О внесении изменений и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
2) «Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерінің шығындарын өтеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 11 ақпандағы № 49 қаулысында: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 73-бабының 5 және 7-тармақтарына, 77-бабының 4-тармағына және 78-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»; 1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) Көлікте жол жүргені үшін әскери, арнаулы оқу орындары курсанттарының, тыңдаушыларының шығындарын өтеу қағидалары;»; көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағы бойынша көлікте жүргені үшін арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің (курсанттардан, тыңдаушылардан басқа) шығындарын өтеу қағидаларында: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Қазақстан Республикасының аумағы бойынша көлікте жүргені үшін арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің (курсанттардан, тыңдаушылардан басқа) шығындарын өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 73-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағы бойынша көлікте жүргені үшін арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің (курсанттардан, тыңдаушылардан басқа) (бұдан әрі – қызметкерлер) шығындарын (бұдан әрі – шығындар) өтеу тәртібін айқындайды.»; 2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «4) Заңның 49-бабы 1-тармағының 6), 12-1) және 13) тармақшаларында көзделген жағдайлардан басқа, қызметтен шығарылу кезінде өтеледі.»; көрсетілген Қағидаларға 1-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының аумағы бойынша көлікте жүргені үшін арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің (курсанттардан, тыңдаушылардан басқа) шығындарын өтеу қағидаларына 1-қосымша Нысан Кімге: ___________________________ (шығындарды өтеуді жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттік органның (мекеменің) басшысына не уәкілетті лауазымды адамға)»; көрсетілген Қағидаларға 2-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының аумағы бойынша көлікте жүргені үшін арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің (курсанттардан, тыңдаушылардан басқа) шығындарын өтеу қағидаларына 2-қосымша Нысан Кімге: _________________________ (шығындарды өтеуді жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттік органның (мекеменің) басшысына не уәкілетті лауазымды адамға) кімнен: _______________________, (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (құжатта бар болса) ______________________ тұрады тел. ______________________»; көрсетілген қаулымен бекітілген Қызмет бойынша ауысқан кезде және қызметтен шығарылғанда арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің (курсанттардан, тыңдаушылардан басқа) жеке мүліктерінің 10 тоннаға дейінгі көлемін тасымалдауға кеткен шығындарын өтеу қағидаларында: 1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Қызмет бойынша ауысқан кезде және қызметтен шығарылғанда арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің (курсанттардан, тыңдаушылардан басқа) жеке мүліктерінің 10 тоннаға дейінгі көлемін тасымалдауға кеткен шығындарын өтеу қағидалары «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 73-бабының 7-тармағына сәйкес әзірленді және қызмет бойынша ауысқан кезде және қызметтен шығарылғанда арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің (курсанттардан, тыңдаушылардан басқа) (бұдан әрі – қызметкерлер) жеке мүліктерінің 10 тоннаға дейінгі көлемін тасымалдауға кеткен шығындарын (бұдан әрі – шығындар) өтеу тәртібін айқындайды. 2. Қызметкерлер қызметі бойынша ауысқан кезде, сондай-ақ қызметтен шығарылғанда Заңның 49-бабы 1-тармағының 6), 12-1) және 13) тармақшаларында көзделген жағдайлардан басқа, оларға бұрынғы қызмет орнынан (тұрғылықты жерінен) жаңа қызмет орнына (тұрғылықты жеріне) жеке мүлкінің 10 тоннаға дейінгі көлемін тасымалдауға кеткен шығындары автомобиль жолының әрбір жиырма километріне бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өтеледі.»; 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. Шығындары өтеу үшін уәкілетті басшыға: 1) қызметкер – осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша баянат; 2) қызметтен шығарылған қызметкер – жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесін, сондай-ақ шығындарды өтеу сомасын аудару үшін қажетті банк құжаттарын қоса бере отырып, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш ұсынады. Тасымалдау маршрутын, қашықтығын, мүліктің салмағын және төлем мөлшерін көрсете отырып, Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жеке мүлікті тасымалдауға кеткен шығындарды өтеу туралы бұйрықты: 1) уәкілетті басшы – қызмет өткеру орны бойынша қызметін одан әрі өткеру үшін келген қызметкерге; 2) аумақтық органның уәкілетті басшысы – қызметтен шығару туралы бұйрықтан үзінді көшірменің негізінде қызметтен шығарылған қызметкер таңдаған тұрғылықты жері бойынша қызметтен шығарылған қызметкерге; 3) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің уәкілетті басшысы – қызметтен шығарылғанға дейін штатында тұрған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметінен шығарылған