Об утверждении государственных общеобязательных стандартов высшего и послевузовского образования Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.05.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Мыналар:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
Тармақша 2
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін: 1-тармақтың 7) және 8) тармақшаларының күші жойылды деп танылсын; көрсетілген бұйрықпен бекітілген 7 және 8-қосымшалардың күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі
Басқа 1. Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрнінің 2022 жылғы 20 шілдедегі № 2 бұйрығына 1-қосымша Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – МЖМС) «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 12) тармақшасына сәйкес әзірленді (бұдан әрі – Ереже). МЖМС меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ), оның ішінде әскери арнаулы оқу орындарында (бұдан әрі – ӘАОО) оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып, білім мазмұнына, білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне, білім алушылардың даярлық деңгейіне және оқу мерзімі қойылатын талаптарды айқындайды.
Тармақ 2
2. МЖМС-да мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
Тармақша 1
1) ӘАОО-дағы біліктілік сипаттамалары – Қазақстан Республикасы Қорғаныс саласында және тиісті лауазымда кәсіптік қызметті тиімді жүзеге асыру үшін қажетті білім, іскерлік және дағдылар;
Тармақша 2
2) ӘАОО-дағы кәсіби құзыреттер – ұлттық қауіпсіздік жүйесінде және құқық қорғау органдарында тиісті лауазымда кәсіби қызметті тиімді жүзеге асыру үшін қажетті білім, іскерлік және дағдылар;
Тармақша 3
3) бакалавриат – тиісті мамандық бойынша «бакалавр» дәрежесін бере отырып, кадрлар даярлауға бағытталған жоғары білім, білім беру бағдарламалары;
Тармақша 4
4) білім алушылардың білім срезі – білім алушылардың академиялық оқу кезеңіндегі оқу жетістіктерін бағалау;
Тармақша 5
5) дескрипторлар (descriptors (дэскрипторс)) – білім алушылардың жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің құзыреттіліктерде және академиялық кредиттерде қалыптасқан оқыту нәтижелеріне негізделетін тиісті деңгейінің (сатысының) білім беру бағдарламасын оқып аяқтауы бойынша алған білім, іскерлік, дағды және құзыреттілік деңгейі мен көлемінің сипаттамасы;
Тармақша 6
6) дипломдық жоба – жобалау элементтерін қолдана отырып және (немесе) бизнес-жобаларды, модельдерді, сондай-ақ шығармашылық сипаттағы жобаларды және басқа да жобаларды дайындау түрінде орындалған білім беру бағдарламасының бейініне сәйкес келетін қолданбалы міндеттерді дербес шешуді білдіретін студенттің бітіру жұмысы;
Тармақша 6-1
6-1) дипломдық жұмыс – білім беру бағдарламасының бейініне сәйкес студенттің өзекті проблеманы өз бетінше зерделеу нәтижелерін жинақтауды білдіретін бітіру жұмысы;
Тармақша 7
7) Еуропалық трансферт (аудару) және кредиттер жинақтау жүйесі (ECTS (еситиэс)) – студенттің шетелде алған кредиттерін өзінің білім беру ұйымына оралғаннан кейін олардың дәреже алуы үшін есептелетін кредиттерге аудару, сондай-ақ білім беру бағдарламалары шеңберінде кредиттер жинақтау тәсілі;
Тармақша 8
8) жеке оқу жоспары (бұдан әрі – ЖОЖ) – білім беру бағдарламасы және элективті пәндер каталогы негізінде эдвайзердің көмегімен студенттің әр оқу жылына арнап өзі құрастыратын оқу жоспары;
Тармақша 9
9) жоғары арнаулы білім (специалитет) – кемінде 300 академиялық кредит міндетті түрде меңгерілетін тиісті білім беру бағдарламасы бойынша маманның біліктілігін бере отырып, кадрлар даярлауға бағытталған жоғары білім деңгейі;
Тармақша 10
10) жоғары оқу орны компоненті (бұдан әрі – ЖК) – білім беру бағдарламасын меңгеру үшін ЖЖОКБҰ айқындайтын оқу пәндерінің және академиялық кредиттердің тиісті ең төменгі көлемінің тізбесі;
Тармақша 11
11) кеңейтілетін дәрежелер (Stackable degree (стакэбл дегри)) – әртүрлі салалардан немесе кәсіби қызмет салаларынан формальды және формальды емес білім арқылы алынған дағдылар мен құзыреттер жиынтығы;
Тармақша 12
12) құзыреттілік – оқу процесінде алған білімді, шеберлік пен дағдыны кәсіби қызметте практикалық тұрғыда пайдалана білу қабілеті;
Тармақша 13
13) микробіліктілік – қысқа мерзімді оқыту кезеңінде алынған кәсіптік стандарт бойынша (немесе тиісті кәсіп шеңберінде) бір жеке еңбек функциясын орындау үшін жеткілікті білім, дағдылар мен құзыреттер көлемі;
Тармақша 14
14) міндетті компонент – МЖМС-да белгіленген және білім беру бағдарламасы бойынша студенттер міндетті түрде оқитын оқу пәндерінің және тиісті академиялық кредиттердің ең төменгі көлемінің тізбесі;
Тармақша 15
15) нано-кредит – дербес және аяқталған сипаттағы оқу материалының шағын көлемінің біріздендірілген өлшем бірлігі;
Тармақша 16
16) оқу жұмыс жоспары (бұдан әрі – ОЖЖ) – білім беру бағдарламасы және студенттердің жеке оқу жоспарлары негізінде ЖЖОКБҰ дербес әзірлейтін оқу құжаты;
Тармақша 17
17) оқыту нәтижелері – білім алушылардың білім беру бағдарламасын меңгеру бойынша алған, көрсететін білімдерінің, машықтарының, дағдыларының бағалаумен расталған көлемі және қалыптасқан құндылықтар мен қатынастар;
Тармақша 18
18) таңдау компоненті – ЖЖОКБҰ ұсынатын, пререквизиттері мен постреквизиттерін ескере отырып, кез келген академиялық кезеңде студенттердің өздері таңдайтын оқу пәндерінің және академиялық кредиттердің тиісті ең аз көлемінің тізбесі; ӘАОО-дағы ОЖЖ – білім беру бағдарламасы және біліктілік талаптары, сипаттамалары негізінде АӘОО дербес әзірлейтін оқу құжаты;
Тармақша 19
19) үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі – ҮОБ) Ереженің 15-тармағының 13) тармақшасына сәйкес ұсынылатын әдебиеттің мазмұнын, көлемін, айқындайтын білім беру бағдарламасының міндетті компонентіндегі пәннің оқу құжаты.
Тарау 2. 2-тарау. Оқу нәтижелеріне бағдарлана отырып жоғары білім беру мазмұнына қойылатын талаптар
2-тарау. Оқу нәтижелеріне бағдарлана отырып жоғары білім беру мазмұнына қойылатын талаптар
Тармақ 3
3. Жоғары білімнің білім беру бағдарламалары оқыту нәтижелерін ескере отырып әзірленеді, оларды тұжырымдау кезінде Еуропалық трансферт (аудару) жүйесіне және кредиттердің жинақталуын (ECTS) басшылыққа ала отырып, ЖЖОКБҰ мынадай шарттарды ұстанады:
Тармақша 1
1) оқыту нәтижелері бағдарламаның мәнмәтінін, деңгейін, көлемін және мазмұнын көрсетеді;
Тармақша 2
2) оқыту нәтижелерін тұжырымдау қысқа және тым егжей-тегжейлі болып табылады;
Тармақша 3
3) оқыту нәтижелері өзара байланысты сипатталады;
Тармақша 4
4) оқыту нәтижелері түсінікті болып табылады және білім алушының оқу процесінде алған құзыреттерімен верификацияланады;
Тармақша 5
5) оқыту нәтижелері оқу жүктемесінің белгіленген көлеміне сәйкес қолжетімді болып табылады;
Тармақша 6
6) оқыту нәтижелері тиісті оқу қызметіне, бағалау әдістері мен өлшемшарттарына байланысты;
Тармақша 7
7) білім алушыларға игеруге ұсынылатын оқыту нәтижелерінің саны осы МЖМС 35 - тармағында ұсынылған дискрипторларға сәйкес келеді.
Тармақ 3-1
3-1. Жоғары білім беру бағдарламасының құрылымы үш цикл пәнінен тұрады – жалпы білім беретін пәндер (бұдан әрі – ЖБП), базалық пәндер (бұдан әрі – БП) және бейіндеуші пәндер және осы МЖМС-ға 1 және 2-қосымшаларда келтірілген. ЖБП циклі міндетті компонент (бұдан әрі – МК), жоғары оқу орны компоненті (бұдан әрі – ЖК) және (немесе) таңдау компоненті (бұдан әрі – ТК) пәндерін қамтиды. БП және бейіндеуші пәндер циклдері ЖК және ТК пәндерін қамтиды. ӘАОО-ларда ЖБП циклі міндетті және жоғары оқу орны компоненті пәндерінен, БП және бейіндеуші пәндер циклдері жоғары оқу орны компоненті пәндерінен тұрады, олардың құрылымы осы МЖМС-ға 3-қосымшада келтірілген.
Тармақ 4
4. ЖЖОКБҰ мазмұны ҮОБ-мен айқындалатын ЖБП циклінің тізбесіндегі міндетті компонент пәндерінің көлемін қысқартпайды. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім базасында жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім беру бағдарламалары ерекшелік болып табылады. ЖББ циклінің «Қазақстан тарихы» және «Философия» оқу пәндерінің мазмұны тиісті бейіндегі білім беру бағдарламаларын қоспағанда, ҮОБ-мен айқындалады. Кәсіптік даярлау сапасын арттыру және ЖЖОКБҰ кадрларын даярлау бағыттарының ерекшеліктерін есепке алу үшін ҮОБ айқындайтын «Шет тілі», «Орыс тілі», «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», «Дене шынықтыру» пәндерінің мазмұнына дербес өзгерістер енгізеді. ЖЖОКБҰ ҮОБ-мен айқындалатын «Қазақ тілі» пәнінің және әлеуметтік-саяси білім модулінің мазмұнына 50% - ға дейін өз бетінше өзгерістер енгізеді. Қазақстан Республикасының аумағында «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 65-бабының 4-тармағына сәйкес құрылған шетелдік ЖЖОКБҰ филиалдары және (немесе) шетелдік ЖЖОКБҰ «Қазақстан тарихы», «Қазақ тілі» және «Философия» пәндерін қоспағанда, ҮОБ айқындайтын ЖБП циклі пәндерінің мазмұнына дербес өзгерістер енгізеді және (немесе) ЖБП циклінің пәндерін ауыстырады. ЖЖОКБҰ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім базасында қысқартылған оқу мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламалары бойынша оқитын адамдарға ЖББ циклінің оқу пәндері бойынша бұрын игерілген оқу нәтижелерін тануды жүзеге асырады. Бұл ретте техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру базасында қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша оқитын адамдар «Қазақстан тарихы» пәнін оқиды. ӘАОО-да ЖББ циклінің оқу пәндерінің мазмұнын ӘАОО-лар дербес айқындайды.
Тармақ 5
5. ЖК және ТК пәндерін ЖЖОКБҰ дербес айқындайды және еңбек нарығының қажеттілігін, жұмыс берушілердің күтуін және білім алушылардың жеке мүдделерін ескереді. ӘАОО-да жоғары оқу орны компоненті нақты ӘАОО-да қалыптасқан ғылыми мектептер, біліктілік сипаттамаларына, біліктілік талаптарына қойылатын ӘАОО талаптарының ерекшелігін ескереді.
Тармақ 6
6. ЖБП циклінің көлемі 56 академиялық кредитті құрайды. Олардың 51 академиялық кредиті міндетті компонент пәндеріне тиесілі: Қазақстан тарихы, Философия, Қазақ (орыс) тілі, Шетел тілі, Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, Дене шынықтыру, Әлеуметтік-саяси білім модулі (саясаттану, әлеуметтану, мәдениеттану, психология). Бұл ретте бакалавриат деңгейіндегі барлық білім беру бағдарламалары және (немесе) кадрлар даярлау бағыттары бойынша ЖЖОКБҰ білім алушылары «Қазақстан тарихы» пәнінен оны оқып аяқтағаннан кейін сол академиялық кезеңде мемлекеттік емтихан тапсырады. ЖБП цикліндегі міндетті компонент пәндері:
Тармақша 1
1) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгеру негізінде бәсекеге қабілетті болашақ маманның дүниетанымдық, азаматтық және адамгершілік ұстанымдарын қалыптастыруға, мемлекеттік, орыс және шет тілдерінде коммуникация бағдарламаларын құруға, салауатты өмір салтына бағдарлауға, өзін-өзі жетілдіруге және кәсіби табысқа бағдарланған;
Тармақша 2
2) дүниетанымдық, азаматтық және адамгершілік ұстанымдардың қалыптасуы негізінде болашақ маман тұлғасының әлеуметтік-мәдени дамуын қамтамасыз ететін негізгі құзыреттілік жүйесін құрайды;
Тармақша 3
3) қазақ, орыс және шет тілдерінде тұлғааралық әлеуметтік және кәсіби қарым-қатынас жасау қабілеттерін дамытады;
Тармақша 4
4) өз өмірі мен қызметіндегі барлық салаларда заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгеру және пайдалану арқылы цифрлық сауаттылықты дамытуға ықпал етеді;
Тармақша 5
5) өзін-өзі дамыту және өмір бойы білімін жетілдіру дағдыларын қалыптастырады;
Тармақша 6
6) қазіргі әлемде ұтқырлыққа, сыни ойлау мен физикалық өзін-өзі жетілдіруге қабілетті тұлғаны қалыптастырады. ЖЖОКБҰ мемлекеттік бақылаудан өту кезеңінде білім алушылар ЖБП циклінің міндетті компонентінің пәндері бойынша білім алушылардың біліміне срез қорытындысы бойынша қол жеткізген оқу нәтижелерін растайды.
Тармақ 7
7. ЖБП циклінің міндетті пәндерін оқып бітіргеннен кейін білім алушы:
Тармақша 1
1) ғылыми және философиялық таным әдістерімен табиғи және әлеуметтік әлемді ғылыми ұғыну мен зерделеуді қамтамасыз ететін философия негіздерін білумен қалыптасқан дүниетанымдық ұстанымдар негізінде қоршаған болмысты бағалайды;
Тармақша 2
2) мифологиялық, діни және ғылыми дүниетанымның мазмұны мен өзіндік ерекшеліктерін түсіндіреді;
Тармақша 3
3) әлеуметтік және өндірістік салаларда болып жатқан барлық жағдайларға өз бағасын береді;
Тармақша 4
4) Қазақстанның тарихи дамуының негізгі кезеңдерін, заңдылықтарын және өзіндік ерекшелігін терең түсіну және ғылыми талдау негізінде азаматтық ұстанымын танытады;
Тармақша 5
5) Қазақстан тарихы оқиғаларының себептері мен салдарларын талдау үшін тарихи сипаттаудың әдістері мен тәсілдерін пайдаланады;
Тармақша 6
6) әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану және психологияның негізгі білімін ескере отырып, тұлғааралық, әлеуметтік және кәсіби қарым-қатынастың әртүрлі салаларындағы жағдайларды бағалайды;
Тармақша 7
7) интегративті процестердің заманауи өнімі ретінде осы ғылымдардың білімін синтездейді;
Тармақша 8
8) нақты ғылымды, сондай-ақ бүкіл әлеуметтік-саяси кластерді зерттеудің ғылыми әдістері мен тәсілдерін қолданады;
Тармақша 9
9) өзінің адамгершілік және азаматтық ұстанымын дамытады;
Тармақша 10
10) қазақстандық қоғамның қоғамдық, іскерлік, мәдени, құқықтық және әдеп нормаларымен жұмыс істейді;
Тармақша 11
11) жеке және кәсіби бәсекеге қабілеттілігін көрсетеді;
Тармақша 12
12) әлемде танылған қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар саласындағы білімді практикада қолданады;
Тармақша 13
13) әдіснама мен талдауды таңдауды жүзеге асырады;
Тармақша 14
14) зерттеу нәтижелерін қорытындылайды;
Тармақша 15
15) жаңа білімді синтездейді және оны гуманитарлық қоғамдық маңызы бар өнім түрінде ұсынады;
Тармақша 16
16) тұлғааралық, мәдениетаралық және өндірістік (кәсіптік) қарым-қатынас міндеттерін шешу үшін қазақ, орыс және шет тілдерінде ауызша және жазбаша нысанда коммуникацияға түседі;
Тармақша 17
17) грамматикалық білім жүйесі негізінде тілдік және сөйлеу құралдарын пайдалануды жүзеге асыру; қарым-қатынас жағдайына сәйкес ақпаратты талдау;
Тармақша 18
18) коммуникацияға қатысушылардың іс-әрекеттері мен іс-әрекеттерін бағалайды;
Тармақша 19
19) жеке қызметінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың әртүрлі түрлерін: интернет-ресурстарды, ақпаратты іздеу, сақтау, өңдеу, қорғау және тарату жөніндегі бұлтты және мобильді сервистерді пайдаланады;
Тармақша 20
20) өзін-өзі дамыту және мансаптық өсу үшін өмір бойы жеке білім беру траекториясын құру, дене шынықтыру әдістері мен құралдары арқылы толыққанды әлеуметтік және кәсіптік қызметті қамтамасыз ету үшін салауатты өмір салтына бағдарланады;
Тармақша 21
21) Қазақстан тарихының негізгі заңдылықтарын, философиялық, әлеуметтік-саяси, экономикалық және құқықтық білім негіздерін, қазақ, орыс және шет тілдеріндегі ауызша және жазбаша нысандағы коммуникацияларды біледі және түсінеді;
Тармақша 22
22) игерілген білімді өзгеріп жатқан әлеуметтік-мәдени жағдайларда тиімді әлеуметтендіру және бейімдеу үшін қолданады;
Тармақша 23
23) әлеуметтік құбылыстарды, процестер мен проблемаларды сандық және сапалық талдау дағдыларын меңгереді.
