О проведении конкурса среди банков второго уровня на кредитование для поддержки предпринимательства Мәртебесі расталмаған
Басқа 0
Кәсіпкерлікті қолдау үшін несие беруге екінші деңгейдегі банктердің арасында конкурс өткізу туралы
«Бюджет жүйесі туралы» Казақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына, «Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер үшін бюджеттің атқарылуы және есептілік нысандарын жүргізу
(мерзімдік және жылдық) жөніндегі қаржылық рәсімдердің Ережесін бекіту
туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 шілдедегі № 832
қаулысына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару
туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27
бабына сәйкес облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) кәсіпкерлікті қолдау үшін несие беруге екінші деңгейдегі банктердің арасында конкурс өткізу жөніндегі Ереже;
Тармақша 2
2) кәсіпкерлікті қолдау үшін несие беретін екінші деңгейдегі банктерді
анықтау жөніндегі конкурстық комиссия мүшелерінің құрамы бекітілсін.
Тармақ 2
2.
Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Қ. Ғилымовқа жүктелсін.
Басқа 5
Облыс әкімиятының
2003 жылғы «26» 08.
№ 247 қаулысымен
БЕКІТІЛДІ
Кәсіпкерлікті қолдау үшін несие беруге екінші деңгейдегі банктердің арасында конкурс өткізу жөніндегі ЕРЕЖЕ
Бөлім 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже «Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер үшін бюджеттің атқарылуы және есептілік нысандарын жүргізу
(мерзімдік және жылдық) жөніндегі қаржылық рәсімдердің Ережесін бекіту
туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 шілдедегі № 832
қаулысына сәйкес, олардың бюджеттік несие алуы және шағын кәсіпкерлікті
қолдау үшін түпкі заемшыларға несие берудің бюджеттік бағдарламасының
ауқымында несие беру үшін екінші деңгейдегі банктерді тарту мақсатында
дайындалды.
Тармақ 2
2. Ереже конкурсты өткізудің, қатынасушылардың ұсыныстарының
қарау, шешім қабылдау және конкурсты өткізу қорытындысы бойынша
хаттаманы ресімдеудің тэртібі мен талаптарын анықтайды.
Тармақ 3
3. Ережеде мынадай терминдер мен түсініктемелер қолданылады:
конкурс - бюджеттік несие алуы және түпкі заемшыларды несиелендіру үшін екінші деңгейдегі банктер арасында конкурс өткізу. Оған әкімші тарапынан анықталған, конкурсқа қатысуға арнайы шақыру алған екінші деңгейдегі банктер қатысады.
қатысушы - белгіленген тәртіппен конкурсқа қатысу үшін тіркелген
заңды тұлға - екінші деңгейдегі банк;
конкурс жеңімпазы - конкурс комиссиясының шешімімен конкурс
жеңімпазы деп танылған қатысушы.
Бөлім 2. 2. Конкурсты өткізуді ұйымдастыру
2. Конкурсты өткізуді ұйымдастыру
Тармақ 4
4. Конкурстың комиссия (бұдан әрі - «комиссия») конкурс өткізу
туралы тілек білдіреді; тапсырыс талаптарын және шарттарын
қалыптастырады, олар Қазақстан Ұлттық Банкінің (ҚҰБ) қанағаттандырарлық қорытындысын алған қатысушы - банк тізбесіне сәйкес конкурстың ықтимал қатысушыларына ұсыныстарды тарату жолымен қатысушылардың назарына жеткізеді, конкурсқа қатысушылардың соңғы құрамын анықтайды.
Тармақ 5
5. Конкурсты дайындауды және өткізуді конкурстық комиссия атқарады. Ол қатысушыларды конкурсты өткізу талаптарымен таныстырады, катысушылардан түскен өтінімдерді қабылдайды және тіркейді, қатысушылардың келіп түскён құжаттарын қарайды.
Тармақ 6
6. Әкімші қатысушыға конкурс басталардан 5 күн бұрын конкурсты өткізу туралы хабарлама тапсырады. Хабарламада:
Тармақша 1
1) конкурстың өтетін күні, уақыты және орны;
Тармақша 2
2) конкурсқа қатысу үшін қойылатын міндетті талаптар;
Тармақша 3
3) өтініш қабылдайтын жердің орны, өтінімдерді қабылдаудың соңғы
мерзімі, мекеменің аты, телефондары, кабинеттері көрсетіледі.
