О Правилах предоставления малообеспеченным гражданам жилищной помощи на содержание жилья и оплату коммунальных услуг Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.08.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй ұстауға және коммуналдық қызметтердің төлеміне тұрғындық жәрдем берудің Ережесі туралы Қазақстан Республикасының «Халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер енгізу туралы» 1999 жылғы 16 қарашадағы № 477-І ҚРЗ Заңы негізінде Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Аз қамтамасыз етілген азаматтарға үйді ұстауға және коммуналдык қызметтердің тұтыну ақысын төлеуге тұрғын үй көмегін берудің коса берілген Ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Мына аталған актілердің күші жойылған деп танылсын: Петропавл қалалық мәслихаттың 2001 жылғы 15-наурыздағы IX-сессиясының «Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтердің төлеміне тұрғындық жәрдем берудің Тәртібі туралы» № 9 шешімі (Т/ң № 297, 2001 жылдың 19-сәуірі «ТРИБУНА» газ. № 19, 2001 ж. 11 мамыр; Петропавл қалалық мәслихаттың 2001 жылғы 15-қазандағы кезектен ұтыс ХІІІ-сессиясының «Қалалық мәслихаттың 2001 жылғы 15-наурыздағы «Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй ұстауға және коммуналдық кызметтердің төлеміне тұрғындык жәрдем берудің Тәртібі туралы» № 9 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 2 шешімі (Т/н № 486, 2001 жылдың қарашасы, «ТРИБУНА» газ. № 47, 2001 ж. 23 қараша).
Тармақ 3
3. Осы шешім облыстық әділет басқармасында тіркеліп және бұкаралық ақпарат құралдарында жариаланғаннан кейін 2003 жылдың 1-қазанынан күшіне енеді.
Басқа 4
«Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй ұстауға және коммуналдық қызметтердің төлеміне тұрғындык жәрдем берудің Ережесі туралы» Петропавл қалалық мәслихаттың ХХІ/ІІ сессиясының 2003 ж. 25 тамыздағы № 3 шешімімен Бекітілді Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй ұстауға және коммуналдық қызметтердің тұтыну ақысын төлеуге тұрғын үй көмегін берудің ЕРЕЖЕСІ
Тармақ 1
1. Тұрғын үй көмегіне - тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтің тұтыну ақысын төлеуге, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалға пәтер алу шығындарының орнын толтыру үшін халықтың аз қамтамасыз етілген жігіңе берілетін өтемақы.
Тармақ 2
2. Егер өтемақылық шаралармен қамтамасыз етілетін тұрғын үй нормалары және коммуналдық қызметті тұтыну нормативтері шегінде тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметті тұтынуға жұмсалатын төлемдер, отбасы бюджетінде осы мақсатпен жұмсалатын шығындар үлесінен артатын болса тұрғын үй комегі, осы көмек тағайындалған сәтте Петропавл қаласында турақты тұратын және пәтер иесі (жалдаушысы, жалға алушысы) болып табылатын тұлғаларға беріледі. Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді (сумен қамтамасыз ету, канализация, жылу, электр қуаты, газ, қоқыс шығару, лифті пайдалану) тұтынуға жұмсалатын шығындардың үлесі Петропавл қаласынын тұрғындарына отбасынын жиынтық табысының 25% мөлшерінде, ал Кожзавод пен Заречный поселкелерінде 20% мөлшерінде белгіленеді.
Тармақ 3
3. Тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметті тұтынуға белгіленген нормалардан артық төлемдер жалпы негізде жүргізіледі.
Тармақ 4
4. Жеке меншігінде біреуден артық тұрғын үйі (үйі, пәтері) бар немесе тұрғын үй-жайларды жалға тапсырған немесе қайта жалға берген тұлғалар тұрғын үй көмегін алу құқығын жоғалтады.
Тармақ 5
5. Егер отбасында күту қажет деп танылған мүгедектерді күтетін немесе жас шамасы 1,5 жасқа дейінгі бала (біреу және одан да көп) күтіп отырған тұлғаны есептемегенде, жұмыс істеуге қабілетті, бірақ жұмыс істемейтін, оқымайтын әскер қатарында кызмет етпейтін және жұмыспен қамту қызметінде тіркелмеген тұлғалар болса, ондай отбасыларының тұрғын үй жәрдемін алуға құқығы жоқ.
Тармақ 6
6. Жайлы секторда тұратын дұлғаларға тұрғын үй көмегі пәтер иесіне (жалдаушыға, жалға алушыға) пәтерді ұстауға және коммуналдық қызметке есептелген сомамен салыстырғанда төлемді кеміту түрінде, қолма-қолсыз ақша нысанында өтініштері бойынша қызмет көрсетушілердің жеке шоттарына аудару арқылы беріледі. Жеке тұрғын үй секторында тұратын тұлғаларға тұрғын үй коммуналдық қызметтерді тұтынғандары үшін (сумен, жылу, электр қуаты, газбен қамтамасыз ету, қоқыс шығару, канализация) ақшалай төлем түрінде тағайындалады. Тұрғын үй көмегінің көлемі пәтер және коммуналдық қызмет үшін іс жүзінде есептелген төлем сомасынан артық бола алмайды.
