О координационно-методическом совете по правовой пропаганде и правовому всеобучу акимата Алтынсаринского района Костанайской области Күшін жойған
Басқа 0
Қостанай облысы Алтынсарин ауданы әкiмиятының құқықтық насихат және құқықтық жалпы оқыту жөнiндегi үйлестiру-әдiстемелiк кеңесi туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы» Қазақстан Республикасының 31-бабына, «Қазақстан Республикасында жалпыға бiрдей құқықтық оқуды ұйымдастыру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң қаулысына сәйкес аудан әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Алтынсарин ауданы әкiмиятының құқықтық насихат және құқықтық жалпы оқыту жөнiндегi үйлестiру-әдiстемелiк кеңесi құрылсын (1-қосымша).
Тармақ 2
2. Алтынсарин ауданы әкiмиятының құқықтық насихат және құқықтық жалпы оқыту жөнiндегi үйлестiру-әдiстемелiк кеңесi туралы ұсынылып отырған ереже бекiтiлсiн (2-қосымша).
Тармақ 3
3. Кеңестiң жеке құрамы заңнамамен белгiленген тәртiпте аудандық мәслихаттың кезектi сессиясының бекiтуiне ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Алтынсарин ауданы әкiмi аппаратының басшысы И. Нащекинге жүктелсiн.
Басқа 5. Алтынсарин ауданы әкiмиятының құқықтық насихат
және құқықтық жалпы оқыту жөнiндегi
үйлестiру-әдiстемелiк кеңесi
Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Алтынсарин ауданы әкiмиятының 2003 жылғы 26 тамыздағы № 163 қаулысына
1-қосымша
Алтынсарин ауданы әкiмиятының құқықтық насихат
және құқықтық жалпы оқыту жөнiндегi
үйлестiру-әдiстемелiк кеңесi
Нащекин Иван Иванович
- аудан әкiмi аппаратының басшысы, Кеңес төрағасы
Асанов Елiкбай Дәуiтбайұлы
- Алтынсарин ауданы бойынша салық комитетiнiң бастығы (келiсiм бойынша)
Барпұлова Қаракөз Сапарқызы
- «Жер ресурстарын басқару жөнiндегi Алтынсарин аудандық комитетi» мемлекеттiк мекемесiнiң төрайымы (келiсiм бойынша)
Бұлтаев Сабыржан Сағындықұлы
- Қостанай облысы Алтынсарин прокуроры, әдiлет басқармасының аға кеңесшiсi (келiсiм бойынша)
Грынькив Александр Мирославович
- «Алтынсарин аудандық бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң меңгерушiсi (келiсiм бойынша)
Құлмағамбетов Тұрсын Молдахметұлы
- «Алтынсарин аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттiк мекемесiнiң хатшысы (келiсiм бойынша)
Басқа 6. Алтынсарин ауданы әкiмиятының құқықтық насихат
және құқықтық жалпы оқыту жөнiндегi үйлестiру-әдiстемелiк
кеңесiнiң ережесi
Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Алтынсарин ауданы әкiмиятының 2003 жылғы 26 тамыздағы № 163 қаулысына
2-қосымша
Алтынсарин ауданы әкiмиятының құқықтық насихат
және құқықтық жалпы оқыту жөнiндегi үйлестiру-әдiстемелiк
кеңесiнiң ережесi
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Алтынсарин ауданы әкiмиятының құқықтық насихат және құқықтық жалпы оқыту жөнiндегi үйлестiру-әдiстемелiк кеңес (бұдан әрi - Кеңес) ауданның атқарушы органдары, мемлекеттiк мекемелерi, ұйымдары қызметiн құқықтық бiлiм насихатты және құқықтық жалпы оқыту жөнiнде ведомствоаралық үйлестiрудi қамтамасыз ететiн консультативтiк-кеңестiк орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Кеңес Алтынсарин ауданы әкiмиятының жанында құрылады.
Тармақ 3
3. Кеңестiң төрағасы Алтынсарин ауданы әкiмi аппаратының басшысы болып табылады.
Тармақ 4
4. Кеңес өз қызметiнде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын және осы ереженi басшылыққа алады.
Тарау 2. 2. Кеңестiң негiзгi мақсаттары мен мiндеттерi
2. Кеңестiң негiзгi мақсаттары мен мiндеттерi
Тармақ 5
5. Кеңестiң негiзгi мақсаттары:
Тармақша 1
1) азаматтардың құқықтық бiлiмiнiң деңгейiн жоғарлату, бұл жұмысқа кәсiби заңгерлердi тарту;
Тармақша 2
2) халықтың құқықтық мәдениетiн жоғарлату;
Тармақша 3
3) мемлекеттiк органдар, қоғамдық ұйымдар, кәсiпорындар, ұйымдар, мекемелердiң құқықтық жұмысын үйлестiру.
