Об утверждении Положения о государственном учреждении «Отдел культуры и развития языков акимата Карабалыкского района» Қолданыста
Басқа 0
«Қарабалық ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Қарабалық ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Қарабалық ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оны «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберу;
Тармақша 2
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Қарабалық ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарабалық ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7. «Қарабалық ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдері дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Әкімдіктің
2022 жылғы «30» маусымдағы
№ 128 қаулысымен
бекітілген
«Қарабалық ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдері дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Қарабалық ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) мәдениет және тілдерді дамыту саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Бөлімнің ведомстволық бағынысты ұйымдары:
Тармақша 1
1) Қарабалық ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Қарабалық аудандық мәдениет Үйі» мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 2
2) Қарабалық ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Қарабалық аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 3
3) «Қарабалық ауданы әкімдігінің Тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 3
3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Бөлім ұйымдық - құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және қазақ тілінде өз атауы бар мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 5
5. Бөлім азаматтық - құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
Тармақ 6
6. Бөлім, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық - құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 7
7. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Қарабалық ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. «Қарабалық ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110900 Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Қарабалық кенті, Космонавтар көшесі, 33.
Тармақ 10
10. Осы ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Бөлімнің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен «Қарабалық ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады. Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
2. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Міндеттері:
Тармақша 1
1) Бөлімнің құзыреті шегінде мәдениет және тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы халқының мәдениетін қайта түлетуге, сақтауға, дамытуға және таратуға бағытталған шаралар қабылдау;
Тармақша 3
3) мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін оқып-үйрену мен дамыту үшін жағдайлар жасау;
Тармақша 4
4) тарихи-мәдени мұраны сақтау;
Тармақша 5
5) ведомстволық бағынысты ұйымдарының инфрақұрылымын дамытуды қамтамасыз ету және материалдық-техникалық базасын нығайту.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктер:
Тармақша 1
1) құқықтар:
өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдар мен азаматтардан өз функцияларын орындау үшін қажетті ақпаратты сұрату және алу;
сотта талапкер және жауапкер болу, сондай-ақ мәдениет және тілдерді дамыту салаларындағы заңнамаға қайшы келмейтін өзге де құқықтарды жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) міндеттер:
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;
Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ облыс пен аудан әкімінің және әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақтылы орындау;
Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы», «Тіл туралы» Заңдарын және өзге де нормативтік құқықтық актілерді іске асыру мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
Бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғаларға түсініктемелер беру;
мәдениет мекемелері мен кәсіпорындарын ұстауға арналған бюджетті қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
мәдениет және тілдерді дамыту саласында жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу және іске асыру;
мемлекеттік органның құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-талдау материалдарды мен құжаттарды дайындау;
ведомстволық бағынысты ұйымдар мүлкінің тиімді пайдаланылуы мен сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.
Тармақ 15
15. Функциялар:
Тармақша 1
1) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы», «Тіл туралы» Заңдарын және өзге де нормативтік құқықтық актілерді орындауды жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) ауданның жергілікті атқарушы органына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ауданның мемлекеттік мәдениет және тілдерді дамыту ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру, тарату жөнінде ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 3
3) ауданның мәдениет және тілдерді дамыту ведомстволық бағынысты ұйымдардың мәдени-демалыс, кітапхана қызметін дамыту және тілдерді дамыту жөніндегі қызметін қолдайды және үйлестіреді, әдістемелік және консультативтік көмек көрсетеді;
Тармақша 4
4) ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізеді;
Тармақша 5
5) мәдениет, мемлекеттік және басқа тілдерді дамыту саласында аудан деңгейінде әлеуметтік маңызы бар, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізуді жүзеге асырады;
Тармақша 6
6) мемлекеттік және басқа тілдерді дамытуға бағытталған іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады;
Тармақша 7
7) Бөлімнің құзыреті шегінде тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтау, есепке алу, қорғау және пайдалану, олардың жай-күйіне мониторинг жүргізу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
Тармақша 8
8) өз құзыреті шегінде мәдениет саласындағы коммуналдық меншікті басқаруды жүзеге асырады;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мәдениет және тілдерді дамыту салаларындағы құзыреті шеңберінде өзге де функцияларды жүзеге асырады;
Тармақша 10
10) азаматтарды тіл қағидаты бойынша кемсітушілікке жол бермеу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;
Тармақша 11
11) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудандық маңызы бар кенттерде, кенттерде маңдайшаларды орналастыру туралы хабарламаларды қабылдауды және қарауды жүзеге асырады;
Тармақша 12
12) Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексінің 729-бабы 2-1) тармақшасына және 75-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және әкімшілік жаза қолдануды жүзеге асырады;
Тармақша 13
13) бюджет қаражатының көлемі шегінде балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерді қаржыландыруға арналған мемлекеттік шығармашылық тапсырысты бекітеді;
Тармақша 14
14) мемлекеттік шығармашылық тапсырысты мемлекеттік шығармашылық Тапсырыс қызметтерін жеткізушілердің меншік нысанына, олардың ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан, балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерде орналастыруды қамтамасыз етеді;
Тармақша 15
15) мемлекеттік шығармашылық Тапсырысты орналастырудың, сапаны бақылаудың және нысаналы игерудің барлық кезеңдері мен рәсімдерінің электрондық және жалпыға қолжетімді форматтарда орындалуын қамтамасыз етеді.
Тармақша 16
16) Қарабалық ауданының аумағында орналасқан мәдениет ұйымдарының қызметіне мониторингті жүзеге асырады және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына белгіленген нысандағы ақпаратты, сондай-ақ статистикалық есептерді ұсынады;
Тармақша 17
17) тарихи-мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, тарихи, ұлттық және мәдени дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды дамытуға жәрдемдеседі
Тарау 3. 3. Мемлекеттік орган басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3. Мемлекеттік орган басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 16
16. Бөлімге басшылықты «Қарабалық ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
Тармақ 17
17. Бөлім басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
Тармақ 18
18. Бөлім басшысының өкілеттігі:
Тармақша 1
1) жұмысты ұйымдастырады және басшылық жасайды, Бөлім қызметкерлерінің және ведомстволық бағынысты ұйымдар басшыларының міндеттері мен өкілеттік аясын айқындайды;
Тармақша 2
2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес Бөлім қызметкерлерін және ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 3
3) Бөлім қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Бөлімнің мүддесін ұсынады;
Тармақша 5
5) бірінші қол қою құқығына ие;
Тармақша 6
6) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады және бөлім қызметкерлері мен ведомстволық бағынысты ұйымдар басшыларының орындауы үшін міндетті нұсқаулар береді;
Тармақша 7
7) бөлім қызметкерлеріне және ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларына көтермелеу, материалдық көмек көрсету және тәртіптік жаза қолдану шараларын қабылдайды;
Тармақша 8
8) мемлекеттік органның атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
Тармақша 9
9) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де ұйымдармен барлық өзара қарым-қатынастарда мемлекеттік органның атынан өкілдік етеді;
Тармақша 10
10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады;
Тармақша 11
11) белгіленген еңбекке ақы төлеу қоры және жұмыскерлер саны шегінде мемлекеттік органның міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарын, құрылымы мен штат кестесін бекітеді;
Тармақша 12
12) азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүргізеді;
Тармақша 13
13) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заңнамада белгіленген мерзімдерде қарайды, олар бойынша қажетті шаралар қабылдайды;
Тармақша 14
14) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шеңберінде өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
Тарау 4. 4. Мемлекеттік органның мүлкі
4. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 19
19. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Тармақ 20
20. Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 21
21. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 22
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлім өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 23
23. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.