О внесении изменений в некоторые приказы Министра внутренних дел Республики Казахстан Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының қоса беріліп отырған тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасы
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрлігі
Басқа 0. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
2022 жылғы 8 тамыздағы
№ 655 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
Тармақ 2
2. «Жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдардың мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 19 қыркүйектігі № 622 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9839 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдардың мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыру қағидаларында:
8-тармақ алып тасталсын;
11-тармақ алып тасталсын;
28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«28. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның ішкі істер органына келуін тіркеу ҚАІІО жергілікті полиция қызметі бөліністерінде не учаскелік полиция пункттерінде жүзеге асырылады, бұл туралы арнайы бақылау парағына осы Қағидаға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша белгі қойылады.»;
34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«34. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адам басқа ішкі істер органы қызмет көрсететін аумаққа келісімен, жергілікті полиция қызметі бөлінісінің қызметкері немесе УПИ оның бағыттық парағына тиісті белгілер қойып, оларды ішкі істер органының мөрімен (мөртаңбасымен) куәландырады.»;
Жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдардың мінез құлқын бақылауды жүзеге асыру қағидасына 1-қосымша осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдардың мінез құлқын бақылауды жүзеге асыру қағидасына 7-қосымша осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдардың мінез құлқын бақылауды жүзеге асыру қағидасына 2, 3 және 8-қосымшалары алып тасталсын.
Тармақ 3
Басқа 1
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
Өзгерістер енгізілетін
кейбір бұйрықтарының
тізбесіне 1-қосымша
Басқа 2
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
өзгерістер енгізілетін
кейбір бұйрықтарының
тізбесіне 2-қосымша
Басқа 3
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
өзгерістер енгізілетін
кейбір бұйрықтарының
тізбесіне 3-қосымша
Басқа 4
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
өзгерістер енгізілетін
кейбір бұйрықтарының
тізбесіне 4-қосымша
Басқа 5. №_________бақылау ісі
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
өзгерістер енгізілетін
кейбір бұйрықтарының
тізбесіне 5-қосымша
Жазасын өтеуден шартты түрде
мерзімінен бұрын босатылған
адамдардың мінез-құлқын
бақылауды жүзеге асыру
қағидасына 1-қосымша
Нысан
№_________бақылау ісі
____________________________________________________________________
шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғанның тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған жағдайда)
____________________________________________________________________
тұрғылықты мекенжайы
Бақылауды _____________________________________________________
ҚАПб(Б)-ның атауы
учаскелік полиция инспекторы_________________________________________
учаскелік полиция инспекторының атағы,
______________________________________________________ жүзеге асырады
тегі және аты-жөні
Басталған күні:
20___жылғы» «____» _________________
Жазаның өтелмеген бөлігі мерзімінің аяқталу күні:
20___ жылғы «____» __________________
Әкімшілік қадағалау туралы Заңның қолданысына түсетін адамдар санатына өткізу күні
20___жылғы «____» ________________
Бақылау ісін жүргізудің аяқталған күні:
20___ жылғы «____» ________________
Іс 20____ жылғы «____» _____________ дейін мұрағатта сақталсын.
(есепке алу-қадағалау ісі мұқабасының ішкі жағына жазылады)
Бақылау ісіне тігілетін құжаттардың тізбесі
Тармақ 1
1. Іске тігілген құжаттардың тізімдемесі.
Тармақ 2
2. Бас бостандығынан айыру орындарынан босату туралы анықтаманың көшірмесі.
Тармақ 3
3. Шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы сот қаулысының көшірмесі.
Тармақ 4
4. Өмірбаяны.
Тармақ 5
5. Соттылығы туралы түсініктер.
Тармақ 6
6. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның байланыстар сызбасы.
Тармақ 7
7. Есепке алынған адамды ҚСжАЕК-нің деректері бойынша арнайы тексерудің талабы (іс жүргізілген кезде, содан кейін ҚСжАЕК деректеріндегі ақпарат өзгерген жағдайда ғана арнайы тексерудің көшірмесі міндетті түрде тігіледі. Ақпарат өзгермеген жағдайда, қосымша көшірмелер тігілмейді.).
Тармақ 8
8. Соңғы соттылығы бойынша аудандық (қалалық, облыстық) сот үкімінің көшірмесі (үкімнен үзінді көшірме).
Тармақ 9
9. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғанға міндеттерді белгілеу туралы сотқа жолданған хабарламаның көшірмесі.
Тармақ 10
10. Міндеттерді белгілеу туралы соттың қаулысы.
Тармақ 11
11. Әкімшілік құқық бұзушылық және сот жүктеген міндеттерді бұзу туралы хаттамалардың көшірмелері.
Тармақ 12
12. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамды әкімшілік құқық бұзушылық жасаған және жүктелген міндеттерді орындаудан жалтарған жағдайда әкімшілік жауапқа тарту туралы ҚАПб(Б) және соттың қаулылары (оның ішінде әкімшілік айыппұлдарды төлеу туралы түбіртек көшірмелері).
Тармақ 13
13. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамға сот белгілеген міндеттердің сақталуын бақылау парағы.
Тармақ 14
14. Бағыттық және бақылау парақтарының түбіршектері, бағыттық және бақылау парақтары.
Басқа 6. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамға қатысты белгіленген міндеттердің сақталуын бақылау парағы
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
өзгерістер енгізілетін
кейбір бұйрықтарының
тізбесіне 6-қосымша
Жазасын өтеуден шартты түрде
мерзімінен бұрын босатылған
адамдардың мінез-құлқын
бақылауды жүзеге асыру
қағидасына 7-қосымша
Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамға қатысты белгіленген міндеттердің сақталуын бақылау парағы
Тегі ____________________________________________ Аты ____________________________
Әкесінің аты (ол болған жағдайда) __________________________________________________
Туған күні және туған жері ________________________________________________________
_________________________________________________________________________________
Тұрғылықты мекенжайы ___________________________________________________________
_________________________________________________________________________________
Қадағалау мерзімі _______________ бастап _____________________ дейін
№
р\с
Бақылау түрі (тексеру/тіркеу)
Қызметкер лауазымы, атағы, тегі (тексеруді/тіркеуді жүзеге асыратын)
Күні
және уақыты
тексеру / тіркеу
(дерекқорлыр бойынша, тұрғылықты жері, жұмыс, оқу орны бойынша)
Тексеру
нәтижелері
(үйінде
болды,
болған жоқ, бұзушылықтар анықталды)
Есептегі адамның қолы
Белгіленген міндеттерді бұзғаны үшін
мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған адамға қолданылған шаралар
Тексеру
Тіркеу