Об утверждении Положения о военной службе по контракту курсантов (слушателей) военных (специальных) учебных заведений Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.08.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әскери (арнаулы) оқу орындары курсанттарының (тыңдаушыларының) келiсiм-шарт бойынша әскери қызметi туралы ереженi бекiту туралы "Келiсiм-шарт бойынша әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 20 наурыздағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қоса берiліп отырған Әскери (арнаулы) оқу орындары курсанттарының (тыңдаушыларының) келiсiм-шарт бойынша әскери қызметi туралы ереже бекiтілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі.
Басқа 3. Әскери (арнаулы) оқу орындары курсанттарының (тыңдаушыларының) келiсiм-шарт бойынша әскери қызметi туралы ереже
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 24 қыркүйектегi N 972 қаулысымен бекiтiлген Әскери (арнаулы) оқу орындары курсанттарының (тыңдаушыларының) келiсiм-шарт бойынша әскери қызметi туралы ереже Осы Ереже "Келiсім-шарт бойынша әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 20 наурыздағы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әскери (арнаулы) оқу орындары курсанттарының (тыңдаушыларының) (бұдан әрi - курсанттар) келiсiм-шарт бойынша әскери қызметi туралы келісім-шарттың нысанын, оны жасасу, ұзарту, өзгерту, бұзу және тоқтату тәртiбiн айқындайды.
Тармақ 1. 1. Келiсiм-шартты жасасу, ұзарту және өзгерту тәртібi
1. Келiсiм-шартты жасасу, ұзарту және өзгерту тәртібi
Тармақ 1
1. Курсанттар келiсiм-шарт бойынша әскери қызметке оқуға қабылданған күнi он жетi жасқа жеткен ер және әйел жынысты, бiрақ жиырма бiр жастан үлкен емес адамдар, сондай-ақ әскери (арнаулы) оқу орындарында оқуға ниет бiлдiрген 23 жасқа дейiнгi әскери қызметшiлер қабылданады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының әскери (арнаулы) оқу орындарына өз еркімен қабылданатын адамдар, сондай-ақ уәкiлеттi мемлекеттiк органның жiберуi бойынша шетелдiк мемлекеттердiң әскери (арнаулы) оқу орындарына өз еркiмен қабылданатын адамдар қосымшаға сәйкес әскери (арнаулы) оқу орнында оқитын мерзiмге және бір мезгiлде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде офицерлiк құрамның лауазымдарында әскери (арнаулы) оқу орнын бiтiргеннен кейiн күнтiзбелiк есептеуде он жылға әскери қызметтi өткеру туралы келiсім-шарт жасасады. Келісім-шарт қабылдау комиссиясының әскери (арнаулы) оқу орнына қабылдау туралы шешуiнен кейiн жасалады.
Тармақ 3
3. Келісім-шарт жазбаша нысанда, екі данада жасалады және тараптардың қолдары қойылады. Келiсiм-шарттың бiр данасы келiсiм-шарт бойынша әскери қызметке қабылданған адамның жеке iс қағазында сақталады, екiншiсi оның қолына берiледi.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының әскери (арнаулы) оқу орындарында оқитын курсанттармен келiсім-шартқа уәкілеттi мемлекеттiк органның атынан әскери (арнаулы) оқу орнының тиiстi бастығы қол қояды. Шетел мемлекеттерінің әскери (арнаулы) оқу орындарында оқитын курсанттармен келiсiм-шартқа уәкiлеттi мемлекеттiк органның атынан оның өкiлi қол қояды.
Тармақ 5
5. Әскери қызметтi өткеру туралы келiсiм-шарт екi тарап қол қойған күннен бастап күшiне енедi және жасалған мерзiмнiң аяқталуы бойынша немесе оны бұзуға байланысты өзiнің қолданылуын тоқтатады.
Тармақ 6
6. Курсанттардың келiсiм-шарт бойынша әскери қызметiнiң басталуы келiсiм-шартта және адамды әскери (арнаулы) оқу орнына қабылдау туралы бұйрықта көрсетілген күн болып саналады.
Тармақ 7
7. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган мен келiсiм-шарт бойынша әскери қызметтi өткеріп жүрген әскери қызметшi (келiсiм-шарт бойынша әскери қызметке қабылданатын адамның) арасындағы қарым-қатынастар Заңмен, басқа да нормативтiк құқықтық кесімдермен және оларға сәйкес жасалған келiсiм-шартпен реттеледi.
Тармақ 8
8. Келiсiм-шарттың талаптары бiржақты тәртiппен өзгертiлуi мүмкiн емес. Келiсiм-шарттың жекелеген талаптарының жарамсыздығы келiсiм-шартты толығымен жарамсыз деп тануға әкеп соқтырмайды.
