Об утверждении Положения о государственном учреждении «Отдел культуры и развития языков города Аксу» Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.06.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 18-бабы 8-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» № 590 қаулысына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес «Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Ақсу қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Н.Ж. Байбакировке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5. «Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
Ақсу қаласы әкімдігінің 2022 жылғы « 3 » мамырдағы № 306/3 қаулысына 1-қосымша «Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі  Ақсу өңірінің аумағында мәдениет, Қазақстан Республикасы халқының тілдерін дамыту мен қолдану салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. «Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мынадай ведомстволары бар:
Тармақша 1
1) Ақсу қаласы әкімдігінің «Сәбит Дөнентаев мәдениет сарайы» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны;
Тармақша 2
2) Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Ақсу қаласының орталықтандырылған кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 3
3. «Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. «Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы мемлекеттік мекеменің заңды тұлғасы болып табылады, оның нышандары мен ерекшелік белгілері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және қазақ және орыс тілдерінде өз атауы жазылған мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 5
5. «Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
Тармақ 6
6. «Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Тармақ 7
7. «Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіпте «Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. «Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. «Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140100, Ақсу қаласы, Астана көшесі, 37.
Тармақ 10
10. «Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі: жұмыс күндері: дүйсенбі – жұма, жұмыс уақыты сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі.
Тармақ 11
11. Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік тілдегі толық атауы: «Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі, орыс тілінде: государственное учреждение «Отдел культуры и развития языков города Аксу».
Тармақ 12
12. «Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Павлодар облысы Ақсу қаласының әкімдігі атынан мемлекет болып табылады.
Тармақ 13
13. Осы Ереже «Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 14
14. «Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру қалалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 15
15. «Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады. Егер «Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. «Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мақсаттары мен өкілеттіктері
2-тарау. «Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мақсаттары мен өкілеттіктері
Тармақ 16
16. Мақсаттары:
Тармақша 1
1) қазақ ұлттық мәдениетті, Қазақстандағы басқа халықтардың мәдениетін жаңғырту, дамыту, қолдану және тарату бойынша мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту және нығайту, орыс тілінің жалпы мәдени қызметін сақтау, Қазақстан Республикасында тұратын этникалық топтардың тілдерін дамыту бойынша мемлекеттің саясатын іске асыру;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы халқының мәдениетін және тілдерін дамыту, зерделеу үшін жағдай жасау;
Тармақша 3
3) тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтауды қамтамасыз ету болып табылады.
Тармақ 17
17. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) құқықтары:
Тармақша 1.1
1.1) мемлекеттік органдардан, басқа да ұйымдардан және азаматтардан «Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне қатысты мәселелер бойынша қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;
Тармақша 1.2
1.2) қала әкімдігі мен әкімінің нормативтік құқықтық және құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеуге, сондай-ақ оларды қала әкімдігі мен әкімінің қарауына ұсынуға;
Тармақша 1.3
1.3) қала әкімдігі мен әкіміне Ақсу өңірі аумағында мәдениет және Қазақстан Республикасы халқының тілдерін дамыту және қолдану мәселелері туралы ұсыныстар енгізуге құқығы бар;
Тармақша 2
2) міндеттері:
Тармақша 2.1
2.1) «Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне қатысты мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
Тармақша 2.2
2.2) мәдениет және тілдерді дамыту мәселелері бойынша облыс және қала әкімдігінің және әкімінің заңнамалық актілерінің, актілердің және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінің нормасын сапалы орындау.
