О некоторых вопросах акционерного общества «Национальный инфокоммуникационный холдинг «Зерде» Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына және 181-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» акционерлік қоғамы таратылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті:
Тармақша 1
1) заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне «Ұлттық ақпараттық технологиялар» және «QazInnovations» инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» акционерлік қоғамдары (бұдан әрі – акционерлік қоғамдар) акцияларының пакеттерін иелену және пайдалану құқығын беруді қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар (бұдан әрі – өзгерістер мен толықтырулар) бекітілсін.
Тармақ 4
4. «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» акционерлік қоғамының 2021 – 2030 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 13 желтоқсандағы № 881 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының 2-тармағының 1) тармақшасын, сондай-ақ тарату комиссиясы акционерлік қоғамдардың акцияларын бергеннен кейін қолданысқа енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1 және 2-тармақтарының бесінші, алтыншы, жетінші абзацтарын, 5-тармағының жетінші, сегізінші, тоғызыншы абзацтарын қоспағанда, осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы « » № қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
Тармақ 1
1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде: «Нұр-Сұлтан қаласы» деген бөлімде: реттік нөмірі 21-108-жол алып тасталсын; мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 21-205 және 21-206-жолдармен толықтырылсын: «21-205. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы 21-206. «QazInnovations» инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» акционерлік қоғамы».
Тармақ 2
2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде: «Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне» деген бөлімде: реттік нөмірі 376-3-жол алып тасталсын. мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 376-4 және 376-5-жолдармен толықтырылсын: «376-4. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы. 376-5. «QazInnovations» инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» акционерлік қоғамы.».
Тармақ 3
3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 27.12.2023 № 1195 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Тармақ 4
4. «Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 сәуірдегі № 376 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесінде: «Ұлттық холдингтер» деген бөлімде: реттік нөмірі 3-жол алып тасталсын.
Тармақ 5