О создании областной Межведомственной государственной комиссии по предупреждению и ликвидации чрезвычайных ситуаций Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.08.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Төтенше жағдайлардың аддын алу және жою жөніндегі облыстық ведомсвоаралық комиссия құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 11 маусымдағы № 554 қаулысына, "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шілдедегі Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекет басқару туралы" 2001 жылғы 29 қаңтардағы Заңының 27 бабына сәйкес төтенше жағдайлардың алдын алу мен іс-қимыл жасаудың облыстық жүйесін одан әрі жетілдіру, жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдар мен мекемелердің халықты және аумақтарды авариядан, аппаттардан, дүлей зілзалалардан, адамдарды және ауылшаруашылығы малдары мен өсімдіктерді жұқпалы аурулардан қорғау, індеттің өршуін оқшаулау және жою, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында,облыс әкімияты қаулы етеді;
Тармақ 1
1. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық ведомоствоаралық мемлекеттік комиссиясы құрылсын, дербес құрамы облыстық маслихаттың кезекті сессиясының бекітуіне үсынылсын.
Тармақ 2
2. Облыс әкімияты жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық ведомоствоаралық мемлекеттік комиссия туралы қоса жалғанып отырған Ереже бекітілсін.
Тармақ 3
3. Ақтөбе қаласының және аудан әкімдерімен осы қаулыдан туындайтын шаралар қабылдасын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары С. Қ. Ғилымовқа жүктелсін.
Басқа 5
Облыс әкімиятының 2003 жылғы 21.08. № 243 қаулысымен БЕКІТІЛГЕН Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомоствоаралық облыстық мемлекеттік комисия туралы ЕРЕЖЕ
Бөлім 1. 1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ
Тармақ 1
1. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомоствоаралық облыстық мемлекеттік комиссия (бұдан әрі комиссия) ведомствоаралық үйлестіру органы болып табылады және авариялардан, апаттардан, дүлейлерден және өзге зілзалардан болатын төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүргізу жөніндегі үсыныстарды әзірлеу мақсатында құрылған.
Тармақ 2
2. Комиссия өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Қазақстан Республикасының Заңынын, төтенше жағдайлар жөніндегі Ағенттік бүйрықтары мен қаулыларын, облыс әкімиятының қаулыларын, осы Ережені және басқа да нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.
Тармақ 3
3. Комисия өз өкілеттіктерін облыстық, аудандық атқарушы органдармен, кәсіпорындармен, мекелермен және меншіктің барлық нысанындағы ұйымдармен ынтымақтаса отырып жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Комиссияны облыс Әкімінің бірінші орынбасары басқарады.
Бөлім 2. 2. Комисияның негізгі міндеттері
2. Комисияның негізгі міндеттері
Тармақ 5
5. Комиссияның:
Тармақша 1
1) авариялардан, апаттардан, дүлейлерден және өзге зілзалалардан болатын төтенше жағдайлардан алдын алу және жою саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүргізу;
Тармақша 2
2) төтенше жағдайлардың алдын алу және жою күштері мен құралдарілн құру және дамыту саласында бірыңғай техникалық саясат жүргізу;
Тармақша 3
3) авариялардан, апаттардан, дүлейлерден және өзге зілзалалардан болатын төтенше жағдайлардан халықтың, облыс аймағының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қорғауға бағытталған экономикалық, ұйымдық-техникалық және өзге іс-шаралар қалыптастыру;
Тармақша 4
4) төтенше жағдайлар кездерінде алдын алу және іс-қимыл жүйесін әрмен қарай жетілдірудің және дамытудың негізгі бағыттарын анықтау;
Тармақша 5
5) авариялардың, апаттардың, дүлейлердщ және өзін зілзалалардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды, сондай-ақ төтенше жағдайларды: жоюға қатысқан адамдарды әлеуметтік-экомомикалық және құқықтық қорғау, медициналық оңалу мәселелері бойынша ұйымдардың, басқармалардың, жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру негізгі міндеттері болып табылады.
Тармақша 6
6) Адамдарды және ауылшаруашылық жануарлар мен өсімдіктерді жұқпалы аурулар індетін ескертуге және оқшаулап, жоюға бағытталған жергілікті атқарушы органдардың, кәсіпорындардың, мекемелердің және барлық меншік нысаналардағы ұйымдардың қызметін үйлестіру;
Бөлім 3. 3. Комиссия құқықтары
3. Комиссия құқықтары
Тармақ 6
6. Комиссия:
Тармақша 1
1) төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласында ұйымдардың, басқармалардың және жергілікті атқарушы органдардың іс-қимылын үйлестіру жөнінде үсыныстар енгізуге;
Тармақша 2
2) комиссияның құзыретіне жататын мәселелер бойынша нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын жасауға қатысуға;
Тармақша 3
3) комиссияның құзыретіне жататын мәселелер бойынша ұйымдар, басқармалар, басқа да жергілікті атқарушы органдар лауазым иелерін тындауға;
Тармақша 4
4) басқармалар, жергілікті атқарушы органдар тарапынан төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мәселелері жөніндегі мақсатты бағдармаларды орындауына талдау жүргізуге, оның ішінде бюджеттен бағдарламалық іс-шараларды іске асыруға бөлінген қаражаттың мақсатты пайдалануына талдау жүргізуге;
Тармақша 5
5) төтенше жағдайларды алдын алу және жою мәселелері жөнінде талдамалық, сараптамалық және басқа жұмыстарды орындау үшін облыс кәсіпорындарының, мекемелерінің, ұйымдарының мамандарын (олардың басшыларымен келісім бойынша) тартуға құқылы.
Бөлім 4. 4. Комиссия қызметін ұйымдастыру
4. Комиссия қызметін ұйымдастыру
Тармақ 7
7. Комиссияның жұмысын ұйымдық-техникалық қамтамасыз ету төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық басқармаға жүктеледі.
Тармақ 8
8. Комисия өзінің қызметін оның төрағасы бекіткен жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырады. Комиссияның отрыстары қажетіне қарай, бірақ тоқсан сайын кемінде бір рет өткізіледі. Комисия шешімдері хаттамамен рәсімделеді, Комиссия нормативтік актілер шығаруды талап ететін мәселелер бойынша төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық басқарма арқылы белгіленген тәртіппен тиісті ұсыныстар енгізеді.
Тармақ 9
9. Комиссияда қаралатын және шешілетін неғүрлым маңызды мәселелер бойынша Комиссия жүйелі түрде облыс әкімиятын хабардар етіп отырады.