Тармақ 6
6. Кеңестiң негiзгi мiндеттерi болып табылады:
Тармақша 1
1) ауданның атқарушы органдары, мемлекеттiк мекемелерi, ұйымдары қызметiн құқықтық бiлiм насихатты және құқықтық жалпы оқыту жөнiнде ведомствоаралық үйлестiрудi қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) құқықтық бiлiм насихатты және құқықтық жалпы оқыту жөнiнде ауданның атқарушы органдарының, мемлекеттiк мекемелерiнiң, ұйымдарының жұмысын талдау;
Тармақша 3
3) құқықтық бiлiм насихатты және құқықтық жалпы оқыту жөнiнде ауданның атқарушы органдарына, мемлекеттiк мекемелерiне, ұйымдарына ұсыныстар әзiрлеу;
Тармақша 4
4) оң тәжiрибе тарату, құқықтық тәрбие беру жұмысын жетiлдiру жөнiндегi әдiстемелiк нұсқаулық әзiрлеу, азаматтарды құқықтық тәрбиелеудiң жоғарғы деңгейiн қамтамасыз ету.
Тарау 3. 3. Кеңес қызметтерiнiң түрлерi
3. Кеңес қызметтерiнiң түрлерi
Тармақ 7
7. Кеңес жұмысының негiзгi түрлерi мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) өзара ақпарат алмастыру;
Тармақша 2
2) құқықтық насихат және құқықтық жалпы оқыту мәселелерiндегi жұмыстың жағдайын бiрлесiп талқылау;
Тармақша 3
3) ауданның атқарушы органдарымен, ұйымдарымен бiрлескен iс-шараларды (дөңгелек столдар, дискуссиялар, кездесулер, семинарлар, дәрiстер) ұйымдастыру және өткiзу;
Тармақша 4
4) құқықтық бiлiм «күндерiн», «аптасын», «айлығын» өткiзу;
Тармақша 5
5) құқықтық жалпы оқыту және құқықтық жұмыстың жақсы ұйымдастырылуына арналған конкурстың шартын әзiрлеу және бекiту;
Тармақша 6
6) халықты құқықтық насихаттау және құқықтық тәрбие беру мәселелерi жөнiнде ғылыми iс-тәжiрибелiк конференциялар өткiзу.
Тармақ 8
8. Кеңес қабылдаған барлық шешiмдерi, ұсыныстары және құжаттары мүдделi ведомстволарға, қоғамдық ұйымдарға, бұқаралық ақпарат құралдарына жiберiледi.
Тарау 4. 4. Кеңестiң функциялары
4. Кеңестiң функциялары
Тармақ 9
9. Кеңес келесi функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) ауданның мемлекеттiк кәсiпорындарында, мекемелерiнде құқықтық бiлiм және құқықтық жалпы оқытуды насихаттау жөнiндегi жұмыстың жағдайымен танысады, осы мәселелер бойынша олардың басшыларының ақпаратын тыңдайды, құқықтық тәрбие беру және құқықтық жалпы оқыту формалары мен әдiстерiн жетiлдiру жөнiнде қажеттi ұсыныстар, қорытындылар және ұсынымдар әзiрлейдi, жүзеге асыруда көмек көрсетедi;
Тармақша 2
2) ауданның атқарушы органдары, мемлекеттiк мекемелерi, ұйымдарының дәрiстiк бағдарламаларының тақырыптық бағыттарын және кәсiби мазмұнын талдайды;
Тармақша 3
3) ауданның атқарушы органдарына, мемлекеттiк мекемелерiне, ұйымдарына тақырыптық жоспарларды әзiрлеуде және құқықтық тақырыптарға арналған материалдарды бұқаралық ақпарат құралдарында басуда iс-тәжiрибелiк көмек көрсетедi;
Тармақша 4
4) Кеңестiң құзыретiне жататын басқа функцияларды жүзеге асырады.
Тарау 5. 5. Кеңестiң жұмысын ұйымдастыру
5. Кеңестiң жұмысын ұйымдастыру
Тармақ 10
10. Кеңес жылдық және тоқсандық жоспарларға сәйкес жұмыс атқарады. Кеңестiң отырысы тоқсанда бiр рет өткiзiледi.
Тармақ 11
11. Отырыс төраға басшылығымен немесе оның тапсырысы бойынша кеңестiң бiр мүшесi басшылық етумен өткiзiледi.
Тармақ 12
12. Отырыс кеңес мүшелерiнiң жартысынан аса мүшелерi қатысуында ғана заңды деп есептеледi.
Тармақ 13
13. Талқылаудың қорытындылары мен қабылданған ұсыныстар кеңестiң отырысынан кейiн екi күн iшiнде ресiмделетiн хаттамаға енгiзiледi. Хаттамаға кеңестiң төрағасы мен хатшысы қол қояды және жүзеге асыру үшiн оның мүшелерiне барлық қажеттi құжаттар қоса берiлiп таратылады.
Тармақ 14
14. Кеңес өз жұмысына құқық қорғау органдарының, заң қызметтерiнiң қызметкерлерiн, жергiлiктi атқару органдардың басшыларын тартуға және шешiмдердi, жоспарлы iс-шараларды орындау жөнiнде ұсыныстар беруге құқылы.