қызметкерге шығарады.»; 5-тармақ алып тасталсын; 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «7. Шығындарды өтеу: 1) міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларында бюджеттік қаражат болған кезде – ақшалай үлесті бір уақытта төлей отырып; 2) міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларында бюджеттік қаражат болмаған кезде – міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларына тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін жүзеге асырылады.»; көрсетілген Қағидаларға 1 және 2-қосымшалар осы қаулыға 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; көрсетілген қаулымен бекітілген Көлікте жол жүргені үшін арнаулы (әскери) оқу орындары курсанттарының, тыңдаушыларының шығындарын өтеу қағидаларында: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «Көлікте жол жүргені үшін әскери, арнаулы оқу орындары курсанттарының, тыңдаушыларының шығындарын өтеу қағидалары»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Көлікте жол жүргені үшін әскери, арнаулы оқу орындары курсанттарының, тыңдаушыларының шығындарын өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 77-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және көлікте жол жүргені үшін әскери, арнаулы оқу орындары курсанттарының, тыңдаушыларының (бұдан әрі – курсанттар, тыңдаушылар) шығындарын (бұдан әрі – шығындар) өтеу тәртібін айқындайды.»; 2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) Заңның 49-бабы 1-тармағының 6), 12-1) және 13) тармақшаларында көзделген жағдайлардан басқа арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметтен шығарылған, сондай-ақ демалысқа және тағылымдамадан өтуге барған кезде Қазақстан Республикасының аумағы бойынша темiржол, су және автомобиль көлігімен жол жүруге (жөнелту пунктінен межелі пунктке дейін және кері) жұмсалған шығындары бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекіткен нормаларға сәйкес өтеледі.»; 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Әскери, арнаулы оқу орындарында және шет мемлекеттің білім беру ұйымдарында білім алып жатқан курсанттарға, тыңдаушыларға шығындарды өтеуді курсанттар, тыңдаушылар штатында немесе қарамағында болатын арнаулы мемлекеттік органның мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мекеме), ал курсант, тыңдаушы қызметтен шығарылған жағдайда – таңдаған тұрғылықты жері бойынша арнаулы мемлекеттік органның аумақтық органы (бұдан әрі – аумақтық орган) жүзеге асырады.»; көрсетілген Қағидаларға 1-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын: «Көлікте жол жүргені үшін әскери, арнаулы оқу орындары курсанттарының, тыңдаушыларының шығындарын өтеу қағидаларына 1-қосымша Нысан Кімге: _____________________ (шығындарды өтеуді жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттік органның (мекеменің) басшысына не уәкілетті лауазымды адамға)»; көрсетілген Қағидаларға 2-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын: «Көлікте жол жүргені үшін әскери, арнаулы оқу орындары курсанттарының, тыңдаушыларының шығындарын өтеу қағидаларына 2-қосымша Нысан Кімге: ______________________ (шығындарды өтеуді жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттік органның (мекеменің) басшысына не уәкілетті лауазымды адамға) кімнен: ____________________, (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (құжатта бар болса) ___________________ тұрады телефоны _________________»; көрсетілген Қағидаларға 3-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын: «Көлікте жол жүргені үшін әскери, арнаулы оқу орындары курсанттарының, тыңдаушыларының шығындарын өтеу қағидаларына 3-қосымша Нысан»; көрсетілген қаулымен бекітілген Арнаулы мемлекеттік органның қызметкері орын ауыстырған кезде, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органның қызметкері қызметтен шығарылған кезде Қазақстан Республикасының аумағы бойынша көлiкте жүргені үшін арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің (курсанттардан, тыңдаушылардан басқа), олармен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінің шығындарын өтеу қағидаларында: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Арнаулы мемлекеттік органның қызметкері орын ауыстырған кезде, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органның қызметкері қызметтен шығарылған кезде Қазақстан Республикасының аумағы бойынша көлiкте жүргені үшін арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің (курсанттардан, тыңдаушылардан басқа), олармен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінің шығындарын өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 78-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және арнаулы мемлекеттік органның қызметкері орын ауыстырған кезде, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органның қызметкері қызметтен шығарылған кезде Қазақстан Республикасының аумағы бойынша көлiкте жүргені үшін арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің (курсанттардан, тыңдаушылардан басқа) (бұдан әрі – қызметкерлер), олармен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінің шығындарын (бұдан әрі – шығындар) өтеу тәртібін айқындайды.»; 2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) Заңның 