Тармақ 8
8. ЖБП циклінің ЖК және (немесе) ТК пәндері кемінде 5 академиялық кредитті құрайды.
Тармақ 9
9. ЖЖОКБҰ ЖББ циклінің пәндері бойынша және білім алушылардың экономика және құқық, кәсіпкерлік және қаржылық сауаттылық саласындағы құзыреттерін қалыптастыруға бағытталған пәнаралық оқу бағдарламаларын әзірлейді.
Тармақ 10
10. ӘАОО-да ЖБП циклінің көлемі 56 академиялық кредитті құрайды. Олардың 51 академиялық кредиті міндетті компонент пәндеріне тиесілі: Қазақстан тарихы, философия, қазақ (орыс) тілі, шетел тілі, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, дене шынықтыру, әлеуметтік-саяси білім модулі (саясаттану, әлеуметтану, мәдениеттану, психология). ӘАОО-да ЖБП циклінің ЖК пәндері кемінде 5 академиялық кредитті құрайды.
Тармақ 11
11. БП және бейіндеуші пәндер циклі оқу пәндерін, кәсіби практикалардың түрлерін оқуды қамтиды және кемінде 176 академиялық кредитті құрайды. ӘАОО-лар үшін БП және бейндеуші пәндер циклдары оқу пәндерін, практиканың барлық түрлерін зерделеуді қамтиды және кемінде 178 академиялық кредитті құрайды. ӘАОО-да практика түрлері Заңының 5-1-бабының 11) тармақшасына сәйкес айқындалады.
Тармақ 12
12. Білім алушылар жеке оқу жоспарын қалыптастыру кезінде жоғары оқу орны компоненті және (немесе) таңдау компоненті аясында негізгі (Major) білім беру бағдарламасы пәндерін және (немесе) қосымша (Minor) білім беру бағдарламасы пәндерін таңдай алады.
Тармақ 13
13. Қорытынды аттестаттау жоғары білімнің білім беру бағдарламасының жалпы көлемінде кемінде 8 академиялық кредитті құрайды. Қорытынды аттестаттауды өткізу нысандары мен рәсімін ЖЖОКБҰ дербес айқындайды.
Тармақ 14
14. ӘАОО-ларда қорытынды аттестаттау жоғары білімнің білім беру бағдарламасының жалпы көлемінде кемінде 6 академиялық кредитті құрайды. Қорытынды аттестаттауды өткізу нысандары ӘАОО қарамағында болатын мемлекеттік органдар бекітетін білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау қағидаларында айқындалады.
Тармақ 15
15. Қорытынды аттестаттаудың мақсаты жоғары білімнің білім беру бағдарламасын зерделеу аяқталғаннан кейін қол жеткізілген оқыту нәтижелерін бағалау болып табылады.
Тармақ 16
16. ЖЖОКБҰ және ӘАОО оқытудың қосымша түрлерін дербес айқындайды.
Тармақ 17
17. Әскери дайындық мемлекеттік білім беру тапсырысы шегінде немесе оқытудың қосымша түрлері шеңберінде ақылы негізде қамтамасыз етіледі. ӘАОО-ны қоспағанда, қосымша оқытудың басқа түрлерін игеру ақылы негізде қамтамасыз етіледі.
Тармақ 18
18. Үш тілде білім беру бағдарламаларын енгізетін ЖЖОКБҰ білім беру қызметін жоспарлау мен ұйымдастыруды үш тілде: оқыту тілінде, екінші және ағылшын тілдерінде жүзеге асырады. Оқыту тілінде, екінші және ағылшын тілдерінде оқытылатын пәндердің пайыздық арақатынасын ЖЖОКБҰ дербес айқындайды. Үш тілде білім беру бағдарламаларын енгізетін ӘАОО-лар оқытуды үш тілде: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүзеге асырады. Екі тілде білім беру бағдарламаларын енгізетін ӘАОО-лар оқытуды екі тілде: қазақ және орыс тілдерінде жүзеге асырады. Әртүрлі тілдерде оқытылатын пәндердің пайыздық арақатынасын ӘАОО дербес айқындайды.
Тармақ 19
19. Дуальды оқыту жүйесінің элементтерін енгізетін ЖЖОКБҰ Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 27 шілдедегі № 361 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33206 болып тіркелген) Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында дуальды оқытуды ұйымдастыру қағидаларына сәйкес теориялық оқытуды өндірістегі практикалық даярлықпен ұштастыру негізінде білім беру қызметін жоспарлауды және ұйымдастыруды жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. ЖЖОКБҰ инклюзия, тұрақты даму, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет құндылықтарын қалыптастыруға, сондай-ақ ғылыми зерттеу дағдыларын дамытуға, тіршілік қауіпсіздігі мен экологияны қамтамасыз етуге бағытталған МЖМС талаптарына және кәсіптік стандарттарға (бар болса) сәйкес жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын дербес әзірлейді. Педагогикалық бағыттағы білім беру бағдарламалары ерекше білім беруді қажет ететін және мүмкіндігі шектеулі балаларды (тұлғаларды) сүйемелдеу және кешенді қолдау көрсету бойынша құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған пәндерді (модульдерді) қамтиды. ЖЖОКБҰ жасанды интеллектіні қолдану бойынша құзыреттерді игеруге бағытталған білім беру бағдарламаларын әзірлейді және іске асырады. ЖЖОКБҰ-да білім беру бағдарламаларын әзірлеумен ЖЖОКБҰ басшысының бұйрығымен құрылатын академиялық комитеттер айналысады, олардың құрамына академиялық персоналдың, жұмыс берушілердің, білім алушылардың өкілдері енгізіледі. Білім беру бағдарламаларының негізінде оқу жоспарлары (оқу жұмыс жоспарлары, білім алушылардың жеке оқу жоспарлары) қалыптастырылады және оқу пәндері бойынша оқу жұмыс бағдарламалары (силлабустар) әзірленеді. ЖБП циклінің пәндерін қоспағанда, білім алушылар білім беру бағдарламасы бойынша оқу нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған жеке оқу жоспарын дербес қалыптастырады. Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын ЖЖОКБҰ модульдік оқыту қағидаты бойынша әзірлейді. ӘАОО-ларда білім беру бағдарламаларын әзірлеу қағидаты дербес айқындалады.
Тармақ 21
21. Жоғары білімі бар кадрларды даярлау жалпы орта білімнің, техникалық және кәсіптік білімнің, орта білімнен кейінгі білімнің, сондай-ақ екінші жоғары білім алған кезде жоғары білімнің жалпы білім беру оқу бағдарламалары базасында жүзеге асырылады. Техникалық және кәсіптік білімнің, орта білімнен кейінгі білімнің, сондай-ақ жоғары білімнің білім беру бағдарламаларының базасында оқуға түсу кезінде екінші жоғары білімді алу барысында жоғары білімнің білім беру бағдарламасы бейінінің жоғары, техникалық және кәсіптік білімнің немесе орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламасымен сәйкес және (немесе) мәндес келген жағдайда, формальды білім берудің алдыңғы деңгейінің оқыту нәтижелері автоматты түрде танылады, меңгерілген академиялық кредиттер саны мен оқу мерзімі қысқартылады. Оқыту нәтижелері пререквизиттер ретінде сәйкес келген кезде формальды білім берудің алдыңғы деңгейінің жекелеген пәндері, сондай-ақ тиісті деңгейдегі формальды емес білім берудің оқыту нәтижелері қайта оқылады.
Тармақ 22
22. ЖЖОКБҰ формальды емес білім берудің оқыту нәтижелерін, оның ішінде микробіліктіліктерді, нано-кредиттерді және арттырылатын дәрежелерді (Stackable degree (стакэбл дегри) тануды дербес жүзеге асырады.
Тармақ 22-1
22-1. Аяқталған сипаттағы білім беру бағдарламаларын, пәндерін оқыту нәтижелері «Кәсіби біліктілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес оларды сертификаттау жолымен танылады.
Тармақ 23
23. ЖЖОКБҰ білім беру мазмұнын, оқытудың кредиттік технологиясы негізінде оқу процесін ұйымдастыру және жүргізу тәсілін жоспарлауды жүзеге асырады.
Тармақ 24
24. Жоғары білімнің білім беру бағдарламасының бейіні оның білім берудің тиісті саласына қатыстылығын, оқу саласының сипаттамасын, даярлау деңгейін, оқу нәтижелерін, кәсіптік қызметтің негізгі түрлерін білдіреді және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 13 қазандағы № 569 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17565 болып тіркелген) бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының сыныптауышымен сәйкес айқындалады:
Тармақша 1
1) «Педагогикалық ғалымдар» – педагогикалық жоғары білім;
Тармақша 2
2) «Өнер және гуманитарлық ғылымдар» – жоғары өнертану немесе жоғары гуманитарлық білім;
Тармақша 3
3) «Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат» – әлеуметтік ғылымдар саласындағы жоғары білім немесе PR саласындағы жоғары білім;
Тармақша 4
4) «Бизнес, басқару және құқық» – экономикалық білім немесе жоғары заңгерлік білім;
Тармақша 5
5) «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика» – жоғары жаратылыстану білімі немесе жоғары математикалық білім;
Тармақша 6
6) «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» – АКТ саласындағы жоғары білім;
Тармақша 7
7) «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» – жоғары инженерлік білім;
Тармақша 8
8) «Ауыл шауашылығы және биоресурстар» – жоғары ауылшаруашылық білім;
Тармақша 9
9) «Ветеринария» – жоғары ветеринарлық білім;
Тармақша 10
10) «Денсаулық сақтау» – жоғары медициналық білім;
Тармақша 11
11) «Қызмет көрсету» – қызмет көрсету саласындағы жоғары білім;
Тармақша 12
12) «Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс» – ұлттық қауіпсіздік және әскери іс саласындағы жоғары білім. Білім беру салалары мен деңгейлері бойынша берілетін дәрежелердің атауы осы МЖМС-ға 4-қосымшаға сәйкес айқындалады.
Тарау 3. 3-тарау. Студенттердің оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар
3-тарау. Студенттердің оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар
Тармақ 25
25. Оқу жүктемесі студенттің оқу пәнін, модульді немесе бүкіл жоғары білім беру бағдарламасын зерделеуіне кететін және оның оқу нәтижелеріне қол жеткізу үшін қажет болатын уақытпен өлшенеді.
Тармақ 26
26. Оқу жүктемесі студенттің барлық оқу әрекетін қамтиды – дәрістер, семинарлар, курстық жұмыстар (жобалар), практикалық және зертханалық жұмыстар, студиядағы жұмыстар, өндірістегі практика (дуальды оқыту кезінде), кәсіптік практика, дипломдық жұмыс (жоба), өзіндік жұмыс, оның ішінде оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін жұмыс.
Тармақ 27
27. Студенттің оқу жүктемесін айқындау кезінде оқу жылы нысандарын жоғары және (немесе) ЖЖОКБҰ дербес айқындайтын академиялық кезеңдерден (семестр – 15 аптадан кем емес, триместр – 10 аптадан кем емес, тоқсан – 7-8 аптадан кем емес) аралық аттестаттау, практика, каникул кезеңдерінен, қорытынды аттесттау кезеңінен (бітіруші курста) тұратынын ескеру қажет. ӘАОО-да курсанттың оқу жүктемесін айқындау кезінде ӘАОО дербес айқындайтын академиялық кезеңнің ұзақтығы негізге алынады. Академиялық кезеңдерді ұйымдастырудың аралас нысандарын пайдалануға жол беріледі.
Тармақ 28
28. Бір оқу жылының толық оқу жүктемесі кемінде 60 академиялық кредитті немесе 1800 академиялық сағатты құрайды. ЖЖОКБҰ және ӘАОО-ларда академиялық кредиттердің көлемін семестрлер (триместрлер, тоқсандар) бойынша дербес бөледі.
Тармақ 29
29. Бір академиялық кредит 30 академиялық сағатқа сәйкес келеді.
Тармақ 30
30. Осы МЖМС-ның 27, 28-тармақтарында көрсетілген оқу жүктемесі типтік оқу жүктемесін білдіреді. Студенттің бір семестр ішінде академиялық кредиттердің аз немесе көп мөлшерін меңгеруіне рұқсат беріледі. Оқытудың нысандары мен технологиясына байланысты студенттердің жекелеген санаттары үшін оқу нәтижелеріне қол жеткізудің нақты уақыты әртүрлі болуы мүмкін және оны ЖЖОКБҰ дербес есептейді.
Тармақ 31
31. Бакалавриат бағдарламалары бойынша оқудың аяқталуының негізгі өлшемі студенттің оқу қызметінің барлық түрлерін қоса алғанда, білім алушылардың барлық оқу кезеңінде кемінде 240 академиялық кредитті игеруі болып табылады. «Ветеринария» бағыты бойынша кадрларды даярлау ерекшелігіне, сәулет және дизайн, ядролық физика саласындағы білім беру бағдарламаларына сәйкес кәсіптік білімге бағдарланған жоғары білім беру бағдарламаларын оқытуды аяқтаудың, сондай-ақ екі сабақтас мектеп пәні бойынша педагогтерді даярлаудың негізгі өлшемшарттары білім алушылардың кемінде 300 академиялық кредитті игеруі болып табылады.
Тармақ 32
32. Техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламасының немесе орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламасының немесе жоғары білім беру бағдарламасының базасында, жоғары білім беруді оқытудың қысқартылған мерзімдері бар білім беру бағдарламалары бойынша немесе жалпы орта білім беру бағдарламасының базасында оқуға түскен білім алушыларға академиялық кредиттердің саны және жоғары білімнің білім беру бағдарламасының қажетті көлемі, формальды және формальды емес білім беруді оқытудың бұрын қол жеткізілген нәтижелерін тануды ескере отырып «Формальды емес білім беру арқылы алынған оқыту нәтижелерін, сондай-ақ кәсіптік біліктілікті тану нәтижелерін тану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 24 қазандағы № 544 және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 24 қазандағы № 322 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 33580 болып тіркелген) сәйкес, ЖЖОКБҰ-мен дербес айқындалады.
Тармақ 33
33. ЖЖОКБҰ білім беру қызметін алынған лицензияға сәйкес жүзеге асырады және оның жарамдылығының бүкіл кезеңі ішінде жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беретін ұйымдардың білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 5 қаңтардағы № 4 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 33892 болып тіркелген) сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін сақтайды.
Тарау 4. 4-тарау. Студенттерді даярлау деңгейіне қойылатын талаптар
4-тарау. Студенттерді даярлау деңгейіне қойылатын талаптар
Тармақ 34
34. Студенттерді даярлау деңгейіне қойылатын талаптар жоғары білімнің бірінші деңгейіндегі (бакалавриат) Дублин дескрипторлары негізінде айқындалады және оқу кезінде қол жеткізілген нәтижелерден байқалатын меңгерілген негізгі құзыреттерді көрсетіледі. Оқыту нәтижелері барлық жоғары білімнің білім беру бағдарламасы деңгейінде де және жеке модульдер немесе оқу пәні деңгейінде де тұжырымдалады.
