Об утверждении положения о государственном учреждении «Городской отдел архитектуры и градостроительства» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.04.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Атырау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Атырау қаласы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
Тармақша 1
1) Атырау қаласы әкімдігінің 2019 жылдың 4 маусымындағы № 1091 «Атырау қалалық сәулет және қала құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесін жаңа мазмұнда редакциялау туралы» қаулысы;
Тармақша 2
2) Атырау қаласы әкімдігінің 2019 жылдың 18 шілдедегі № 1508 «Атырау қалалық сәулет және қала құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесін жаңа мазмұнда редакциялау туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысы.
Тармақ 3
3. «Қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8. «Қалалық сәулет және қалақұрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Атырау қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 5 мамырдағы № 1009 қаулысына қосымша Атырау қалалық әкімдігінің 2022 жылғы 5 мамырдағы № 1009 қаулысымен бекітілген «Қалалық сәулет және қалақұрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Қалалық сәулет және қалақұрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі –Бөлім) сәулет және қала құрылысы саласындағы (салаларындағы) басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Бөлімде мынадай ведомстволары бар: Коммуналды мемлекеттік мекеме «Бас жоспар орталығы».
Тармақ 3
3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері (бар болса), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Тармақ 5
5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
Тармақ 6
6. Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 7
7. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. Сәулет бөлімінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Атырау қаласы, Қаныш Сәтпаев көшесі, № 5 үй. Пошталық индексі – 006009.
Тармақ 10
10. Осы ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Бөлім қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Бөлім кәсіпкерлік субъектілерімен бөлім өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады. Егер Бөлім заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Мақсаттары: Атырау қаласының бас жоспарын жасақтау және іске асыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, қаланың бас жоспары мен жоспарлау жобасына сәйкес елді мекендерде құрылыс салу және аумақты қала құрылысымен игеру бойынша қызметтерді құру және үйлестіру болып табылады. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Бөлімге жүктелген өзге де міндеттерді орындау.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) құқықтары: өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұратуға және алуға; өзінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша сотта талапкер және жауапкер болуға; Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға.
Тармақша 2
2) міндеттері: Қазақстан Республикасының конституциясы мен заңнамаларын сақтау; Бөлімге жүктелген функцияларды жүзеге асырылуын қамтамасыз ету; қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа міндеттерді орындауға.
Тармақ 15
15. Функциялар:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау жөнінде анықтама беру;
Тармақша 2
2) объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру;
Тармақша 3
3) Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну болып табылады;
Тармақша 4
4)эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу;
Тармақша 5
5) үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру;
Тармақша 6
6) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың есептік жазбасы туралы үзінді беру;
Тармақша 7
7) сыртқы жарнаманы орналастыру бойынша жұмыстарды жалпы үйлестіруді жүзеге асыру;
Тармақша 8
8) қала аумағындағы жаңадан салынып жатқан және реконструкцияланып жатқан қоғамдық ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс учаскелерінің көркем жабдықтарының, әрлеудің, жарнамасының бас жоспарын және жобаларын қарау және келісу;
Тармақша 9
9) Атырау қаласы аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында мемлекеттік саясатты жүргізу;
Тармақша 10
10) сәулет-қала құрылысы қызметі саласындағы мемлекеттік, қоғамдық және жеке мүдделерді ескере отырып, халықтың мекендеуі мен тыныс-тіршілігінің толымды қолайлы ортасын қалыптастыру және дамыту;
Тармақша 11
11) экологиялық қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау талаптарына сәйкес құрылыс салуды, көліктік, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды кешенді қалыптастыру, қаланы абаттандыру мен көгалдандыру;
Тармақша 12
12) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шектерде қала аумағын және қала маңы аймағын қала құрылысын игеру кезінде сәулет-қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнама нормаларының, мемлекеттік нормативтердің және белгіленген тәртіппен бекітілген сәулет, қала құрылысы және құрылыс өзге де жобалау құжаттамасының сақталуына мемлекеттік байқауды жүзеге асыру;
Тармақша 13
13) бекітілген жобалау құжаттамасына сәйкес құрылыс жобаларының іске асырылуына, қала құрылысы тәртібінің сақталуына мониторингті жүзеге асыру;
Тармақша 14
14) қала әкіміне жобалау-жоспарлау құжаттамасы негізінде қала жерлерін нысаналы пайдалану шарттары бойынша, сондай-ақ объектілер мен кешендерді орналастыру, қала құрылысы мақсаттары үшін жер учаскелерін беру және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оларды мемлекеттік қажеттіліктер үшін алып қою жөнінде ұсыныстар дайындау;
Тармақша 15
15) уақытша ғимараттар мен құрылыстарды орналастыру, аумақты абаттандыру мен қалалық ортаны сәулет-көркемдік рәсімдеу және дизайн жөніндегі ұсыныстарды қарау және келісуден өткізу;
Тармақша 16
16) сәулет-қала құрылысы саласында мемлекеттік тапсырысты әзірлеу жөнінде ұсыныстарды қалыптастыру бойынша жұмыстарды үйлестіру;