Тармақ 7
7. Конкурсқа-қатысу үшін үміткерлерге қойылатын міндетті талап:
Тармақша 1
1) конкурсқа қатысу туралы өтінім;
Тармақша 2
2) банк жарғысының немесе банк ережесінің нотариуспен расталған көшірмесі (банктер үшін);
Тармақша 3
3) филиал жөніндегі ереженің нотариуспен расталған көшірмесі (банк
филиалдары үшін);
Тармақша 4
4) әділет органдарында тіркелген мемлекеттік тіркеуден өткендігі туралы куәліктің көшірмесі заңгерлік деректемелер (банктер және банк филиалдары үшін);
Тармақша 5
5) қызметтің тиісті түрімен айналысу құқы берілген лицензия көшірмесі (банктер және банк филиалдары үшін); .
Тармақша 6
6) көрсетілетін қызметтердің (банктер және банк филиалдары үшін)
бағалары қоялсын шарттары және көлемі туралы;
Тармақша 7
7) бас банктің берген сенімхаты (банк филиалдары үшін);
Тармақша 8
8) бюджеттік несиелерді (банктер және банк филиалдары
үшін) уақытында қайтару жөніндегі, банктің ұсынысы;
Тармақша 9
9) банктің өзі жүргізіп отырған (банктер және банк филиалдары үшін)
ішкі несие саясатының ережесі;
Тармақша 10
10) банктің өз капиталының көлемі (банктер және банк филиалдары
үшін);
Тармақша 11
11) банктердің (банктер және банк филиалдары үшін) ссудалык
портфелінің өтімділік деңгейі;
Тармақша 12
12) несие беру жөніндегі шарттың жобасы (банктер және банк
филиалдары үшін) көрсетілетін қызметтің құжаттар пакетін тапсырылу
керек;
Жабық конвертте:
Тармақша 1
1) бағасы, шарттары көлемі туралы ұсыныстар;
Тармақша 2
2) банктің бюджеттік несиені уақытында қайтару жөніндегі
ұсыныстары;
Тармақша 3
3) банктің жеке капиталының көлемі;
Тармақша 4
4) несие беру жөніндегі шарттың жобасы тапсырылады.
Тармақ 9
9. Конкурсқа қатысушыларды тіркеу хабарлама алған күні басталады
және конкурсқа 1 күн қалғанда аяқталады;
Тармақ 10
10. Конкурстың қатысушысы ретінде тіркеу үшін осы Ереженің 7-
тармағында айтылған құжаттарды тапсыру қажет.
Тармақ 11
11. Конкурсқа қатысушылардың өтінімдерін қабылдау және тіркеу
талап етілген құжаттар түгел тапсырылған кезде ғана қабылданады.
Конкурсқа қатысушыларды тіркеу хаттасын Комиссия қарайды және,
бекітеді. Хаттамада мына мәліметтер: Комиссия құрамы, өтінімдерді
қабылдау күні және орны; конкурс өткізетін күні және орны; конкурсқа
қатысуға жіберілген қатысушылар жөніндегі мәліметтер; конкурсқа қатысуға
жіберілмегендер жөніндегі мәліметтер және мұндай шешімнің негіздемесі
көрсетілуі қажет.
Тармақ 12
12. 7-тармақта айтылған құжаттар жабық конверттеде сақталады және
конкурс өткізілетін күні Комиссия мен қатысушылардың барлық мүшелерінің көзінше ашылады.
Тармақ 13
13. Егер оған кемінде дегенде екі қатысушы қатысса конкурс өтті деп
есептеледі.
Тармақ 14
14. Конкурс өткізілетін күні конверттерді ашу қатысушылардың конкурстық ұсыныстары бойынша келісу жүргізіледі және бағалап болған соң, Комиссия жеңімпазды (жеңімпаздарды) анықтайды.
Тармақ 15
15. Әріптес - банкті таңдау критерийі:
Тармақша 1
1) бюджеттік несиені уақытында қайтаруды қамтамасыз ету сапасы;
Тармақша 2
2) банктің ссудалық портфелінің өтімділік деңгейі;
Тармақша 3
3) банктің жеке капиталының көлемі;
Тармақша 4
4) кепілдікке берілетін мүлікті бағалау шарты;
Тармақша 5
5) несие алушыға сый ақы ставкасы және банк маржасы;
Тармақша 6
6) көрсетілетін қызметтің көлемі және шарты жөнінде ұсыныстар;
Тармақша 7
7) банктің түпкі заемшыларға көрсететін қосымша қызметтерінің тізбесі.