Тармақ 35
35. Дескрипторлар студенттердің мынадай қабілеттерін сипаттайтын оқыту нәтижелерін көрсетеді:
Тармақша 1
1) осы саладағы озық білімге негізделген, зерттелетін саладағы білімі мен түсініктерін көрсету;
Тармақша 2
2) кәсіби деңгейде білім мен түсінуді қолдану, дәлелдерді қалыптастыру және оқытылатын саладағы мәселелерді шешу;
Тармақша 3
3) әлеуметтік, этикалық және ғылыми жинақтарды ескере отырып, пайымдаулар қалыптастыру үшін ақпаратты жинауды және түсіндіруді жүзеге асыру;
Тармақша 4
4) оқытылатын салада оқу-практикалық және кәсіби міндеттерді шешу үшін теориялық және практикалық білімді қолдану;
Тармақша 5
5) оқытылатын салада одан әрі оқуды өз бетінше жалғастыру үшін қажетті оқыту дағдылары;
Тармақша 6
6) ғылыми зерттеулердің әдістерін және академиялық хатты білу және оларды оқытылатын салада қолдану;
Тармақша 7
7) оқытылатын салада фактілерді, құбылыстарды, теорияларды және олардың арасындағы күрделі тәуелділікті білу және түсіну;
Тармақша 8
8) академиялық адалдық принциптері мен мәдениетінің маңызын ұғыну. ЖЖОКБҰ-да оқыту нәтижелерін бағалау мемлекеттік бақылау жүргізу кезінде білім алушылардың біліміне срез арқылы жүргізіледі.
Тармақ 36
36. Сот төрелігі академиясын, әскери, арнаулы оқу орындарын, білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар және танылған аккредиттеу органдарының тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында аккредиттеуден өткен денсаулық сақтау саласындағы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда, жоғары білімнің білім беру бағдарламасы бойынша оқуды аяқтаған адамдарға ЖЖОКБҰ дипломға (Diploma Supplement (диплом саплэмент) қосымшасы және (немесе) жалпыеуропалық қосымшасы бар білім туралы өзіндік үлгідегі құжатты тегін береді.
Тарау 5. 5-тарау. Оқу мерзіміне қойылатын талаптар
5-тарау. Оқу мерзіміне қойылатын талаптар
Тармақ 37
37. Бакалавриатта оқу мерзімі игерілген академиялық кредиттердің көлемімен айқындалады. Академиялық кредиттердің белгіленген көлемін игеру және бакалавр дәрежесін алу үшін күтілетін оқу нәтижелеріне қол жеткізу кезінде жоғары білімнің білім беру бағдарламасы толық аяқталған болып табылады.
Басқа 1.1. Жоғары білімнің білім беру бағдарламасының құрылымы
Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына 1-қосымша Жоғары білімнің білім беру бағдарламасының құрылымы № Пәндер мен циклдердің атауы Жалпы еңбек сыйымдылығы академиялық сағат бойынша академиялық кредит бойынша 1 2 3 4 1 Жалпы білім беретін пәндер (ЖБП) циклі 1680 56 1) Міндетті компонент 1530 51 Қазақстан тарихы 150 5 Философия 150 5 Шетел тілі 300 10 Қазақ (Орыс) тілі 300 10 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар 150 5 Әлеуметтік-саяси білім модулі (әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану, психология) 240 8 Дене шынықтыру 240 8 2) Жоғары оқу орны компоненті және (немесе) таңдау компоненті 150 5 2 Базалық және бейіндеуші пәндер циклі (БП, БП) кемінде 5280 кемінде 176 1) Жоғары оқу орны компоненті және (немесе) таңдау компоненті 2) Кәсіптік практика 3 Оқытудың қосымша түрлері (ОҚТ) 1) Таңдау компоненті 4 Қорытынды аттестаттау кемінде 240 кемінде 8 Барлығы кемінде 7200 кемінде 240
Басқа 1.2. Жоғары білімнің білім беру бағдарламасының құрылымы
Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына 2-қосымша Жоғары білімнің білім беру бағдарламасының құрылымы № Пәндер мен циклдердің атауы Жалпы еңбек сыйымдылығы академиялық сағат бойынша академиялық кредит бойынша 1 2 3 4 1 Жалпы білім беретін пәндер (ЖБП) циклі 1680 56 1) Міндетті компонент 1530 51 Қазақстан тарихы 150 5 Философия 150 5 Шетел тілі 300 10 Қазақ (Орыс) тілі 300 10 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар 150 5 Әлеуметтік-саяси білім модулі (әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану, психология) 240 8 Дене шынықтыру 240 8 2) Жоғары оқу орны компоненті және (немесе) таңдау компоненті 150 5 2 Базалық және бейіндеуші пәндер циклі (БП, БП) кемінде 7080 кемінде 236 1) Жоғары оқу орны компоненті және (немесе) таңдау компоненті 2) Кәсіптік практика 3 Оқытудың қосымша түрлері (ОҚТ) 1) Таңдау компоненті 4 Қорытынды аттестаттау кемінде 240 кемінде 8 Барлығы кемінде 9000 кемінде 300
Басқа 1.3. ӘАОО-да жоғары білімнің білім беру бағдарламасының құрылымы
Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына 3-қосымша ӘАОО-да жоғары білімнің білім беру бағдарламасының құрылымы № Пәндер мен циклдердің атауы Жалпы еңбек сыйымдылығы академиялық сағат бойынша академиялық кредит бойынша 1 2 3 4 1 Жалпы білім беретін пәндер (ЖБП) циклі 1680 56 1) Міндетті компонент 1530 51 Қазақстан тарихы 150 5 Философия 150 5 Шетел тілі 300 10 Қазақ (Орыс) тілі 300 10 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (ағылшын тілінде) 150 5 Әлеуметтік-саяси білім модулі (әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану, психология) 240 8 Дене шынықтыру 240 8 2) Жоғары оқу орны компоненті 150 5 2 Базалық және бейіндеуші пәндер циклі (БП, БП) кемінде 5340 кемінде 178 1) Жоғары оқу орны компоненті 3 Оқытудың қосымша түрлері (ОҚТ) 4 Қорытынды аттестаттау кемінде 180 кемінде 12 Барлығы кемінде 7200 кемінде 240
Басқа 1.4. Білім беру салалары мен деңгейлеріне сәйкес берілетін дәрежелердің атауы
Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына 4-қосымша Білім беру салалары мен деңгейлеріне сәйкес берілетін дәрежелердің атауы р/н Білім беру саласының атауы Бакалавриат білім беру бағдарламалары бойынша берілетін дәреже Магистратура білім беру бағдарламасы бойынша (ғылыми-педагогикалық бағыт/ бейіндік)берілетін дәреже Философия докторы (PhD) / бейіні бойынша доктор білім беру бағдарламалары бойынша берілетін дәреже 1. Педагогикалық ғылымдар «Білім беру бағдарламасының коды және атауы» білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры «Білім беру бағдарламасының коды және атауы» білім беру бағдарламасы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі/ білім магистрі «Білім беру бағдарламасының коды және атауы» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) /білім докторы 2. Өнер және гуманитарлық ғылымдар 1. «Білім беру бағдарламасының коды және атауы» білім беру бағдарламасы бойынша өнер бакалавры/ 2. «Білім беру бағдарламасының атауы және код» білім беру бағдарламасы бойынша гуманитарлық білім бакалавры 3. «Білім беру бағдарламасының коды және атауы» білім беру бағдарламасы бойынша тіл білімі бакалавры 1. «Білім беру бағдарламасының коды және атауы» білім беру бағдарламасы бойынша өнертану ғылымдарының магистрі/ өнер магистрі 2. «Білім беру бағдарламасының коды және атауы» білім беру бағдарламасы бойынша гуманитарлық ғылымдар магистрі/ гуманитарлық білім магистрі 3. «Білім беру бағдарламасының коды және атауы» білім беру бағдарламасы бойынша филология ғылымдары магистрі/ тіл білімі магистрі 1. «Білім беру бағдарламасының коды және атауы» білім беру бағдарламасы бойынша PhD философия докторы/Өнер докторы 2. «Білім беру бағдарламасының коды және атауы» білім беру бағдарламасы бойынша PhD философия докторы 3. «Білім беру бағдарламасының коды және атауы» білім беру бағдарламасы бойынша PhD философия докторы 3. Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат «Білім беру бағдарламасының коды және атауы» білім беру бағдарламасы бойынша әлеуметтік білім бакалавры «Білім беру бағдарламасының коды және атауы» білім беру бағдарламасы бойынша әлеуметтік ғылымдар магистрі/әлеуметтік білім магистрі «Білім беру бағдарламасының коды және атауы» білім беру бағдарламасы бойынша PhD философия докторы 4. Бизнес, басқару және құқық 1. «білім беру бағдарламасының коды және атауы» білім беру бағдарламасы бойынша экономика бакалавры немесе бизнес және басқару бакалавры 2. «Білім беру бағдарламасының коды және атауы» білім беру бағдарламасы бойынша құқық бакалавры 1. «Білім беру бағдарламасының коды және атауы» білім беру бағдарламасы бойынша экономика ғылымдары магистрі/ бизнес және басқару магистрі немесе МВА 2. «Білім беру бағдарламасының коды және атауы» білім беру бағдарламасы бойынша заң ғылымдарының магистрі/құқық магистрі 1. «Білім беру бағдарламасының коды және атауы» білім беру бағдарламасы бойынша PhD философия докторы/ докторы немесе «Білім беру бағдарламасының коды және атауы» білім беру бағдарламасы бойынша DВА 2. «Білім беру бағдарламасының коды және атауы» білім беру бағдарламасы бойынша PhD философия докторы/құқық докторы 5. Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика «Білім беру бағдарламасының коды және атауы» білім беру бағдарламасы бойынша жаратылыстану бакалавры/ «Білім беру бағдарламасының коды және атауы» білім беру бағдарламасы бойынша ядролық физика маманы «Білім беру бағдарламасының коды және атауы» білім беру бағдарламасы бойынша жаратылыстану ғылымдарының магистрі/жаратылыстану магистрі «Білім беру бағдарламасының коды және атауы» білім беру бағдарламасы бойынша PhD философия докторы/ индустриялық докторы 6. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар «Білім беру бағдарламасының коды және атауы» білім беру бағдарламасы бойынша ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласының бакалавры «Білім беру бағдарламасының коды және атауы» білім беру бағдарламасы бойынша техника ғылымдарының магистрі/техника және технология магистрі «Білім беру бағдарламасының коды және атауы» білім беру бағдарламасы бойынша PhD философия докторы/ индустриялық докторы 7. Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары «Білім беру бағдарламасының коды және атауы» білім беру бағдарламасы бойынша техника және технология бакалавры «Білім беру бағдарламасының коды және атауы» білім беру бағдарламасы бойынша техника ғылымдарының магистрі/техника және технология магистрі «Білім беру бағдарламасының коды және атауы» білім беру бағдарламасы бойынша PhD философия докторы/ индустриялық докторы 8. Ауыл шауашылығы және биоресурстар «Білім беру бағдарламасының коды және атауы» білім беру бағдарламасы бойынша ауыл шаруашылығы бакалавры «Білім беру бағдарламасының коды және атауы» білім беру бағдарламасы бойынша ауыл шаруашылығы ғылымдарының магистрі/ауыл шаруашылығы магистрі «Білім беру бағдарламасының коды және атауы» білім беру бағдарламасы бойынша PhD философия докторы 9. Ветеринария «Білім беру бағдарламасының коды және атауы» білім беру бағдарламасы бойынша ветеринария маманы «Білім беру бағдарламасының коды және атауы» білім беру бағдарламасы бойынша жоғары ветеринария ғылымдарының магистрі/ветеринария магистрі «Білім беру бағдарламасының коды және атауы» білім беру бағдарламасы бойынша PhD философия докторы 10. Денсаулық сақтау «Білім беру бағдарламасының коды және атауы» білім беру бағдарламасы бойынша денсаулық сақтау бакалавры «Білім беру бағдарламасының коды және атауы» білім беру бағдарламасы бойынша медицина ғылымдарының магистрі/ денсаулық сақтау магистрі «Білім беру бағдарламасының коды және атауы» білім беру бағдарламасы бойынша PhD философия докторы/медицина докторы 11. Қызмет көрсету «Білім беру бағдарламасының коды және атауы» білім беру бағдарламасы бойынша қызмет көрсету саласының бакалавры «Білім беру бағдарламасының коды және атауы» білім беру бағдарламасы бойынша ғылым магистрі/ қызмет көрсету саласының магистрі «Білім беру бағдарламасының коды және атауы» білім беру бағдарламасы бойынша PhD философия докторы 12. Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс «Білім беру бағдарламасының коды және атауы» білім беру бағдарламасы бойынша ұлттық қауіпсіздік және әскери іс бакалавры «Білім беру бағдарламасының коды және атауы» білім беру бағдарламасы бойынша ұлттық қауіпсіздік және әскери іс магистрі «Білім беру бағдарламаларының коды және атауы» білім беру бағдарламасы бойынша PhD философия докторы/әскери ісі және ұлттық қауіпсіздік докторы
Басқа 2. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің ________ «___» ________ № ____ бұйрығына 2-қосымша Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – МЖМС) «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 12) тармақшасына сәйкес әзірленді (бұдан әрі – Ереже). МЖМС меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ), оның ішінде әскери арнаулы оқу орындарында (бұдан әрі – ӘАОО) оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып, білім мазмұнына, білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне, білім алушылардың даярлық деңгейіне және оқу мерзімі қойылатын талаптарды айқындайды. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы білім беру ұйымдарында, білім беру мазмұны мен оқыту технологиясы ерекше мәртебеге сәйкес, оның ішінде мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде білім алушылар үшін дербес айқындалады.
