Об установлении публичного сервитута на земельный участок Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.08.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жер учаскеcіне қауымдық сервитут белгілеу туралы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабына, 69-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, жер комиссиясының 2022 жылғы 20 қаңтардағы № 812 қорытындысы, «Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2022 жылғы 18 наурыздағы № 246 бұйрығымен бекітілген жерге орналастыру жобасы негізінде Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Фортуна Мед» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне электрмен жабдықтау желілерін тарту үшін Қостанай қаласы, Абай даңғылы, 2 А (бұрынғы КЖБИ өнеркәсіптік аймағы) мекенжайы бойынша орналасқан, жалпы алаңы 0,5056 гектар жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
Тармақша 2
2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.