Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера местного масштаба на территории села Сенокосное Каратомарского сельского округа Осакаровского района Күшін жойған
Басқа 0
Осакаров ауданы Қаратомар ауылдық округінің
Сенокосное ауылының аумағында жергілікті ауқымдағы
табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына және 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" қаулысына сәйкес ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Қарағанды облысы Осакаров ауданының Қаратомар ауылдық округінің Сенокосное ауылының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып Осакаров ауданы әкімінің орынбасары Нұрлан Рымбайұлы Ламбеков тағайындалсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.