Тармақ 2
2. МЖБС-да Заңға сәйкес ұғымдар қолданылады. Оларға қосымша мынадай ұғымдар енгізілген:
Тармақша 1
1) ӘАОО-дағы біліктілік сипаттамалары – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі саласындағы және жекелеген тиісті лауазымдағы кәсіби қызметті тиімді жүзеге асыру үшін қажетті білім, іскерлік және дағды;
Тармақша 2
2) ӘАОО-дағы біліктілік талаптары – ұлттық қауіпсіздік, құқық қорғау органдары жүйесіндегі және жекелеген тиісті лауазымдағы кәсіби қызметті тиімді жүзеге асыру үшін қажетті білім, шеберлік және дағды;
Тармақша 3
3) ӘАОО-дағы кәсіби құзыреттер – тиісті лауазымда құқық қорғау органдары жүйесіндегі кәсіби қызметті тиімді жүзеге асыру үшін қажетті білімдер, іскерліктер мен дағдылар;
Тармақша 4
4) ӘАОО-дағы магистрлік диссертация – магистранттың таңдалған білім беру бағдарламасы саласындағы өзекті проблеманың теориялық және (немесе) практикалық әзірлемесін қамтитын өзіндік ғылыми зерттеуден тұратын, ғылымның қазіргі заманғы теориялық, әдістемелік және технологиялық жетістіктеріне негізделген бітіру жұмысы;
Тармақша 5
5) ӘАОО-дағы ОЖЖ – білім беру бағдарламасы не ҮОБ негізінде білім беру ұйымы дербес әзірлейтін оқу құжаты;
Тармақша 6
6) бейіні бойынша доктор – Қазақстан Республикасында немесе одан тысқары жерлерде кәсіптік қызметтің тиісті саласы бойынша докторантураның бағдарламасын меңгерген және диссертация қорғаған адамдарға берілетін, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен танылған дәреже;
Тармақша 7
7) DBA бағдарламасы (бұдан әрі – DBA (ДиБиЭй)) – бизнес-әкімшілендіруде жобалау жұмысы мен қолданбалы зерттеулер жүргізуге негізделген және басқарушы кадрлар даярлауға бағытталған жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламасы;
Тармақша 8
8) докторант – докторантурада білім алатын адам;
Тармақша 9
9) докторантура – білім беру бағдарламалары кемінде 180 акдемиялық кредитті міндетті меңгеру арқылы тиісті бағыт бойынша философия докторы (PhD) (бейіні бойынша доктор) дәрежесін бере отырып, ғылыми, педагогикалық және (немесе) кәсіптік қызмет үшін жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру;
Тармақша 10
10) докторлық диссертация – докторанттың теориялық ережелер әзірленген, жиынтығын жаңа ғылыми жетістік ретінде саралауға болатын немесе ғылыми проблема шешілген не ғылыми негізделген техникалық, экономикалық немесе технологиялық шешімдер жазылған дербес зерттеу болып табылатын ғылыми жұмысы;
Тармақша 11
11) дескрипторлар (descriptors (дэскрипторс)) – білім алушылардың жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің құзыреттіліктерде және академиялық кредиттерде қалыптасқан оқыту нәтижелеріне негізделетін тиісті деңгейінің (сатысының) білім беру бағдарламасын оқып аяқтауы бойынша алған білім, іскерлік, дағды және құзыреттілік деңгейі мен көлемінің сипаттамасы;
Тармақша 12
12) диссертациялық зерттеудің ғылыми негіздемесі (research proposal (ресоч пропозал)) – докторант дайындаған және бірінші немесе екінші оқу жылы ішінде ЖЖОКБҰ бекіткен, зерттеудің мақсаты, міндеттері мен әдіснамасын, әдебиеттерге шолу жасауды және зерттеудің күтілетін нәтижелерін қамтитын құжат;
Тармақша 13
13) executive MBA (бұдан әрі – ЕМВА (экзекютив ЭмБиЭй)) – бұл мақсатты аудиторияның ерекшеліктерін ескере отырып, топ-менеджерлерді даярлауға бағдарланған МВА бағдарламасы;
Тармақша 14
14) жеке оқу жоспары (бұдан әрі – ЖОЖ) – білім алушының білім беру бағдарламасының және элективті пәндер каталогының негізінде эдвайзердің көмегімен әрбір оқу жылына жеке жасайтын оқу жоспары;
Тармақша 15
15) жоғары оқу орны компоненті (бұдан әрі – ЖК) – білім беру бағдарламасын меңгеру үшін ЖЖОКБҰ дербес айқындайтын оқу пәндерінің және академиялық кредиттердің тиісті ең төменгі көлемінің тізбесі;
Тармақша 16
16) құзыреттілік – оқу процесінде алған білімді, шеберлік пен дағдыны кәсіби қызметте практикалық тұрғыда пайдалана білу қабілеті;
Тармақша 17
17) магистр – магистратураның білім беру бағдарламасын меңгерген тұлғаларға берілетін дәреже;
Тармақша 18
18) магистрант – магистратурада білім алушы тұлға;
Тармақша 19
19) магистратура – кемінде 60-120 академиялық кредитті міндетті түрде меңгеру арқылы тиісті білім беру бағдарламасы бойынша «магистр» дәрежесін бере отырып, кадрлар даярлауға бағытталған жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру деңгейі;
Тармақша 20
20) магистрлік диссертация – ғылыми-педагогикалық магистратура магистрантының таңдалған білім беру бағдарламасы саласындағы өзекті проблеманың теориялық және/немесе практикалық әзірлемесін қамтитын өзіндік ғылыми зерттеуден тұратын, ғылым мен техниканың қазіргі заманғы теориялық, әдістемелік және технологиялық жетістіктеріне негізделген бітіру жұмысы;
Тармақша 21
21) магистрлік жоба – бейінді магистратура магистрантының таңдалған білім беру бағдарламасының өзекті проблемаларының қолданбалы міндетін шешуге мүмкіндік беретін теориялық және (немесе) эксперименттік нәтижелерді қамтитын өзіндік ғылыми зерттеуден тұратын бітіру жұмысы;
Тармақша 22
22) МВА бағдарламасы – бизнес саласындағы заманауи білімдер мен дағдыларды меңгерген, процестер мен кадрлық активтерді басқаруға, компанияның стратегиясын жасауға, стратегиялық және оперативті міндеттерді анықтай білуге және ғылыми аспаптарды қолдана отырып, оларға қол жеткізе білуге қабілетті басқарушы кадрлар даярлау бағдарламасы;
Тармақша 23
23) міндетті компонент – МЖБС-да белгіленген және білім алушылардың оқыту бағдарламасы бойынша міндетті түрде оқитын оқу пәндерінің және академиялық кредиттердің тиісті ең төменгі көлемінің тізбесі;
Тармақша 24
24) оқу жұмыс жоспары (бұдан әрі – ОЖЖ) – ЖЖОКБҰ білім беру бағдарламасы мен білім алушылардың жеке оқу жоспарлары негізінде дербес әзірлейтін оқу құжаты;
Тармақша 25
25) таңдау компоненті – ЖЖОКБҰ ұсынатын, пререквизиттері мен постреквизиттерін ескере отырып, кез келген академиялық кезеңде білім алушының өздері таңдайтын оқу пәндерінің және академиялық кредиттердің тиісті ең төменгі көлемінің тізбесі;
Тармақша 26
26) философия докторы (РhD) – Қазақстан Республикасында немесе одан тысқары жерлерде ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша докторантураның бағдарламасын меңгерген және диссертация қорғаған адамдарға берілетін, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен танылған дәреже;
Тармақша 27
27) іскерлік әкімшілендіру докторы – DBA бағдарламасын меңгерген тұлғаларға берілетін дәреже;
Тармақша 28
28) іскерлік әкімшілендіру магистрі – МВА немесе ЕМВА бағдарламасын меңгерген тұлғаларға берілетін академиялық дәреже.
Тарау 2. 2-тарау. Оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып, магистратураның білім беру бағдарламаларының мазмұнына қойылатын талаптар
2-тарау. Оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып, магистратураның білім беру бағдарламаларының мазмұнына қойылатын талаптар
Тармақ 1. 1 - параграф. Магистратура
1 - параграф. Магистратура
Тармақ 3
3. Магистратурада кадрлар даярлау білім беру бағдарламалары негізінде екі бағыт бойынша жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) ғылыми-педагогикалық;
Тармақша 2
2) бейінді.
Тармақ 3-1
3-1. Магистратураның білім беру бағдарламасының мазмұны мыналардан тұрады:
Тармақша 1
1) базалық және бейіндеуші пәндер циклдерін зерделеуді қамтитын теориялық оқу;
Тармақша 2
2) магистранттарды практикалық даярлау: кәсіптік практика;
Тармақша 3
3) ғылыми-педагогикалық магистратура үшін – магистрлік диссертацияны орындауды қамтитын ғылыми-зерттеу жұмысы немесе бейінді магистратура үшін – магистрлік жобаны орындауды қамтитын эксперименттік-зерттеу жұмысы. ӘАОО үшін магистрлік диссертацияны немесе магистрлік жобаны орындау;
Тармақша 4
4) қорытынды аттестаттау.
Тармақ 4
4. Базалық (бұдан әрі – БП) және бейіндеуші пәндер циклдері жоғары оқу орны компоненті (бұдан әрі – ЖК) және таңдау бойынша компонент (бұдан әрі – ТК) пәндерінен тұрады. ӘАОО-да БП және бейіндеуші пәндер циклдері ЖК пәндерін қамтиды.
Тармақ 5
5. Жоғары оқу орны компоненті және таңдау бойынша компонент пәндерінің тізбесін ЖЖОКБҰ дербес айқындайды. Бұл ретте еңбек нарығы мен магистранттардың қажеттіліктері ескеріледі. ӘАОО-ны қоспағанда, ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистратураның білім беру бағдарламаларының БП циклінің жоғары оқу орны компоненті ғылым тарихы мен философиясы, кәсіптік шет тілін меңгеру, психологиялық-педагогикалық цикл саласында құзыреттіліктерді қалыптастыруды көздейтін, оқыту әдістемесі мен әдістері мен оқыту технологиясын қамтитын пәндерді қамтиды, бейіндік бағыт үшін – кәсіптік шет тілін меңгеру саласындағы құзыреттерді, басқарушылық құзыреттер мен басшылық дағдыларын қалыптастыруды көздейтін пәндер. ЖЖОКБҰ БП циклінің жоғары оқу орны компонентінің пәндері бойынша пәнаралық бағдарламалар әзірлейді.
Тармақ 6
6. Ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистратурада БП циклінің көлемі магистратураның білім беру бағдарламасының жалпы көлемінде 35 академиялық кредитті құрайды. Олардың 20 академиялық кредиті ЖК-ға тиесілі. ӘАОО-ларда ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистратурада БП көлемі магистратураның білім беру бағдарламасының жалпы көлемінің кемінде 16%-ын құрайды.
Тармақ 7
7. Бейінді бағыттағы магистратурада БП циклінің көлемі магистратураның білім беру бағдарламасының жалпы көлемінен кемінде 10 академиялық кредитті құрайды. Оның ішінде ЖК пәндерінің көлемі 6 академиялық кредитті құрайды. ӘАОО-ларда бейіндік бағыттағы магистратурада БП циклінің көлемі магистратураның білім беру бағдарламасының жалпы көлемінен кемінде 12%-ын (оқу мерзімі 1 жыл) және кемінде 15%-ын (оқу мерзімі 1,5 жыл) құрайды.
Тармақ 8
8. Ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистратурада бейіндеуші пәндер циклінің көлемі магистратураның білім беру бағдарламасының жалпы көлемінде 53 академиялық кредитті құрайды. ӘАОО-ларда ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистратурада бейіндеуші пәндер циклінің көлемі магистратураның білім беру бағдарламасының жалпы көлемінен кемінде 46%-ды құрайды.
Тармақ 9
9. Бейінді бағыттағы магистратурада бейіндеуші пәндер циклінің көлемі ЖЖОКБҰ-ның қалауы бойынша ЖК мен ТК арасында бөлінетін магистратураның білім беру бағдарламасының жалпы көлемі кемінде 29 академиялық кредитті құрайды. ӘАОО-ларда бейінді бағыттағы магистратурада магистратураның білім беру бағдарламасының жалпы көлемінен бейіндеуші пәндер циклінің көлемі кемінде 47% (оқу мерзімі 1 жыл) және кемінде 50%-ды (оқу мерзімі 1,5 жыл) құрайды.
Тармақ 10
10. Пәндер мен модульдердің бағдарламалары, әдеттегідей, бірқатар білім салалары үшін кадрлар даярлауды қамтамасыз ететін пәнаралық және мультипәндік сипатқа ие.
Тармақ 11
11. Тиісті бағыттар бойынша магистратураның білім беру бағдарламасының құрылымы осы стандартқа 1, 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес айқындалады.
Тармақ 12
12. ЖЖОКБҰ білім беру қызметін алынған лицензияға сәйкес жүзеге асырады және оның қолданыста болу уақытының барлық кезеңінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 5 қаңтардағы № 4 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33892 болып тіркелген) Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін сақтайды.
Тармақ 13
13. Білім беру мазмұнын, оқу процесін ұйымдастыру және өткізу тәсілін жоспарлауды ЖЖОКБҰ және ғылыми ұйым кредиттік оқыту технологиясы негізінде дербес жүзеге асырады.
Тармақ 14
14. Ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистратура ЖЖОКБҰ мен ғылыми ұйымдар үшін тереңдетілген ғылыми-педагогикалық және зерттеу даярлығы бар ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырады. ӘАОО-да ғылыми-педагогикалық және бейіндік магистратура тереңдетілген кәсіптік немесе ғылыми-педагогикалық даярлығы бар басқару, ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлау бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырады.
Тармақ 15
15. Бейінді бағыт бойынша магистратура экономика, медицина, құқық, білім, өнер, қызмет көрсету және бизнес, қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік салалары, құқық қорғау қызметі үшін тереңдетілген кәсіптік даярлығы бар басқарушы кадрларды даярлау бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырады. Бизнес-орта үшін мамандар даярлау мақсатында ЖЖОКБҰ MBA бағдарламаларын іске асыра алады.
Тармақ 17
17. Ғылыми-педагогикалық магистратураның білім беру бағдарламасы теориялық оқытумен қатар немесе жеке кезеңде жүргізілуі мүмкін практиканың екі түрін қамтиды:
Тармақша 1
1) БП циклінде педагогикалық – ЖЖОКБҰ-да (ӘАОО-ларда БП циклінде және ОҚТ);
Тармақша 2
2) бейіндеуші пәндер циклінде зерттеу – диссертация орындалған жерде (ӘАОО-ларда МҒЗЖ шеңберінде немесе бейіндеуші пәндер циклінде).
Тармақ 18
18. Педагогикалық практика оқыту мен оқу әдістемесінің практикалық дағдыларын қалыптастыру мақсатында өткізіледі. Бұл ретте ЖЖОКБҰ қалауы бойынша магистранттар бакалавриатта сабақ өтуге тартылады.
Тармақ 19
19. Магистранттың зерттеу практикасы отандық және шетелдік ғылымның ең жаңа теориялық, әдіснамалық және технологиялық жетістіктерімен, ғылыми зерттеудің, экспериментті деректерді өңдеудің және түсінік берудің қазіргі заманғы әдістерімен танысу мақсатында өтеді.
Тармақ 20
20. ӘАОО-ны қоспағанда, бейінді магистратураның білім беру бағдарламасы бейіндеуші пәндер циклінде өндірістік практиканы қамтиды. Магистранттың өндірістік практикасы оқу процесінде жинаған теориялық білімдерін бекіту, дағдыларды, құзыреттер мен оқыған білім беру бағдарламасы бойынша практикалық кәсіби қызмет тәжірибесін алу, сондай-ақ озық тәжірибені меңгеру мақсатында өткізіледі. ӘАОО-да өндірістік практика МҒЗЖ шеңберінде кәсіптік практика немесе әскери тағылымдама түрінде өткізіледі.
Тармақ 21
21. Зерттеу (өндірістік) практиканың мазмұны диссертациялық (жобалық) зерттеу тақырыбымен айқындалады.
Тармақ 22
22. Магистранттың ғылыми-зерттеу (эксперименттік-зерттеу) жұмысы (бұдан әрі – МҒЗЖ (МЭЗЖ)) шеңберінде магистранттың жеке жұмыс жоспарында инновациялық технологиялармен және өндірістің жаңа түрлерімен танысу үшін ғылыми ұйымдарда және (немесе) тиісті саладағы немесе қызмет салаларындағы ұйымдарда ғылыми тағылымдамадан міндетті өту қарастырылады. Ғылыми тағылымдамадан өту орны білім беру бағдарламасының ғылыми бағытына және зерттеу тақырыбына сәйкес келеді. Тағылымдаманың ұзақтығы кемінде күнтізбелік 14 күнді құрайды. Тағылымдама бағдарламасы мен апталық жоспарын ЖЖОКБҰ тағылымдама өтетін ұйыммен бірлесіп бекітеді. МҒЗЖ (МЭЗЖ) оқу жұмысының басқа түрлерімен қатар немесе жекелеген кезеңде жоспарланады. ӘАОО-да ғылыми тағылымдама МҒЗЖ шеңберінде жүзеге асырылады, тағылымдамадан өту тәртібі Заңының 5-1-бабының 11) тармақшасына сәйкес айқындалады.
Тармақ 23
23. Ғылыми-зерттеу немесе эксперименттік-зерттеу жұмысының нәтижелерін оларды жүргізген әрбір кезеңнің соңында магистрант есеп түрінде ресімдейді.
Тармақ 24
24. Ғылыми-педагогикалық магистратурадағы магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысына қойылатын талаптар:
Тармақша 1
1) магистрлік диссертация орындалатын және қорғалатын білім беру бағдарламасының бейініне сәйкес келуі;
Тармақша 2
2) өзекті, ғылыми жаңалығының және практикалық маңызының болуы;
Тармақша 3
3) ғылым мен практиканың қазіргі заманғы теориялық, әдістемелік және технологиялық жетістіктеріне негізделуі;
Тармақша 4
4) ғылыми зерттеулердің қазіргі әдістерін қолдана отырып орындалуы;
Тармақша 5
5) негізгі қорғалатын ережелер бойынша ғылыми-зерттеу (әдістемелік, практикалық) бөлімдерінің болуы;
Тармақша 6
6) тиісті білім беру саласында алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибеге негізделуі қажет.
Тармақ 25
25. Бейінді магистратурадағы магистранттың эксперименттік-зерттеу жұмысына қойылатын талаптар:
Тармақша 1
1) магистрлік жоба орындалатын және қорғалатын білім беру бағдарламасының бейініне сәйкес келуі;
Тармақша 2
2) ғылымның, техника мен өндірістің қазіргі заманғы жетістіктеріне негізделуі және нақты практикалық ұсынымдарды, басқару міндеттерінің дербес шешімдерін қамтуы;
Тармақша 3
3) алдыңғы қатарлы ақпараттық технологияларды қолдана отырып орындалуы;
Тармақша 4
4) негізгі қорғалатын ережелер бойынша эксперименттік-зерттеу (әдістемелік, практикалық) бөлімдерінің болуы қажет.
