Об оказании материальной помощи семьям погибших военнослужащих в мирное время Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.08.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бейбіт уақытта қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсету туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" N 2247, Заң күші бар Жарлығының 9, 17, 20 баптарына сәйкес және Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" N 148 Заңының 31 бабының 2 тармағын басшылыққа ала отырып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Бейбіт уақытта қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмекті тағайындау және төлеу туралы ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Дмитрий Михайлович Бердниковке жүктелсін.
Басқа 3. Бейбіт уақытта қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмекті тағайындау және төлеу туралы ЕРЕЖЕСІ
Теректі ауданы әкімдігінің 29.08.2003 жылғы N 130 қаулысымен "БЕКІТІЛГЕН" Бейбіт уақытта қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмекті тағайындау және төлеу туралы ЕРЕЖЕСІ
Тарау 1. 1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ
Тармақ 1
1. Ереже Қазақстан Республикасы Президентінің "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдік мен оларды әлеуметтік қорғау туралы", Заң күші бар, Жарлығының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының негізінде дайындалған.
Тармақ 2
2. Бейбіт уақытта қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына көлік шығынына материалдық көмек беріледі.
Тармақ 3
3. Отбасының табысына қарамастан ай сайын 1000 теңге мөлшерінде материалдық көмек көрсетіледі.
Тарау 2. 2. МАТЕРИАЛДЫҚ КӨМЕКТІ ТАҒАЙЫНДАУ ТӘРТІБІ
2. МАТЕРИАЛДЫҚ КӨМЕКТІ ТАҒАЙЫНДАУ ТӘРТІБІ
Тармақ 4
4. Материалдық көмекті алуға құқығы бар азаматтар тұрғылық жердегі еңбек, қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөліміне арыз береді.
Тармақ 5
5. Арызға келесі құжаттар тіркеледі:
Тармақша 1
1) Тұрғылықты жерден анықтама;
Тармақша 2
2) Бейбіт уақытта қаза тапқан әскери қызметшінің отбасының мәртебесін белгілейтін құжат;
Тармақша 3
3) Жеке куәлігінің, СТН көшірмесі.
Тармақ 6
6. Өкілетті органдар тапсырылған құжаттар негізінде 10 күн мерзім ішінде материалдық көмекті тағайындау немесе қабылдамау туралы шешімді қабылдайды.
Тармақ 7
7. Материалдық көмек ай сайын тағайындалады және төленеді.
Тарау 3. 3. МАТЕРИАЛДЫҚ КӨМЕКТІ ТӨЛЕУ
3. МАТЕРИАЛДЫҚ КӨМЕКТІ ТӨЛЕУ
Тармақ 8
8. Материалдық көмекті төлеу "Қазақстан халық Банкі" Ашық Акционерлік қоғамының филиалдары және аудандық пошта байланыс басқармасы арқылы жүргізіледі.
Тарау 4. 4. ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗІ
4. ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗІ
Тармақ 9
9. Қаржыландыру көзі болып жергілікті бюджет табылады.