О городской ономастической комиссии Қолданыста
Басқа 0
Қалалық ономастикалық комиссия туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 сәуірдегі № 368 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы мемлекеттік ономастикалық комиссия туралы»қаулысына сәйкес Рудный қаласының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қалалық ономастикалық комиссия құрылсын.
Тармақ 2
2. Қалалық ономастикалық комиссияның жеке құрамы Рудный қалалық мәслихатының сессиясында бекітілуге енгізілсін.
Тармақ 3
3. Қалалық ономастикалық комиссия туралы ереже бекітілсін (қосымша).
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Рудный қаласы әкімінің орынбасары С.Б.Бөрібаеваға жүктелсін.
Басқа 5. Қалалық ономастикалық комиссия туралы ереже
Рудный қаласы әкімиятының
2003 жылғы 28 тамыздағы
№ 525 қаулысына
қосымша
Қалалық ономастикалық комиссия туралы ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қалалық ономастикалық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) кеңес беруші орган болып табылады, ол географиялық кешендердің атауларын бірегей қалыптастыру, топонимикалық атауларды қолдануды және есепке алуды ретке келтіру, тарихи атауларды Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасының құрам бөлігі ретінде сақтау, қалпына келтіру және олардың атауларын өзгерту мақсатында ономастика саласында мемлекеттік тіл саясатын іске асыру жөнінде ұсыныстар дайындайды.
Тармақ 2
2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің нормативтік құқықтық кесімдерін, сонымен қатар осы Ережені басшылыққа алады.
Тармақ 3
3. Комиссияның жеке құрамын Рудный қалалық мәслихаты бекітеді.
Тармақ 4
4. Комиссияның шешімдері ұсыныстық сипатта болады.
Тармақ 5
5. Комиссияның қызметін ұйымдастырулық, материалдық-техникалық және әдістемелік қамтамасыз етуді жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады.
Тарау 2. 2. Негізгі міндеттері
2. Негізгі міндеттері
Тармақ 6
6. Комиссияның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) географиялық атауларды жинау, жүйелендіру;
Тармақша 2
2) ономастика мәселелерімен байланысты материалдарды жүйелендіру;
Тармақша 3
3) бұрын жоғалған тарихи топонимдерді қалпына келтіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
Тармақша 4
4) жаңа кешендердің атаулары бойынша ұсыныстар енгізу;
Тармақша 5
5) ономастиканың географиялық және тарихи-мәдени пән ретінде қолдау.
Тарау 3. 3. Негізгі қызметтері және өкілеттіктері
3. Негізгі қызметтері және өкілеттіктері
Тармақ 7
7. Жүктелген міндеттерді шешу мақсатында Комиссия:
Тармақша 1
1) қолданыстағы орфография нормаларының, ғылыми транскрипцияның және қалыптасқан мәдени-тарихи және әлеуметтік факторлардың негізінде қалалық аудандардың, алаңдардың, даңғылдардың, бульварлардың, көшелерді, саябақтардың, скверлердің және тағы сол сияқтылардың аттарының атаулары, атын қайта өзгертулері, белгілері және транскрипциясы туралы қорытындылар береді;
Тармақша 2
2) қала халқының байырғы халықтық және тарихи қалыптасқан атауларға Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасын құрам бөлігі ретінде құрметпен қарауды қалыптастыруға белсенді ықпал етеді;
Тармақша 3
3) тарихи топонимдерді қалпына келтіру және айырбастау мәселелері жөніндегі ұйымдардың, жеке азаматтардың хаттарын қарайды және тиісті ұсыныстар береді;
Тармақша 4
4) мемлекеттік тіл саясатын ономастика саласында іске асыру жағдайын талдайды.
Тарау 4. 4. Жұмысты ұйымдастыру
4. Жұмысты ұйымдастыру
Тармақ 8
8. Комиссия мәжілістері жұмыс жоспарына сәйкес үнемі өткізіледі, ол Комиссия мәжілісінде қабылданады және оны төраға бекітеді. Комиссия мәжілістеріне оның мүшелерінің кем дегенде жартысы қатысса олар анық болды деп саналады.
Тармақ 9
9. Комиссия шешімдері мәжіліске қатысып отырған Комиссия мүшелерінің жалпы санының ашық дауыс берулерімен қабылданады.
Тармақ 10
10. Комиссияның құзырына енетін жеке мәселелерді қарау үшін қажет болған жағдайда жұмыс топтары құрылады.
Тармақ 11
11. Комиссия хатшысы жұмыс жоспарын, мәжілістің күн тәртібін құрады, Комиссия мүшелерінің өзара іс-әрекетін ұйымдастырады және іс жүргізуге жауап береді.