Тармақ 26
26. Жыл сайын оқу жылы аяқталғаннан кейін магистрант жеке жұмыс жоспарының орындалуы бойынша академиялық аттестаттаудан өтеді. Магистрантты академиялық аттестаттаудан өткізу рәсімін ЖЖОКБҰ дербес айқындайды.
Тармақ 27
27. Магистранттың ғылыми-зерттеу немесе эксперименттік-зерттеу жұмысының соңғы қорытындысы магистрлік диссертация (жоба) болып табылады.
Тармақ 28
28. Магистрлік диссертацияның (жобаның) негізгі нәтижелері ең кемі бір жарияланымда және (немесе) ғылыми-практикалық конференцияға қатысуында көрінуі тиіс.
Тармақ 29
29. ЖЖОКБҰ магистранттың зерттеу нәтижелерін жариялауына көмек көрсетеді.
Тармақ 30
30. Магистрант қабылданғаннан кейін екі ай ішінде ЖЖОКБҰ басшысының бұйрығымен ғылыми кеңестің шешімі негізінде магистрлік диссертацияның (жобаның) тақырыбы бекітіледі және ғылыми жетекші тағайындалады. МҒЗЖ (МЭЗЖ) нәтижелерін ескере отырып, магистрлік диссертация (жоба) тақырыбын түзетуге жол беріледі.
Тармақ 31
31. Магистрлік диссертацияның (жобаның) мазмұны мен ресімделуіне, оларды дайындау мен қорғауға қойылатын талаптарды ЖЖОКБҰ өзі айқындайды. ӘАОО-да магистрлік диссертацияның (жобаның) мазмұнына және ресімделуіне, оларды дайындау мен қорғауға қойылатын талаптарды ӘАОО дербес немесе тиісті уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.
Тармақ 32
32. Магистрлік диссертация міндетті түрде плагиатқа тексерілуден өтуі тиіс, мұндай тексерісті жүргізу қағидалары мен тәртібін ЖЖОКБҰ-ның өзі анықтайды.
Тармақ 33
33. Магистрлік диссертацияны (жобаны) қорғау магистрлік диссертацияны (жобаны) ресімдеуді және қорғау рәсімін қамтиды.
Тармақ 34
34. Магистрлік диссертацияны (жобаны) қорғау рәсімін ЖЖОКБҰ және ғылыми ұйым дербес айқындайды.
Тармақ 35
35. ӘАОО-ны қоспағанда, бейінді магистратураны бітірген магистрантқа педагогикалық бейіннің білім беру бағдарламаларын қосымша меңгергеннен кейін педагогикалық қызметке рұқсат етіледі.
Тармақ 36
36. ӘАОО-ны қоспағанда, бейінді магистратураны бітірген тұлғалар үшін педагогикалық бейіннің білім беру бағдарламасының мазмұны осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес белгіленеді.
Тармақ 37
37. ӘАОО-ны қоспағанда, педагогикалық бейіннің білім беру бағдарламасын аяқтаған бейінді бағыттағы магистрге негізгі дипломына қосымша тиісті куәлік беріледі. Педагогикалық бейіннің білім беру бағдарламасын меңгергені туралы куәліктің нысанын ЖЖОКБҰ дербес айқындайды және меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан ЖЖОКБҰ-лар тарапынан міндетті түрде танылады.
Тармақ 38
38. Қорытынды аттестаттау ғылыми-педагогикалық және бейіндік бағыттағы магистратураның білім беру бағдарламасының жалпы көлемінен кемінде 8 академиялық кредитті құрайды және магистрлік диссертацияны (жобаны) қорғау түрінде жүргізіледі. ӘАОО-ларда қорытынды аттестаттау көлемі өз бетінше анықталады, 12 кредиттен аспайды және ӘАОО өз бетінше пәндер цикліне және басқа да қызметтер түрлеріне қайта бөле алады.
Тармақ 39
39. Қорытынды аттестаттаудың мақсаты магистратураның білім беру бағдарламасын оқып аяқтағаннан кейін қол жеткізілген оқыту нәтижелері мен меңгерілген құзыреттерді бағалау болып табылады. ӘАОО-ларда қорытынды аттестаттау кешенді мемлекеттік емтихан тапсыру және (немесе) магистрлік диссертация (жоба) қорғау нысанында өткізіледі. ӘАОО-ларда қорытынды аттестаттау кешенді мемлекеттік емтихан тапсыру және (немесе) магистрлік диссертация (жоба) қорғау нысанында өткізіледі. Магистрлік диссертацияны (жобаны) қорғауға рұқсат болмаған жағдайда, магистрлік диссертацияны (жобаны) қорғауды жүргізу тәртібін ӘАОО дербес айқындайды.
Тармақ 40
40. ӘАОО білім алушыларын қоспағанда, магистратурада білім алушылар қажет болған жағдайда оқудың қосымша түрлерін өз бетінше ақылы негізде меңгереді.
Тармақ 41
41. МВА (ЕМВА) бітірушілерінің басты және кәсіби құзыреттеріне қойылатын талаптар. МВА (ЕМВА) бағдарламасын бітірушілердің құзыреттері мынадай білімдермен және дағдылармен айқындалады:
Тармақша 1
1) заманауи нарықтық ортада ұйым қызметінің стратегиялық позициясымен бизнесті басқарудың мәні;
Тармақша 2
2) ұйымдардың құрылымы, олардың мүдделі тараптармен (стейкхолдерлермен) өзара іс-қимыл жүргізу тетіктері, ұзақ мерзімді перспективада сыртқы контекст жағдайында жұмыс істеу принципі;
Тармақша 3
3) стратегиялық басқарудағы көшбасшылық тұжырымдамасы;
Тармақша 4
4) басқарудың заманауи тәсілдері;
Тармақша 5
5) менеджменттің аналитикалық әдістері, проблемаларды диагностикалау, талдау және шешу әдістері, сондай-ақ шешім қабылдау және оларды практикада іске асыру әдістері;
Тармақша 6
6) бизнестің жаһандану мәні;
Тармақша 7
7) бизнестің проблемалық аспектілерін талдау және шешімдерді түрлендіру;
Тармақша 8
8) сыртқы ортаның ықпалын анықтау және оны басқарудың практикалық проблемаларын шешу кезінде ескеру;
Тармақша 9
9) теория білімдеріне, заманауи зерттеулер мен практиканың талаптарына қарай менеджменттің әртүрлі функционалдық аспектілерін кіріктіру;
Тармақша 10
10) компанияны басқару проблемаларын шешуде маркетингтік және қаржылық тәсілдерді пайдалану;
Тармақша 11
11) бизнесті жүргізу проблемаларын қарау және оларды халықаралық ортадағы бәсекелестік позициясымен басқару.
Тармақ 42
42. МВА (ЕМВА) білім беру бағдарламасы мыналарды қамтиды:
Тармақша 1
1) кәсіби құзыреттерді және тұлғалық дамуды, көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру пәндері;
Тармақша 2
2) өндірістік практиканы (өндірістен қол үзіп білім алушы тұлғалар үшін);
Тармақша 3
3) магистрлік диссертацияны немесе жобаны орындау;
Тармақша 4
4) қорытынды аттестаттау.
Тармақ 43
43. Басты және кәсіби құзыреттерді қалыптастыру бойынша МВА (ЕМВА) білім беру бағдарламалары міндетті және элективті компоненттер пәндерінен тұрады. Элективті пәндердің тізбесі белгілі бір бизнес саласы үшін МВА (ЕМВА) бағдарламасының дайындау бағытына және мамандандыруына сәйкес айқындалады.
Тармақ 44
44. МВА және ЕМВА білім беру бағдарламасының құрылымы осы МЖБС-ға 6-қосымшаға сәйкес белгіленеді.
Тармақ 45
45. МВА (ЕМВА) білім беру бағдарламасы шеңберінде магистрлер даярлау жалпы бейіндегі кәсіби басқарушыларды (general manager) даярлауға қойылатын талаптарды орындау жағдайында әртүрлі бағыттар бойынша, сондай-ақ корпоративті бағдарлама бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 46
46. МВА (ЕМВА) бағдарламаларына оқытуды бизнес-зерттеулерді және консалтингті, ғылыми қызметті жүргізуге тартылған, сондай-ақ басқарушылық жұмыс тәжірибесі бар професорлық-оқытушылық құраммен қамтамасыз етеді.
Тармақ 47
47. ЖЖОКБҰ МЖБС талаптарына сәйкес оқыту нәтижелерін көрсететін жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің беру бағдарламаларын өз бетінше әзірлейді, оның негізінде пәндер бойынша оқу жоспарлары (білім алушының оқу жұмыс жоспарлары, жеке оқу жоспарлары) және оқу жұмыс бағдарламалары (силлабустар) әзірленеді. ЖЖОКБҰ білім беру технологияларын қолдану және қажетті білім беру қызметтерін ұсыну арқылы МВА (ЕМВА) білім беру бағдарламасын іске асыру жағдайын қамтамасыз етеді. Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары модульді оқыту принципі бойынша әзірленеді (ӘАОО-да басқа принциптер бойынша да әзірленеді).
Тармақ 48
48. Магистратурада кадрлар даярлау жоғары білімнің білім беру бағдарламалары негізінде жүзеге асырылады. Оқуға түсу кезінде магистратураның білім беру бағдарламасының бейіні жоғары білімнің білім беру бағдарламасымен сәйкес келмеген жағдайда магистрантқа игеру үшін пререквизиттер белгіленеді. Қажетті пререквизиттер тізбесі мен оларды игеру мерзімдерін ЖЖОКБҰ дербес айқындайды. Пререквизиттер ақылы негізде игеріледі. Пререквизиттер ретінде магистрант формальді емес білім беру арқылы алынған оқу нәтижелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 24 қазандағы № 544 және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 24 қазандағы № 322 Бірлескен бұйрығымен бекітілген Кәсіптік біліктілікті тану нәтижелерін тану қағидаларына сәйкес тануды ЖЖОКБҰ жүзеге асыратын тиісті деңгейдегі формальді емес білім беруді оқыту нәтижелерін ұсынады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33580 болып тіркелген). Жоғары арнаулы білім беру бағдарламалары бойынша оқыту нәтижелері бейіндік бағыт бойынша тиісті магистратура бағдарламалары бойынша оқыту нәтижелеріне теңестіріледі. ӘАОО үшін жоғары арнаулы білім беру бағдарламалары бойынша оқыту нәтижелері түрлі академияның білімі болған кезде бейінді бағыттағы магистратураның тиісті бағдарламалары бойынша оқыту нәтижелеріне теңестіріледі.
Тармақ 49
49. МВА/ЕМВА білім беру бағдарламасы бойынша оқуды аяқтаған және қорытынды аттестаттаудан табысты өткен тұлғаларға «іскерлік әкімшілендіру магистрі» дәрежесі және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы диплом қосымшасымен (транскрипт) бірге тегін беріледі.
Тарау 3. 3-тарау. Магистранттың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар
3-тарау. Магистранттың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар
Тармақ 50
50. Оқу жүктемесі магистранттың оқу пәнін, модулін немесе магистратураның бүкіл білім беру бағдарламасын зерделеуіне кететін және оның оқу нәтижелеріне қол жеткізу үшін қажет болатын уақытпен өлшенеді.
Тармақ 51
51. Оқу жүктемесі магистранттың барлық оқу қызметін қамтиды – дәрістер, семинарлар, топтық сабақ, топтық жаттығулар, практикалық сабақтар, курстық жұмыстар (жобалар), практикалық және зертханалық жұмыстар, студиялық сабақтар, практика, ғылыми-зерттеу жұмысы (эксперименттік-зерттеу жұмысы), магистрлік диссертацияны (жобаны), өзіндік жұмысты, оның ішінде оқытушының жеткшілігімен орындау.
Тармақ 52
52. Магистрант ғылыми жетекшінің басшылығымен жасалатын жеке жұмыс жоспары негізінде оқиды.
Тармақ 53
53. Магистранттың жеке жұмыс жоспарының құрылымын ЖЖОКБҰ дербес айқындайды. ӘАОО-да магистранттың жеке жұмыс жоспары оқудың жалпы кезеңіне жасалады және мынадай бөлімдерден тұрады:
Тармақша 1
1) ғылыми-зерттеу, эксперименттік-зерттеу жұмысы (зерттеудің тақырыбы, бағыты, мерзімі және есеп беру нысаны);
Тармақша 2
2) практика (в том числе педагогическая), әскери тағылымдама (бағдарламасы, базасы, мерзімі және есеп беру нысаны);
Тармақша 3
3) негіздемесі және құрылымы көрсетілген магистрлік диссертацияның (магистрлік жобаның) тақырыбы;
Тармақша 4
4) магистрлік диссертацияны (магистрлік жобаны) орындау жоспары;
Тармақша 5
5) ғылыми жарияланымдар жоспары, ғылыми-практикалық конференцияларға (ғылыми-теориялық конференцияларға) және тағы басқаларға қатысу.
Тармақ 54
54. Магистранттың оқу жүктемесін айқындау кезінде оқу жылы нысанын ЖЖОКБҰ немесе ғылыми ұйым дербес айқындайтын академиялық кезеңдерден (семестр – 15 апта, триместр – 10 апта, тоқсандық – 7-8 апта), қорытынды аттестаттау кезеңінен (бітіру курсында) тұрады. Академиялық кезеңдерді ұйымдастырудың аралас нысандарын пайдалануға жол беріледі.
Тармақ 55
55. Бір оқу жылының толық оқу жүктемесі кемінде 60 академиялық кредитке және бір оқу жылында кемінде 1800 академиялық сағатқа сәйкес келеді.
Тармақ 56
56. Бір академиялық кредит 30 академиялық сағатқа сәйкес келеді.
Тармақ 57
57. Осы МЖМБС-ның 54 және 55-тармақтарында көрсетілген оқу жүктемесі типтік оқу жүктемесін білдіреді. Магистрант семестр ішінде академиялық кредиттердің аз немесе көп санын меңгереді. Магистранттардың жекелеген санаттары үшін оқыту нысаны мен технологиясына байланысты оқыту нәтижелеріне қол жеткізудің нақты уақыты ерекшеленеді және ЖЖОКБҰ дербес есептейді.
Тармақ 58
58. Магистратура бағдарламалары бойынша оқудың аяқталуының негізгі өлшемшарты білім алушылардың:
Тармақша 1
1) ғылыми-педагогикалық магистратурада магистранттың оқу және ғылыми қызметінің барлық түрін қоса алғанда, оқудың барлық кезеңінде кемінде 120 академиялық кредитті (ӘАОО үшін кемінде 120 кредит) мөлшерінде анықталған;
Тармақша 2
2) бейінді магистратурада кемінде 60 академиялық кредитті (ӘАОО үшін 1 жыл оқу мерзімімен 60 кредиттен кем емес, 1,5 жыл оқу мерзімімен 90 кредиттен кем емес және 110 кредиттен көп емес) игеруі болып табылады.
Тарау 4. 4-тарау. Магистранттардың дайындық деңгейiне қойылатын талаптар
4-тарау. Магистранттардың дайындық деңгейiне қойылатын талаптар
Тармақ 59
59. Магистрантты даярлау деңгейіне қойылатын талаптар жоғары білім берудің екінші деңгейдегі (магистратура) Дублин дескрипторлары негізінде айқындалады және қол жеткізілген оқыту нәтижелеріндегі меңгерілген құзыреттерді көрсетеді. Оқыту нәтижелері барлық магистратураның білім беру бағдарламасының деңгейіндегі сияқты жекелеген модульдер немесе оқу пәндері деңгейінде де тұжырымдалады.
Тармақ 60
60. Дескрипторлар білім алушының:
Тармақша 1
1) зерттеу контексінде идеяларды әзірлеу және (немесе) қолдану кезінде оқытылып отырған саланың озық білімдеріне негізделген осы саладағы дамытылатын білімдер мен түсініктерді көрсете білу;
Тармақша 2
2) жаңа ортада, барынша кең пәнаралық контексте проблемаларды шешу үшін өз білімін, түсінігі мен қабілетін кәсіби деңгейде пайдалана білу;
Тармақша 3
3) әлеуметтік, этикалық және ғылыми ойларды ескере отырып, пікір қалыптастыру үшін ақпарат жинауды және түсінік беруді жүзеге асыру;
Тармақша 4
4) мамандарға, сондай-ақ маман еместерге ақпараттты, идеяны, қорытындыларды, проблемаларды және шешімдерді нақты және тиянақты түрде хабарлау;
Тармақша 5
5) зерделеніп отырған салада одан әрі оқуды өз бетінше жалғастыру үшін қажетті оқу дағдыларының болу қабілетін сипаттайтын оқыту нәтижелерін көрсетеді.
