Об образовании консультативно-совещательного органа «Районная комиссия по обеспечению безопасности на транспорте» и утверждении «Положения о Районной комиссии по обеспечению безопасности на транспорте» Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.08.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Көлікте қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі аудандық комиссия» консультативтік -кеңесші органын құру және «Көлікте қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі аудандық комиссия» туралы Ережені бекіту тұралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-ІІ (ҚР Парламент Ведомстволары №3 2001 ж) Заңы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Көлікте қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері» 1998 жылғы 28 сәуірдегі №391 Қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Көлікте қауіпсіздікті қамтамасыз ету және терроршылдыкка қарсы әрекет жасау жөнінде үйлестіру кеңесі туралы ережені бекіту туралы» 2003 жылғы 23 шілдедегі №728 қаулысымен енгізілген өзгерістермен Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Көлікте қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы ережені бекіту туралы» 2002 жылғы 16 сәуірдегі №440 Қаулысы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Көлікте қауіпсіздікті қамтамасыз ететін мемлекеттік органдар мен өзге ұйымдарының жұмысын үйлестіру және олардың өзара іс-қимылдарын қамтамасыз ету, көлік кешенінің қауіпсіз жұмысын қамтамасыз етудің тиімділігін арттыру мақсатында «Көлікте қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі аудандық комиссия» консультативтік- кеңесші органы құрылсын.
Тармақ 2
2. «Көлікте қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі аудандық комиссия туралы Ереже» бекітілсін (Косымша). Келісілді В.Федоров Еңбек, жұмыспен қамту және тұрғындарды әлеуметтік қорғау бөлімінің бастығы М.Коробкова Денсаулық сақтау бөлімінің бастығы А.Пояркин Мәдениет бөлімінің бастығы С.Елемесов Ауыл шаруашылығы және ауылшаруашылық өнімдерді өндеу басқармасының бастығы
Басқа 3. «Көлікте қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі аудандық комиссия» туралы ереже
Қосымша Аудан әкімдігінің «Көлікте қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі аудандық комиссия» консультативтік-кеңесші органын құру және «Көлікте қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі аудандық комиссия» туралы ережені бекіту туралы 2003 жылғы «27» тамыздағы № 356 қаулысымен бекітілген «Көлікте қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі аудандық комиссия» туралы ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Көлікте қауіпсіздікті камтамасыз ету жөніндегі, аудандық комиссия (әрі қарай - Аудандық комиссия) жолаушылар мен жүктерді тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көлікте қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сәйкес аумақтық бағдарламаларды әзірлеу және жүзеге асыру, осы мақсаттарға бөлінген қаржыны тиімді пайдаланумен байланысқан мәселелер жөнінде мемлекеттік органдарды, аудандық басқармаларды, департаменттерді, комиттер мен жергілікті атқарушы органдарды, меншік түріне қарамастан шаруашылық субъектілерді, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктерді және өзге ұйымдарды ұйлестіру және өзара іс-қимылдарын қамтамасыз ету мақсатында құрылған.
Тармақ 2
2. Аудандық комиссия Мамлют ауданы әкімдігі жанындағы консультативтік -кеңесші органы болып табылады.
Тармақ 3
3. Аудандык комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасының заңдары мен осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тарау 2. 2. Аудандық комиссияның негізгі міндеттері, функциялары және құқықтары.
2. Аудандық комиссияның негізгі міндеттері, функциялары және құқықтары.
Тармақ 4
4. Көлікте қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша ұсынымдар мен шешімдерді дайындау Аудандық комиссияның негізгі міндеті болып табылады.
Тармақ 5
5. Аудандық комиссияның функциялары: көліктегі қауіпсіздіктің жай-күйін талдау және көлікте қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік және аймақтық бағдарламалар, жобалар мен іс-шараларды әзірлеуге және іске - асыруға жәрдемдесу жолаушылар мен жүкті тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көлік қызметіне заңсыз араласу әрекеттерінің алдын алу, оларды анықтау және тыю жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу.
Тармақ 6
6. Аудандық комиссияның мынаған құқығы бар: көлікте қауіпсіздіктің жай-күйін арттыру жөніндегі жұмыстар жоспарлары мен шараларды бекіту және түзету жөнінде ұсыныстар әзірлеу белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдар мен ұйымдардан көлікте кауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша олардың қызметін көрсететін қажетті ақпаратты сұрату нормативтік-кұкықтық кесімдердің жобасын әзірлеуге заңнамада белгіленген тәртіппен қатысу өзінің мәжілістерінде аудандық комиссия мүшелерінің және қызметтері көлікте кауіпсіздікті қамтамасыз етумен байланысты ұйымдардың жауапты өкілдерінің баяндамалары мен есептерін тыңдау көлікте қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты мәселелер бойынша материалдарды дайындауға қатысу үшін мемлекеттік органдар мен ұйымдар басшыларымен келісе отырып білікті мамандарды тарту.
Тарау 3. 3. Аудандық комиссияның қызметін ұйымдастыру.
3. Аудандық комиссияның қызметін ұйымдастыру.
Тармақ 7
7. Аудандық комиссияның құрамы ауданның мемлекеттік органдар мен мүдделі ұйымдарының өкілдерінен құралады және аудандык мәслихат бекітеді.
Тармақ 8
8. Аудандық комиссияның қызметін комиссия мәжілістерінде төрағалық ететін, оның жұмысын жоспарлайтын және комиссия қызметінің нәтижелеріне жауапты болатын оның төрағасы басқарады. Аудан әкімінің орынбасары комиссияның төрағасы болып табылады.
Тармақ 9
9. Комиссия өз жұмысын комиссия мүшелерімен келісілген және төрағасы бекіткен жоспарға сәйкес жүргізеді.
Тармақ 10
10. Комиссияның мәжілістері қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі және оған комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі катысса, құқылы деп саналады.
Тармақ 11
11. Комиссияның шешімдері комиссия мүшелерінің жалпы санының жай көпшілік дауысымен қабылданады, комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады. Шешімдер хаттамамен ресімделеді және үсынымдық сипатта болады.
Тармақ 12
12. Комиссияны ұйымдастыру-техникалық қамтамасыз етуді аудан әкімі аппараты іске асырады.
Тарау 4. 4. Комиссия жұмысының қызметін тоқтату.
4. Комиссия жұмысының қызметін тоқтату.
Тармақ 20
Комиссия қызметінің тоқтатылуына мыналар негіз болып табылады: комиссияға жүктелген міндеттердің орындалуы бұрын комиссияға жүктелген міндеттерді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың немесе өзге консультативтік- кеңесші органның құрылуы комиссия міндетінің орындалуы мүмкін болмайтын не оның орындалуы орынсыз болатын өзге де жағдайлар.