Об утверждении тарифов для населения на сбор, транспортировку, сортировку и захоронение твердых бытовых отходов по городу Семей Күшін жойған
Басқа 0
Семей қаласы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған
тарифтерді бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Экология Кодексінің 365-бабы 3-тармағы 3) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, «Халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24382 болып тіркелген) Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 377 бұйрығына сәйкес, Семей қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Семей қаласы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Семей қаласы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасып шығаруға, өңдеуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» Семей қаласы мәслихатының 2019 жылғы 29 мамырдағы № 38/265-VІ (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6008 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Семей қаласы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер
Семей қаласының мәслихаты
2022 жылғы 29 шілдедегі
№27/215-VII шешіміне
қосымша
Семей қаласы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер
Атауы
Есептік бірлік
Теңге
(қосылған құн салығынсыз)
Жайлы үйлер
1 тұрғын айына
420
Жайлы емес үйлер
489,01
Жылдық тариф бірлігіне (көлем)
1 м3
2366,19