Тармақ 61
61. Сот төрелігі академиясын, әскери, арнаулы оқу орындарын, білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар және танылған аккредиттеу органдарының тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында аккредиттеуден өткен денсаулық сақтау саласындағы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда, ЖЖОКБҰ магистратураның білім беру бағдарламасы бойынша оқуды аяқтаған адамдарға білім туралы өзіндік үлгідегі құжатты қосымшасымен тегін береді.
Тармақ 62
62. ЖЖОКБҰ немесе ғылыми ұйым сұрау бойынша бітірушіге дипломға жалпыеуропалық қосымшаны (Diploma Supplement (диплом саплэмент) тегін береді.
Тармақ 63
63. Магистратурада оқу мерзімі меңгерілген академиялық кредиттердің көлемімен айқындалады. Магистр дәрежесін алу үшін академиялық кредиттердің белгіленген көлемі меңгеріліп, күтілген оқыту нәтижелеріне қол жеткізілген жағдайда, білім беру бағдарламасы толық аяқталған болып есептеледі.
Тарау 2. 2-тарау. Оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің мазмұнына қойылатын талаптар
2-тарау. Оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің мазмұнына қойылатын талаптар
Тармақ 2. 2-параграф. Докторантура
2-параграф. Докторантура
Тармақ 65
65. Теориялық оқыту докторантураның білім беру бағдарламасының жалпы көлемінде 45 академиялық кредитті құрайды және жоғары оқу орны компонентін (бұдан әрі – ЖК) және таңдау компонентін (бұдан әрі – ТК), практиканы қамтитын базалық пәндер (бұдан әрі – БП) және бейіндеуші пәндер циклдерінен тұрады. Бұл ретте, БП және бейіндеуші пәндер көлемінің арақатынасын ЖЖОКБҰ дербес анықтайды. ӘАОО-ларда теориялық оқыту докторантураның білім беру бағдарламасының жалпы көлемінде 45 академиялық кредитті құрайды және жоғары оқу орны компонентін базалық пәндер БП және бейіндеуші пәндер циклдерінен тұрады.
Тармақ 66
66. ЖК және ТК пәндерінің тізбесін ЖЖОКБҰ дербес анықтайды. Бұл еңбек нарығының қажеттілігі, жұмыс берушілердің үміттері, докторанттардың қажеттіліктері мен мүдделері есепке алынады. ӘАОО-да ЖК пәндерінің тізбесін ӘАОО дербес анықтайды. Пәндер мен модульдер бағдарламалары, әдетте, білімнің бірқатар бағыттарының түйісуінде кадрлар даярлауды қамтамасыз ететін пәнаралық және көп салалы сипатқа ие.
Тармақ 67
67. Докторантурада кадрлар даярлау екі бағыт бойынша жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) ғылыми-педагогикалық (PhD докторантура) – магистратураның білім беру бағдарламасы негізінде;
Тармақша 2
2) бейінді – индустриялық PhD бағдарламасын және DBA бағдарламасын қоса алғанда, бейінді магистратураға теңестірілген магистратураның немесе жоғары арнаулы білімнің білім беру бағдарламасының базасында. Бұл ретте индустриялық PhD бағдарламасы «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары», «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика» (техникалық физика), «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» сияқты білім беру салаларында іске асырылады. Оқуға түсу кезінде докторантураның білім беру бағдарламасының бейіні магистратура бағдарламасымен сәйкес келмеген жағдайда докторантқа игеру үшін пререквизиттер белгіленеді (ӘАОО-да пререквизиттер белгіленбейді), олар алдыңғы білім деңгейі бағдарламасының бейінін оқытудың негізгі нәтижелерін жабуға тиіс. Қажетті пререквизиттердің тізбесі мен көлемін және оларды игеру мерзімдерін ЖЖОКБҰ дербес айқындайды. Магистратураның бейінді бағыттағы магистрі PhD докторантурасына түскен кезде оған ӘАОО-ны қоспағанда, педагогикалық бейіндегі білім беру бағдарламасы пререквизиттер ретінде қосымша белгіленеді. Пререквизиттер ӘАОО-ны қоспағанда, ақылы негізде игеріледі. Пререквизиттер ретінде докторант тиісті деңгейдегі формальді емес білім беруді оқыту нәтижелерін ұсынады, оларды тануды ЖЖОКБҰ белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
Тармақ 68
68. Философия докторын (PhD) даярлаудың білім беру бағдарламасы ғылыми-педагогикалық бағытқа ие және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесі және ғылыми сала үшін ғылымның тиісті бағыттары бойынша іргелі білім беру, әдіснамалық және зерттеу дайындығын және пәнді терең зерделеуді болжайды.
Тармақ 69
69. Бейіні бойынша доктор даярлаудың білім беру бағдарламасы ұлттық экономика, әлеуметтік салалар: білім беру, медицина, құқық, өнер, экономика, бизнес-әкімшілендіру, инженерия, жаратылыстану, ақпараттық технологиялар, қауіпсіздік және әскери іс салалары үшін ғылымның тиісті бағыттары бойынша тиісті кәсіптік қызмет саласында эксперименттік-зерттеу жұмысын, іргелі білім беру, әдіснамалық және зерттеу дайындығын және пәнді терең зерделеуді болжайды.
Тармақ 70
70. Докторантураның кәсіптік даярлау бойынша білім беру бағдарламалары PhD докторанттар немесе бейіні бойынша докторлар даярлауға арналған аккредиттелген бағдарламаларды іске асыратын шетелдік ЖЖОКБҰ мен ғылыми орталықтар тәжірибесін зерделеу негізінде әзірленеді.
Тармақ 71
71. Практика ғылыми, ғылыми-педагогикалық және кәсіптік қызметтің практикалық дағдыларын қалыптастыру мақсатында жүргізіледі. Докторантураның білім беру бағдарламасы:
Тармақша 1
1) педагогикалық және зерттеу практикасын – PhD бағдарламасы бойынша білім алушылар үшін;
Тармақша 2
2) өндірістік практиканы – бейінді докторантура бағдарламасы бойынша білім алушылар үшін қамтиды. Педагогикалық практика кезеңінде докторанттар қажет болған жағдайда бакалавриат және магистратурада сабақ өткізуге тартылады. Докторанттың зерттеу практикасы отандық және шетелдік ғылымның жаңа теориялық, әдістемелік және технологиялық жетістіктерін зерделеу, сондай-ақ ғылыми зерттеулердің заманауи әдістерін қолдану, диссертациялық зерттеулерде эксперименттік деректерді түсіндіру бойынша практикалық дағдыларды бекіту мақсатында өткізіледі. Докторанттың өндірістік практикасы оқыту және кәсіби деңгейін арттыру процесінде алған теориялық білімді бекіту мақсатында өткізіледі. Докторанттың «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары», «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика», «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» білім беру салаларындағы бейінді докторантура бағдарламасы бойынша практикасы докторанттарда іргелі интеграцияланған ғылыми білім мен кәсіби құзыреттерді қалыптастыру, индустрияны дамытудың стратегиялық көзқарасын, ғылыми қолданбалы инновацияларды құру, жаңа инженерлік шешімдерді қалыптастыру мақсатында әріптес кәсіпорын базасында жүргізіледі. Зерттеу және өндірістік практикалардың мазмұны докторлық диссертациялар тақырыбымен айқындалады.
Тармақ 72
72. Докторантураның білім беру бағдарламасының ғылыми құрамдасы докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысынан (бұдан әрі – ДҒЗЖ) немесе эксперименттік-зерттеу жұмысынан (бұдан әрі – ДЭЗЖ), ғылыми жарияланымдарынан, докторлық диссертацияларды жазу мен қорғаудан құрылады. Докторанттың ғылыми-зерттеу (эксперименттік-зерттеу) жұмысының көлемі докторантураның білім беру бағдарламасының жалпы көлемінен 123 академиялық кредитті құрайды. ЖЖОКБҰ ДҒЗЖ (ДЭЗЖ) ұйымдастыру нысанын, орны мен мерзімін дербес айқындайды. ӘАОО-ларда докторанттың ғылыми-зерттеу (эксперименттік-зерттеу) жұмысының көлемі докторантураның білім беру бағдарламасының жалпы көлемінен 123 академиялық кредитті құрайды.
Тармақ 73
73. ДҒЗЖ (ДЭЗЖ) шеңберінде докторанттың жеке жұмыс жоспарында инновациялық технологиялармен және өндірістің жаңа түрлерімен танысу үшін ғылыми ұйымдарда және (немесе) тиісті салалардың немесе қызмет салаларының ұйымдарында, оның ішінде шетелде міндетті түрде тағылымдамадан өту көзделеді. Докторанттың шетелдік тағылымдамадан өту мерзімін ЖЖОКБҰ дербес айқындайды, тағылымдаманың ұзақтығы кемінде күнтізбелік 30 күнді құрайды. Тағылымдама бағдарламасының мазмұны докторанттың зерттеу бейініне сәйкес келеді. Тағылымдама бағдарламасын ЖЖОКБҰ базасында тағылымдама ұйымдастырылған ұйыммен бірлесіп бекітеді. Тағылымдаманы зерттеу тақырыбы бойынша зерттеулердің және (немесе) жарияланымдардың алдын ала нәтижелері бар адамдар жүзеге асырады. Тағылымдама нәтижелері ЖЖОКБҰ-ның ғылыми семинарында қарастырылады. ӘАОО-да ғылыми тағылымдамадан өту тәртібі Заңның 5-1-бабының 11) тармақшасына сәйкес айқындалады.
Тармақ 74
74. Философия докторы (PhD) бағдарламасы бойынша білім алушының ДҒЗЖ қойылатын талаптар:
Тармақша 1
1) докторлық диссертация қорғалатын докторантураның білім беру бағдарламасының негізгі мәселелеріне сәйкес келеді;
Тармақша 2
2) өзектілігі, ғылыми жаңалығы және практикалық маңыздылығы;
Тармақша 3
3) ғылым мен практиканың қазіргі заманғы теориялық, әдістемелік және технологиялық жетістіктеріне негізделеді;
Тармақша 4
4) компьютерлік технологияны пайдалана отырып, деректерді өңдеудің және интерпретациялаудың қазіргі заманғы әдістеріне негізделеді;
Тармақша 5
5) ғылыми зерттеулердің қазіргі заманғы әдістерін қолдана отырып жүргізіледі;
Тармақша 6
6) негізгі қорғалатын ережелер бойынша ғылыми-зерттеу (әдістемелік, практикалық) бөлімдерді қамтиды.
Тармақ 75
75. Бейіні бойынша доктор бағдарламасы бойынша білім алушының ДЭЗЖ-на қойылатын талаптар:
Тармақша 1
1) докторлық диссертация қорғау бойынша докторантураның білім беру бағдарламасының негізгі проблемаларына сәйкес келеді;
Тармақша 2
2) өзекті және ғылыми жаңалық пен практикалық маңыздылықты қамтиды;
Тармақша 3
3) ғылымның, технологияның және өндірістің қазіргі заманғы жетістіктеріне негізделеді және кешенді, функционалды сипаттағы басқару мәселелеріне арналған нақты практикалық ұсынымдарды, тәуелсіз шешімдерді қамтиды;
Тармақша 4
4) озық ақпараттық технологияларды қолдану арқылы жүзеге асырылады;
Тармақша 5
5) негізгі қорғалатын ережелер бойынша эксперименттік-зерттеу (әдістемелік, практикалық) бөлімдерін қамтиды. ДЭЗЖ «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары», «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика», «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» білім беру салаларындағы бейіні бойынша доктор бағдарламалары бойынша әріптес кәсіпорынның базасында жүргізіледі және қолданбалы зерттеулер жүргізуге, дайындық деңгейлерін айқындау Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2025 жылғы 10 қаңтардағы № 8 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35634 болып тіркелген) Технологиялардың әзірлігі мен ұйымдардың технологиялық әзірлігі денгейін айқындау әдістемесіне сәйкес танылатын техникалық шешім түрінде рационализаторлық ұсыныс әзірлеуге бағытталған.
Тармақ 76
76. Оқу жылы аяқталғаннан кейін жыл сайын докторант жеке жұмыс жоспарын орындау бойынша аттестаттаудан өтеді. Докторантураның аттестациясын өткізу тәртібін ЖЖОКБҰ дербес анықтайды.
Тармақ 77
77 Докторлық диссертация ДҒЗЖ (ДЭЗЖ) кезеңінде жүргізіледі. ДҒЗЖ (ДЭЗЖ) қорытынды нәтижесі докторлық диссертация болып табылады.
Тармақ 78
78. Докторлық диссертацияға жетекшілік ету үшін докторантқа оқуға қабылданғаннан кейін екі ай ішінде ғылыми жетекші тағайындалады. Ғылыми басшылық Ғылыми кеңестің шешімі негізінде ЖЖОКБҰ ректорының бұйрығымен бекітіледі.
Тармақ 79
79. Философия докторы (PhD) дәрежесіне ізденуші докторанттарға ғылыми жетекшілік етуді кемінде 2 адамнан тұратын консультанттар жүзеге асырады, олардың бірі шетелдік ЖЖОКБҰ-ның ғалымы болады ("Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс" даярлау бағыттары тобынан басқа). Бейіні бойынша доктор немесе DBA дәрежесіне ізденуші докторанттарға ғылыми жетекшілік етуді кем дегенде 2 адамнан тұратын консультанттар жүзеге асырады, олардың біреуі тиісті саланың немесе қызмет саласының жоғары білікті маманы болады. Ғылыми консультанттар докторлық диссертацияның орындалуына және академиялық адалдық принциптерінің сақталуына және диссертациялық жұмыстың қорғауға уақытылы ұсынылуын қамтамсыз етеді.
Тармақ 80
80. Докторлық диссертацияның тақырыбы бірінші семестрде айқындалады және ғылыми кеңестің шешімімен бекітіледі. ДҒЗЖ (ДЭЗЖ) нәтижелерін және (немесе) алынған ғылыми (эксперименттік) нәтижелерді немесе диссертациялық зерттеудің (research proposal (ресорч пропозал)) ғылыми негіздемесін қайта бекітуді ескере отырып, докторлық диссертация тақырыбын түзетуге жол беріледі. Егер диссертациялық зерттеудің мазмұны қызмет бабында пайдалануға арналған мәліметтерді немесе мемлекеттік құпияларды, сондай-ақ коммерциялық құпияны құрайтын материалдарды қамтитын болса, тақырыпқа және диссертациялық зерттеуге заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті белгі беріледі.
Тармақ 81
81. Диссертациялық зерттеудің мазмұны ұлттық басымдықтарды, іргелі немесе қолданбалы зерттеулерді іске асыруға бағытталған.
Тармақ 82
82. Докторанттың ғылыми зерттеуінің негізгі нәтижелері ғылыми, ғылыми-талдамалық және ғылыми-практикалық басылымдарда «Дәрежелерді беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6951 болып тіркелген) сәйкес жарияланады.
Тармақ 83
83. Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша докторантураның білім беру бағдарламасының құрылымы осы МЖМС-ға 7-қосымшаға сәйкес келтірілген. Бейінді докторантураның білім беру бағдарламасының құрылымы осы МЖМС-ға 10-қосымшаға сәйкес, ӘАОО-да 11-қосымшаға сәйкес келтірілген. ӘАОО-лар үшін ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша докторантураның білім беру бағдарламасының құрылымы осы МЖМС-ға 8-қосымшаға сәйкес келтірілген. Докторантураның білім беру бағдарламалары модульдік оқыту қағидаты бойынша құрылымдалады.
Тармақ 84
84. Қорытынды аттестаттау докторантураның білім беру бағдарламасының жалпы көлемінде кемінде 12 академиялық кредитті құрайды және «Дәрежелер беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6951 болып тіркелген) бекітілген дәрежелер беру қағидаларының 5-1-тармағында қойылатын талаптар белгіленген диссертациялық жұмыс немесе мақалалар сериясы нысанында өткізіледі. Докторлық диссертация Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы жүзеге асыратын басқа авторлардың мәтінін пайдалануын анықтау мәніне тексеруден өтеді.
