отбасы мүшесi қатысуымен, арыз берушiнiң және оның отбасының материалдық жағдайына, тексеру жүргiзуге құқылы. Тексеру жүргiзгенде мына жағдайларға көңiл бөлiнедi: отбасы құрамы; еңбек жасындағы жұмыс жасамайтын отбасы мүшелерi; отбасында кәмелетке толмаған балалар және күтiмге мұқтаж тұлғалар (мүгедектер, мүгедек балалар, жасы 80-нен асқандар); жұмыспен қамтылмағандығы жөнiнде арыз берушiлердiң нақты табыс деңгейi (отбасы мүшелерiнiң әрқайсысынан және көршiлерiнен сұрау арқылы); жеке қосалқы шаруашылығы (үй жануарлары, құстар, аула шаруашылығы, саяжайы, бақшасы); тұрғын үйiнiң саны (пәтерлер, үйлер); пайдалануға жарамды көлiгiнiң болуы немесе болмауы.
Тармақ 2
2. Комиссия тексеру қорытындысы бойынша акт жасайды. Оған комиссия мүшелерiнiң барлығы қол қояды. Арыз берушi көрсетiлген актiмен жазбаша түрде таныстырылуға тиiс.
Тармақ 3
3. Арыз берушiнiң және оның отбасының материалдық жағдайын тексеруде комиссия азаматтардың жеке өмiрлерiн құрметтей отырып, олардың жеке басын кемсiту әрекеттерiне жол бермей, жүргiзуге тиiс. Комиссия мүшелерi азаматтардың жеке өмiрлерi жөнiнде мәлiметтердi таратпауға мiндеттi.
Тармақ 4
4. Заңсыз төлем төлеуге әкелген қандайда болмасын тәртiп бұзушылық немесе актiдегi жалған мәлiмет анықталған жағдайда шығын заңда белгiленген тәртiп бойынша айыпкерлерден өндiрiледi.