Тармақ 9
9. Келiсiм-шарттың талаптары, егер олар Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмесе тараптардың орындауы үшiн мiндеттi болып табылады.
Тармақ 2. 2. Курсанттармен келiсiм-шартты тоқтату және бұзу
2. Курсанттармен келiсiм-шартты тоқтату және бұзу
Тармақ 10
10. Келiсiм-шарт:
Тармақша 1
1) мерзiмнің аяқталуы бойынша, егер тараптардың келiсiмi бойынша келісім-шарт ұзартылмаса;
Тармақша 2
2) денсаулық жағдайы бойынша, әскери-дәрiгерлiк комиссияның әскери қызметке жарамсыздығын мойындауына байланысты;
Тармақша 3
3) соттың айыптау үкiмiнiң заңды күшiне енуiне байланысты тоқтатылуы мүмкiн.
Тармақ 11
11. Келiсiм-шарт:
Тармақша 1
1) Тараптардың келiсiм-шарт талаптарын орындамауына байланысты;
Тармақша 2
2) әскери қызметшiнiң қызметке дәлелсiз себептермен шықпауына байланысты бұзылуы мүмкiн.
Тармақ 12
12. Келiсiм-шарт бойынша әскери қызметтi өткеретiн әскери қызметшi:
Тармақша 1
1) оған қатысты келiсiм-шарттың талаптарын елеулi немесе жүйелi бұзылуына байланысты;
Тармақша 2
2) отбасы жағдайы бойынша әскери қызметтен мерзiмiнен бұрын босатылуы мүмкiн.
Басқа 25. Әскери (арнаулы) оқу орнында курсанттардың (тыңдаушылардың) әскери қызметтi өткеру туралы және бiр мезгілде әскери (арнаулы) оқу орнын бiтiргеннен кейiн әскери қызметтi өткеру туралы Келісім-шарт
Әскери (арнаулы) оқу орындары курсанттарының (тыңдаушыларының) келiсім-шарт бойынша әскери қызметi туралы ережеге қосымша Әскери (арнаулы) оқу орнында курсанттардың (тыңдаушылардың) әскери қызметтi өткеру туралы және бiр мезгілде әскери (арнаулы) оқу орнын бiтiргеннен кейiн әскери қызметтi өткеру туралы Келісім-шарт _________________________________________________________________ (уәкiлеттi мемлекеттiк органның атауы, оның орналасқан жерi) атынан __________________________________________________________ (уәкiлеттi мемлекеттiк органның лауазымды адамының әскери _________________________________________________________________ атағы, тегi, аты, әкесiнiң аты және лауазымы) және ____________________________________________________________ (келiсiм-шарт бойынша әскери қызметке қабылданатын адамның _________________________________________________________________ тегi, аты, әкесiнiң аты, оның жеке басын куәландыратын құжаттың _________________________________________________________________ нөмiрi және берiлген күнi, әлеуметтiк жеке кодының нөмiрi, салық _________________________________________________________________ төлеушiнiң тiркеу нөмiрi) заңнамада және осы келiсiм-шартта белгiленген жағдайларда Әскери (арнаулы) оқу орнында курсанттардың (тыңдаушылардың) әскери қызметтi өткеру туралы және бiр мезгiлде әскери (арнаулы) оқу орнын бiтiргеннен кейiн Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде офицерлiк құрамның лауазымдарында күнтiзбелiк есеппен он жылға әскери қызметтi өткеру туралы келiсім-шартты жасасты.
Тармақ 1
1. Келiсiм-шарт бойынша әскери қызметке қабылданатын адам "Келiсiм-шарт бойынша әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 20 наурыздағы Заңының (бұдан әрi - Заң)  10-бабы  2-тармағының 3) және 6) тармақшаларында, сондай-ақ  18-бабының  3-тармағында көзделген шарттармен танысты және әскери қызметi зиянды және қауiптi жағдайлары туралы, сондай-ақ әскери (арнаулы) оқу орнында оқуға және келiсiм-шарт бойынша әскери қызмет міндеттерiн атқаруға байланысты құқықтардың шектелуi мен материалдық жауапкершiлiк туралы ескертілдi.