Тармақ 7
7. Тұрғын үй көмегі ағымдағы тоқсанға тағайындалады. Көмек тағайындауға қажетті құжаттар ағымдағы тоқсанның соңғы айының 25-ші жүлдызына дейін қабылданады, алдында/өткен тоқсанның табыстары есепке алынады. Тұрғын үй көмегін алушыларды қайта тіркеу ресімдеудің алғашқы ресімімен бірдей.
Тармақ 8
8. Тұрғын үй көмегін алушылар өз пәтерінің меншік нысанының, отбасы құрамының және жиынтық табысының кез келген өзгерістері туралы 10 күн ішінде еңбек жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына хабарлауға тиіс.
Тармақ 9
9. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешім барлық отбасы мүшелерін және куәландыратын құжаттар берген жағдайда пәтер жалдаушының (иесінің) өтініші және оған қоса берілген мынадай құжаттар: отбасы құрамы, жылжымайтын мүлік орталығы беретін меншікте тұрғын үй бар-жоғы, тұрғын үйдің пайдалы алаңының көлемі, тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметке төлем жөніндегі шығындар, отбасының жиынтық табысы туралы анықтамалар негізінде қабылданады. Отбасының жиынтық табысын есептегенде саяжайлардан түскен мерзімдік болатын табыс енгізілмейді.
Тармақ 10
10. Табыс етілген құжаттарды қарастыру нәтижесі бойынша тұрғын үй көмегінің есептелуі енгізілген еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы мен өтініш берушінің арасында екі жақтық келісім шарт жасалады. Шарт екі данада жасалады, оның біреуі тұрғын үйдің меншік иесінде сақталады. Аталған шарт тұрғын үй көмегін беру үшін негіз болып табылады.
Тармақ 11
11. Ақпараттың дұрыстығына күдік туған жағдайда, еңбек, халықты жұмыспен қамту басқармасы тұрғын үй көмегін алуға өтініш берген тұлғаның табысы туралы ақпарат сұрауға құқылы. Тұрғын үй көмегін алуға өтініш берген пәтер иесінің (жалға алушылардың, жалға алушының) отбасындағы барлық іс әрекетке қабілетті мүшелері, өздерінің табыстары туралы жеке және заңды тұлғалардан айқындаушы ақпарат алуға келісімдерін растайтын рұқсатқа қолдарын қоюлары тиіс.
Тармақ 12
12. Көмектің мөлшері өтемақылық шаралармен қамтамасыз етілетін нормалар шектеріндегі тұрғын үйді үстау және коммуналдық қызметті тұтыну үшін меншік иесінің нақты төлемі мен отбасының осы мақсатқа жұмсалатын шығындарының ең жоғарғы шектеулі деңгейінің арасындағы айырмашылығы ретінде есептеледі.
Тармақ 13
13. Тұрғын үй телеміне көмек мөлшері, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 1996 жылғы 29 мамырдағы «Тұрғын үйді ұстауға және тұрғын үй-коммуналдық қызметтерді төлеудің жаңа жүйесіне кезең-кезеңмен өту туралы» №118 шешімімен бекітілген әлеуметтік нормаларға сәйкес есептеледі.
Тармақ 14
14. Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызмет төлеміне отбасының мүмкін шығындарының ең жоғарғы шектеулі үлесі, отбасының табысы, коммуналдық қызметке тарифтер мен нақты шығындар өзгерген жағдайда бұрынғы тағайындалган көмек қайта есептеледі. Тұрғын үй көмегін төлеу қалалық бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 15
15. Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы берілген тұрғын үй көмегінің сомаларын көрсетіп, пәтерлердің меншік иелерінің (жалға алушылардың) тізілімін жасап, оны ай сайын қызмет көрсетушілерге береді; осы мақсатқа қала бюджетінде қарастырылып бөлінген қаржы есебінен төлемдік тапсырыстарымен қаржыландыру жүргізеді. Жеке тұрғын үйлердің меншік иелері бойынша басқарма алушылар тізімін жасайды және есептелінген тиісті сомаларын азаматтардың жеке шоттарына аудару үшін Халықтық банкінің филиалына береді.
Тармақ 16
16. Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы, тұрғын үй ұстауға және коммуналдық қызметтер үшін алдындағы үш айдың нақты шығындарын төлемеген үшін және біле тұра жалған құжаттарды берген азаматтарға тұрғын үй көмегін тағайындауды тоқтата түруға және алып тастауға құқылы.
Тармақ 17
17. Пәтер иесінің немесе пәтер иелерінің қайтыс болған жағдайында, осы пәтердің тұрғын үй алаңының нормалары және коммуналдық қызметті тұтыну нормативтері шегінде тұратын отбасы мүшелері мұрагерлік құқына енгізілгенше тұрғын үй көмегі тағайыңдалады.