Жоғарыда сынамалансыннан басқа, екінші деңгейдегі банкілер басқа да
баламалық жағдайлар жасап, соған байланысты нақты бағаларды төмендетуі
мүмкін.
Тармақ 16
16. Қосымша мэліметтер алу қажет болған жағдайда, Комиссия
жеңімпазын анықтау 10 күндік мерзімде уақыт алуы мүмкін.
Тармақ 17
17. Комиссияның ақырсы шешімі Комиссияның қорытындысы хаттамасымен ресіледеледі, оған Комиссияның барлық мүшелелері, төрағасы және конкурс жеңімпазы (жеңімпаздары) қол қояды.
Тармақ 18
18. Конкурс қорытындысы бойынша жасалған хаттамасы негізінде, бағдарлама әкімшілісі облыс Әкімі тиісті шешімінің жобасын енгізеді. Несие
алушы соңғы шешімін қабылдайды, онда несие беруші-банктер олардың
нақты бюджеттік бағдарламаны іске асыруға қатысушарттары мен
дәрежелері анықталады.
Тармақ 19
19. Конкурс қорытындысы бойынша жасалған Облыс әкімінің шешімі
үш күн ішінде конкурсты жеңіген банкке (банктерге) беріледі. Шешім несие
алушы, әкімші және банк (банктер) арасында қызмет көрсету үшін несиелік
шарт жасауға негіз болады. Конкурс қорытындысы бойынша барлык
қатысушыларға өткізілген конкурстың нәтижесі туралы хабарлама
жіберіледі.
Тармақ 20
20. Несие беруші банктердің несиелердің несие ресурстарымен түпкі
заемшыларға бюджеттің несиесі қолданыстағы заң бойынша және жасалған
несие шарттары сәйкес беріледі.
Тармақ 21
21. Несие беру шартында қызмет беру шарттары енгізіледі, солардың
негізінде қатысушы (қатысушылар) конкурс жеңімпазы (жеңімпаздары) деп
анықталған.
Тармақ 22
22. Егер конкурсты ұтқан банк конкурс қорытындысы жарияланғаннан
кейін 5 күн ішінде қызмет көрсету жөнінде шартқа отырмаса, комиссия
шешімімен конкурс өтпеген болып жарияланады және қайта өткізіледі немесе қалған банктер арасынан неғұрлым оңтайлы жағдайларын және тиісті
дәрежеде саналы қызмет көрсеткенде сыйақынан негұрлым төмен процентін
ұсынған банк жеңімпаз деп танылады.
Тармақ 23
23. Жасалған несие беру шарттары жасалғаннан кейінгі үш күн ішінде
жергілікті қаржы органдарымен тәртіппен қолданыстағы заңнамага көзделген
есепке тіркеуге және алуса жатады.
Тармақ 24
24. Несие беруші заемшы-банктердің қаржыларын алу жөніндегі өтінім негізінде несие шарттарын тіркетенкен кейін тиісті бағдарлама әкімшісінің бюджеттік шотынан несие қаржыларын заемшы-банктер шоттарына есепке алу бюджетті атқару тәртібінде жүргізіледі.
Тармақ 25
25. Қайтаруды қамтамасыз ету және бюджеттік несиені кайта қолданыстағы заңнамаға және несие беру шарттарымен реттеледі.
Басқа 58
Облыс әкімиятының
2003 жылғы «26 » 08.
№ 247 қаулысымен
БЕКІТІЛДІ
Кәсіпкерлікті қолдау үшін несие беретін екінші деңгейдегі банктерді анықтау жөніндегі конкурстық комиссияның құрамы
Юсупова Рашида Әбілсағитқызы
- «Облыстық кәсіпкерлікті қолдау басқармасы» ММ бастығы,
комиссия төрағасы
Өмірбекова Сәуле Рахымқызы
- "Ақтөбе облысы бойынша кәсіпкерлікті қолдау басқармасы" ММ бастығының орынбасары, комиссия төрагасының орынбасары
Комиссия мүшелері:
Еңсегенұлы Сағат
-
"Ақтөбе облысы қаржы департаменті" ММ директоры
Баубекова Алтынай Абылқайырқызы
Облыстық қазынашылық
басқармасы бастығының
орынбасары (келісім бойынша)
Жұбатқанов Нұрлан Жұмабайұлы
-
«Облыстық кәсіпкерлікті қолдау басқармасы» ММ бөлімінің бастығы