Тармақ 18
18. Функциялары:
Тармақша 1
1) мәдениет пен тілдерді дамыту саласындағы өңірлік бағдарламаларды әзірлейді және орындайды;
Тармақша 2
2) өңірде тарихи, ұлттық және мәдени дәстүрлер мен объектілердің дамуына ықпал жасайды;
Тармақша 3
3) оның негізінде әлеуметтік саланың басым бағыттары белгіленетін, халықтың мәдени ағарту саласындағы сұраныстары жөніндегі ақпараттарды жинауды, талдауды және өңдеуді жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) тілдерді қолдану мен дамыту жөніндегі қалалық жұмыс тобының жұмысын ұйымдастыру-әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
Тармақша 5
5) мемлекеттік мекеменің қызметіне қатысты жеке және заңды тұлғалардың ауызша және жазбаша өтініштерін қарастырады;
Тармақша 6
6) қаланың мемлекеттік мәдениет ұйымдарын құруға ұсыныс енгізеді, сонымен қатар олардың қызметін қолдайды және үйлестіреді;
Тармақша 7
7) жергілікті маңызы бар тарихи, материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін есепке алу, қорғау және пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
Тармақша 8
8) Ақсу өңірі аумағында мәдени-бұқаралық іс-шараларын, сондай-ақ әуесқой шығармашылық бірлестіктер арасында байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткізуді жүзеге асырады;
Тармақша 9
9) Ақсу өңірі аумағындағы мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізеді;
Тармақша 10
10) Ақсу өңірі аумағында мәдени мақсаттағы объектілерді салу, жаңғырту және жөндеу бойынша тапсырысшы болады;
Тармақша 11
11) мемлекеттік мәдениет ұйымдарын қолдайды және материалдық-техникалық қамтамасыз етуде жәрдем көрсетеді;
Тармақша 12
12) қаланың мемлекеттік кітапханаларының біріне «Орталық» мәртебесін береді;
Тармақша 13
13) мемлекеттiк тiлдi және басқа тiлдердi дамытуға бағытталған қалалық деңгейдегi iс-шараларды жүргiзедi;
Тармақша 14
14) қала әкімдігіне ауылдардың, кенттердiң, ауылдық округтердiң атауы және олардың атауларын өзгерту, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын өзгерту туралы ұсыныстар енгiзедi;
Тармақша 15
15) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды жүзеге асырады;
Тармақша 16
16) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес әкімшілік істерді қарайды;
Тармақша 17
17) өзінің құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тарау 3. 3-тарау. «Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3-тарау. «Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 19
19. «Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесін басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол «Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесіне  жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
Тармақ 20
20. «Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
Тармақ 21
21. «Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) лауазымды тұлға болып табылады және «Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің атынан мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынасты сенімхатсыз жасайды;
Тармақша 2
2) азаматтардың өтініштерін, арыздары мен шағымдарын қарастырады, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша шаралар қолданады;
Тармақша 3
3) «Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің өкілеттіктерін және міндеттерін белгілейді;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 5
5) заңнамамен белгіленген тәртіпте «Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін көтермелеу, оларға материалдық көмек көрсету және тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
Тармақша 6
6) «Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
Тармақша 7
7) ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың басшыларымен кеңестер өткізеді;
Тармақша 8
8) азаматтардың жеке қабылдауын жүргізеді;
Тармақша 9
9) мемлкеттік мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетті ұйымдастырады және ол үшін дербес жауапты болады;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделген өкілеттік шегінде басқа да функцияларды жүзеге асырады; «Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, оны алмастыратын тұлға орындайды.
Тарау 4. 4-тарау. «Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі
4-тарау. «Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі
Тармақ 22
22. «Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінде заңнамада көзделген жағдайларда  жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. «Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 23
23. «Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 24
24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5-тарау. «Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. «Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 25
25. «Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. «Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
Тармақша 1
1) Ақсу қаласы әкімдігінің «Сәбит Дөнентаев мәдениет сарайы» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны;
Тармақша 2
2) Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Ақсу қаласының орталықтандырылған кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Басқа 77. Ақсу қаласы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
Ақсу қаласы әкімдігінің 2022 жылғы « 3 » мамырдағы № 306/3 қаулысына 2-қосымша Ақсу қаласы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
Тармақша 1
1) Ақсу қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 17 қазандағы «Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» № 714/10 қаулысы;
Тармақша 2
2) Ақсу қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 4 желтоқсандағы «Ақсу қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 17 қазандағы «Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» № 714/10 қаулысына толықтыру енгізу туралы» № 1118/9 қаулысы;
Тармақша 3
3) Ақсу қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 2 желтоқсандағы «Ақсу қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 17 қазандағы “Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы” № 714/10 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» № 821/17 қаулысы.