Тармақ 85
85. Қорытынды аттестаттаудың мақсаты докторанттың ғылыми-теориялық және зерттеу-аналитикалық деңгейін, қалыптасқан кәсіби және басқару құзыреттерін, кәсіби міндеттерді өз бетінше орындауға және кәсіби стандарттар мен білім беру бағдарламалар талаптарына сай дайындығын бағалау болып табылады. «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары», «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика», «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» білім беру салаларында бейінді докторантураның білім беру бағдарламаларын қорытынды аттестаттаудың мақсаты докторанттың әріптес кәсіпорынды зерттеу және (немесе) инновациялық дамытуға қосқан үлесін, инженерлік-техникалық шешімді және кәсіби және басқарушылық шешімдердің қалыптасу деңгейін бағалау болып табылады. құзыреті, кәсіби міндеттерді өз бетінше орындауға дайындығы және оның дайындығының докторантураның кәсіптік стандарты мен білім беру бағдарламасының талаптарына сәйкестігі.
Тармақ 86
86. DВА бітірушілерінің негізгі және кәсіби құзыреттері білім алушының қабілеттерін сипаттайтын оқыту нәтижелерін көрсетеді:
Тармақша 1
1) ұйымдастыруға жүйелі тәсілдің әдіснамасын, басқарудың заманауи тәсілдерін және менеджменттің аналитикалық әдістерін, диагностикалау, талдау және проблемаларды шешу әдістерін, сондай-ақ шешім қабылдау және оларды практикада іске асыра білу әдістерін меңгеру;
Тармақша 2
2) менеджменттің практикалық проблемаларын білікті түрде шешу және осы шешімдерді өмірде жүзеге асыру, басқару функцияларын орындауға дайын болу және тұтастай ұйымның мүддесі үшін кәсіби проблемаларды шешуге қабілетті болу;
Тармақша 3
3) тиісті басқарушылық лауазымға орналасу үшін қажетті және нарықтық экономиканың ерекшеліктері мен оның мүмкіндіктерін, мемлекеттің функциялары мен экономикалық рөлін терең түсінуге, экологиялық проблемаларды түсінуге, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін және оны жүргізудің өркениетті этикалық нормаларына сүйенгенін түсінуге негізделген қажетті білімді, іскерлік пен дағдыларды меңгеру:
Тармақша 4
4) Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының қазіргі проблемалары мен перспективаларын бағалай, әлемдік экономика мен жаһанданудың қазіргі даму үрдістерін түсіне және халықаралық бәсекелестік мәселелерін басшылыққа ала білу.
Тармақ 87
87. DВА білім беру бағдарламасы:
Тармақша 1
1) теориялық оқытуды;
Тармақша 2
2) ғылыми-зерттеу жұмысын, оның ішінде докторлық диссертацияларды орындауды;
Тармақша 3
3) қорытынды аттестаттауды қамтиды.
Тармақ 88
88. DBA білім беру бағдарламасының мазмұны қазақстандық бизнес пен менеджменттің ерекшеліктері мен принциптерін, халықаралық бизнесті және шетелдік басқару тәжірибесін зерттеуді ескере отырып әзірленеді. ЖОО компоненті мен таңдау компоненті пәндерінің тізбесін жұмыс берушілердің және еңбек нарығының сұраныстарына сәйкес ЖЖОКБҰ дербес анықтайды.
Тармақ 89
89. DBA білім беру бағдарламасының құрылымы осы МЖБС-ға 9-қосымшаға сәйкес келтірілген.
Тармақ 90
90. DBA білім беру бағдарламасының зерттеу компоненті докторанттың қолданбалы және зерттеу жұмыстарынан, басылымдары мен докторлық диссертациясын жазуынан қалыптастырылады.
Тармақ 91
91. DBA білім беру бағдарламасында докторанттың зерттеулерінің нәтижелері кемінде 7 (жеті) ғылыми басылым мен журналдарда, оның ішінде алыс шетелдердегі кемінде 3 (үш) ғылыми басылымдарда және халықаралық ғылыми конференцияларда жарияланады. Докторанттың зерттеу нәтижелері қоғамдық талқылаудан өтеді.
Тармақ 92
92. DBA бағдарламасының докторанттарына ғылыми жетекшілік етуді ғылым докторлары (кандидаттары) қатарынан тағайындалатын, ғылыми-зерттеу (академиялық) тәжірибесі бар немесе басқару және консалтингтік жұмыс тәжірибесімен DBA дәрежесі бар кемінде екі консультант жүзеге асырады.
Тармақ 93
93. DBA бағдарламаларында оқытуды философия докторы PhD/бейіні бойынша доктор дәрежесі немесе дәрежесі бар немесе DBA дәрежесі бар немесе басқару, консалтингтік жұмыс тәжірибесі бар, даярлық бағыты бойынша кәсіби білімі мен дағдылары бар профессорлар-оқытушылар құрамы қамтамасыз етеді.
Тармақ 94
94. ЖЖОКБҰ заманауи білім беру технологияларын қолдану және қажетті білім беру қызметтерін ұсыну арқылы DBA бағдарламасын іске асыру жағдайларын қамтамасыз етеді.
Тармақ 95
95. DBA білім беру бағдарламасы бойынша оқуды аяқтаған және қорытынды аттестаттаудан сәтті өткен тұлғаларға ЖЖОКБҰ аттестаттау комиссиясының шешімімен Іскерлік әкімшілендіру докторы (DBA) дәрежесі беріледі.
Тарау 3. 3-тарау. Докторанттың оқу жүктемесінің ең көп көлеміне қойылатын талаптар
3-тарау. Докторанттың оқу жүктемесінің ең көп көлеміне қойылатын талаптар
Тармақ 96
96. Оқу жүктемесі докторанттың оқу пәнін, модулін немесе докторантураның бүкіл білім беру бағдарламасын зерделеуіне кететін және оның оқу нәтижелеріне қол жеткізу үшін қажет болатын уақытпен өлшенеді.
Тармақ 97
97. Оқу жүктемесіне докторанттың оқу қызметі, ғылыми-зерттеу жұмысы (эксперименттік-зерттеу жұмысы), докторлық диссертация жазу және қорғау кіреді. Бұл ретте, «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары», «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика», «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» білім беру салаларында бейінді докторантураның білім алушысы докторант, ЖЖОКБҰ және кәсіпорын арасындағы үшжақты шарт негізінде оқытумен жұмысты біріктіреді, оның шеңберінде докторант әріптес кәсіпорынның өндірістік жағдайларында нақты өндірістік міндеттерді шешеді.
Тармақ 98
98. Докторант ғылыми консультанттардың жетекшілігімен жасалатын жеке жұмыс жоспары негізінде оқиды. ЖЖОКБҰ дербес айқындайды. ӘАОО-да докторанттың жеке жұмыс жоспары барлық оқу кезеңіне жасалады және мынадай бөлімдерден тұрады:
Тармақша 1
1) ғылыми-зерттеу, эксперименттік-зерттеу жұмысы (зерттеу тақырыбы, бағыты, мерзімі және есеп беру нысаны;
Тармақша 2
2) практика (педагогикалық практика қажет болғанда), тағылымдама (бағдарламасы, базасы, мерзімі және есеп беру түрі);
Тармақша 3
3) негіздемесі мен құрылымы бар докторлық диссертация тақырыбы;
Тармақша 4
4) докторлық диссертацияны орындау жоспары;
Тармақша 5
5) ғылыми басылымдар жоспары, ғылыми-практикалық (ғылыми-теориялық конференцияларға қатысу) және т.б.
Тармақ 100
100. Докторанттың оқу жүктемесін айқындау кезінде оқу жылы нысанын ЖЖОКБҰ немесе ғылыми ұйым айқындайтын академиялық кезеңдерден (семестр – 15 апта, триместр – 10 апта, тоқсан – 7-8 апта), қорытынды аттестаттау кезеңінен (бітіруші курста) тұратындығы ескеріледі. Академиялық кезеңдерді ұйымдастырудың аралас нысандарын пайдалануға жол беріледі.
Тармақ 101
101. Бір оқу жылының толық оқу жүктемесі 60 кредитке тең және бір оқу жылында 1800 академиялық сағатқа сәйкес келеді.
Тармақ 102
102. Бір академиялық кредит 30 академиялық сағатқа сәйкес келеді.
Тармақ 103
103. Осы МЖБС-ның 100 және 101-тармақтарында көрсетілген оқу жүктемесі типтік оқу жүктемесін көрсетеді. Докторанттың семестрде академиялық кредиттің аз немесе көп мөлшерін меңгеруіне жол беріледі. Докторанттардың жекелеген санаттары үшін оқытудың нысаны мен технологиясына байланысты оқу нәтижелеріне қол жеткізудің нақты уақыты өзгеше болуы мүмкін және ЖЖОКБҰ тарапынан өз бетінше есептелуі мүмкін.
Тармақ 104
104. Философия докторларын (PhD) (бейіні бойынша докторлар даярлау бойынша білім беру процесінің аяқталғандығының негізгі өлшемшарты докторанттың оқу және ғылыми қызметтің барлық түрлерін қоса алғанда, кемінде 180 академиялық кредитті игеруі болып табылады. Докторантураның білім беру бағдарламасын мерзімінен бұрын меңгерген және диссертациясын нәтижелі қорғаған докторантқа философия докторы (PhD) немесе оқу мерзіміне қарамастан бейіні бойынша доктор дәрежесі беріледі.
Тарау 4. 4-тарау. Докторанттың даярлық деңгейіне қойылатын талаптар
4-тарау. Докторанттың даярлық деңгейіне қойылатын талаптар
Тармақ 105
105. Докторанттың даярлық деңгейіне қойылатын талаптар жоғары білім берудің үшінші дәрежелі Дублин дескрипторлары (докторантура) негізінде анықталады және оқыту нәтижелері арқылы меңгерген құзыреттіліктерін көрсетеді. Оқыту нәтижелері барлық білім беру бағдарламасы деңгейінде де, сондай-ақ жеке модульдер немесе оқу пәндері деңгейінде де қалыптасады.
Тармақ 106
106. Еуропалық жоғары білім беру кеңістігі Біліктіліктің кешенді негіздері шеңберіндегі үшінші деңгейлі дескрипторлар білім алушының мынадай қабілеттерін көрсететін оқыту нәтижелерін айқындайды:
Тармақша 1
1) зерттеу саласын жүйелі түрде түсінгенін көрсету, осы салада қолданылатын дағдылар мен зерттеу әдістерін меңгеру;
Тармақша 2
2) маңызды ғылыми процестерді ғылыми көзқараспен ойлау, жобалау, енгізу және бейімдеу қабілетін көрсету;
Тармақша 3
3) ұлттық немесе халықаралық деңгейде жариялауға лайық ғылым саласының шекарасын кеңейтуге өздерінің түпнұсқа зерттеулерін енгізу;
Тармақша 4
4) жаңа және күрделі идеяларды сыни талдау, бағалау және синтездеу;
Тармақша 5
5) өздерінің білімдері мен жетістіктерін әріптестеріне, ғылыми қоғамдастыққа және жалпы жұртшылыққа жеткізу;
Тармақша 6
6) білімге негізделген қоғамның технологиялық, әлеуметтік немесе мәдени дамуында академиялық және кәсіптік тұрғыда дамытуға жәрдемдесу.
Тармақ 107
107. Докторантураның білім беру бағдарламасын меңгерген және сараптама нәтижелері бойынша ерекше мәртебесі бар ЖЖОКБҰ-ның диссертациялық кеңестерінің немесе Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің оң шешімімен докторлық диссертациясын қорғаған тұлғаларға философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор дәрежесі беріледі және «Дәрежелерді беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6951 болып тіркелген) сәйкес диплом және оның қосымшасы (транскрипт) беріледі.
Тармақ 108
108. Мамандандырылған тақырып бойынша ғылыми білімді тереңдету, ғылыми және қолданбалы міндеттерді шешу үшін бейіні бойынша PhD докторы дәрежесін алған тұлғалар докторантурадан кейінгі бағдарламаны орындайды немесе ЖЖОКБҰ таңдаған жетекші ғалымның немесе тиісті саланың немесе қызмет саласының жоғары білікті маманының басшылығымен ғылыми (эксперименттік) зерттеулер жүргізеді.
Тармақ 109
109. Бейінді докторантураның түлегі педагогикалық бейін пәндерінің циклін меңгерген және педагогикалық практикадан өткен жағдайда ғана ғылыми және педагогикалық қызметпен айналысады. Бұл цикл қосымша академиялық кезеңде игеріледі (егер докторантураның білім беру бағдарламасында қарастырылмаса), оны аяқтағаннан кейін негізгі дипломға тиісті сертификат беріледі.
Тармақ 110
110. Докторантураның білім беру бағдарламасының теориялық оқу курсын толық меңгерген, бірақ ДҒЗЖ (ДЭЗЖ) орындамаған докторантқа ДҒЗЖ (ДЭЗЖ) академиялық кредиттерін қайта меңгеруге және келесі жылдары диссертацияны ақылы негізде қорғауға мүмкіндік беріледі. Докторантураның білім беру бағдарламасының теориялық оқу курсын толық меңгерген, ДҒЗЖ (ДЭЗЖ) орындаған, бірақ докторлық диссертация (жоба) қорғамаған докторантқа оқу нәтижелері және академиялық кредиттер беріледі және диссертациясын бітіргеннен кейін екі жыл ішінде тегін қорғауға, ал келесі жылдары кемінде 4 академиялық кредит көлемінде ақылы негізде қорғауға мүмкіндік беріледі. Бұл ретте докторант бітіргеннен кейін 3 жыл өткен соң ақылы негізде диссертациялық зерттеудің ғылыми негіздемесі (research proposal (ресорч пропозал)) қайта бекітілгеннен кейін ғана қорғалады. ӘАОО-да докторантураның білім беру бағдарламасының теориялық оқу курсын толық меңгерген, бірақ докторлық диссертациясын қорғамаған докторантқа диссертациясын келесі жылдары қорғауға мүмкіндік беріледі. Ғылыми компонент кредиттерін қайта меңгеру және диссертацияны қорғау тәртібін ӘАОО өз бетінше анықтайды.
Тарау 5. 5-тарау. Докторантураның оқу мерзіміне қойылатын талаптар
5-тарау. Докторантураның оқу мерзіміне қойылатын талаптар
Тармақ 111
111. Докторантурада оқу мерзімі меңгерілген академиялық кредиттердің көлемімен айқындалады. Философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін академиялық кредиттердің белгіленген көлемі меңгеріліп, күтілетін оқыту нәтижелеріне қол жеткізілген жағдайда білім беру бағдарламасы толық аяқталған болып есептеледі.
Тармақ 112
112. Докторантурада кадрлар даярлау магистратураның білім беру бағдарламалары базасында:
Тармақша 1
1) кемінде үш жыл оқу мерзімімен ғылыми-педагогикалық;
Тармақша 2
2) кемінде үш жыл оқу мерзімімен индустриялық PhD және DBA бағдарламасын қоса алғанда бейінді.