Тармақ 2
2. Келiсiм-шарт бойынша әскери қызметке қабылданатын адам өз еркімен мыналарға міндеттеме бередi:
Тармақша 1
1) әскери (арнаулы) оқу орнын бітiргеннен және оған алғашқы офицер атағы берiлгеннен кейiн Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi офицерлiк құрамының лауазымдарында заңнамада және осы келiсiм-шартта белгiленген жағдайларда күнтiзбелiк есеппен он жыл қызмет өткеруге;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Конституциясын және қолданылып жүрген заңнамасын, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнің жарғыларын сақтауға;
Тармақша 3
3) әскери тәртiп пен қызметтiк этика нормаларын сақтауға;
Тармақша 4
4) келiсiм-шарт бойынша әскери қызмет өткеріп жатқан әскери қызметшiлер үшiн қолданылып жүрген заңнамамен белгiленген шектеулердi қабылдауға;
Тармақша 5
5) қызмет процесiнде мемлекеттiк мүлiкке зиян келтiруге жол бермеуге;
Тармақша 6
6) келiсiм-шартпен белгiленген әскери қызмет мiндеттерiн адал орындауға;
Тармақша 7
7) командирлердің (бастықтардың) және өзге де лауазымды адамдардың оларға өкілеттiлiктер шегінде берiлген бұйрықтары мен өкімдерін орындауға;
Тармақша 8
8) оған сенiп тапсырылған мемлекеттiк, әскери, қызметтік және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды құрайтын мәлiметтердi, соның iшiнде әскери қызметтi тоқтатқаннан кейiн де Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген уақыт iшiнде жарияламауға;
Тармақша 9
9) адамдардың өмiрi мен денсаулығына және мүлiктiң сақталуына қауiп төндiретiн жағдайдың туындағаны туралы қолбасшылыққа хабарлауға.
Тармақ 3
3. Келiсiм-шарт бойынша әскери қызметке қабылданатын адамның мыналарға құқығы бар:
Тармақша 1
1) Заңмен көзделген шектеулердi ескере отырып, Қазақстан Республикасының Конституциясымен және заңнамасымен кепiлдiк берілетін құқықтар мен бостандықтарды пайдалануға;
Тармақша 2
2) жеке ар-ожданының құрметтелуiне, өзiне командирлер (бастықтар) және өзге де лауазымды адамдар тарапынан әдiл және құрметпен қаралуына;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген нормалар бойынша және тәртiппен мемлекет есебiнен ақшалай және заттай үлеспен қамтамасыз етiлуге;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнетақымен, сақтандырумен қамсыздандырылуға, әлеуметтiк және құқықтық қорғалуға;
Тармақша 5
5) бiлiктiлiгiн, қабiлетiн, өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн адал атқаруын ескере отырып, қызмет бабында жоғарылатылуға;
Тармақша 6
6) негiзсiз айыптаулар болған кезде қызметтiк тексерудi талап етуге;
Тармақша 7
7) өмiрi мен денсаулығының қорғалуына;
Тармақша 8
8) Заңда және Әскери (арнаулы) оқу орындары курсанттарының (тыңдаушыларының) келiсiм-шарт бойынша әскери қызметi туралы ережеде көзделген жағдайларда уәкілеттi мемлекеттік органмен келiсiм-шартты ұзартуға, өзгертуге және бұзуға;
Тармақша 9
9) техника қауiпсiздiгi мен гигиена талаптарына жауап беретiн жұмыс жағдайларына;
Тармақша 10
10) демалуға;
Тармақша 11
11) әскери қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде өмiрi мен денсаулығына немесе жеке мүлкiне келтiрiлген зиянды өндiрiп алуға;
Тармақша 12
12) қызметтiк мiндеттерiн атқаруға байланысты туындаған дауларды тараптардың келiсiмi бойынша немесе сот тәртiбiмен шешуге;
Тармақша 13
13) уәкiлеттi мемлекеттiк органнан келісім-шартта тарапты білдiретiн лауазымды адамның өкілеттiктерiн растауды талап етуге;
Тармақша 14
14) өзiнің кәсiби бiлiктілігiн арттыруға;
Тармақша 15
15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрғын үйге;
Тармақша 16
16) қолданылып жүрген заңнамада көзделген басқа да кепілдіктер мен өтемақыларды алуға.
