Об объявлении чрезвычайной ситуации техногенного характера местного масштаба Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.10.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 48-бабына және 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» қаулысына сәйкес, Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданының төтенше жағдайларының алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиясының 2022 жылғы 4 шілдедегі № 7 хаттамасының негізінде ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Тасқала ауданы Амангелді ауылының аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. Тасқала ауданы әкімі аппаратының басшысы осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.