Тармақ 113
Басқа 2.1. Ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистратураның білім беру бағдарламасының құрылымы
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына 1-қосымша Ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистратураның білім беру бағдарламасының құрылымы р/с № Пәндер циклдерінің және қызмет түрлерінің атауы Жалпы еңбек сыйымдылығы академиялық сағат бойынша академиялық кредит бойынша 1 2 3 4 1. Теориялық оқыту 2640 88 1.1 Базалық пәндер (БП) циклі 1050 35 1) Жоғары оқу орны компоненті (ЖК): 600 20 оның ішінде ғылым тарихы мен философиясы, кәсіптік шет тілін меңгеру, психологиялық-педагогикалық цикл саласында құзыреттіліктерді қалыптастыруды көздейтін, оқыту әдістемесі мен әдістерін және оқыту технологиясын қамтитын пәндер Педагогикалық практика 2) Таңдау компоненті (ТК) 450 15 1.2 Бейіндеуші пәндер циклі (БП) 1590 53 1) Жоғары оқу орны және (немесе) таңдау компоненті 2) Зерттеу практикасы 2 Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы 720 24 1) Тағылымдамадан өту мен магистрлік диссертацияны орындауды қамтитын магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы 720 24 3 Оқытудың қосымша түрлері (ОҚТ) 4 Қорытынды аттестаттау (ҚА) кемінде 240 кемінде 8 1) Магистрлік диссертацияны ресімдеу және қорғау (МДРҚ) 240 8 Барлығы кемінде 3600 кемінде 120
Басқа 2.2. ӘАОО-да ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистратураның білім беру бағдарламасының құрылымы
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына 2-қосымша ӘАОО-да ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистратураның білім беру бағдарламасының құрылымы Р/с № Пән­дер цик­л­де­рі­нің және қыз­мет түр­ле­рі­нің ата­уы Жал­пы ең­бек сый­ым­ды­лы­ғы ака­де­ми­я­лық кре­дит бой­ын­ша 1 2 3 1 Тео­ри­я­лық оқы­ту ке­мін­де 74 1.1 Ба­за­лық пән­дер (БП) цик­лі ке­мін­де 16% 1) Жо­ға­ры оқу ор­ны ком­по­нен­ті (ЖК): 1.2 Бей­ін­де­у­ші пән­дер цик­лі ке­мін­де 46 % 1) Жо­ға­ры оқу ор­ны ком­по­нен­ті (ЖК) 2 Ғы­лы­ми-зерт­теу жұ­мысы 34 ас­пай­тын 1) Та­ғы­лым­да­ма­дан өту мен ма­ги­стр­лік дис­сер­та­ци­я­ны орын­да­уды қам­ти­тын ма­ги­странт­тың ғы­лы­ми-зерт­теу жұ­мысы (МҒЗЖ) 3 Оқы­ту­дың қо­сым­ша түр­ле­рі (ОҚТ) 4 Қо­ры­тын­ды ат­те­стат­тау (ҚА) 12 ас­пай­тын 1) Ке­шен­ді мем­ле­кет­тік ем­ти­хан (КМЕ) 2) Ма­ги­стр­лік дис­сер­та­ци­я­ны ре­сім­деу және қор­ғау (МДРҚ) Бар­лы­ғы ке­мін­де 120
Басқа 2.3. Бейіндік бағыттағы магистратураның білім беру бағдарламасының құрылымы
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына 3-қосымша Бейіндік бағыттағы магистратураның білім беру бағдарламасының құрылымы р/с№ Пәндер циклдерінің және қызмет түрлерінің атауы Жалпы еңбек сыйымдылығы 1 жылдық типтік оқу мерзімімен 1,5 жылдық типтік оқу мерзімімен академиялық сағат бойынша академиялық кредит бойынша академиялық сағат бойынша академиялық кредит бойынша 1 2 3 4 5 6 1. Теориялық оқыту кемінде 1170 кемінде 39 1920 64 1.1 Базалық пәндер (БП) циклі кемінде 300 кемінде 10 450 15 1) Жоғары оқу орны компоненті (ЖК) 180 6 180 6 оның ішінде кәсіптік шет тілін меңгеру саласындағы құзыреттерді қалыптастыруды, басқарушылық құзыреттер мен басшылық дағдыларын көздейтін пәндер 2) Таңдау компоненті (ТК) кемінде 120 кемінде 4 270 9 1.2 Бейіндеуші пәндер циклі кемінде 870 кемінде 29 1470 49 1) Жоғары оқу орны және таңдау компоненті (ЖК) 2) Өндірістік практика 2 Магистранттың эксперименттік-зерттеу жұмысы (МЭЗЖ) кемінде 390 кемінде 13 540 18 1) Тағылымдамадан өту мен магистрлік жобаны орындауды қамтитын магистранттың эксперименттік-зерттеу жұмысы кемінде 390 кемінде 13 540 18 3 Оқытудың қосымша түрлері (ОҚТ) 4 Қорытынды аттестаттау (ҚА) кемінде 240 кемінде 8 кемінде 240 кемінде 8 1) Магистрлік жобаны ресімдеу және қорғау (МЖРҚ) кемінде 240 кемінде 8 кемінде 240 кемінде 8 Барлығы кемінде 1800 кемінде 60 кемінде 2700 кемінде 90
Басқа 2.4. ӘАОО-да бейіндік бағыттағы магистратураның білім беру бағдарламасының құрылымы
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына 4-қосымша ӘАОО-да бейіндік бағыттағы магистратураның білім беру бағдарламасының құрылымы . Р/с № Пән­дер цик­л­де­рі­нің және қыз­мет түр­ле­рі­нің ата­уы Жал­пы ең­бек сый­ым­ды­лы­ғы Тип­тік оқы­ту мер­зі­мі 1 жыл Тип­тік оқы­ту мер­зі­мі 1,5 жыл ака­де­ми­я­лық кре­дит бой­ын­ша ака­де­ми­я­лық кре­дит бой­ын­ша 1 2 3 4 1 Тео­ри­я­лық оқы­ту ке­мін­де 35 ке­мін­де 60 1.1 Ба­за­лық пән­дер (БП) цик­лі ке­мін­де 12% ке­мін­де 15% 1) Жо­ға­ры оқу ор­ны ком­по­нен­ті ком­по­нен­ті (ЖК) 1.2 Бей­ін­де­у­ші пән­дер (КП) цик­лі ке­мін­де 47% ке­мін­де 50% 1) Жо­ға­ры оқу ор­ны ком­по­нен­ті ком­по­нен­ті (ЖК) 2. Экс­пе­ри­мент­тік-зерт­теу ке­мін­де 13 ке­мін­де 18 1) Та­ғы­лым­да­ма­дан өту мен ма­ги­стр­лік жо­ба­ны орын­да­уды қам­ти­тын ма­ги­странт­тың экс­пе­ри­мент­тік-зерт­теу жұ­мысы (МЭЗЖ) 2) Өн­ді­рі­стік прак­ти­ка (кә­сі­би прак­ти­ка неме­се әс­ке­ри та­ғы­лым­да­ма) 3) Оқы­ту­дың қо­сым­ша түр­ле­рі (ОҚТ) 4) Қо­ры­тын­ды ат­те­стат­тау (ҚА) 12 ас­пай­тын 12 ас­пай­тын 1) Ке­шен­ді мем­ле­кет­тік ем­ти­хан (КМЕ) 2) Ма­ги­стр­лік дис­сер­та­ци­я­ны (жо­ба­ны) ре­сім­деу және қор­ғау (МДРҚ) Бар­лы­ғы ке­мін­де 60 ке­мін­де 90* Типтік оқыту мерзімі 1,5 жылды құрайтын бейінді магистратурада жалпы еңбек сыйымдылығы 110 кредиттен аспайтын көлемді құрауы мүмкін.
Басқа 2.5. Бейіндік магистратураны бітірген тұлғалар үшін педагогикалық бейіндегі білім беру бағдарламасының құрылымы
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына 5-қосымша Бейіндік магистратураны бітірген тұлғалар үшін педагогикалық бейіндегі білім беру бағдарламасының құрылымы р/с № Пәндер циклдерінің және қызмет түрлерінің атауы Жалпы еңбек сыйымдылығы академиялық сағат бойынша академиялық кредит бойынша 1 2 3 4 1. Теориялық оқыту 900 30 1.1 Базалық пәндер (БП) циклі 600 20 1) Жоғары оқу орны компоненті (ЖК): оның ішінде ғылым тарихы мен философиясы, психологиялық-педагогикалық цикл саласында құзыреттіліктерді қалыптастыруды көздейтін, оқыту әдістемесі мен әдістерін және оқыту технологиясын қамтитын пәндер Педагогикалық практика 2) Таңдау компоненті (ТК) 1.2 Бейіндеуші пәндер циклі (БП) 300 10 1) Жоғары оқу орны компоненті (ЖК) 2) Таңдау компоненті (ТК) Барлығы кемінде 900 кемінде 30
Басқа 2.6. МВА және ЕМВА білім беру бағдарламасының құрылымы
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына 6-қосымша МВА және ЕМВА білім беру бағдарламасының құрылымы р/с№ Блоктар мен пәндердің атауы Жалпы сыйымдылығы МВА ЕМВА академиялық сағат бойынша академиялық кредит бойынша академиялық сағат бойынша академия-лық кредит бойынша 1 Кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру бойынша пәндер блогы 1740 58 600 20 1) Жоғары оқу орны компоненті: 180 6 180 6 Стратегиялық менеджмент 90 3 90 3 Бизнес-зерттеу 90 3 90 3 2) Таңдау компоненті 1320 44 1320 14 Оның ішінде көшпелі модуль/тағылымдама 3) Өндірістік практика кемінде 240 кемінде 8 2 Жеке даму және көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру пәндері блогы 600 20 300 10 1) Жоғары оқу орны компоненті 2) Таңдау компоненті 3 Эксперименттік-зерттеу жұмысы, магистрлік диссертацияны/жобаны орындау 900 30 540 18 4 Қорытынды аттестаттау (магистрлік диссертацияны/жобаны жазу және қорғау) 360 12 360 12 Барлығы кемінде 3600 кемінде 120 кемінде 1800 кемінде 60
Басқа 2.7. Докторантураның ғылыми-педагогикалық бағыттағы білім беру бағдарламасының құрылымы
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына 7-қосымша Докторантураның ғылыми-педагогикалық бағыттағы білім беру бағдарламасының құрылымы р/с № Пән­дер цик­л­де­рі­нің және қыз­мет түр­ле­рі­нің ата­уы Жал­пы ең­бек сый­ым­ды­лы­ғы ака­де­ми­я­лық са­ғат бой­ын­ша ака­де­ми­я­лық кре­дит бой­ын­ша 1 2 3 4 1. Тео­ри­я­лық ком­по­нен­ті 1350 45 1.1 Ба­за­лық пән­дер (БП) цик­лі 1) Ака­де­ми­я­лық хат 2) Ғы­лы­ми зерт­теу әді­сте­рі 1) Жо­ға­ры оқу ор­ны ком­по­нен­ті және (неме­се) таң­дау ком­по­нен­ті 2) Пе­да­го­ги­ка­лық прак­ти­ка ке­мін­де 300 ке­мін­де 10 1.2 Бей­ін­де­у­ші пән­дер цик­лі 1) Жо­ға­ры оқу ор­ны ком­по­нен­ті және (неме­се) таң­дау ком­по­нен­ті 2) Зерт­теу прак­ти­ка­сы ке­мін­де 300 ке­мін­де 10 2 Док­то­рант­тың ғы­лы­ми-зерт­теу жұ­мысы (ДҒЗЖ) 3690 123 1) Та­ғы­лым­да­ма­дан өту­ді және док­тор­лық дис­сер­та­ци­я­ны орын­да­уды қам­ти­тын док­то­рант­тың ғы­лы­ми-зерт­теу жұ­мысы 3 Оқы­ту­дың қо­сым­ша түр­ле­рі (ОҚТ) 4 Қо­ры­тын­ды ат­те­стат­тау (ҚА) 360 12 1) Док­тор­лық дис­сер­та­ци­я­ны жа­зу және қор­ғау 360 12 Бар­лы­ғы ке­мін­де 5400 ке­мін­де 180
Басқа 2.8. ӘАОО-ғы докторантураның ғылыми-педагогикалық білім беру бағдарламасының құрылымы
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына 8-қосымша ӘАОО-ғы докторантураның ғылыми-педагогикалық білім беру бағдарламасының құрылымы р/с № Пән­дер цик­л­де­рі­нің және қыз­мет түр­ле­рі­нің ата­уы Жал­пы ең­бек сый­ым­ды­лы­ғы ака­де­ми­я­лық са­ғат бой­ын­ша ака­де­ми­я­лық кре­дит бой­ын­ша 1 2 3 4 1. Тео­ри­я­лық ком­по­нен­ті ке­мін­де 1350 ке­мін­де 45 1.1 Ба­за­лық пән­дер (БП) цик­лі 1) Жо­ға­ры оқу ор­ны ком­по­нен­ті 2) Пе­да­го­ги­ка­лық прак­ти­ка 1.2 Бей­ін­де­у­ші пән­дер цик­лі 1) Жо­ға­ры оқу ор­ны ком­по­нен­ті 2) Зерт­теу прак­ти­ка­сы 2. Ғы­лы­ми-зерт­теу жұ­мысы 3690 ас­пай­тын 123 ас­пай­тын 1) Та­ғы­лым­да­ма­дан өту­ді және док­тор­лық дис­сер­та­ци­я­ны орын­да­уды қам­ти­тын док­то­рант­тың ғы­лы­ми-зерт­теу жұ­мысы 720 24 3. Оқы­ту­дың қо­сым­ша түр­ле­рі (ОҚТ) 4. Қо­ры­тын­ды ат­те­стат­тау (ҚА) 360 12 1) Док­тор­лық дис­сер­та­ци­я­ны жа­зу және қор­ғау Бар­лы­ғы Ке­мін­де 5400 Ке­мін­де 180
Басқа 2.9. DBA бағдарламасының құрылымы
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына 9-қосымша DBA бағдарламасының құрылымы р/с№ Бл­ок­тар мен пән­дер­дің ата­уы ака­де­ми­я­лық са­ғат бой­ын­ша ака­де­ми­я­лық кре­дит бой­ын­ша 1 Кә­сі­би құ­зы­рет­ті­лік­ті қа­лып­та­сты­ру бой­ын­ша пән­дер бло­гы 1290 43 1.1 Жо­ға­ры оқу ор­ны ком­по­нен­ті: 150 5 Зерт­теу әді­сте­рі және әдіс­на­ма­сы 150 5 1.2 Таң­дау ком­по­нен­ті 300 10 1.3 Зерт­теу прак­ти­ка­сы 840 28 оның ішін­де кө­шпе­лі мо­дуль/ше­тел­де та­ғы­лым­да­ма­дан өту 2 Же­ке да­му және көш­бас­шы­лық қа­си­ет­тер­ді қа­лып­та­сты­ру пән­де­рі бло­гы 300 10 Таң­дау ком­по­нен­ті 300 10 3 Док­тор­лық дис­сер­та­ци­я­ны орын­да­уды қам­ти­тын зерт­теу жұ­мысы 3450 115 4 Қо­ры­тын­ды ат­те­стат­тау (док­тор­лық дис­сер­та­ци­я­ны жа­зу және қор­ғау) 360 12 Бар­лы­ғы ке­мін­де 5400 ке­мін­де 180
Басқа 2.10. Бейіндік докторантураның білім беру бағдарламасының құрылымы
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына 10-қосымша Бейіндік докторантураның білім беру бағдарламасының құрылымы р/с № Пән­дер цик­л­де­рі­нің және қыз­мет түр­ле­рі­нің ата­уы Жал­пы ең­бек сый­ым­ды­лы­ғы ака­де­ми­я­лық са­ғат бой­ын­ша ака­де­ми­я­лық кре­дит бой­ын­ша 1 2 3 4 1. Тео­ри­я­лық ком­по­нен­ті 1350 45 1.1 Ба­за­лық пән­дер (БП) цик­лі 1) Ака­де­ми­я­лық хат 2) Ғы­лы­ми зерт­теу әді­сте­рі 1) Жо­ға­ры оқу ор­ны ком­по­нен­ті және (неме­се) таң­дау ком­по­нен­ті 1.2 Бей­ін­де­у­ші пән­дер цик­лі 1) Жо­ға­ры оқу ор­ны ком­по­нен­ті және (неме­се) таң­дау ком­по­нен­ті 2) Зерт­теу прак­ти­ка­сы ке­мін­де 600 ке­мін­де 20 2 Док­то­рант­тың экс­пе­ри­мент­тік-зерт­теу жұ­мысы (ДЭЗЖ) 3690 123 1) Та­ғы­лым­да­ма­дан өту­ді және док­тор­лық дис­сер­та­ци­я­ны орын­да­уды қам­ти­тын док­то­рант­тың экс­пе­ри­мент­тік-зерт­теу жұ­мысы 3 Оқы­ту­дың қо­сым­ша түр­ле­рі (ОҚТ) 4 Қо­ры­тын­ды ат­те­стат­тау (ҚА) 360 12 1) Док­тор­лық дис­сер­та­ци­я­ны жа­зу және қор­ғау 360 12 Бар­лы­ғы ке­мін­де 5400 ке­мін­де 180
Басқа 2.11. ӘАОО-ғы докторантураның бейіндік докторантураның білім беру бағдарламасының құрылымы
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына 11-қосымша ӘАОО-ғы докторантураның бейіндік докторантураның білім беру бағдарламасының құрылымы № р/с Пәндер циклдерінің және қызмет түрлерінің атауы Жалпы еңбек сыйымдылығы академиялық сағат бойынша академиялық кредит бойынша 1 2 3 4 1. Теориялық компоненті кемінде 1350 кемінде 45 1.1 Базалық пәндер (БП) циклі 1) Жоғары оқу орны компоненті (ЖК) 1.2 Бейіндеуші пәндер циклі (БП) 1) Жоғары оқу орны компоненті (ЖК) 2) Кәсіптік практикасы 2 Докторанттың эксперименттік-зерттеу жұмысы (ДЭЗЖ) кемінде 3690 кемінде 123 1) Тағылымдамадан өтуді және докторлық диссертацияны орындауды қамтитын докторанттың эксперименттік-зерттеу жұмысы 3 Оқытудың қосымша түрлері (ОҚТ) 4 Қорытынды аттестаттау (ҚА) 360 12 1) Докторлық диссертацияны жазу және қорғау Барлығы кемінде 5400 кемінде 180