О внесении изменений в некоторые приказы Министра финансов Республики Казахстан Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.04.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында: бюджет түсімдерінің сыныптамасында: 1 «Салықтық түсімдер» санатында: 05 «Тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге салынатын iшкi салықтар» сыныбында: 2 «Акциздер» кіші сыныбында: 75 «Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген темекі өнімдері, жеңiл автомобильдер (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару бейімдегіші бар автомобильдерден басқа)» сыныбының атауы мынадай редакцияда жазылсын: «75 Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген темекі өнімдері, жеңiл автомобильдер (арнайы мүгедектігі бар адамдарға арналған, қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару бейімдегіші бар автомобильдерден басқа)»; бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында: 05 «Денсаулық сақтау» функционалдық тобында: 4 «Емханалар» функционалдық кіші тобында: 253 «Облыстың денсаулық сақтау басқармасы» бюджеттік бағдарлама әкімшісі бойынша: 039 «Республикалық бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін көмекті қоспағанда ауылдық денсаулық сақтау субъектілерінің амбулаториялық-емханалық қызметтерді және медициналық қызметтерді көрсетуі және Сall-орталықтардың қызмет көрсетуі» бюджеттік бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын: «039 Денсаулық сақтау субъектілерінің медициналық көмегін қамтитын қосымша медициналық көмектің көлемін көрсету, Call-орталықтардың қызметтер көрсетуі және өзге де шығыстар»; 322 «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың қоғамдық денсаулық басқармасы» бюджеттік бағдарлама әкімшісі бойынша: 039 «Республикалық бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін көмекті қоспағанда ауылдық денсаулық сақтау субъектілерінің амбулаториялық-емханалық қызметтерді және медициналық қызметтерді көрсетуі және Сall-орталықтардың қызмет көрсетуі» бюджеттік бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын: «039 Денсаулық сақтау субъектілерінің медициналық көмегін қамтитын қосымша медициналық көмектің көлемін көрсету, Call-орталықтардың қызметтер көрсетуі және өзге де шығыстар»; 339 «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» бюджеттік бағдарлама әкімшісі бойынша: 039 «Республикалық бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін көмекті қоспағанда ауылдық денсаулық сақтау субъектілерінің амбулаториялық-емханалық қызметтерді және медициналық қызметтерді көрсетуі және Сall-орталықтардың қызмет көрсетуі» бюджеттік бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын: «039 Денсаулық сақтау субъектілерінің медициналық көмегін қамтитын қосымша медициналық көмектің көлемін көрсету, Call-орталықтардың қызметтер көрсетуі және өзге де шығыстар»; 353 «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың денсаулық сақтау басқармасы» бюджеттік бағдарлама әкімшісі бойынша: 039 «Республикалық бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін көмекті қоспағанда ауылдық денсаулық сақтау субъектілерінің амбулаториялық-емханалық қызметтерді және медициналық қызметтерді көрсетуі және Сall-орталықтардың қызмет көрсетуі» бюджеттік бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын: «039 Денсаулық сақтау субъектілерінің медициналық көмегін қамтитын қосымша медициналық көмектің көлемін көрсету, Call-орталықтардың қызметтер көрсетуі және өзге де шығыстар»; 754 «Облыстың қоғамдық денсаулық басқармасы» бюджеттік бағдарлама әкімшісі бойынша: 039 «Республикалық бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін көмекті қоспағанда ауылдық денсаулық сақтау субъектілерінің амбулаториялық-емханалық қызметтерді және медициналық қызметтерді көрсетуі және Сall-орталықтардың қызмет көрсетуі» бюджеттік бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын: «039 Денсаулық сақтау субъектілерінің медициналық көмегін қамтитын қосымша медициналық көмектің көлемін көрсету, Call-орталықтардың қызметтер көрсетуі және өзге де шығыстар».
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.