Об утверждении Перечня международных олимпиад по общеобразовательным предметам, по которым победители, призеры и педагоги, подготовившие их, победители международных конкурсов научных проектов, педагоги, подготовившие их, поощряются единовременным вознаграждением за счет бюджетных средств Қолданыста
Басқа 0
Жеңімпаздары, жүлдегерлері және оларды дайындаған педагогтер, ғылыми жобалардың халықаралық конкурстарының жеңімпаздары, оларды дайындаған педагогтер бюджет қаражаты есебінен біржолғы сыйақымен көтермеленетін жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың тізбесін бекіту туралы
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 28) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Жеңімпаздары, жүлдегерлері және оларды дайындаған педагогтер, ғылыми жобалардың халықаралық конкурстарының жеңімпаздары, оларды дайындаған педагогтер бюджет қаражаты есебінен біржолғы сыйақымен көтермеленетін жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы вице-министрі
_______________ Д. Жаналинов
2022 жылғы «____»_____________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика вице-министрі
_______________ Б. Омарбеков
2022 жылғы «____»_____________
Басқа 0. Жеңімпаздары, жүлдегерлері және оларды дайындаған педагогтер, ғылыми жобалардың халықаралық конкурстарының жеңімпаздары, оларды дайындаған педагогтер бюджет қаражаты есебінен біржолғы сыйақымен көтермеленетін жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың тізбесі
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
2022 жылғы 20 шілдедегі
№ 333 бұйрығына бекітілген
Жеңімпаздары, жүлдегерлері және оларды дайындаған педагогтер, ғылыми жобалардың халықаралық конкурстарының жеңімпаздары, оларды дайындаған педагогтер бюджет қаражаты есебінен біржолғы сыйақымен көтермеленетін жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың тізбесі
№
Іс-шара атауы
Жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар
1.
Математикадан халықаралық олимпиада (International Mathematical Olympiad (Интернейшэнал Математикал Олимпиад)
2.
Физикадан халықаралық олимпиада (International Physic Olympiad (Интернейшэнал Физик Олимпиад)
3.
Химиядан халықаралық олимпиада (International Chemistry Olympiad (Интернейшэнал Кэмистри Олимпиад)
4.
Биологиядан халықаралық олимпиада (International Biology Olympiad (Интернейшэнал Байолоджи Олимпиад)
5.
Географиядан халықаралық олимпиада (International Geography Olympiad (Интернейшэнал Джиографи Олимпиад)
6.
Информатикадан халықаралық олимпиада (International Olympiad in Informatic (Интернейшэнал Олимпиад Ин Информатик)
7.
Лингвистикадан халықаралық олимпиада (International Linguistic Olympiad (Интернейшэнал Лингуистик Олимпиад)
Ғылыми жобалардың халықаралық конкурсы
8.
Regeneron International Science and Engineering Fair халықаралық конкурсы (Редженерон Интернешнл энд Сайенс Фэйр)