Об утверждении Правил выплаты единовременного вознаграждения победителям и призерам международных олимпиад по общеобразовательным предметам, педагогам, подготовившим их, победителям международных конкурсов научных проектов, педагогам, подготовившим их, а также размеров единовременного вознаграждения победителям и призерам международных олимпиад по общеобразовательным предметам, педагогам, подготовившим их, победителям международных конкурсов научных проектов, педагогам, подготовившим их Қолданыста
Басқа 0
Жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, оларды дайындаған педагогтерге, ғылыми жобалардың халықаралық конкурстарының жеңімпаздарына, оларды дайындаған педагогтерге біржолғы сыйақы төлеу қағидаларын, сондай-ақ жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, оларды дайындаған педагогтерге, ғылыми жобалардың халықаралық конкурстарының жеңімпаздарына, оларды дайындаған педагогтерге берілетін біржолғы сыйақының мөлшерлерін бекіту туралы
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, оларды дайындаған педагогтерге, ғылыми жобалардың халықаралық конкурстарының жеңімпаздарына, оларды дайындаған педагогтерге біржолғы сыйақы төлеу қағидалары, сондай-ақ жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, оларды дайындаған педагогтерге, ғылыми жобалардың халықаралық конкурстарының жеңімпаздарына, оларды дайындаған педагогтерге берілетін біржолғы сыйақының мөлшерлері бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы вице-министрі
_______________ Д. Жаналинов
2022 жылғы «____»_____________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі
_______________ Т. Жаксылыков
2022 жылғы «____»_____________
Басқа 0. Жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары
мен жүлдегерлеріне, оларды дайындаған педагогтерге, ғылыми жобалардың халықаралық
конкурстарының жеңімпаздарына, оларды дайындаған педагогтерге біржолғы сыйақы төлеу
қағидалары, сондай-ақ жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық
олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, оларды дайындаған педагогтерге,
ғылыми жобалардың халықаралық конкурстарының жеңімпаздарына,
оларды дайындаған педагогтерге берілетін бір
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
міндетін атқарушының
2022 жылғы 22 шілдедегі
№ 347 бұйрығына
қосымша
Жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары
мен жүлдегерлеріне, оларды дайындаған педагогтерге, ғылыми жобалардың халықаралық
конкурстарының жеңімпаздарына, оларды дайындаған педагогтерге біржолғы сыйақы төлеу
қағидалары, сондай-ақ жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық
олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, оларды дайындаған педагогтерге,
ғылыми жобалардың халықаралық конкурстарының жеңімпаздарына,
оларды дайындаған педагогтерге берілетін біржолғы сыйақының мөлшерлері
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қағидалар жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, оларды дайындаған педагогтерге, ғылыми жобалардың халықаралық конкурстарының жеңімпаздарына, оларды дайындаған педагогтерге біржолғы сыйақы төлеу тәртібін, сондай-ақ жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, оларды дайындаған педагогтерге, ғылыми жобалардың халықаралық конкурстарының жеңімпаздарына, оларды дайындаған педагогтерге берілетін біржолғы сыйақының мөлшерлерін белгілейді (бұдан әрі – Біржолғы сыйақы).
Тармақ 2
2. Біржолғы сыйақы беруді жүзеге асыратын орган Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) болып табылады.
Тармақ 3
3. Біржолғы сыйақы жеке сипатта болады және бір жыл ішінде қайталап берілмейді.
Тармақ 4
4. Біржолғы сыйақы ағымдағы жылдың жетістігі үшін ғана беріледі.
Тармақ 5
5. Біржолғы сыйақы алуға кандидаттар Қазақстан Республикасының азаматтары болуы тиіс.
Тармақ 6
6. Біржолғы сыйақы алуға кандидаттар болып мыналар табылады:
Тармақша 1
1) жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, оларды дайындаған педагогтер;
Тармақша 2
2) ғылыми жобалардың халықаралық конкурстарының жеңімпаздары, оларды дайындаған педагогтер.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың аталған жеңімпаздары мен жүлдегерлері және ғылыми жобалардың халықаралық конкурстарының жеңімпаздары осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес сауалнама толтырады. Он сегіз жасқа толмаған тұлғалардың сауалнамаларында көрсетілген мәліметтердің дұрыстығы ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің қолдарымен расталады.
