О ликвидации Казахского научно-исследовательского института проблем труда и занятости Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.09.1997. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Қазақ еңбек және жұмыспен қамту проблемалары ғылыми-зерттеу институтын тарату туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Қазақ еңбек және жұмыспен қамту проблемалары ғылыми-зерттеу институтын тарату туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк министрлiгiнiң ұсынысы қабылдансын. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi таратуды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырсын.
Тармақ 2
2. "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 3 наурыздағы N 290 қаулысына (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 10, 71-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: аталған қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң қарамағындағы ұйымдардың Тiзбесiнен мынадай жолдар алынып тасталсын: "Қазақ еңбек және жұмыспен қамту проблемалары ғылыми-зерттеу институты".
Тармақ 3
3. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Қазақ еңбек және жұмыспен қамту проблемалары ғылыми-зерттеу институтын ұйымдастыру туралы" Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң 1991 жылғы 31 желтоқсандағы N 822 қаулысының күшi жойылған деп танылсын.