Об установлении дифференцированного тарифа на регулярные автомобильные перевозки пассажиров и багажа в городском сообщении на территории города Уральск Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.01.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Орал қаласының аумағында жолаушылар мен багажды қалалық қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тарифті белгілеу туралы Қазақстан Республикасының «Автомобиль көлігі туралы» Заңының 19 бабына сәйкес, Орал қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Орал қаласының аумағында жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдауға келесі мөлшерде сараланатын тариф белгіленсін:
Тармақша 1
1) Интернет желісі және ұялы байланыс құрылғыларын қоса алғанда, электрондық төлеу жүйесі арқылы жол ақысын қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде - 80 (сексен) теңге;
Тармақша 2
2) жол ақысын қолма-қол төлеу кезінде - 150 (жүз елу) теңге.
Тармақ 2
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Орал қалалық мәслихаты