Тармақ 4
4. ________________________________________________________ (уәкiлеттi мемлекеттiк органның атауы) әскери (арнаулы) оқу орнында оқу мерзiмiне және бiр мезгiлде әскери (арнаулы) оқу орнын бiтiргеннен кейiн Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде офицерлiк құрамның лауазымдарында күнтiзбелiк есеппен он жылға әскери қызметiн өткеру туралы келiсiм-шарт бойынша әскери қызметке қабылданатын адам _______________________________ (тегі, аты, әкесiнiң аты) қабылдай отырып:
Тармақша 1
1) оқу бағдарламасын толық меңгерген кезде әскери (арнаулы) оқу орнында әскери бiлім және офицерлiк құрамның алғашқы әскери атағын бере отырып, тиiстi бiлiктiлiк алуды қамтамасыз етедi;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына және келiсiм-шартқа сәйкес әскери қызметтің тиесiлi деңгейiн қамтамасыз етедi;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сақтандыруды қамтамасыз етедi;
Тармақша 4
4) әскери қызметшiнi Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген нормалар бойынша және тәртiппен ақшалай және заттай үлестің барлық түрлерiмен, сондай-ақ олардың әскери қызмет мiндеттерiн атқаруы үшiн қажеттi құралдармен және материалдармен қамтамасыз етедi;
Тармақша 5
5) осы келiсiм-шартты жасасқан кезде келiсiм-шарт бойынша әскери қызметке қабылданатын адамды Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық кесімдерiмен айқындалған лауазымдық мiндеттерiмен және әскери қызметтi өткеру шарттарымен таныстырады;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық кесімдерінде көзделген тәртiппен және жағдайларда әскери қызметшiнiң әскери қызмет міндеттерiн атқару кезінде өмiрi мен денсаулығына немесе жеке мүлкіне келтiрiлген зиянның орнын толтыруды қамтамасыз етедi;
Тармақша 7
7) келiсiм-шарт бойынша әскери қызметке қабылданатын адамды әскери қызметтің зиянды және қауiптi жағдайлары және кәсiптік науқастың болу мүмкiндiгі туралы, сондай-ақ әскери қызмет мiндеттерiн атқаруға байланысты құқықтарының шектеулерi туралы ескертедi;
Тармақша 8
8) әскери қызметшiнi келiсiм-шартта көзделген лауазымға тағайындау туралы бұйрық шығарады.
Тармақ 5
5. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган лауазымды адамының мыналарға құқығы бap:
Тармақша 1
1) Заңмен және Әскери (арнаулы) оқу орындары курсанттарының (тыңдаушыларының) әскери қызметi туралы ережемен белгiленген жағдайларда келiсiм-шарт бойынша әскери қызметке қабылданатын (қабылданған) адаммен келiсiм-шартты жасасуға, ұзартуға, өзгертуге, бұзуға және тоқтатуға;
Тармақша 2
2) келiсiм-шартты жасасу кезiнде әскери қызметке қабылданатын адамнан Заңның 16-бабында көзделген құжаттарды ұсынуын талап етуге;
Тармақша 3
3) өз өкiлеттілiктерi шегiнде бұйрықтар шығаруға;
Тармақша 4
4) әскери қызметшiлердi Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жарғыларымен белгiленген тәртіппен ынталандыруға, оларға тәртіптiк жазалар қолдануға.
Тармақ 6
6. Келiсiм-шарт оған екi тарап қол қойған күннен бастап күшiне енедi және ол жасалған мерзiм аяқталған соң немесе бұзуға байланысты өзінің қолданылуын тоқтатады. Курсанттардың келiсiм-шарт бойынша әскери қызметiнiң басталуы келiсiм-шартта және әскери (арнаулы) оқу орнына қабылдау туралы бұйрықта көрсетiлген күн болып саналады.
Тармақ 7
7. Әскери қызметшi әскери (арнаулы) оқу орнын аяқтағаннан кейiн әскери қызметтi өткеруден бас тартқан немесе өз бастамасы бойынша келiсiм-шартты бұзған жағдайда ол мемлекетке өзiн оқытуға жұмсалған бюджет қаражатының орнын толтырады. Ұстауға жататын сома келiсiм-шарттың мерзiмi аяқталғанға дейiн толық тыңдалмаған әр айына тепе-тең есептеледi.
Тармақ 8
8. Әскерге шақыру жасына жеткен курсанттың тәртiпсiздiгi бойынша шығарылған жағдайда, егер ол әскери (арнаулы) оқу орнына түскенге дейiн мерзiмдi қызметтің белгіленген мерзiмiн өткермеген болса, онда ол мерзiмді әскери қызметтi өткеру үшiн әскери бөлiмге жiберiледi. Бұл жағдайда әскери (арнаулы) оқу орнында оқыған уақыты мерзімдi әскери қызметтiң мерзiмiне саналмайды.
Тармақ 9
9. Келiсiм-шарттың талаптары тараптардың орындауы үшiн мiндеттi болып табылады, тараптардың даулары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шешiледi.
Тармақ 10
10. Келiсiм-шарт екi данада жасалды, бiр данасы келiсiм-шарт бойынша әскери қызметке қабылданған адамға берiледi.
Тармақ 11
11. Қосымша талаптар ______________________________________ ___________________________    ____________________________ (келiсiм-шарт бойынша әскери   (уәкiлеттi мемлекеттiк органның ___________________________    ____________________________ қызметке қабылданатын адамның    лауазымды адамының тегi, аты, тегi, аты, әкесiнің аты)             әкесiнiң аты) ___________________________    ____________________________ (өз қолы)                      (өз қолы) М.О. 200 __ ж. "__"________          200__ ж. "__"_______