49-бабы 1-тармағының 6), 12-1) және 13) тармақшаларында көзделген жағдайлардан басқа қызметкер қызметтен шығарылған кезде жүргізіледі.»; көрсетілген Қағидаларға 1-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын: «Арнаулы мемлекеттік органның қызметкері орын ауыстырған кезде, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органның қызметкері қызметтен шығарылған кезде Қазақстан Республикасының аумағы бойынша көлiкте жүргені үшін арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің (курсанттардан, тыңдаушылардан басқа), олармен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінің шығындарын өтеу қағидаларына 1-қосымша Нысан Кімге:___________________________ (шығындарды өтеуді жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттік органның (мекеменің) басшысына не уәкілетті лауазымды адамға)»; көрсетілген Қағидаларға 2-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын: «Арнаулы мемлекеттік органның қызметкері орын ауыстырған кезде, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органның қызметкері қызметтен шығарылған кезде Қазақстан Республикасының аумағы бойынша көлiкте жүргені үшін арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің (курсанттардан, тыңдаушылардан басқа), олармен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінің шығындарын өтеу қағидаларына 2-қосымша Нысан Кімге: ___________________________________ (шығындарды өтеуді жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттік органның (мекеменің) басшысына не уәкілетті лауазымды адамға) кімнен: __________________________, (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (құжатта бар болса) _________________________ тұрады тел. _____________________________».
Тармақ 2
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
Тармақша 1
1)«Арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне (арнаулы (әскери) оқу орындарының курсанттарынан, тыңдаушыларынан басқа) тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызмет көрсетулерге төлем жасауға ақшалай өтемақы төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1122 қаулысы;
Тармақша 2
2)«Арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне (арнаулы (әскери) оқу орындарының курсанттарынан басқа) тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызмет көрсетулерге төлем жасауға ақшалай өтемақы төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1122 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 қарашадағы № 748 қаулысы.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының қызметтік тұрғынжайларын қалыптастыру және беру қағидалары
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы № қаулысына 1-қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы № 1602 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының қызметтік тұрғынжайларын қалыптастыру және беру қағидалары
Басқа 2. Шығындарды өтеуге арналған баянат
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы № қаулысына 2-қосымша Нысан Кімге: ___________________________ (шығындарды өтеуді жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттік органның (мекеменің) басшысына не уәкілетті лауазымды адамға) Шығындарды өтеуге арналған баянат Маған _______________________________________________________________ ______________________________________________________________________ (оқиғаның түрі, тасымалдау маршруты, қашықтығы және мүліктің салмағы көрсетіледі) ________________________________________________ шығындарын өтеуді сұраймын. __________________ ____________ _______________ _____________________________ (лауазымы, атағы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (құжатта бар болса) ______ жылғы «______» _____________ (жылы) (күні) (айы) Бастық: _____________________ ____________ ______________________________ (бөлімше, атағы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (құжатта бар болса) _________________________
Басқа 3. Шығындарды өтеуге арналған өтініш
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы № қаулысына 3-қосымша Нысан Кімге: ___________________________ (шығындарды өтеуді жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттік органның (мекеменің) басшысына не уәкілетті лауазымды адамға) кімнен: _________________________ (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (құжатта бар болса) _________________________ тұрады тел. ____________________________ Шығындарды өтеуге арналған өтініш Маған _______________________________________________________________________ (оқиғаның түрі, тасымалдау маршруты, қашықтығы мен мүліктің салмағы көрсетіледі) шығындарды өтеуді сұраймын. Тиесілі соманы _______________________________________________аударуды сұраймын. ___________________ банктің № _________________ филиалы Дербес немесе карт-шот___________________________ Алушының ЖСН__________________________________ ____ жылғы «____» _______ Өтініш беруші __________ ______________________________ (күні) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Бастық: ______________ _________ _______________________________________________ (бөлімше, атағы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ____________________