Тармақша 17
17) аумақтың қала құрылысын игеру және құрылыс кезінде мекендеу мен тыныс-тіршіліктің қолайлы және экологиялық қауіпсіз ортасына азаматтар мен қоғамның мүдделерін қамтамасыз ету;
Тармақша 18
18) сәулеттік және құрылыс қызметі саласында мемлекеттік, қоғамдық және жеке мүдделерді қорғау; сәулет және қала құрылысы саласында мемлекеттік тапсырысты әзірлеу бойынша ұсыныстарды қалыптастыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіру;
Тармақша 19
19) қала аумағындағы тұрғын үй алаптары мен ауылдық округтердің егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
Тармақша 20
20) аумақтардың қала құрылысын игеру кезінде нормативтік актілердің және бекітілген қала құрылысы құжаттамаларының сақталуын қамтамасыз ету;
Тармақша 21
21) жобалау құжаттамасы шегінде;
Тармақша 21-1
21-1) қала бас жоспарының бекітілген ережелерінің, қала құрылысын жоспарлау туралы өзге де құжаттамалардың;
Тармақша 21-2
21-2) қала құрылысы нормалары мен талаптарын;
Тармақша 21-3
21-3) қала құрылысы қызметін реттейтін регламент талаптарының;
Тармақша 21-4
21-4) жобалық құжаттамаларды дайындау, құрылысты жүргізу, реконструкциялау, қала құрылысы объектілерін қалпына келтіру мен күрделі жөндеу, аумақты абаттандыру мен көгалдандыру, қала ортасының дизайнін әзірлеу кезінде бастапқы рұқсат беру құжаттамалары талаптарының сақталуына мониторингті жүзеге асырады;
Тармақша 22
22) Мүгедектер үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету міндетін ескере отырып, жеке тұрғын үй құрылысы объектілерін, сондай-ақ пайдалануға берілетін қоғамдық объектілерді (кешендерді) пайдалануға қабылдау актілерін есепке алуды жүргізу;
Тармақша 23
23) мүгедектер үшін қолжетімділікті қамтамасыз етуді міндетті түрде ескере отырып, жеке тұрғын үй құрылысы объектілерін, сондай-ақ пайдалануға берілетін қоғамдық объектілерді (кешендерді) пайдалануға қабылдау актілерінің есебін жүргізу;
Тармақша 24
24) мекеменің қарамағындағы ведомстволық бағынысты кәсіпорынға қатысты мемлекеттік басқару органының функцияларын жүзеге асыру;
Тармақша 25
25) қала аумағындағы жаңадан салынатын және қайта құрылатын қоғамдық ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс учаскелерінің бас жоспарын және көркем жабдықтау, әрлендіру, жарнамалар жобаларын қарау және келісім беру;
Тармақша 26
26) мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу;
Тармақша 27
27) сәулет және қала құрылысы мәселелері бойынша Атырау қаласы әкімдігі мен әкімінің актілері жобаларын дайындау;
Тармақша 28
28) "Мекенжай тіркелімі" ақпараттық жүйесін жүргізуді және толықтыруды қамтамасыз ету;
Тармақша 29
29) автокөлік жолдары өту жерлері каналдарына, байланыс және электр жүйелеріне, мұнай және газ желілеріне, темір жолдардың және басқа да инженерлік желілер мен коммуникацияларға келісім беру;
Тармақша 30
30) бас жоспарға сәйкес құрылыс объектілерінің орналасу схемасын беру;
Тармақша 31
31) қаланың жобаланып жатқан инженерлік желілері мен құрылыстары туралы деректерді базаға енгізуді жүзеге асыру;
Тармақша 32
32) сәулет жоспарлау тапсырмасын беру;
Тармақша 33
33) тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) бұйрық беру;
Тармақша 34
34) әлеуметтік-мәдени және тұрғындарға мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету үшін, ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу маңызы бар нысандарға жер учаскесін бөлуге объект салу үшін алдын ала таңдау актісін дайындау;
Тармақша 35
35) бекітілген Бас жоспарға, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына және аумақтарда құрылыс салу жоспарына сәйкес жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту бойынша қорытынды дайындау;
Тармақша 36
36) азаматтардың шағым-арыздарының уақытылы қаралуын және Мекеме құзіретіне жататын сұрақтарды шешуді жүзеге асыру;
Тармақша 37
37) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 320 бабына сәйкес құрылыс мекемелерін әкімшілік жауапқа тарту;
Тармақша 38
38) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Тарау 3. 3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 16
16. Бөлімді басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
Тармақ 17
17. Бөлімнің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
Тармақ 18
18. Бөлімнің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасары болады.
Тармақ 19
19. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) Бөлім жұмысын ұйымдастыру;
Тармақша 2
2) Бөлім қызметін жақсартуда ұсыныстар енгізу;
Тармақша 3
3) Қала әкімі аппаратының бөлімдерінен, дербес бөлімдерінен, ауылдық огруг әкімдері аппаратынан ақпараттар, анықтамалар және басқа да қажетті материалдар сұрату;
Тармақша 4
4) Қала әкімдігінің отырысына және басқа да мәжілістерге қатысу;
Тармақша 5
5) Бөлім қызметкерлерін, бөлімге бағынысты мемлекеттік мекемелердің басшыларын Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне сәйкес жұмысқа қабылдау және босату, марапаттау немесе жазалау шараларын қолдану;
Тармақша 6
6) Қызметкерлерге тапсырмаларды бөлу және оның орындалуын қадағалау;
Тармақша 7
7) Бөлімнен шығатын бұйрықтарға, басқа да шығыс құжаттарына қол қою;
Тармақша 8
8) Басқа да өзінің құзыреті шегіндегі мәселелерді өздігінен шешуге құқы бар. Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
Тарау 4. 4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 21
21. Бөлім заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. Бөлім мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 22
22. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 23
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлім өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебіненсатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 24
24. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Бөлімнің қарамағындағы мемлекеттік мекемелер тізбесі: «Бас жоспар Орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.