Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера родительской платы города Шымкент Күшін жойған
Басқа 0
Шымкент қаласының мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының
мөлшерін бекіту туралы
«Бiлiм туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 3-тармағының 7-1) тармақшасы және 62 бабының 6 тармақшасына сәйкес Шымкент қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Шымкент қаласының мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Шымкент қаласының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулы оның ресми жарияланғанынан кейін Шымкент қаласының әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкiмiнiң жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсiн.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7. Шымкент қаласының мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері
Шымкент қаласы
әкімдігінің
2022 жылғы 1
тамыздағы
№ 1417
Қаулысына қосымша
Шымкент қаласының мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері
№
Шымкент қаласының мектепке дейінгі ұйымдарындағы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы
Бір тәрбиеленушіге бір күнге ата-ана төлемақысының мөлшері (теңге) (арнайы мектепке дейінгі ұйымдар мен коррекциялық топтарын қоспағанда)
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы тәрбиеленушілер саны
Мектепке дейінгі ұйымдарда бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құнының бір айдағы мөлшері (теңге)
Мемлекет
тік
мектепке дейінгі ұйым
Жекеменшік мектепке дейінгі ұйым
Мектепке дейінгі ұйымдағы жалпы дамыту топтары (10,5- сағаттық режимдегі топ)
Мектепке дейінгі ұйымдағы жалпы дамыту топтары (толық емес күн болатын топтар)
Мектепке дейінгі ұйымдағы санаторлық топтары (10,5- сағаттық режимдегі топ)
Мектепке дейінгі ұйымдағы коррекциялық топтары (10,5- сағаттық режимдегі топ)
Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйым мен мемлекеттік тапсырыс орналастырылған жекеменшік мектепке дейінгі ұйым (жас ерекшелігіне қарай)
3 жасқа дейін
3-7 жас
1
19506
47636
41197
17215
61519
73798
544,58
686,04