Тармақ 7
7. Біржолғы сыйақы:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 20 шілдедегі № 333 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28915 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 333 бұйрық) бекітілген тізбеге сәйкес жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, ғылыми жобалардың халықаралық конкурстарының жеңімпаздары болған қазақстандық білім алушыларға, Қазақстан Республикасы құрама командасының мүшелеріне;
Тармақша 2
2) № 333 бұйрықпен бекітілген тізбеге сәйкес жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін, ғылыми жобалардың халықаралық конкурстарының жеңімпаздарын дайындаған педагогтерге төленеді.
Тармақ 8
8. Жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне мынадай мөлшердегі Біржолғы сыйақыны көрсете отырып, сертификат беріледі:
Тармақша 1
1) I дәрежелі диплом мен алтын медаль үшін – 1500 АЕК;
Тармақша 2
2) II дәрежелі диплом мен күміс медаль үшін – 1000 АЕК;
Тармақша 3
3) III дәрежелі диплом мен қола медаль үшін – 500 АЕК.
Тармақ 9
9. Ғылыми жобалардың халықаралық конкурстарының жеңімпаздарына I дәрежелі диплом мен алтын медаль үшін 1500 АЕК мөлшеріндегі Біржолғы сыйақыны көрсете отырып, сертификат беріледі.
Тармақ 10
10. Жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін дайындаған педагогтерге мынадай мөлшердегі Біржолғы сыйақыны көрсете отырып, сертификат беріледі:
Тармақша 1
1) I дәрежелі диплом мен алтын медаль иегерін дайындаған педагогке – базалық лауазымдық айлықақының 26,5 еселенген мөлшерінде;
Тармақша 2
2) II дәрежелі диплом мен күміс медаль иегерін дайындаған педагогке – базалық лауазымдық айлықақының 17,5 еселенген мөлшерінде;
Тармақша 3
3) III дәрежелі диплом мен қола медаль иегерін дайындаған педагогке – базалық лауазымдық айлықақының 8,5 еселенген мөлшерінде.
Тармақ 11
11. Ғылыми жобалардың халықаралық конкурстарының жеңімпазын – I дәрежелі диплом мен алтын медаль иегерін дайындаған педагогке базалық лауазымдық айлықақының 26,5 еселенген мөлшеріндегі Біржолғы сыйақыны көрсете отырып, сертификат беріледі.
Тарау 2. 2-тарау. Біржолғы сыйақы төлеу тәртібі
2-тарау. Біржолғы сыйақы төлеу тәртібі
Тармақ 12
12. Қазақстан Республикасы құрама командаларының ағымдағы жылғы жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадаларға, ғылыми жобалардың халықаралық конкурстарына қатысу нәтижелеріне сәйкес «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы (бұдан әрі – «Дарын» РҒПО):
Тармақша 1
1) жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің, ғылыми жобалардың халықаралық конкурстары жеңімпаздарының тізімін, ұйымдастырушы елдердің ресми сайттарында жарияланған нәтижелерінің көшірмелерін қалыптастырады және бекітеді;
Тармақша 2
2) № 333 бұйрықпен бекітілген тізбеге сәйкес жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін, ғылыми жобалардың халықаралық конкурстарының жеңімпаздарын I, II, III дәрежелі дипломдармен марапаттауды ұйымдастырады.
Тармақ 13
13. «Дарын» РҒПО жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін, ғылыми жобалардың халықаралық конкурстарының жеңімпаздарын дайындаған педагогтердің тізімдерін жеңімпаз және жүлдегер оқитын білім беру ұйымының педагог туралы деректері көрсетілген растайтын құжаттары негізінде қалыптастырады және бекітеді.
Тармақ 14
14. Жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, ғылыми жобалардың халықаралық конкурстарының жеңімпаздары Біржолғы сыйақы алу үшін «Дарын» РҒПО-ға мынадай құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) жеке басын куәландыратын құжаттың (бар болған жағдайда) және (немесе) туу туралы куәліктің (бар болған жағдайда) және (немесе) төлқұжатының (бар болған жағдайда) көшірмесі;
Тармақша 2
2) I, II, III дәрежелі дипломдардың көшірмелері;
Тармақша 3
3) ағымдағы банктік есепшоттың деректемелері;
Тармақша 4
4) педагогтің жұмыс орнынан анықтама;
Тармақша 5
5) Біржолғы сыйақы алшуының оқу орнынан педагог туралы деректер көрсетілген анықтама.
