Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера родительской платы в дошкольных организациях города Алматы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алматы қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37-бабына, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 6-бабы 3-тармағының 7-1) тармақшасына және 62-бабының 6-тармағына сәйкес, Алматы қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Алматы қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Алматы қаласы Білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулының Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Алматы қаласы әкiмiнiң орынбасарына жүктелсiн.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі.
Басқа 1. Алматы қаласының мектепке дейiнгi ұйымдарында мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшерi
Алматы қаласы әкімдігінің 2022 жылғы «20» шілдедегі № 3/342 қаулысына қосымша Алматы қаласының мектепке дейiнгi ұйымдарында мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшерi р/с Мектепке дейінгі ұйымның түрі Тәрбиеленушілер саны Бір тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығыстардың орташа құны (теңге) Айына тамақтану үшін бір балаға төленетін ата-ана төлемақысының мөлшері (теңге) 1 Бөбекжай-балабақша (мемлекеттік) 37 930 57 608 25 000 2 Бөбекжай-балабақша (жеке меншік) 53 062 57 608 25 000 3 Бөбекжай-балабақша (мемлекеттік бөбекжай-балабақшалардың жанындағы арнайы топтар) 236 102 514 -