Он сегіз жасқа толмаған тұлғалар туралы деректердің дұрыстығы білім беру ұйымы басшысының, ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің қолдарымен расталады.
Тармақ 15
15. Жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін, ғылыми жобалардың халықаралық конкурстарының жеңімпаздарын дайындаған педагогтер Біржолғы сыйақы алу үшін «Дарын» РҒПО-ға мынадай құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) жеке басын куәландыратын құжаттың (бар болған жағдайда) және (немесе) төлқұжатының (бар болған жағдайда) көшірмесі;
Тармақша 2
2) жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, ғылыми жобалардың халықаралық конкурстары жеңімпаздарының I, II, III дәрежелі дипломдардың көшірмелері;
Тармақша 3
3) ағымдағы банктік есепшоттың деректемелері;
Тармақша 4
4) педагогтің жұмыс орнынан анықтама.
Тармақ 16
16. Біржолғы сыйақы республикалық бюджет қаражаты есебінен төленеді.
Тармақ 17
17. Педагог екі және одан көп жеңімпазды және (немесе) жүлдегерді дайындаған жағдайда, Біржолғы сыйақы жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың әрбір жеңімпазы мен жүлдегері, халықаралық ғылыми жобалар конкурстарының жеңімпазы үшін төленеді.
Тармақ 18
18. Білім алушылар екі және одан да көп педагогті көрсеткен жағдайда, Біржолғы сыйақы сомасы көрсетілген педагогтер арасында тең пропорцияда бөлінеді.
Тармақ 19
19. Жеңімпаз немесе жүлдегер Біржолғы сыйақы алудан бас тартқан жағдайда, жеңімпаздарды немесе жүлдегерлерді дайындаған педагогтердің оны алу құқығы сақталады.
Тармақ 20
20. Министрлік «Дарын» РҒПО ұсынған құжаттардың негізінде Министрліктің интернет-ресурсында орналастыра отырып, ағымдағы жылға Біржолғы сыйақы төлеу туралы бұйрық шығарады. Бұйрықта алушылардың тізімі, осы Қағидалардың 8, 9, 10 және 11-тармақтарына сәйкес төлемдердің мөлшері көрсетіледі.
Тармақ 21
21. Біржолғы сыйақылар жеңімпаздар мен жүлдегерлердің, сондай-ақ оларды дайындаған педагогтердің тиісті ағымдағы банктік есепшоттарына ақшалай қаражатты аудару жолымен төленеді.
Тармақ 22
22. Біржолғы сыйақыға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шығыстар (салықтар және басқа да міндетті төлемдер мен алымдар) кірмейді.
Басқа 0.1. Халықаралық олимпиада жеңімпазының немесе жүлдегерінің немесе ғылыми жобалардың халықаралық конкурстары жеңімпазының
сауалнамасы
Жалпы білім беретін пәндер
бойынша халықаралық
олимпиадалардың жеңімпаздары
мен жүлдегерлеріне, оларды
дайындаған педагогтерге
біржолғы сыйақы төлеу
қағидаларына, сондай-ақ жалпы
білім беретін пәндер бойынша
халықаралық олимпиадалардың
жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне,
оларды дайындаған педагогтерге
біржолғы сыйақы мөлшерлеріне
қосымша
Халықаралық олимпиада жеңімпазының немесе жүлдегерінің немесе ғылыми жобалардың халықаралық конкурстары жеңімпазының
сауалнамасы
Қатысушының ТАӘ (ол болған жағдайда)__________________________
Халықаралық зияткерлік жарыстар (олимпиада немесе халықаралық
жобалар)_______________________________________________________
Мектеп атауы (ауыл, аудан, қала, облыс)___________________________
Сыныбы _________
Қатысушының байланыстары (ұялы телефон нөмірі, мессенджерлер, e-mail)
ТАӘ (ол болған жағдайда) және байланыстары (ұялы телефон нөмірі,
WhatsApp)___________________
Сізді халықаралық олимпиадаға дайындаған педагогтің ТАӘ (ол болған
жағдайда)___________________________________________
Оның жұмыс немесе оқу орны _____________________________________
Ата-аналардың немесе басқа да заңды өкілдердің қолы______________
Жауаптарыңыз үшін рақмет. Өз қолыңызбен толтырылып, қол қойылған анкетаның сканерленген нұсқасын электрондық поштаға жіберуіңізді сұраймыз.